Заңды тұлғалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 08:23, курсовая работа

Описание работы

Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Заңды тұлғаны екіге бөледі:
Коммерциялық;
Коммерциялық емес.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
1Заңды тұлға туралы ұғым...........................................................................-
1.1Заңды тұлғалардытурлері....................................................................................9
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу..........................11
1.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі................12

ΙΙЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ ТАРАТУ ТӘРТІБІ..........................................................16
2.1 Заңды тұлғаны тарату негіздері..................................................................-
2.2 Дәрменсіздік (банкроттық)...........................................................................-


ΙΙΙ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ............................................18
3.1Коммерциялық ұйымдар
Акционерлік қоғам
Шаруашылық серіктестік
Толық серіктестік
Сенім серіктестігі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
Өндірістік кооператив

3.2 Коммерциялық емес ұйымдар.................................................................26
Қорытынды.......................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................31

Работа содержит 1 файл

Заңды тұлға курсовой.doc

— 173.50 Кб (Скачать)

   Құрылтай  шарты мен жарғы шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттары болып табылады.

   Жарғы бір адам (бір қатысушы) құрған шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты болып табылады.

   Шаруашылық  серіктестің құрылтай құжаттарын (жарғы  және құрылтайшартын) нотариат куәландыруға тиіс.

   Шаруашылық  серіктестіктің құрылтай құжаттарында осы Кодекстің 41-бабының 4 және 5- тармақтарында аталған мәліметтерге қоса әрбір қатысушының үлес мөлшері туралы; серіктестің жарғылық капиталына олар салатын салымның мөлшері, құрамы, мерзімі және тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салым салужөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін қатысушылардың жуапкершілігі туралы ережелер, сондай ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуға тиіс.

   Шаруашылық  серіктестік, заң құжаттарында көзделген  реттерді қоспағанда, басқа шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы болуы мүмкін.

   Шаруашылық  серіктестік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жіргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысымен шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімін жүргузу шартын жасасуға құқылы.

Құрылтай  шартының қолданылуы шаруашылық серіктестігіне  қатысушылар тізілімі қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады. Шаруашылық серіктестіне қатысушылар тізілімінен үзінді-көшірме қатысушылар тізілімінен үзінді –көшірме қатысушылар тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін  жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиасы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.

      Қатысушылар тізілімін жүргізуді бағады қағаздары ұстаушылар тізімдерінің жүйесін жургізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиасы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын  шаруашылық  серіктестігінің жарғылық капиталына қатысуы үлесіне құқықтар шаруашылық серіктестігіне қатысушылар тізілімінде осы құқықтардың тіркелген кезінен бастап туындайды.

     Шаруашылық серіктестіне қатысушылар тізімін қалыптастыру, жүргізу және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленеді.

1.Толық серіктестік

   Толық сетіктестіктің мүлкі  жеткіліксіз болған  жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері  бойынша өзіне  тиесілі  барлық мүлкімен  ортақ жауапкершілікте болатын  серіктестік толық серіктестік деп танылады.

     Азамат бір ғана  толық  серіктестіктің  қатысушысы бола алады.

   Толық  серіктестіктің  жарғылық  капиталының  мөлшерін оның құрылтайшылары белгілейді, бірақ ол заң  құжаттарында белгіленген  ең төменгі мөлшерден  кем  болмауы  керек.

                                      2. Сенім  серіктестігі

   Сенім серіктестігі дегеніміз- серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінң бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды да еңгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспаитын серіктестік болып табылады. Заң серіктестік түрінің әрқайсысы үшін жарғылық капиталына, мөлшеріне ең төмеңгі мөлшерді белгілеп, оның тәртібі мен мерзімін өзгертуге белгілі бір талаптар қояды.

   Серіктестікті басқарудың жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы - өкілдер жиналысы болып табылады. Серіктестіктің күнделікті қызметін жүзеге асыру үшін атқару органдары құрылады, ол алқалы немесе жеке дара билік етеді. Сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерде бақылау органдары: қадағалау кеңесі және тексеру коммиссиясы(тексерушісі) құрылуы мүмкін. 

   3. Жауапкершілігі шектеулі  серіктестік 

      Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектелуі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдары өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Қатысушылары серіктестік міндттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

      Жарғылық капиталдың  мөлшерін  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктің  құрылтайшылары белгілейді  және  ол заң  құжаттарында белгіленген  ең  төменгі  мөлшерден  кем   болмауы  керек.

4. Қосымша жауапкершілігі  бар серіктестік

      Қатысушылары  серіктестік  міндеттемелері бойынша өздерінің  жарғылық  капиталға салымдарымен жауап  беретін, ал  бұл  сомалар  жеткіліксіз  болған  жағдайда  өздеріне  тиесілі мүлікпен  оған  өздері  еселенген мөлшерде  енгізген  салымдар арқылы  жауап  беретін  серіктестік  қосымша жауапкершілігі  бар  серіктестік  деп танылады.

   Қатысушылар  жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді.

   Қатысушылардың  бірі банкрот болған  жағдайда оның  серіктестік міндеттемелері жөніндегі  жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті  бөлудің  өзгеше тәртібі  көзделмесе, қалған  қатысушылар  арасында олардың  салымдарына  қарай  бөлінеді. 

   ӨНДІРІСТІК  КООПЕРАТИВ

     Азаматтардың  бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негіде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп таңылады ./1.2.,37 бет./

   Өндірістік  кооперативтің құқықтық жағдайы, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республиканың 1996 жылғы 15- қазанда қабылданған «Өндірістік кооператив туралы» заңымен айқыналды. Кооператив мүшелері екі адамнан  кем  болмауы  тиіс. Азаматтық  кодекс  оның  мүшелерінің  кооператив  міндеттемелері  бойынша өндірістік  кооператив  туралы  заңда  көзделген  мөлшер  мен  тәртіп  бойынша  қосымша (жәрдем  беру) жауапты  болады. Аталған  заң өндірістік  кооперативтің  құрылуы  мен  қызмет  етуі  үшін қажетті  жарғылық  қордың ең төменгі мөлшерін  белгілемейді./1.6./

   Кооперативтің   меншік  құқығына  жататын  мүлік,  егер  кооператив  жарғысында  өзгеше  қаралмаса,  оның  мүшелерінің  жарналарының   мөлшеріне  сәйкес  бөлінеді.  Азаматтық  кодекстің  99- бабының 4- тармағына сәйкес кооператив  мүшесі  жалпы  жиналыс  шешім   қабылдарда  бір  дауысқа  ие  болады. Мұндай   норма  императивті  (бұйрықты), сондықтан  да  құрылтай  құжаттарында  басқалай  ереже болуы  мүмкін  емес.

   Азаматтық  кодекстің  100-бабы кооперативтегі  мүшеліктің  негізі  мен  тоқтатылу  салдарын қарастырады. Кооператив  мүшесі  өзінің қалауы  бойынша кез-келген  уақытта кооперативтен  шыға  алады,  бірақ бұл  орайда оған  төленетін  жарна  мен басқа да  төлемдер кооперативтің қаржы  жылы  аяқталып, кооперативтің  бухгалтерлік  балансы  бекітілгеннен кейін  беріледі.  Кооперативке  мүшелік  сондай-ақ  кооперативтен шығаруға байланысты  да  тоқтатылады, сонымен  қатар, соған ұқсас, кооперативке мүше болу кооператив  мүшесінің  қайтыс болуына  байланысты  тоқтатылады. Аталған  баптың 4-тармағына сәйкес  өндірістік  кооперативтің  мүшесі  қайтыс  болған  жағдайда, егер  кооператив жарғысында  өзгеше  көзделмесе,  оның  мұрагерлері  кооператив  мүшлігіне қабылдануы  мүмкін.  Олар  одан  бас  тартқан  жағдайда  кооператив  мұрагерлерге  кооперативтің  қайтыс  болған  мүшесінің  мүліктегі  үлесін жарнасына қарай  төлейді, сондай-ақ  қайтыс  болған  адамның  үлесіне  тиесілі  кооперативтің  таза  пайдасының  бір бөлігін және  кооператив  қызметіне  қосқан еңбек  қатысы үшін  сыйақы  төлейді.

     

3.2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС  ҰЙЫМДАР

  Коммециялық  емес ұйым болып  табылатын  заңды  тұлға мекеме, қоғамдық  бірлестік, акционерлік  қоғамдар  тұтыну кооперативі, қоғамдық  қор, діни  бірлестік нысанында  және заң  құжаттарында көзделген өзге де нысанда  құрылуы мүмкін. 1)Комерциялық өзінің жарғылық мақсатында сәйкес келетіндей қана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.2) Жекеленген ұйымдық құқықтық нысандағы комерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде  шектеулер қойылуы мүмкін. 3)Комерциялық емес ұйым кәсіпкерліік қызметі бойынша  кірістер мен шығыстар дың есебінен жүргізеді.4)Комерциялық  ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының  салық заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 5) Комерциялық емес  ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді  комерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол бнріледі.

Мекеме.

   Басқару,  әлеуметтік-мәдени  немесе өзге де коммециялық  емес сипаттағы  қызметтерді жүзеге  асыру  үшін құрылтайшы  құоған және  қаржыландыратын ұйым  мекеме  деп  танылады./ 1.2., 40 б./

   Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және заңдарына  сәйкес немесе  ҚР Президентінің, ҚР  Үкіметінің және облыстар, аудан әкімдіктерінің  нормативтік құқықтық актілерімен мемлекет құрған және  егер заң актілерінде  қосымша қаржыландыру  көздері  белгіленбесе, тек  мемлекеттік бюджеттің  немесе  ҚР Ұлттық Банкі  бюджетінің  есебінен  ғана  ұсталатын  мекеме мемлекеттік мекеме  деп  танылады.

   Мемлекеттік меншікті  иелену,  пайдалану, билік  ету құқығы белгіленген  тәртіппен  берілген  мекемелерді  қоспағанда, мемлекеттік  мекеме  басқа  заңды  тұлғаны  құра  алмайды,  сондай-ақ оның  құрылтайшысы  бола  алмайды.

   Қоғамдық  бірлестіктер

   Қазақстан  Республикасында қоғамдық  бірлестіктер болып, саяси  партиялар, кәсіптік  одақтар  және  азматтардың  заңдарға  қайшы  келмейтін, өздерінің ортақ  мақсаттарына жеті  үшін ерікті негізде құрған  басқа да бірлестіктері  танылады./1.2., 41 б./

   Қоғамдық  бірлестіктерге қатысушылардың  осы  бірлестіктерге өздері  берген  мүлікке, соның  ішінде мүшелік  жарналарға құқықтары  жоқ.

   Съездің немесе  жалпы  жиналыстың  шешімі  бойынша таратылған қоғамдық  бірлестіктің  мүлкі оның  жарғысымен  көзделген  мақсаттарға жұмсалады.

   Қоғамдық  бірлестіктің  құқықтық  ережесі,  ҚР АК-нің  ережелеріне сәйкес алынады.

   Қоғамдық  қор

   Азаматтар және  заңды  тұлғалар  ерікті  мүліктік  жарналар негізінде құрған, әлеуметтік,  қа қайырымдылық, мәдени,  білім беру  және өзге де қоғамдық  пайдалы  мақсаттарды көздейтін  мүшелігі  жоқ коммерциялық емес ұйым  қоғамдық  қор  дет  танылады./1.2., 41 б./

   Қоғамдық  қор  заңды  тұлға  болып табылады, азаматтық  айналымда қордың органдары  өкілдік  етеді, оның дербес  балансы  және банктік шоты бар.

   Қоғамдық  қорға оның  құрылтайшылары берген  мүлік  қордың меншігі   болып  табылады. 
 
 
 
 
 

  

                 

ҚОРЫТЫНДЫ 

         Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.

       Меншік,  шаруашылық  жүргізу   немесе  жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен  өз міндеттемелері  бойынша  жауап  беретін,  өз  атынан  мүліктік  және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер  бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады./1.2., 14 б./

      Заңды  тұлғаның дербес балансы  немесе  сметасы болуы  тиіс.

       Заңды  тұлғаның өз атауы  жазылған  мөрі болады.

      Өз  қызметінің  негізгі  мақсаты  ретінде табысын  келтіруді   көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым  заңды тұлға бола алады.  Осы курстық жұмысты орындау барысында , жұмыстың мақсатына қарай былай деп қорытынды жасауға болады:

      Заңды  тұлға  ұғымы  Азаматтық  құқық  пәні саласының  ең бір  ауқымды  саласы болып  табылады.  Сондықтан да заңды тұлға ұғымына түсінік бергенді жөн көрдік . Заңды тұлға дегеніміз – бұл мүліктік  қатынастардың басқа субьектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субьект.   Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік.

Информация о работе Заңды тұлғалар