Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 08:23, курсовая работа
Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Заңды тұлғаны екіге бөледі:
Коммерциялық;
Коммерциялық емес.
Кіріспе .....................................................................................................................3
1Заңды тұлға туралы ұғым...........................................................................-
1.1Заңды тұлғалардытурлері....................................................................................9
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу..........................11
1.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі................12
ΙΙЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ ТАРАТУ ТӘРТІБІ..........................................................16
2.1 Заңды тұлғаны тарату негіздері..................................................................-
2.2 Дәрменсіздік (банкроттық)...........................................................................-
ΙΙΙ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ............................................18
3.1Коммерциялық ұйымдар
Акционерлік қоғам
Шаруашылық серіктестік
Толық серіктестік
Сенім серіктестігі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
Өндірістік кооператив
3.2 Коммерциялық емес ұйымдар.................................................................26
Қорытынды.......................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................31
Академик А.В.Венедиктов «ұжым
ілімін» алға тартты. Бұл ғылымның
айтуы бойынша мемлекеттік
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың әулеметтік байланыстар ілімі, А.А.Пушкиннің ұйымдастыру ілімі Е.А.Сухановтың мақсатты мүлік тәрізді ғылыми тұжырымдары айтарлықтай кең тараған.Сөйтіп,заңды тұлғаға адамдардың қатынасы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекет заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асырудағы, мәмілелерді жасауда еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл
Бұл мәселе туралы батыс
Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда)
осындай әр қилы пікірлердің
кездесуінің өзі оның күрделі
құқықтық құбылыс екендігін
1.2 ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ ҚҰРУ
Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілгнен,сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквезиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргузу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары мүмкін. Сонымен қатар, коммерциалық емес ұйымның құжаттары:
1 Мекеме үшін – меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы)және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құрутуралы шешімі;
2 қор, тұтыну кооперативі, коммерциалық емес акционерлік қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін – құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты;
3) қоғамдық бірлестік, діни бірлістік үшін- жарғы болып табылады («Коммерциалық емес ұйымдар туралы» Заңның 21-бабы).
Коммерциалық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциалық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылық болған жағдайда: 1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының; 2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.
Бір адаммен құрылған коммерциалық және коммерциалық емес ұйым тек жарғы негізінде ғана жұмыс істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3- тармағына сәйкес шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары белгенуі тиіс.
Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты еңгізілген жағдайда Азаматтық кодекстің 41- бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындағы да ескертілген.
Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5- тармағында қамтылған. Жарғының міндетті шартынын тізбесінде бірқатар шарттар қамтылған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым –қатынастарды және т.б. еңгізу қажеттігін міндеттейді. Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылық туындаған жағдайда:
егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтайшы шарты;
егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарына маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.
Барлық мүдделі адамдар жарғымен танысуға құқылы.
1.3 Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу
Заңды тұлға әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Мемлекеттік тіркеу тәртібі заңдарда белгіленеді. Мемлекеттік тіркеу деректері, соның ішінде коммерциялық ұйымдар үшін фирмалық атауы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізіледі.Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. Филиалдар мен өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен құрылады. /1.3., /
Заңды тұлға мынандай жағдайларда қайта құрылуға тиіс:
Аталған негіздер бойынша құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер заңды тұлға қайта тіркелмейінше жарамсыз болып табылады. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазақстан республикасы Президентінің 1995 жылы 17- сәуірде шығарған «Заңды тұлғаларды мемлекттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі.
Мемлекетік тіркеудің құқықтық маңызына
келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден
өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады.
Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғағазаң
талабын сақтауды және өзінің құрылтай
құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді.
Тіркеуден бас тарту сот тәртібімен
шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін
желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол
берілмейді.
1.4
Заңды тұлғаның
құқық қабілеттігі
мен әрекет
қабілеттігі
Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа
Азаматтық кодекстің 35- бабының 1- тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тиым салынбаған кез- келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады, және азаматтық міндеттерді де атқара алады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеулі. Азаматтық кодексте арнайы құқыққа қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жарғы мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізілген. Әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады. Ал коммерциялық ұйымдар болса керісінше арнайы құқық қабілеттілігіне жатпайтын, жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң актілерінде тиым салынбаған қызметтердің кез- келген түрін зүзеге асыра алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тиым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқыққа қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері болады.
Біріншіден; мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы , мұндай арнайы құқық қабілеттілігіне банктер, мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
Екіншіден; коммерциялық ұйымдардың құқыққа қабілеттілігі құрылтай шарттарында көрсетілгендіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін. Мұндай шектеулер заңды тұлғаның айналысатын қызмет түрлері енгізілген тізбе арқылы айқындалады, немесе оның қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға тиым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігінен болатын мұндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындаудың маңызы зор.
Азаматтық кодекстің 37- бабында айтылғандай заңды тұлға заң мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып өзіне міндеттер алады. Заңды тұлғаның органы заңды тұлға ұсыныстарымен есептесіп, оны өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғаның алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді. Азаматтық кодекстің 44- бабының 4- тармағы. Бірақ заңды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.
Заңды тұлға органының бірі, оларды тағайындау тәртібі немесе таңдау және олардың өкілеттілігі заң және құрылтай құжаттары арқылы айқындалады. Азаматтық кодекісіндегі 37- баптың жалпы ережесі заңды тұлғаның нақты түрлері туралы нормалармен тәртіптеледі. Заңды тұлғаның органдары алқалы немесе жеке дара болуы мүмкін. Азаматтық кодекістің 38- бабының 1- тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғадан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның құқық субьектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауымен заңды тұлғаның бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енеді, фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуімен бір мезгілде тіркелуге жатады және интелектуалдық меншікке қатысты құқықтық ерекше обьектісі болып табылады. Азаматтық кодекстің 125- бабы.
Бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды меншіктейтін тұлғаның талабымен оны қолдануды дереу тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматтарды қамтуы мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтайқұжаттарында көрсетіледі. Азаматтық кодекстің 38- бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын талаптар мен қоса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасайды.
Айталық
заңды тұлғаның атауында заң
талаптарына немесе қоғамдық
мораль номаларына қайшы келетін
аттар болса, егер жеке адамдардың
есімдері қатысушылардың есімімен
сәйкес келмесе не қатысушылар
бұл адамдардың есімін пайдалануға
рұқсат алмаса, ондай есімдерді
пайдалануға жол берілмейді.