Жеке кәсiпкерлiк туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 11:08, курс лекций

Описание работы

Осы Заң жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар мен кепiлдiктердi айқындайды.

Работа содержит 1 файл

Жеке кәсiпкерлiк туралы.doc

— 205.50 Кб (Скачать)

      Осы баптың 2-1-тармағында көрсетiлген тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк тiркеусiз аталған дара кәсiпкерлердiң қызметiне тыйым салынады. 
    
       2-1. Қызметкерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мынадай табыстарды:  
      1) төлем көзiнен салық салынатын;  
      2) мүлiк табыстарын;  
      3) өзге де табыстарды алу кезiнде дара кәсiпкер ретiнде тiркелмеуге құқылы. 
      3. Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк мерзiмсiз берiледi.  
      Дара кәсiпкердi (бiрлескен дара кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
    
       4. Дара кәсiпкер мемлекеттiк тiркеу үшiн:  
      1) тiркеу органы белгiлеген нысан бойынша өтiнiшiн; 
      2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым сомасын бюджетке төлегенiн растайтын құжатын; 
      3) түпнұсқасы ұсыныла отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн; 
      4) 3,5 х 4,5 сантиметр көлемдегi фотосуретiн; 
      5) дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растау құжатын тiркеу органына ұсынады.  
      Азаматтарды тiркеу кiтабы немесе жылжымайтын мүлiкке жекеменшiк немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.  
      Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаса, жоғарыда аталған құжаттарға ата-анасының, асырап алушының немесе қамқоршының келiсiмi, ал мұндай келiсу болмаса, кәмелет жасына толмағанды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмi қоса берiледi.  
      Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.  
      Осы баптың 4-тармағында аталған құжаттар болған кезде тiркеу органы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, құжаттарды ұсынған күннен кейiнгi үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеуден өткiзедi. 
      5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады. 
    
       6. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге өтiнiште көрсетiлген деректер өзгерген кезде дара кәсiпкер өзгерiстер туралы осы орган белгiлеген нысан бойынша тiркеу органына он жұмыс күнiнiң iшiнде хабарлауға мiндеттi. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген деректер өзгерген кезде дара кәсiпкер қайта тiркеудi жүзеге асыруға және жаңа куәлiк алуға мiндеттi. 
      7. Дара кәсiпкер мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда, оның өтiнiшi бойынша оған мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасы берiледi.  
     Мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшiн дара кәсiпкерден Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртiппен алым алынады.
. 
      8. Бiрлескен дара кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде өтiнiштi үшiншi тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен қатынастарда мүдделерiн бiлдiретiн уәкiлеттi тұлға бередi.  
      Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк уәкiлеттi тұлғаға жазылады. Куәлiкке тiркеу органының басшысы куәландырған бiрлескен дара кәсiпкер мүшелерiнiң тiзiмi қоса берiледi.    

  28-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң банкроттығы,  оларды қайта ұйымдастыру және тарату      

 1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi борышқордың сотқа өтiнiшi немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге адамдардың сотқа өтiнiшi негiзiнде сот шешiмiмен банкрот деп жарияланады.  
      Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсiмi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгi бөлiгiндегi ерекшелiктермен заңды тұлғалар үшiн белгiленген ережелер бойынша жүзеге асырылады. 
      2. Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн қайта ұйымдастыру немесе тарату жеке кәсiпкерлiктiң нақты ұйымдық-құқықтық нысаны үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 
      3. Дара кәсiпкердiң қызметi ерiктi немесе мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ақ осы Заңда көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.  
      Дара кәсiпкердiң қызметi өзiндiк кәсiпкерлiк кезiнде - дара кәсiпкер өз бетiмен, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде - барлық қатысушылар бiрлесiп қабылдаған шешiм негiзiнде кез келген уақытта ерiктi түрде тоқтатылады.  
      Дара кәсiпкер қызметiн ерiктi түрде тоқтату үшiн тiркейтiн органға кәсiпкерлiк қызметiн тоқтату туралы өтiнiш бередi.  
      Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм, егер ол үшiн оған қатысушылардың жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп саналады. 
      4. Жеке кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:  
      1) ол банкрот деп танылған; 
      2) тiркеу кезiнде жiберiлген жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға байланысты дара кәсiпкердi тiркеу жарамсыз деп танылған; 
      3) қызметiн күнтiзбелiк жыл iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған; 
      4) ол қайтыс болды деп жарияланған; 
      5) ол хабар-ошарсыз кеттi деп танылған жағдайларда соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеу тәртiбiмен тоқтатылады. 
      5. Осы бапта көзделген негiздемелерден басқа, дара кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда: 
      1) өзiндiк кәсiпкерлiк - дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда; 
       2) отбасылық кәсiпкерлiк және жай серiктестiк - егер осы тармақтың 1-тармақшасында аталған мән-жайлар болуы салдарынан бiрлескен кәсiпкерлiк қатысушысының бiреуi қалған немесе бiр де бiрi қалмаған жағдайда, сондай-ақ некенi бұзуға байланысты мүлiктi бөлу кезiнде тоқтатылады. 
      6. Дара кәсiпкердiң қызметi оның өтiнiшi немесе соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде тiркеушi органда дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығарылған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледi.  
      Дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығару дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi тiркеушi органға тапсырғаннан кейiн және кәсiпкерлiк қызметпен байланысты салық мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн жүргiзiледi. 
      Дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң күшi жалған кәсiпкерлiктiң жасалу фактiсiн анықтаған, заңды күшiне енген сот үкiмiнiң немесе қаулысының не қылмыстық қудалау органының күшi жойылмаған қаулысының негiзiнде жойылуға жатады. 
      7. Белгiленген жағдайларда тiркеусiз дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыру кезiнде оны тоқтату ерiктi сипатта болса - нақты тоқтатылған кезден бастап, мәжбүрлеп тоқтату кезiнде тиiсiнше соттың шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап ол тоқтатылды деп есептеледi. 
      8. Орындалмаған мiндеттемелерi жоқ және мемлекеттiк органдар төмен немесе орташа дәрежедегi тәуекел санатына жатқызған жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен қайта ұйымдастырудың және ерiктi таратудың оңайлатылған тәртiбi белгiленедi.
.

7-тарау.  МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ .     

  29-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң  мақсаттары мен түрлерi      

1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары  жеке кәсiпкерлiк субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн өнiмнiң адамдар өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауды, қоршаған ортаға қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiн қорғау болып табылады.  
      2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң түрлерi:  
      1) Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсiпкерлiктiң субъектiлерiне, сондай-ақ өнiмдерiне, процестерiне талаптар белгiлеу;  
      2) сәйкестiктi, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдарды аккредиттеу;  
      3) өнiмнiң, процестердiң жекелеген түрлерiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн мiндеттi растау;  
      4) жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк бақылау және қадағалау;  
      5) лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу және рұқсаттардың өзге де түрлерiн беру;  
      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру;  
      7) Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының жауапкершiлiгiн белгiлеу.
.     

  30-бап. Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсiпкерлiк өнiмдерiне, процестерiне талаптар  
               
белгiлеу      

 Мемлекет  Қазақстан Республикасының заңдарымен өнiмдерге, процестерге жеке кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi үшiн орындауға мiндеттi талаптар белгiлейдi.     

  31-бап. Сәйкестiктi, тексеру, калибрлеу және сынақ  зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi  
               
органдарды аккредиттеу      

 Сәйкестiктi, тексеру, калибрлеу және сынақ  зертханаларын (орталықтарын) растау  жөнiндегi органдарды аккредиттеу  Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес жүргiзiледi.     

  32-бап. Өнiмдердiң жекелеген түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi растау      

 Өнiмдердiң  жекелеген түрлерiнiң, процестердiң  сәйкестiгiн мiндеттi растау, егер  бұл Қазақстан Республикасының  техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi болса, белгiленедi.     

  33-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк бақылау және қадағалау     

1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк бақылау және қадағалау,  егер өнiмдерге, процестерге қойылатын,  Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында белгiленген талаптар, сондай-ақ жекелеген өнiм түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi қойылатын талаптар мемлекеттiк реттеу мақсаттарына қол жеткiзу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда белгiленедi. 
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттiк бақылау және қадағалау мынадай: 
      1) ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын тексеру нысанында; 
      2) ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипаттағы бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.    

  34-бап. Жеке кәсiпкерлiктiң жекелеген түрлерiн лицензиялау      

 Жеке кәсiпкерлiктiң  жекелеген түрлерiн лицензиялау  Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.  
           
35-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң  азаматтық-құқықтық жауаптылығын мiндеттi сақтандыру      

 Жеке кәсiпкерлiк  субъектiлерiнiң азаматтық-құқықтық  жауаптылығын мiндеттi сақтандыру, егер осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк реттеу түрлерiн қолдану мемлекеттiк реттеу мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз етпейтiн жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.     

  36-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының  
               
жауаптылығын белгiлеу     

 Жеке кәсiпкерлiк  субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

8-тарау.  ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

9-тарау.  МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУДЫ,  ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ  АСЫРУ КЕЗIНДЕ  МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАР  МЕН ЛАУАЗЫМДЫ  АДАМДАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ     

  42-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары  мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн жауаптылықтың  
               
жалпы негiздерi мен нысандары      

1. Мемлекеттiк  органдар мен олардың лауазымды  адамдары осы Заңның 29-бабының 1-тармағында белгiленген мемлекеттiк реттеудiң мақсатына қол жеткiзбеген мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды, лицензиялауды жүзеге асыру кезiнде өз қызметтiк  мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) жасағанда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады. 
      2. Мемлекеттiк органдар мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуда кiнәлi лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне бiр ай iшiнде жазбаша хабарлауға мiндеттi. 
      3. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жеке кәсiпкерлiк субъектiсi туралы ақпаратты таратқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады, ал жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң келiсiмiнсiз ақпаратты тарату нәтижесiнде оған келтiрiлген зиян өтелуге тиiс.  
           
43-бап. Жеке кәсiпкерлiкке кедергi келтiргенi үшiн  жауаптылық      

1. Мемлекеттiк  органдар мен олардың лауазымды  адамдарының жеке кәсiпкерлiк  қызметiне заңсыз кедергi жасайтын  кез келген iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. 
      2. Қызметiн мәжбүрлеп тоқтата тұру немесе тыйым салу солардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржылық ұйымдардың, кредиттiк бюролардың кәсiпкерлiк қызметiн қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтата тұруды немесе тыйым салуды бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi. 
      3. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн сот шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, көрсетiлген мерзiмде талап-арызды сотқа табыс етудi мiндеттей отырып, ерекше жағдайларда жол берiледi.  
      Бұл ретте бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның қызметтi тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы актiсi соттың шешiмi шыққанға дейiн қолданыста болады. 
      4. Кәсiпкерлiк қызметiне заңсыз кедергi келтiру салдарынан жеке кәсiпкерлiк субъектiсi көтерген барлық шығындар мен жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрiлген өзге де зиян өтелуге жатады.     

Информация о работе Жеке кәсiпкерлiк туралы