Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:12, реферат

Описание работы

1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.
2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.
3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.
4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.

Работа содержит 1 файл

Документ.doc

— 19.50 Кб (Скачать)


 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «29» желтоқсандағы

№ 219 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

 

 

1-бөлім. Жалпы талаптар

 

1. Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – МГК) объектілерін жобалау, құрылысы, пайдалану, консервациялау және таратуға таралады.

2. Талапта қолданылатын қысқартулар 1 қосымшада көрсетілген.

3. МГК объектілері үшін технологиялық регламеттер, өндірістік бақылау туралы ережелар, аварияларды жою жоспарлары (әрі қарай – АЖЖ) әзірленеді.

4. МГК барлау объектілерін пайдалануға және сынау қабылдау орындарына беруді комиссия жүргізеді.

5. Технологиялық сызбада қондырғылар, аппаратуралар, арматуралар қорғаныс құрылғылары, бақылау құралы және басқару органдары, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс құралдарында позициялар белгілері және нөмірлері көрсетіледі.

 

 

1-бөлімше. Жобалау жөніндегі жалпы талаптар

 

6. Жобалық шешімдерде мыналар қарастырылады:

1) қауіпсіз қашықтық және санитарлық-қорғаныс аумағының мұнай газ барлау объектілерінің орналасуы;

2) ұңғымалар өнімдерін герметикалық жинау жүйесі, дайындау және тасымалдау, зиянды заттарды және жолдағы газдарды жою;

3) қауіпті және авариялық жағдайлардың алдын алу жөніндегі апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс, блокировкалау, қорғаныс және сигнал құралдары жүйесі;

4) жарылыс өрт қауіптілік объектілер көрсеткіштерін ескере отырып, қауіпті және авариялық жағдайлардың пайда болу ықтималдығын бағалау;

5) технологиялық процессті басқару пункттерінде ақпараттарды алуды және тіркеуді қамтамасыз ететін объектілерді автоматизациялау және телеметрикалық бақылау;

6) қауіпті факторларды және авариялық жағдайларды алдын ала байқауға арналған ауа ортасын автоматты бақылау жүйесінің құралдырымен қамтамасыз ету;

7) қондырғылар, трубақұбырлар, металл конструкцияларын бұзбайтын бақылау және тот басуға қарсы қорғаныс әдістерін қолдану;

8) технологиялық процессті автоматты басқару жүйесін құру;

9) объектілерді өрт техникасымен және өрт сөндіру құралдарымен жинақтау;

10) авариялық байланыс және хабарлаудың тұрақты өндірістік және автономды жүйесін ұйымдастыру;

11) персоналды жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

12) өндірістік қалдықтарды, ыстық зиянды және улы заттарды оқшаулау және жою;

13) бұзылған және ластанған жерлерді қалпына келтіру және рекультивациялау шарттары қоршаған ортаны қорғау;

14) ұңғыма объектілерін қауіпсіз конвсервациялау және жою шарттары.

7. Зиянды және ыстық заттар бөлетін өрт қауіпті процесстері, авариялық тастаулары болуы мүмкін көздері бар ғимараттар мен имараттар желдің басымды бағыты, рельефі, климаты және сейсмикалық шарттары ескеріле отырып жобаланады.

Мұнай-газ кен орындары объектілерін ғимараттар мен имараттарды орналастырудың минимальды қауіпсіз қашықтығы осы Талаптың                        4 қосымшасында берілген.

8. Тот басуға аргессивті заттармен қосылу жағдайында жұмыс істейтін технологиялық қондырғы мен құбырларды жобалау кезінде техникалық жағдайын бақылайтын құралдар және құрылғылар қарастырылады.

9. Жобалау құжаттарында қондырғы, құрылғы, трубақұбырларға қоршаған ортаға селитебті аумағы персонал мен тұрғындарға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың (әрі қарай – ҚЗӨФ) әсер ету жөніндегі шаралар қарастырылады.

10. Ғимараттар мен имараттар, бөлмелер және өндірістік алаңдар аумағында трубақұбырларды жер асты салуға жол берілмейді.

11. Өндірістік және санитарлық–тұрмыстық объектілер Қазақстан Республикасы құрылыстық және санитарлық нормаларына сәйкес желдеткішпен, жылумен, сумен жабдықтаумен және кәріздермен қамтамасыз етіледі.

12. Құрылғылардың өндірістік ғимараттары мен аумағындағы технологиялық ағындар, жер асты сулары және жаңбыр сулары үшін жабық өндірістік кәріздер жүйесі қарастырылады.

Өнеркәсіптік кәріздер желісі бойынша құдықтарда орналасқан гидравликалық тығындар қарастырылады.

13. Жарылыс қауіпті аумақтарда пайдалануға арналған жобаланатын қондырғы, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика құралдары (әрі қарай –БӨҚАҚ), жарықтандыру, сигнал беру және байланыс құрылғылары жарылыс қауіпті аумақтары және жарылыс қауіпті қоспалар сипатына сәйкес келетін жарылыстан қорғану деңгейімен жарылыстан қорғанатындай болып қарастырылады.

14. Барлық мүмкін жағдайларда жарылыс қауіпті аумақтың қалыптасуының алдын алуды, технологиялық қондырғыларды қауіпсіз тоқтатуды қамтамасыз ететін технологиялық үрдістердің аварияға қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесі қарастырылады.

15. Ыстық булар мен газдарды, агрессивті және токсикалық сұйықтарды шығаруға арналған инертті газдарды қолдануды қоса алғанда жобалау шешімдерінде технологиялық ортадағы қауіпті қоспаларды жою және оттегінің болуын бақылау тәсілдері мен құралдары қарастырылады.

16. Жобалау құжаттарында төтенше жағдайлар, авариялар, өрт және жарақат алудың алдын алу және жою жөніндегі азаматтық қорғаныстың инженерлік техникалық шаралары әзірленеді.

 

 

2-бөлімше. Объектілер құрылысы және іске қосу бойынша жалпы талаптар

 

17. Өндірістік объектілер, ғимараттар мен коммуникациялар құрылғысына арналған аумақтар жоспарланады, қауіпсіздік белгілерімен қоршалады (белгіленеді), санитарлық-қорғаныс және күзету аумағының шекарасы ескеріле отырып, жобалау құжаттарының құрамдас бөлігі болып табылатын МГК орналастыру жоспарына сәйкес салынады.

Қауіпті өндірістік объектілер құрылысы аумағын күзету түзімін және тәсілін құрылысты жүргізетін ұйым анықтайды, ал іске қосқаннан кейін объектілерді пайдаланатын ұйым анықтайды.

18. Салынып жатқан, жөнделетін және пайдаланудағы қауіпті өндірістік объектілер (ұңғымалар, мұнай және газ дайындау құрылғылары, резервуарлар, сорғыш және компрессорлық станциялар, терминалдар) материалдық- техникалық қамтамасыз ету базаларымен және ұйымдардың өндірістік қызметтерінің орналасу орнымен, өрт және авариялық – құтқару қызметтерімен сенімді және тұрақты көлік қатынасымен (кіре-беріс, жолдар) қамтамасыз етіледі.

19. Құрылыс –монтаждау жұмыстары алдында қауіпсіздік және өндірістік бақылауды қамтамасыз ету үшін келесі негізгі ұйымдастыру шарттары орындалады:

1) құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлік ұйымдарға және құрылымдық бөлімшелерге бекітілген және келісілген жобалау құжаттарын беру;

2) құрылыс ұйымдары, мердігерлер мен орындаушыларды мемлекеттік лицензиялау, мемлекеттік бақылау органдарында техникалық реттеу мен тіркеуге жататын жарылыс қауіпті объектілердегі жұмыстарды және басқа жұмыстарды жүргізуге арналған құқықтары мен рұқсатын тексеру;

3) қауіпті объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған тиісті өндірістік және техникалық базаның, рұқсат беру құжаттарының және білікті мамандардың болуы;

4) құрылыс аумағындағы ұйымдар мен объектілер, елді-мекендер әкімшілігі мемлекеттік бақылау органдары басшыларына құрылыс жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарлау.

20. Құрылыс өндірісінің жұмыс жағдайына және қабылданған технологиясына байланысты, өндірістік объектілер персоналы жеке және ұжымдық қорғанудың тиісті құралдарымен қамтамасыз етіледі. Персоналы бар әрбір өндірістік объекті диспетчерлік пунктпен және участок, цех, ұйым басшыларымен байланысатын тұрақты телефон (радиотелефон) байланысымен қамтамасыз етіледі. Персоналдың уақытша жұмыс істеу объектілеріндегі байланыс жағдайы жобалар мен технологиялық регламентте қарастырылады.

21. Жұмыс орындарында орындаушылардың өндірістік функцияларын қауіпсіз орындауы және қауіпті жағдайда жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша уақытында шығарылуы қамтамасыз етіледі.

Ашық алаңдарда жұмыс істеу кезінде жұмыскерлердің қолайсыз метеорологиялық жағдайларынан қорғану жабулары орнатылады.

22. ҚЗӨФ әсер етуі мүмкін жұмыс орындары мен қауіпті өндірістік объектілер аумағындағы жұмыс аумақтарының ауасын жүйелі бақылайтын ескерту белгілері мен жазулар орнатылады.

Жұмыс қауіпсіздігі аумағы қауіпсіздік белгілерімен және жазулармен қоршалады және белгіленеді.

23. Құрылыс алаңдарындағы қауіпті аумақтар шекараларын жұмыс жетекшісі анықтайды және жұмысты ұйымдастыру жоспарына немесе наряд-рұқсат беруге сәйкес нұсқаулық жүргізу кезінде орындаушыларға хабарланады.

24. Жұмыс орындары, объектілер, жүретін және өтетін жолдар оларға баратын жолдар тәуліктің қараңғы кезінде жарықпен қамтамасыз етіледі.

Жасанды жарықтандыру берлгілері нормаға сәйкес орындалады, жарықтандыру деңгейін өлшеу пайдалануға беру алдында жүргізіледі, ғимаратты жарықтандыру жүйесін реконструкциялаудан кейін және жыл сайын жұмыс орындарында жүргізіледі.

25. Жеңіл от алатын немесе жарылыс қауіпті заттары бар материалдарды қолдану кезінде және сақтау орындарынан 50 м кем емес радиуста және өрт сөндіру құралдары болмағанда отпен жұмыс істеуге жол берілмейді.

26. Газдануы жоғары және ҚЗӨФ әсер ететін орындарда, соның ішінде оқшауланған ғимаратта, жабық ыдыстарда, құдықтар, траншеялар мен шурфтарда жұмыс істеуді бастау алдында ауа ортасының талдауы жүргізіледі және наряд-рұқсат беру рәсімделеді.

Газдалуы анықталған кезде қауіпті орында жұмыс жүргізу тоқтатылады, және жұмыс істеушілердің тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдарын қолдану және жұмыс аумағы алаңында және санитарлық-қорғау аумағының жақын орналасқан аумағындағы газ сигнал берушілермен шектік жіберілетін концентрациясын (әрі қарай-ШЖК) және зиянды шекті жіберілетін зиянды концентрациясын (әрі қарай-ЗШЖК) бақылау кезінде газдануды нормативтік мәнге дейін жойғанған кейін қайта қалпына келтіріледі.

27. Жұмыскерлерді 0,75 м биіктікке көтеру талап етілетін объектілерде сатылар, ал 0,75 м жоғары биіктікте – таяныштары бар сатылар қарастырылады. Жер, алаң және еден бетінен 0,25 м және одан жоғары биіктікте орналасқан трубақұбырлар үстінен адамдар өтетін орындарда өтетін көпірлер орналастырылады және трубақұбырлар орналасу биіктігі 0,75 м артық болғанда таяныштармен жабдықталады.

28. Өрт қауіпті жарылыс объектілер үшін (барлау ұңғымалары, мұнайды жинау және дайындау құрылғылары, резервуарлық парктер) дайындаушылар жобада көздеген алаңдар, төсемдер, сатылар қолданылады.

Толық тоқтатылған қондырғылар мен аппараттарды жөндеу кезінде жұмыс жүргізгенде қалыңдығы 40 мм кем емес тақтай төсемдер қолдануға жол беріледі.

29. Мұнай, газ өндіру нысандарының (ашық ыдыстар, трансмиссиялар) қауіптілігі мүмкін орындарда жіберуді жан-жақтан шектейтін қоршаулар орнатылады.

Қондырғылар мен механизмдерді толық тоқтатқаннан кейін және іске қосу құрылғыларында «Іске қоспа! Адамдар жұмыс істеуде» жазуы мен қауіпсіздік белгісі ілінгеннен кейін қоршауларды ашуға немесе алуға рұқсат етіледі. Қондырғылар немесе механизмді іске қосу жұмыс жетекішісінің нұсқауы бойынша қоршаудың барлық бөлшектерін орнына орнатқаннан және бекіткеннен кейін рұқсат етіледі.

30. Жұмыс жүргізу алаңының қауіпті объект аумағында көлік қозғалысының жылдамдығы тіке учаскелерде 10 км/сағ дейін және бұрылыстарда 5 км/сағ дейін шектеледі.

31. Құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жоспарға және қоршаған ортаны қорғау шараларына сәйкес аумақты қалпына келтіру және көркейту жүргізіледі.

32. МГК барлау объектілерін пайдалануға қабылдау кезінде мыналар тексеріледі:

1) келісілген және бекітілген жобалау, техникалық және пайдалану құжаттарының, технологиялық регламентінің болуы;

2) қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес іске қосу және құрылыс құжаттарының болуы;

3) қауіпсіздік декларациясының және АЖЖ болуы;

4) объектілер персоналының біліктігінің сәйкес келуі;

5) объектілердің жобалау және пайдалану құжаттарына, өнеркәсіп, өртке қарсы және экологиялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау, жер қойнауын қорғау талаптарына сәйкес келуі;

6) мұнай газ кәсіби қондырғыларын, техникалық құралдарды, трубақұбырларды, резервуарларды, және технологиялық процесстерді, бақылау және қауіпсіздік жүйесін, ТП АБЖ, авариялық және өрттен қорғану жүйесін жүргізу және олардың жобалау шешімдеріне, нормативтік құжаттарға, техникалық және пайдалану құжаттарға сәйкес келуі;

7) объектілер мен объектілер персоналының қауіпті авариялық және төтенше жағдайларды жоюға дайындығы;

8) объектілер мен персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс, газдалуды бақылау, өрт техникасы және сигнал беру, персоналды және тұрғындарды селитебті аумақта эвакуациялау құралдарымен жабдықталуы;

9) байланыс құралдарының болуы және оның жағдайы;

10) күзет ұйымдастыру және объектінің қорғау;

11) объектілерге қызмет көрсетуді, соның ішінде авариялық–құтқару қызметті, өрт қызметін, медициналық қызметті және объектілердің мақсаты мен сипатын ескере отырып, материалдық-техникалық, қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық ретеу