Жеке кәсiпкерлiк туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 11:08, курс лекций

Описание работы

Осы Заң жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар мен кепiлдiктердi айқындайды.

Работа содержит 1 файл

Жеке кәсiпкерлiк туралы.doc

— 205.50 Кб (Скачать)

  19-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен  дамыту      

1. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi: 
      Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы; 
      шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi; 
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi үшiн қолжетiмдiлiгi; 
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады. 
      2. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту: 
      1) қаржылық қолдау көрсету; 
      2) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының желiсiн ұйымдастыру; 
      3) бизнес-инкубаторлардың қызметiн ұйымдастыру; 
      4) бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру; 
      5) өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген объектiлердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады. 
      Осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы шарттар сауда-делдалдық қызметтi жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды. 
      3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылық қолдау: 
      1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) кепiлдiк берiлген көлемiн сатып алу.  
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) номенклатурасын және олардың көлемiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды; 
      2) екiншi деңгейдегi банктер арқылы кредит берудi ұйымдастыру; 
      3) экономика салаларында әлеуметтiк маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар беру; 
      4) арнайы инвестициялық бағдарламаларды iске асыру; 
      5) бюджет қаражаты есебiнен қарыздар беру; 
      6) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау; 
      7) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кредиттерiне iшiнара кепiлдiк беру; 
      8) лизинг жолымен жүзеге асырылады. 
      4.
Алынып тасталды - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңымен. 
      5. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары халықты жеке кәсiпкерлiкке тарту, жаңа шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн құру мақсатында құрылады. 
      Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының мiндеттерi: 
      1) кәсiпкерлiк ахуалды, отандық және халықаралық нарықтарды, экономиканың салалары мен секторларын талдау; 
      2) маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенiн көрсету; 
      3) инвестициялық және бизнес-жобаларды әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi, консультациялық және басқа да қызметтер көрсету; 
      4) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң инновациялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу; 
      5) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кәсiби өсуiне жәрдемдесу; 
      6) ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету; 
      7) семинарлар, тренингтер өткiзу; 
      8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң деректер базасын қалыптастыру; 
      9) шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерiн талдау мен қорыту болып табылады. 
      6. Бизнес-инкубаторлар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшiн құрылады. 
      Бизнес-инкубатордың мiндеттерi: 
      1) бизнес-инкубаторға орналастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн iрiктеу; 
      2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiлiм беру, маркетингтiк, консалтингтiк және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып табылады. 
      7. Сауда-делдалдық қызметтi қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi және қызмет көрсету саласын ұйымдастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерi сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлуi мүмкiн.  
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға алу немесе сенiмгерлiкпен басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.  
      

20-бап.  Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың  мемлекеттiк, салалық (секторальдық) және өңiрлiк  
               
бағдарламалары      

 1. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мемлекеттiк, салалық (секторальдық) және өңiрлiк бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылады және ол шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi. 
      2. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк, салалық (секторальдық) және өңiрлiк бағдарламалары өндiрiстi бәсекеге қабiлеттi өнiммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық, бiлiм беру қызметi, қаржылық және құқықтық консалтинг саласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қаржылық, оқу-әдiстемелiк көмек көрсету үшiн әзiрленедi. 
      3. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi және олар республиканың барлық аумағында мемлекеттiк органдар мен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады. 
      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк және салалық (секторальдық) бағдарламаларын iске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен есеп бередi. 
      5. Мемлекет экономикасын дамытудың басым бағыттарына және өңiрдiң экономикасын дамытудың ерекшелiгiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар өңiрдiң экономикалық даму бағдарламасының құрамдас бөлiгi болып табылатын шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi. 
      6. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк, салалық (секторальдық) және өңiрлiк бағдарламаларына: 
      нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар; 
      шағын кәсiпкерлiк қызметiнiң басым түрлерi; 
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру жөнiндегi шаралар; 
      шағын кәсiпкерлiктi кредиттiк-қаржылық және мүлiктiк қолдау жөнiндегi шаралар; 
      жеке кәсiпкерлiкке халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiн тартуға бағытталған шаралар; 
      iрi өнеркәсiп ұйымдарының бизнестiң бiр бөлiгiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беруiн ынталандыруға, сондай-ақ олардан салалық емес жанама қызметтер түрлерiн сатып алуға бағытталған шаралар; 
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттау жөнiндегi шаралар; 
      шағын кәсiпкерлiктi қолдау, дамыту және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асырумен байланысты басқа да шаралар кiредi.     

  21-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқу-әдiснамалық,  ғылыми-әдiстемелiк қолдау      

1. Шағын кәсiпкерлiк  субъектiлерiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк  қолдау олардың бәсекеге қабiлеттi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) шығаруға мүмкiндiк беретiн кәсiби деңгейiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады. 
      2. Шағын кәсiпкерлiктi оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау: 
      жеке кәсiпкерлiктi жүргiзу мәселелерi бойынша оқу семинар-тренингтер және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру; 
      жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы әдiстемелiк құралдар, ақпараттық бюллетеньдер тарату; 
      өңiрлерде ақпараттық, консалтингтiк орталықтар желiсiн құру; 
      өңiрлерде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқытуды ұйымдастыру үшiн менеджерлер даярлау жолымен жүзеге асырылады. 
      3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.     

  22-бап. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке  кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау      

1. Ауыл шаруашылығы  қызметiн жүзеге асыратын жеке  кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау республикалық және өңiрлiк деңгейлерде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi. 
      2. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау көрсетудiң мерзiмi, көлемi мен шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.     

  23-бап. Жеке кәсiпкерлiктi ақпараттық қамтамасыз ету      

 Барлық деңгейдегi  мемлекеттiк органдар таратуға  шек қойылмаған, оның iшiнде осы  Заңның 5-бабында көзделген ақпарат пен материалдарды тегiн негiзде тарату үшiн интернет-ресурстар құруға және олардың үздiксiз жұмысын қамтамасыз етуге және олардың жарнамасын, сондай-ақ осы ақпаратты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлерге енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға байланысты жаңартып отыруды қамтамасыз етуге мiндеттi. .

5-тарау.  ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК  СУБЪЕКТIЛЕРIНIҢ БIРЛЕСТIКТЕРIН  ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ  НОРМАТИВТIК ҚҰҚЫҚТЫҚ  АКТIЛЕРГЕ САРАПТАМА  ЖАСАУҒА ҚАТЫСУЫ     

  24-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi      

1. Жеке кәсiпкерлiк  субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын  нормативтiк құқықтық актiлер  жобаларына сараптама жасау үшiн  аккредиттелуге үмiткер жеке кәсiпкерлiк  субъектiлерiнiң бiрлестiктерi: 
      республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiк, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi; 
      облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң облыстық бiрлестiктерi, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi облыстық бiрлестiктер; 
      қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалалық, аудандық бiрлестiктерiн, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi қалалық, аудандық бiрлестiктер түрiнде кәсiпкерлер бiрлестiктерiн құрады. 
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн қаржыландыру жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ерiктi мүшелiк жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қамтамасыз етiледi.     

  25-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн  аккредиттеу      

1. Жеке кәсiпкерлердiң  мүдделерiн қозғайтын нормативтiк  құқықтық актiлер жобаларына сараптама  жасауға қатысуға үмiткер жеке  кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарда аккредиттелуге жатады. 
      2. Аккредиттелуге: 
      республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы - (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiк, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi; 
      облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық бiрлестiктерiнiң филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық, облыстық бiрлестiктер филиалдары; 
      қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бiрлестiктерiнiң филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бiрлестiктерiнiң филиалдары жатады. 
      3. Егер аккредиттелуге бiр өңiрдi, бiр саланы бiлдiретiн екi және одан да көп бiрлестiк үмiткер болған жағдайда, онда осы бiрлестiктiң мүшесi болып табылатын ұйымдардағы (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiндегi) жұмыскерлердiң жиынтығында неғұрлым көп санына ие болып отырған бiрлестiк аккредиттелуге жатады. 
      4. Егер аккредиттелуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк, бiр қызмет саласын бiлдiретiн екi және одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда азаматтардың неғұрлым көп санын бiрiктiрген коммерциялық емес ұйым аккредиттелуге жатады. 
      5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеудi жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
.     

  26-бап. Сарапшылық кеңестер      

1. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестерге жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң, коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.  
      Сараптамалық кеңестiң отырысы бiр тоқсанда кемiнде бiр рет жүргiзiледi. 
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестiң құрамына ұжымдық мүше ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.  
      Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердiң құрамы мемлекеттiк органдар басшыларының шешiмдерiмен бекiтiледi. 
      3. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейтiн мемлекеттiк орган, мемлекеттiк құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, оны сарапшылық кеңестiң қарауына енгiзедi. 
      3-1. Сараптамалық кеңестiң нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын қарауы осы Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестiң мүшелерiне жiберу арқылы отырыс өткiзбестен жүзеге асырылуы мүмкiн. 
      3-2. Егер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын мәселе тиiстi мемлекеттiк органның құзыретiне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестiң қарауына шығарылуы мүмкiн. 
      4. Сарапшылық кеңестер туралы үлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
      5. Сарапшылық кеңестердiң жұмысын талдау мен оның мониторингiн кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның жанынан құрылатын үйлестiру кеңесi жүзеге асырады.  
     Кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы үйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып табылады.  
     Үйлестiру кеңесiнiң құрамын уәкiлеттi органның басшысы қалыптастырады.
.

6-тарау.  ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК  СУБЪЕКТIЛЕРIН ТIРКЕУ  ЖӘНЕ ТАРАТУ     

  27-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк  тiркеу      

1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
      Заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу келiп тiркелуi сипатында болады және дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органында (бұдан әрi - тiркеу органы) дара кәсiпкер ретiнде есепке қою болып табылады. 
      2. Мына шарттардың бiреуiне сай келетiн:  
      1) тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдаланатын; 
      2) жеке кәсiпкерлiктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшiн белгiленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.    

Информация о работе Жеке кәсiпкерлiк туралы