Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 22:07, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
Тарау I. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.
Қылмысты саралаудың түсінігі........................................................8
Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі............17
Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау.
Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі.......................................................................................................30
Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау.................................................................................................37
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау.....44
Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы.......................................54
Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
Қылмысқа қатысушылық түсінігі....................................................62
Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау.............70

Қортынды.............................................................................................................74
Сілтемелер............................................................................................................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........

Работа содержит 1 файл

Құқық реферат.docx

— 120.40 Кб (Скачать)

       Іс-әрекетті қылмыстың объективтік  жағы бойынша саралау қылмыстық  жазалауға жататын әрекет немесе  әрекетсіздік фактісін және оның  салдарын анықтаудан басталуы  тиіс. ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының диспозицияларында кейбір жағдайларда қылмыстық нәтижені ғана көрсетіп қояды. Қылмыстың объективтік жағы барынша толық жазылып, іс-әрекет және салдар туралы толық айтылған диспозицияларда бар. Мысалы ҚК-тің Ерекше бөліміндегі 103 бап: Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру – деп сипатталған.

       Қылмыстық заңда қылмыс құрамы  белгілерін сипаттап жазудың  заңи-техникалық әдістері қылмысты  іс-әрекетті саралау үшін үлкен  маңызға ие болады. Егер заң  бабының диспозициясында субъектінің  әрекеті сипатталып жазылып, олардың  толық тізімі бекітілген болса  соттың кеңейтілген түсіндіру арқылы өз қалауы бойынша олардың қатарын көбейтуге құқығы жоқ. Егер де диспозицияда қылмыстық салдар көрсетілген болса онда тергеу және сот органдары аталған салдарға әкелген тұлғаның қоғамға қауіпті жүріс-тұрысының түрлерін анықтауға міндетті, залалдың келтірілуі қасақаналық немесе абайсыздық екендігін тиісті саралап одан әрі ҚК-тің нақты бабы бойынша жүргізілуі керек. Ендеше адамдардың іс-әрекеттері қылмыстық құқыққа қайшылықта болуы керек, осындай жағдайда әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайда жасалған, заңда көрсетілген салдарға алып келген қылық болып табылмауы тиіс. Адамның сыртқы жүріс-тұрысының жекелеген немесе бірнеше мәрте актілерін, сонымен қатар оның белгілі бір құралдары, өндірістік үрдістерді, заттардың өзіндік ерекшеліктерін пайдаланып қылмыс жасауын біз қылмыстық әрекет ретінде түсінеміз. Тиісті жағдайда кінәлі тұлға жасауға міндетті және жасай алатын әрекеттерді жасамауынан көрінетін пассивтік жүріс-тұрысын қылмыстық жауаптылықты туындататын әрекетсіздік ретінде бағалаймыз. Аталған әрекетсіздік кей реттерде ауыр салдардың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін, және де ол адамдардың өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығынан туындайды. Бұл жерде біз азаматтың құқықтық міндеттемелігі жөнінде айтуға тиістіміз. Аталған міндеттемелік төменде көрсетілгендерден туындайды. 1) заңның немесе өзге нормативтік актінің тікелей міндеттеуінен 2) қызметтік, кәсіби міндеттерді, туыстық және өзге де жеке өзара қатынастарды атқару міндетілігінен 3) азаматтың бұрынғы қызметінен  туындауы немесе тұлғаның өзінің құқық арқылы қорғалатын мүддені қауіпті жағдайда қалдыру яғни, қауіпті салдардың пайда болуы қаупін туындатуы.

       Қылмыс ретінде бағаланатын әрекетсіздік барысында тергеу органдары мен сот кінәлі тұлғаның белсенді әрекеттерді жүзеге асыруы арқылы залалдың алдын алуға нақты мүмкіндігі болғандығын дәлелді түрде анықтауға міндетті. Егер тұлғаның ондай мүмкіндігі болмаса әрекетсіздік үшін қылмыстық жауаптылық туындамауы тиіс. Қылмыстық салдар түсінігі тұрғысында мәселе күрделілек болып табылады. Олардың мәнісі қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғудың нәтижесі – залалда. Залал немесе зиян әртүрлі болуы мүмкін материалдық, психологиялық, саяси, әлеуметтік,  ұйымдастырушылық және тағы басқалай.

        Залалдың сипаты мен мөлшері  ҚК-те анықталған. Заңшығарушы топтық  және тікелей объектінің маңыздылығы  мен құндылығын басшылыққа алады. Құқыққа қарсы әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі оның болған немесе нақты болуы мүмкін нәтижесі осыған негізделіп, айқындалады. Мысалы мемлекетке қарсы қылмыстар саяси және экономикалық залалдар келтірсе, жеке адамға қарсы қылмыстар – тәндік және психикалық зияндар келтіреді.

        Құрлысы жағынан қылмыс құралдары  жай және күрделі болып бөлінетіндігі  белгілі. Күрделі құрамдарда бір  емес, екі немесе оданда көп қылмыстық салдар болуы мүмкін. Мысалы бұзақылықтың объектісі қоғамдық тәртіп болып табылады және бұл түсінікке меншік нысандарына қол сұғылмаушылық, қоғамдағы жүріс-тұрыс тәртібін сақтамау да кіреді.

       Жалпы алғанда материалдық және тәнге келтірілген зиянды барынша жеткілікті түрде шамалауға немесе өлшеуге болады. Оларды есептеу барысында төмендегідей негіздер басшылыққа алынады. Белгілі бір нәрсенің құны, саны, сапасы, зиян мөлшері, талан-тараж мөлшері, денсаулыққа келген залалдың және еңбек қаблеттігінің жоғалту дәрежесі.

        Саяси, идеологиялық, ұйымдастырушылық  психикалық, әлеуметтік мәнісіндегі моральдық зияндар көзге көрінбейтін сипатта болғандықтан оларды өлшеу белгілі бір қиындықтарды туғызады. Осы орайда уақыт, қол сұғу объектісіндегі зиянды өзгерістердің ұзақтығы, тереңдігі, тұрақтылығы, қылмыс объектісінің құндылығымен айқындалатын келтірілген зиянның орнының толтырылмайтындығы, іс-әрекеттің жасалған орны және уақытына сәйкес объектінің залалсыз қызмет атқаруының өзектілігі және басқа өлшем бірліктерін басшылыққа аламыз.

        Қылмыстық құқық теориясында  қылмыстық салдарды негізгі және  қосымша қылып бөлу қалыптасқан. Олардың алғашқысы қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын құрам белгілерінің жиынтығына кіреді. Ал екіншісі яғни қосымша салдар белгілі бір жағдайда әртүрлі пікірлерді қалыптастырып отыр.

         Қылмыстық нәтиже ретінде қылмыстық  заңда қарастырылған, тұлғаның  әрекетімен немесе әрекетсіздігінің  ықпалымен жүзеге асырылатын  және қылмыс құрамының объективтік  белгілеріне жатқызылатын қоршаған  әлемдегі өзгерісті түсінуіміз  керек. Аталған қылмыстық салдар  қылмыстық заңмен қорғалатын  әлде қандай объектілерге тікелей  немесе жанама залал келтіреді  немесе залал келтіру қаупін  туғызады. Я.М. Брайнин «қылмыстың салдары» және «қылмыстық нәтиже» түсініктерінің арасына айырым қою қажеттілігі жөнінде айтқан. Ол қылмыстың салдарына қылмыстық әрекет ықпал еткен сыртқы әлемдегі барлық өзгерістерді жатқызады. Мысалы, адам өлтірудегі – жәбірленушінің өлуі және туыстарының қайғыруы : қылмыс құрамының болуы үшін маңызы бар сол салдар қылмыстық нәтиже болады, оларсыз қылмыс аяқталған болып есептеліне алмайды және нәтиже берілген қылмыстың құрамын анықтай алатындай.

       Қылмыстық құқықтығы себепті  байланыс өзінің негізін анықтайтын  басымдығымен құбылыстар мен  олардың заңи маңыздылығының  арасындағы себеп салдарлық қатынастарды ашу мен түсіндіруден көрінеді. Қылмысты объективтік жағы бойынша саралауда осындай байланысты анықтау міндетті қажеттілік. Қылмытың объективтік жағының міндетті белгісі ретінде танылатын іс-әрекетпен нәтиженің арасындағы себепті байланыс нақты және өзінің сипаты бойынша кінәлі болуы тиіс.

        Қылмыстық құықтағы себепті байланысты  ғылыми – практикалық салыстырмалы  түрде үнемі зеттеу төмендегілерді  қуаттайды:

  1. Субъектінің қылмыстық-құқықлық белгілерге ие болатын нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі себептілік арқауының бірінші түйіні.
  2. Әрекет (әрекетсіздік)уақыты бойынша нәтижеден озық болуы тиіс.
  3. Іс-әрекет залалдық туындауының қаупін туғызатындай құқыққа қайшы немесе адамгершілікке жат болуы тиіс.
  4. Іс-әрекет залалдың болуының қажетті шартының ролін атқарады.
  5. Іс-әрекет саладрдың тек қана қажетті шарты ретінде танылмай себебі болуы тиіс және жалпылама емес, қылмыстың жасалуының нақты мән-жайында
  6. Іс-әрекетпен салдардың арасындағы әрқашан объективті болып табылатын себепті байланыстың және олардың арасындағы қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы кінәлі байланыстың араласуына жол бермеу керек.

Ең алдымен  объективті себепті байланысты, ал содан кейін субъектінің оның көре білуін анықтау қажет. Пайда болған қылмыстық салдардың заңдылығы мен кездейсоқтылығы істің мән-жайын олардың жиынтығында бағалау негізінде шешілуі тиісті практикалық мәселе болып табылады. Е. деген азамат кәмелетке тломаған Г-нің өзінің атын қуып жүргенін көріп оны ұстап алып ұрған Г. Е-нің қолынан жұлқынып шығып қашып бара жатқанда шарбақтан секіріп аяғын сындырып алған кейіннен ауруханада қанға инфекция түсуінен қайтыс болған. Берілген жағдайда Е-нің әрекеттері болған салдардың себебі болып табылама?

       Әрине олардың қылмыстық нәтижеге  дейін жасалғандыы дау туғызбайд Олардың яғни қылмыстық салдардың пайда болуына қажетті шарттар болғаны да түсінікті себебі егер Е. Г-ні ұрып қорқытпаса ол аяғын сындармас еді ендеше, қоғамға қауіпті салдарда туындамас еді. Алайда жәбірленушінің өлімі аяқтың сынуы нәтижесінде пайда болған жарақатқа инфекция түсуінен болған. Алайда аталған салдар Е-нің әрекеттері үшін объективті түрде кездейсоқ болып табылады. Сондықтан ол олар үшін жауапты болып табылмайды.

        Қылмыстық құқық теориясында  зиянды салдар қажетті белгі болып табылмайтын құрамдар формальдық құрам дап аталады. Жасалған іс-әрекетті саралау барысында тек әрекет (әрекетсіздік) ғана анықталады, ал қылмыстық нәтиже және себепті байланыс құрам шеңберінен тыс қалады және саралауды талап етпейді.

        Белгілі бір қылмыстық салдардың  нақты пайда болуын немесе  пайда болу мүмкіндігі қарастырылған  құрам материалдық құрам деп  аталды.

        Қылмыстық құқық саласындағы  мамандардың көпшілігі қылмыстарды  формалдық және материалдық қылып бөлу ұстанымын қуаттайды және маңызды прақтикалық мәніске ие деп санайды. Сонымен қатар осы мәселе төңірегенде бірталай пікірталастардың да бар екенін айта кету керек. Алайда ондай теоретикалық мәністегі пікірталастарды талдауды біз өзіміздің жұмысымызға мақсат етіп қоймадық.

       Жалпы айтқанда қылмыстық-құқық  норманы бірінші кезекте ҚК-тің  Ерекше бөлімін жетілдіру қоғамды қылмыстан табанды және ықпалды қорғау бағытында жүргізілуі керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ-3. Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау 

      Нақты жағдайда қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы жасалған іс-әрекеттің субъектісі берілген іс-әрекеттің өзге де жақтары сияқты көптеген объективтік және субъективтік белгілерге ие болса, қылмыс құрамының субъектісі және өзге элементтері жасалған әрекетпен барынша ұқсасымен олардың қатаң шектелуі санына ие болады.

       Қылмысты саралаудың жасалған  іс-әрекеті онымен ұқсас, яғни  әрекет етілуі ҚК-те қарастырылған  қылмыс құрамымен салыстыру болып  табылатындығын еске түсірейік.  Сонымен қатар оны жүргізу  процессінде «заңның жекелеген  ережелері нақтыланады, жаңа фактілер  анықталады, болжамдар өзгеріске  ұшырайды және одан әрі зерттеудің  жолдары белгіленеді»./ 25/

       В.Н. Кудрявцев и Б.А. Куринов  қылмысты сарлау бойынша жазылған  монографияларында қылмыстылықтың  әлеуметтік мәселелерін, оның  себептерін және қылмыс жасаған  тұлғалар туралы мәліметтерді  талдауды және тереңдетуді атап  көрсеткен.

       Егер қылмыс субъектісін құқықтық  ұғымға жатқызсақ, қылмыскердің  жеке басы криминологиялық ұғым  болып табылады. Жеке тұлға болу, ақыл-есі дұрыстың қылмыстық заңмен  бекітілген жасқа толу оның  біріншісінің яғни қылмыс субъектісінің  негізгі белгілері болып табылады. Екінші түсінік жеке тұлғаны  сипаттайтын: әлеуметтік – демографиялық,  біліми-мәдени, функционалдық, құндылықты- мотивациялық, қылмысты-құқылық ерекшеліктерді  қамтиды.

       Тұлғаны қылмыс субъектісі ретінде  тану үшін ең алдымен, қоғамға  қауіпті және қылмыстық құқыққа  қайшы іс-әрекетті нақ осы адамның  жасағандығын нақты анықтап алу  қажет. Ол осы іс-әрекетті жеке  өзі жасауы мүмкін немесе табиғи  күштерді, жануарларды, техниканы,  электр приборларын, химиялық  заттарды, әртүрлі уларды пайдалануы  сонымен қатар іс-әрекетті ақыл-есі  дұрыс емес адмдардың немесе жас балалардыңкөмегімен жасауы мүмкін. Қылмысқа бірігіп қатысушылар (ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші яғни алдын-ала қасақана қылмыс жасауға келісім жасаушыларды қылмыс субъектісі болып табылады. Қылмыс субъектісінің жалпы белгілерінің тағы басқа екеуі жас мөлшері және  ақыл есі дұрыстық адамның психофизикалық қасиеттері олардың біріншісі бойынша белгілі бір жасқа толғандығы немесе толмағандығы фактісі сенімді түрде анықталуы тиіс. Екіншісі бойынша тұлға өзінің іс-әрекетіне жауап бере алатындығы және басқара алмайтындығы дәлелденуі тиіс.

        А.Н. Трайнин  бұл белгілерді қылмыс құрамынан тасқары тұрған қылмыстық жауаптылықтың шарттары ретінде қарастырғанын атап өту керек. Қоғамда қауіпті және құқыққа қарсы іс-әрекеттің субъектісін сипаттайтын белгілерге ол тиісті құрамдарда орын алған лауазымды тұлғаны, әскери қызметкерлерді, өкімет өкілін жатқызады./ 26/

       Қылмыс субъектілерінің белгілеріне  (жас мөлшері, есі дұрыстық) В.Н.  Кудрявцев және тұлғаның сотталғандығын, қайталап қылмыс жасауды және  қылмыс рецидивін жатқызды.

       Қылмысты жасаған кезде қылмыстық  жауапқа тартылатын жас ретінде  16 жасқа толу деп саналады. Алайда  біз бұны жалпы ереже деп  есептеп одан кейде өзгешеліктер  болатындығын естен шығармауымыз  керек. Қылмыстық Кодекстің 15-бабының  екінші тармағында төменде көрсетілген  қылмыс түрлері үшін қылмыстық  жауап кершілік 14 жастан басталатындығы  көрсетілген. Ол адам өлтіру (96), денсаулыққа қасақана зиян келтіру (103), ауырлататын мән жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауыр зардап келтіргені үшін (104 2-бөлімі), зорлау (120) жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121), адам ұрлануы (125), ұрлық (175), тонау (178), қарақшылық (179), қорқытып алу (181), авто көлікті заңсыз иелену ұрлау мақсатын көздемей(185 ІІ-ІІІ-ІV), мүлікті қасақана жою, бүлдіру (187 ІІ-ІІІ), терроризм (233), адамды кепілге алу (234), террористік акті туралы өтірік хабарлау (242), қару-жарақ, оқ –дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау не қорқытып алу (255), ауыр жағдайдағы бұзақылық (257 ІІ-ІІІ), тағылық (258), есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (206), қайтыс болған адамдардың мүрдесін және олардың жерленген жерлерін қорлау (275), көлік жолдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету (299). Жоғарыда атап көрсетілген қылмыстар түрі заңда бекітілгендіктен тек осы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталуы тиіс. Сонымен қатар адам осы көздеген жасқа толса бірақ психикалық дамуы жағынан артта қалуы саладрынан онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық ұғына алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс емес. 14 жасқа толмаған жас-өспірімдердің қоғамға қауіпті іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік туындамайды. Олар ішкі-істер органдарының ұсынысы бойынша, мемлекеттік арнайы органның  қортындысымен сот анықтамасымен арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелеріне жіберілуі мүмкін. Егер 14 жаспен 16 жастың арасындағы жас өспірім 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік туындайтын қылмыстарға қатысса соның барысында ол 14 жастан қылмыстық жауапкершілік басталатын қылмыс жасаса мысалы бандитизм (237)бап, оған қатысқан 14 жас пен 15 жастың арасындағы жас өспірімдер бандитизм емес ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, кісі өлтіру  бойынша ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Адамды белгілі жасқа толды деп есептеу үшін оның жас шамасы дәл анықталуы тиіс. Адам белгілі жасқа толды деп есептеу оның туған күннен емес одан кейінгі тәуліктің 00 сағатынан Егер жасөспірімнің жас шамасын анықтайтын құжаттар жоқ болса оны анықтау үшін соттық-медициналық сараптама тағайындалады. Егер оның жасы белгісіз болса оны туған күні деп сараптама атаған жылдың ең соңғы күні саналады. Егер жасты сараптама атаған жас мөлшерінің төменгі және жоғарғы жас мөлшерімен анықтау қажет болса онда төменгі жас мөлшері алынады.

Информация о работе Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау