Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 11:08, курс лекций
Осы Заң жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар мен кепiлдiктердi айқындайды.
8-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерi:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында
өзгеше көзделмесе, жеке кәсiпкерлiктiң
кез келген түрiн жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жалдамалы еңбектi пайдалана отырып,
жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
тәртiппен филиалдар мен өкiлдiктер құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген
тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер)
бағасын дербес белгiлеуге;
5) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өтеулi
негiзде қаражат (қарыз) беруге;
6) өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнде сыртқы
экономикалық қызметтi жүзеге асыруға;
7) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн
құруға;
8) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген
бiрлестiктерi арқылы сарапшылық кеңестердiң
жұмысына қатысуға;
9) бақылау және қадағалау функцияларын
жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына
және мемлекеттiк органдарға жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң құқықтарын бұзуға кiнәлi
тұлғаларды жауапқа тарту мәселелерi бойынша
жүгiнуге;
10) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау
үшiн сот органдарына жүгiнуге;
11) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау
мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық
актiлердiң орындалмауына немесе тиiсiнше
орындалмауына септiгiн тигiзетiн себептер
мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды
мемлекеттiк органдардың қарауына енгiзуге;
12) әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық
салалардағы жобаларды iске асыру немесе
оған қатысу жолымен бизнестiң әлеуметтiк
жауапкершiлiгi шараларын өз қызметiнде
қолдануға құқылы.
2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын,
жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауға;
2) өндiрiлетiн өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетiлетiн
қызметтердiң) Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн
қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау
туралы заңына сәйкес лицензиялануға
жататын жеке кәсiпкерлiк түрлерiн жүзеге
асыруға лицензиялар алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi
мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға
мiндеттi.
9-бап.
Жосықсыз бәсекенi жүзеге
асыруға жол бермеу
Жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң Қазақстан
10-бап. Iшкi нарықты қорғау
Iшкi нарықты
қорғау Қазақстан
11-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi туралы ақпаратты қорғау
1. Коммерциялық
құпияны қорғау коммерциялық
құпияны құрайтын ақпаратты
2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi коммерциялық
құпияны құрайтын ақпаратқа еркiн қол
жеткiзу құқығы бар адамдар тобын айқындайды
және оның құпиялылығын қорғауға шаралар
қолданады.
3. Ақпаратты қолжетiмдiлiк санатына жатқызу
тәртiбiн, коммерциялық құпияны құрайтын
ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын
жеке кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайды.
4. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты
заңсыз әдiстермен алған, жария еткен немесе
пайдаланған адамдар келтiрiлген залалды
Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасына сәйкес өтеуге мiндеттi.
5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi немесе ол
уәкiлеттiк берген адам өз қызметкерлерiнен
коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты
жария етпеу туралы қол қоюын талап етуге,
ал оны тексерудi жүзеге асыратын адамдарға
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауапкершiлiк туралы ескертуге құқылы.
6. Мiндеттi түрде жариялануға не акционерлердiң,
шаруашылық серiктестiк қатысушыларының
немесе өзге де белгiлi бiр адамдар тобының
назарына мiндеттi түрде жеткiзуге жататын
ақпараттың тiзбесi Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң
құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
7. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi тiркеу, бақылау
функцияларын орындау кезiнде және басқа
да iс-әрекеттер жасау кезiнде мемлекеттiк
органдарға және лауазымды адамдарға
Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген, оларға жүктелген функцияларды
iске асыру үшiн қажеттi ақпараттан басқа,
коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты
бермеуге құқылы.
8. Мемлекеттiк орган өзiне жүктелген функцияларды
iске асыру барысында алған жеке кәсiпкерлiк
субъектiсi туралы кез келген ақпарат,
Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттiк органға
беру жағдайларын қоспағанда, жария етiлуге
және таратылуға жатпайды.
9. Құқық қорғау органдары прокурор санкциясы,
тергеу органдарының қылмыстық iс қозғау
туралы қаулысы негiзiнде не сот қаулысының
негiзiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнен
де, мұндай ақпаратқа ие мемлекеттiк органдардан
да қажеттi ақпаратты, соның iшiнде коммерциялық
құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға
және алуға құқылы.
10. Заңды күшiне енген сот шешiмi бар ақпаратты
қоспағанда, коммерциялық және заңмен
қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты
жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң келiсiмiнсiз
жария етуге болмайды.
11. Жеке кәсiпкерлiктiң нақты субъектiсiнiң
қызметi туралы мәлiметтi ашпайтын, жинақталған
ақпарат жалпыға қолжетiмдi болып табылады.
12-бап. Алғашқы статистикалық деректер
Жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң алғашқы статистикалық
деректерi Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк статистика саласындағы нормативтiк
құқықтық актiлерiне сәйкес табыс етiледi.
Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк статистика саласындағы нормативтiк
құқықтық актiлерiнде көзделмеген мәлiметтердi
талап етуге құқылы емес..
13-бап.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
бухгалтерлiк есепке
алуды жүргiзу мен қаржылық
есептiлiк
жасау
тәртiбi
1. Осы Заңның
27-бабына сәйкес мiндеттi
2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан
Республикасының бухгалтерлiк есепке
алу мен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы
бойынша бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу
мен қаржылық есептiлiк жасаудың оңайлатылған
нысанын қолдануға құқылы.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIКТI ДАМЫТУ МЕН ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
14-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан
Республикасының Үкiметi:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi
бағыттарын әзiрлейдi;
2) жеке кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк
жүйесiн қалыптастырады;
2-1) жеке кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау
көрсету тәртiбiн айқындайды;
3) Үкiмет жанынан жеке кәсiпкерлiк мәселелерi
жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi органдар
құрады және таратады;
4) орталық мемлекеттiк жергiлiктi өкiлдi
және атқарушы органдар әзiрлейтiн, жеке
кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк
құқықтық актiлердiң жобаларын сарапшылық
кеңестердiң қарауын ұйымдастырады;
5) Қазақстан Р еспубликасының мемлекеттiк
сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн
қызметтердiң) номенклатурасын және олардың
көлемiн (проценттiк көрiнiстегi) бекiтедi;
6) шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуын
ынталандырады;
7) өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және
халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту
үшiн меншiкке кейiннен өтеусiз бере отырып
мемлекеттiк меншiктiң пайдаланылмайтын
объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
мүлiктiк жалға (жалдауға) немесе сенiмгерлiк
басқаруға беру тәртiбiн айқындайды;
8) бәсекеге қабiлеттi салаларды құру мен
жетiлдiрудi, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн
дамытуды және олар шығаратын өнiмнiң сапасын
арттыруды ынталандыратын мемлекеттiк
саясатты айқындайды және iске асырады;
9) бәсекелестiктiң дамуына және инновацияларға,
материалдық активтерге, сондай-ақ ұзақ
мерзiмдi инвестицияларға инвестициялар
салуды ынталандыруға септiгiн тигiзетiн
нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi;
10) экономиканың жекелеген секторларында
кластерлер құруды ынталандырады;
11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң дамуы
үшiн кедергiлердi жою мақсатында экономика
салаларының жұмыс iстеуiне талдау жүргiзедi;
12) Қазақстан Республикасының экономикасына
инвестицияларды ұлғайту және инновациялар
ендiрудi жеделдету мақсатында ұлттық
даму институттарын құрады;
13) жекелеген салаларда жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерi арасындағы бәсекелестiктi
дамыту үшiн жағдайлар жасай отырып, осы
салаларды тарифтiк және тарифтiк емес
әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;
14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты
басқа елдер орнатқан кедергiлердi жоюға
шаралар қабылдайды;
15) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн келiсiмдi
бiрлескен экспорттық саясатты жүргiзуге
ынталандырады;
16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне iшкi
және сыртқы нарықтардың жай-күйi туралы
экономикалық ақпарат берудi ұйымдастырады;
17) сапа менеджментiнiң жүйесiн ендiрудi
ынталандыру жолымен ұлттық өнiмнiң бәсекеге
қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды;
18) ұлттық экспорттаушылардың басқа елдердiң
аумағындағы мүдделерiн қолдау жолымен
сыртқы сұранысқа жағдай жасайды;
19) жеке кәсiпкерлiк субъектiлердiң персоналын
көтермелейдi, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң
және жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерiмен
өзара әрекет етедi;
20) бәсекеге қабiлеттi салалар құру мақсатында
жекелеген салаларды қолдау бағдарламаларын бекiтедi;
21) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын
шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады,
iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi
қаржыландырады;
22) республиканың экономикасы үшiн бiлiктi
кадрлар даярлау жөнiнде мемлекеттiк бағдарламалар
әзiрлейдi;
23) халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiгiн
жеке кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар
әзiрлейдi.
15-бап. Кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi
Кәсiпкерлiк
жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
мемлекеттiк саясатын жүргiзудi жүзеге
асырады;
2) жеке кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламаларын
әзiрлеп, iске асырады;
3) шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
мемлекеттiк шараларының орындалуын ұйымдастырады
және үйлестiредi;
4) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру
және оларға кредит беру жөнiндегi шараларды
жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
5) кәсiпкерлiк ортаға, инвестициялық ахуалға
және жеке кәсiпкерлiктi дамытудың инфрақұрылымына
талдау жүргiзедi;
6) жеке кәсiпкерлiк қызмет саласында зерттеулер
жүргiзудi ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының
Үкiметiне кәсiпкерлiктi дамытудың жылдық
есебiн жiбередi;
7) жеке кәсiпкерлiктi қолдауды және дамытуды
қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық
актiлердi әзiрлеп, Қазақстан Республикасының
Үкiметiне ұсынады;
8) республика өңiрлерiнде шағын кәсiпкерлiк
инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға
септiгiн тигiзедi;
9) шағын кәсiпкерлiк саласында кадрлар
даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн
арттыру жүйесiн қалыптастыру жөнiнде
ұсыныстар әзiрлейдi;
10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау
мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге
асырады;
11) жеке кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi
орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы
органдарды ведомствоаралық үйлестiрудi
жүзеге асырады;
12) орталық мемлекеттiк және жергiлiктi
атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық
кеңестердiң қызметiн үйлестiредi;
13) шағын кәсiпкерлiктiң инновациялық,
инвестициялық және индустриялық дамудың
мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыруға
қатысуы үшiн жағдайлар жасайды;
14) инвесторлар, грант берушi халықаралық
ұйымдар үшiн жеке кәсiпкерлiктi қолдау
және дамыту мәселелерiнде жағдайлар жасайды;
15) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық
көмек ұйымдастырады;
16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң)
халықаралық нарықтарына шығуы үшiн жағдайлар
жасайды;
17) жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
18) жеке кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау
жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттайды;
19) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды
адамдары жол беретiн жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң қызметiн регламенттейтiн
Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының
Президентi мен Yкiметiн хабардар етедi;
20) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар әзiрлейтiн
тәуекелдердi бағалау критерийлерiн, ведомстволық
есептiлiктiң және тексеру парақтарының
нысандарын бiрлесiп бекiту арқылы мемлекеттiк
органдардың тәуекелдердi бағалау жүйесiн
енгiзу процесiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
21) осы Заңға сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн
қолдау және қорғау саласында ведомстволық
есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын,
тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн,
тексерулер жүргiзудiң жыл сайынғы жоспарын
әзiрлейдi және бекiтедi.
16-бап.
Жергiлiктi өкiлеттi органдардың
құзыретi
Қазақстан
Республикасының жергiлiктi өкiлеттi
органдары:
1) шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
өңiрлiк бағдарламаларын бекiтедi;
2) жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсiпкерлiктi
қолдау мен дамыту мәселелерi бойынша
есептерiн қарайды.
17-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi
Қазақстан
Республикасының жергiлiктi атқарушы
органдары:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
мемлекеттiк саясатының iске асырылуын
жүзеге асырады;
2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар
жасайды;
3) өңiрлерде мемлекеттiк бағдарламалардың
iске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз
етедi және ол үшiн жауапты болады;
4) шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың өңiрлiк
бағдарламаларын әзiрлеп, iске асырады;
5) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық
қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн
құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
6) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен
және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен
өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын
айқындайды;
7) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
7-1) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi
мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз етедi;
7-2) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына
рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары
мөлшерiнiң сақталуына өз құзыретi шегiнде
мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар
мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта
даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды
ұйымдастырады.
4-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ
18-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi бағыттары
1. Жеке кәсiпкерлiктi
мемлекеттiк қолдау мынадай негiзгi
бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
жеке кәсiпкерлiктi реттеу мәселелерi жөнiндегi
заңнаманы жетiлдiру;
жеке кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын,
бизнес-инкубаторларды, технологиялық
парктердi, индустриялық аймақтарды және
жеке кәсiпкерлiк инфрақұрылымының басқа
да объектiлерiн құру және дамыту;
бюджет қаражаты есебiнен жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң қызметiн оқу-әдiснамалық,
ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз
ету
жеке кәсiпкерлiктi қаржылық қолдау.
2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
және дамыту:
мемлекеттiк органдардың жанынан жеке
кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және
оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi
ғылыми-зерттеу институттарын құру;
орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы
органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердiң
қызметiн ұйымдастыру;
жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
қаржы институттарын құру;
бизнес-инкубаторлардың және индустриялық
аймақтардың қызметiн ұйымдастыру;
жер учаскелерiн, ғимараттарды, үй-жайларды
сату не тұрғын үй-жайларды Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын
емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге
асырылады.
2-1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылық
қолдау:
1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн
қызметтердiң) кепiлдiк берiлген көлемiн
сатып алу;
2) екiншi деңгейдегi банктер арқылы кредит
берудi ұйымдастыру;
3) экономика салаларында әлеуметтiк маңызы
бар жобаларды ұйымдастыру және iске асыру
үшiн мемлекеттiк гранттар беру;
4) арнайы инвестициялық бағдарламаларды
iске асыру;
5) бюджет қаражаты есебiнен қарыздар беру;
6) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қаржы
институттары беретiн кредиттер бойынша
сыйақы ставкасын субсидиялау;
7) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредиттерiне
iшiнара кепiлдiк беру;
8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.
2-2. Мемлекеттiк қаржылық қолдауға жататын
жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметi
жүзеге асырылатын экономика саласын
(салаларын) қаржылық қолдау тәртiбiн, нысанын,
мемлекеттiк қаржылық қолдау көрсету үшiн
тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды),
қаржылық қолдау мөлшерi мен мемлекеттiк
қаржылық қолдау көрсету үшiн қажеттi басқа
да талаптарды Қазақстан Республикасының
Үкiметi бекiтедi.
3. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
мыналарды:
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк
қаржылық, материалдық-техникалық және
ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық
әзiрлемелер мен технологияларды пайдалануы
үшiн жағдайлар жасауды;
шағын кәсiпкерлiктi дамытудың мемлекеттiк,
салалық (секторальдық) және өңiрлiк бағдарламаларын
әзiрлеудi;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк
тiркеудiң және таратудың оңайлатылған
тәртiбiн белгiлеудi;
оңтайлы салық салу режимiн белгiлеудi;
шағын кәсiпкерлiкке кредит берудiң бағдарламаларын
қабылдауды;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетелдiк
инвестицияларды тарту мен пайдалану
жүйесiн жасауды;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды
(жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi)
сатып алудың кепiлдендiрiлген көлемiн
қамтамасыз етудi;
жұмыс iстеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын,
консалтингтiк ұйымдар мен шағын кәсiпкерлiктi
қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерiн
дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар
даярлауды, қайта даярлауды және олардың
бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруды;
ұлттық даму институттарын құруды қоса
алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген
бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
4. Алынып
тасталды - ҚР 2006.07.07 N 178 Заңымен.
5. Индустриялық аймақтар жеке кәсiпкерлiктi
дамыту үшiн экономикалық және ұйымдық
жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында
құрылады.
Индустриялық аймақтардың мiндеттерi:
1) өнеркәсiп саласындағы жеке кәсiпкерлiктi
жедел дамытуға жәрдемдесу;
2) жаңа өндiрiстер инфрақұрылымын құруға
және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
3) өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру;
4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз
ету болып табылады.
6. Мемлекеттiк органдар жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiне жер учаскелерiн, ғимараттарды,
үй-жайларды сатады, не жер учаскесiнiң
нысаналы мақсатын Қазақстан Республикасының
жер заңнамасына сәйкес өзгертедi, не Қазақстан
Республикасының тұрғын үй қатынастары
туралы заңнамасына сәйкес сатып алу-сату
шартына не рұқсатқа қажеттi инфрақұрылымға
қосудың техникалық шарттарын мiндеттi
түрде қоса отырып, тұрғын үйдi тұрғын
емес үй-жай етiп қайта жабдықтауға рұқсат
бередi. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн
одан әрi инфрақұрылымға қосу сатып алу-сату
шартына не рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылады.
7. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң бастамаларын
мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды,
оның iшiнде негiзгi қызметiнiң мақсаты қаржылық
ресурстарға қол жеткiзудi қамтамасыз
ету болып табылатын, акцияларының бақылау
пакетi ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi
арнайы қор жүзеге асырады.
Арнайы қордың негiзгi мiндеттерi:
1) жобалық қаржыландыру;
2) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуымен
микрокредиттiк ұйымдардың желiсiн дамыту;
3) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi екiншi
деңгейдегi банктерден кредиттер алған
кезде оларға кепiлдiк беру жүйесiн жасау;
4) қаржы лизингiн дамыту;
5) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқыту
және консалтингтеу;
6) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн сапа
менеджментi жүйесiн енгiзу жөнiндегi операцияларды
қоса қаржыландырудың гранттық жүйесiн
дамыту;
7) арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа
да мiндеттер болып табылады.
Арнайы қордың мiндеттерiн iске асырудың
тәртiбi мен шарттарын ұлттық басқарушы
холдинг айқындайды.