Жеке кәсiпкерлiк туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 11:08, курс лекций

Описание работы

Осы Заң жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар мен кепiлдiктердi айқындайды.

Работа содержит 1 файл

Жеке кәсiпкерлiк туралы.doc

— 205.50 Кб (Скачать)

Жеке  кәсiпкерлiк туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңы 

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; "Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 7 ақпан N 31

МАЗМҰНЫ    

 Осы Заң  жеке және мемлекеттiк емес  заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар мен кепiлдiктердi айқындайды.

1-тарау.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР     

  1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар      

 Осы Заңда  мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  
      1) бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингiлiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн құрылатын заңды тұлға; 
      2) бизнестiң әлеуметтiк жауаптылығы - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерiктi үлесi; 
      3) дара кәсiпкер - дара кәсiпкерлiктi заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын және осы Заңның 6-бабының 3 және 7-тармақтарында көрсетiлген критерийлерге сай келетiн Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман; 
      4) дара кәсiпкерлiк - жеке тұлғалардың кiрiс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелi үшiн және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi; 
      5) жеке кәсiпкерлiк - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кiрiс алуға бағытталған, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң атынан олардың тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметi; 
      6)
алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
      7) жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау - Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөнiндегi мемлекеттiк шаралар кешенi;  
      8) жеке кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымы - өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етудi, коммерциялық негiзде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететiн, құрылатын немесе жұмыс iстеп тұрған ұйымдар кешенi;  
      9) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;  
      10) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгi - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын, заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау қорғау үшiн құратын коммерциялық емес ұйым;  
      11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу - кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестерде жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн бiлдiруге белгiленген критерийлерге жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң сәйкестiгiн тиiстi мемлекеттiк органдардың тануы;  
      12) индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер;  
      13) кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган - жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;  
      14) кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес (бұдан әрi - сараптамалық кеңес) - орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдар жанынан:  
      жеке кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнен және мүдделi коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу;  
      жеке кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау, оның iшiнде әкiмшiлiк кедергiлердi жою мақсатында мемлекеттiк органдардың қызметiн жетiлдiру туралы ұсыныстарды талдап-әзiрлеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн құрылатын консультативтiк-кеңесшi орган;  
      15)
алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
      16) коммерциялық құпия - жеке кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайтын және қорғайтын, заңды негiзде еркiн қол жеткiзуге адамдардың шектеулi тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделерiне залал келтiруi мүмкiн ақпарат;  
      17) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етудi, консультациялық және маркетингтiк қызметтер көрсетудi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.  
    

  2-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы      

1. Қазақстан  Республикасының жеке кәсiпкерлiк  туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 
      3. Жеке кәсiпкерлiктiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.     

  3-бап. Жеке кәсiпкерлiктi құқықтық реттеу шектерi      

1. Жеке кәсiпкерлiк  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген негiздер бойынша ғана шектелуi мүмкiн. 
      2. Жеке кәсiпкерлiктi шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкiн. 
      3. Мемлекеттiк органдардың жекелеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң артықшылық жағдайын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауына тыйым салынады.          

  4-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi    мақсаты мен принциптерi      

1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты  жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады. 
      2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi: 
      жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнiң кепiлдiгi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету; 
      кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi; 
      жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi; 
      Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы; 
      жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуы болып табылады.  
           
5-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн  қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi  
            
әзiрлеудiң және қабылдаудың ерекшелiктерi      

1. Орталық мемлекеттiк,  жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар  жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң  мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның iшiнде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесi әрбiр келiсу кезiнде түсiндiрме жазбаны мiндеттi түрде тiркей отырып, сараптамалық кеңестер арқылы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiне жiбередi.  
      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшiн мемлекеттiк органдар белгiлейтiн мерзiм жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiне жоба келiп түскен кезден бастап он жұмыс күнiнен аз болмауға тиiс. 
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына түсiндiрме жазба нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзуге байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi шығындарының азаюын және (немесе) көбеюiн растайтын есептеу нәтижелерiн мiндеттi түрде қамтуға тиiс. 
      3. Сараптамалық қорытындыларды мемлекеттiк органдар белгiлеген мерзiмде мыналар: 
      республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiк, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi; 
      облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық бiрлестiктерiнiң филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық, облыстық бiрлестiктердiң филиалдары; 
      қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бiрлестiктерiнiң филиалдары, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бiрлестiктердiң филиалдары табыс етедi. 
      4. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және оларды мемлекеттiк орган қабылдағанға дейiн нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына мiндеттi қосымшасы болып табылады.  
      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi сараптамалық қорытындыларды мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бередi. 
      5. Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiскен кезде нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi.  
     Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiгiне сараптамалық қорытындымен келiспеу себептерiнiң негiздемесi бар жауап жiбередi.  
      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы бойынша ескертпелерi бар бiр сараптамалық қорытынды ұсынған және осы бiрлестiк сараптамалық кеңестiң отырысын өткiзудi табанды түрде талап еткен жағдайда, осындай отырыстың өткiзiлуi мiндеттi болып табылады.  
      Бұл ретте сараптамалық кеңестiң отырысы сараптамалық кеңес мүшелерiн тiкелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимiнде интернет-конференция өткiзу арқылы өткiзiлуi мүмкiн. 
      6. Жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзу мерзiмi жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленетiн талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшiн қажеттi мерзiмдер негiзге алына отырып, белгiленуге тиiс.  
      Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысқа енгiзiлу тәртiбi мен мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне залал келтiрмеуге тиiс. 
      7. Осы бапта көзделген рәсiмдер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаудың мiндеттi шарты болып табылады. 
      8. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары оларды тиiстi органда немесе сарапшылық кеңестiң отырысында қарағанға дейiн бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда мiндеттi түрде жариялануға (таратылуға) тиiс.  

2-тарау.  ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК  СУБЪЕКТIЛЕРI ЖӘНЕ  ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС  IСТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ     

  6-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi      

1. Жеке кәсiпкерлiк  субъектiсi болып табылатын заңды  тұлға Қазақстан Республикасының  азаматтық заңнамасында көзделген  ұйымдық-құқықтық нысанда ғана құрыла алады. 
      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi: 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне; 
      орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне; 
      iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатқызылуы мүмкiн. 
      3. Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсiпкерлер және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерiнiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген алпыс мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады. 
      4. Мыналарды: 
      есiрткi заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi; 
      акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме сатуды; 
      астық қабылдау пункттерiнде астық сақтау жөнiндегi қызметтi; 
      лотереялар өткiзудi; 
      ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi; 
      мұнай, мұнай өнiмдерiн, газ, электр және жылу энергиясын өндiру, қайта өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi; 
      радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi; 
      банк қызметiн (не банк операцияларының жекелеген түрлерiн) және сақтандыру нарығындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа); 
      аудиторлық қызметтi; 
      бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi; 
      кредиттiк бюролардың қызметiн; 
      күзет қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып таныла алмайды. 
      5. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны осы субъектiнiң филиалдарының, өкiлдiктерi мен басқа да оқшау бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiн қоса алғанда, барлық жұмыскерлерi ескерiле отырып, айқындалады. 
      6. Осы баптың 3-тармағында белгiленген шарттардың бiрi артық болып кеткен жағдайда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн көзделген жеңiлдiктер қолданылмайды. 
      7. Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны елуден астам, бiрақ екi жүз елу адамнан аспайтын немесе жыл бойғы активтердiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады. 
      8. Жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердiң жалпы құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептiк көрсеткiштен асатын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.     

  7-бап. Дара кәсiпкерлiк      

1. Дара кәсiпкерлiк  өзiндiк немесе бiрлескен кәсiпкерлiк  түрiнде жүзеге асырылады. 
      2. Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.  
      Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсiпкер ретiнде көрсетпей өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiмi талап етiлмейдi.  
      Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлi-зайыптылардың арасындағы өзге келiсiмде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келiсiмi қажет. 
      3. Бiрлескен кәсiпкерлiктi жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.  
      Бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде жеке кәсiпкерлiкпен байланысты барлық мәмiлелер бiрлескен кәсiпкерлiктiң барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен мiндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады. 
      4. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары: 
      1) ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгi; 
      2) шаруа немесе фермер қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк; 
      3) жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк болып табылады. 
      5. Ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде жұбайлардың бiрi екiншi жұбайдың келiсiмiмен iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылардың атынан әрекет етедi, келiсiм дара кәсiпкердi тiркеу кезiнде расталуы немесе дара кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетiлiп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкiн.  
      Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылар атынан әрекет етуiне екiншiсiнiң келiсiмi болмаған кезде iскерлiк айналымда әрекет ететiн жұбай дара кәсiпкерлiктi өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратындығы көзделедi. 
      6. Жай серiктестiк нысанын пайдаланатын дара кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
      7. Дара кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алынбайтын мүлiктi қоспағанда, өздерiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады. 
      8. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде өзiне меншiк құқығымен тиесiлi барлық мүлкiмен, соның iшiнде ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болады.  
      Жеке тұлға жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне де қолданыла алады.  
      Жұбайлардың жеке кәсiпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкi өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жұбайының бiреуiнiң борыштары бойынша өндiрiп алуды қолдану нысанасы бола алмайды. 
      9. Ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндiрiп алу олардың қайсының iскерлiк айналымда әрекет ететiнiне қарамастан, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне қолданыла алады. 
      10. Дара кәсiпкер өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде iскерлiк құжаттаманың дербес бланкiлерiн, мөрдi, мөртабандарды пайдалануға құқылы. 
      11. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға тыйым салынады.    

Информация о работе Жеке кәсiпкерлiк туралы