Заңды тұлғалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 08:23, курсовая работа

Описание работы

Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Заңды тұлғаны екіге бөледі:
Коммерциялық;
Коммерциялық емес.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
1Заңды тұлға туралы ұғым...........................................................................-
1.1Заңды тұлғалардытурлері....................................................................................9
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу..........................11
1.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі................12

ΙΙЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ ТАРАТУ ТӘРТІБІ..........................................................16
2.1 Заңды тұлғаны тарату негіздері..................................................................-
2.2 Дәрменсіздік (банкроттық)...........................................................................-


ΙΙΙ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ............................................18
3.1Коммерциялық ұйымдар
Акционерлік қоғам
Шаруашылық серіктестік
Толық серіктестік
Сенім серіктестігі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
Өндірістік кооператив

3.2 Коммерциялық емес ұйымдар.................................................................26
Қорытынды.......................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................31

Работа содержит 1 файл

Заңды тұлға курсовой.doc

— 173.50 Кб (Скачать)

ΙΙ ЗАҢДЫ  ТҰЛҒАНЫ  ТАРАТУ ТӘРТІБІ 

    2.1 Заңды  тұлғаны  тарату негіздері 

   Заңды тұлға – жинақтаушы  зейнетақы қорын, сақтандыру  ұйымын тарату зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарда көзделген ерекшеліктер  ескеріле отырып жүзеге асырылады.

   Тарату – заңды тұлғаның  құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе  ықтиярсыз жүргізілуі  мүмкін.

      Заңды  тұлғаның мүлкін  меншіктенушінің   немесе меншік иесінің уәкілдік  берген органның  шешімі  бойынша, сондай-ақ  құрылтай  құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік  берілген заңды  тұлға органның шешімі  бойынша заңды тұлға кез-келген  негіз  бойынша таратылуы  мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті түрде  тарату  туралы болып  отыр. 

     2.2 Дәрменсіздік (банкроттық) 

        Заңды тұлғаны таратудың жеке  жағдайы оны банкрот жариялау  болып табылады.

        Банкрот ұғымы  Азаматтық кодекстің 52-бабында көрсетілген . Оған сәйкес, банкроттық – борышқордың соттың  шешімімен танылған  оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі . Демек, заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның  дәрменсіздігіне қатысты , яғни  борышқордың несие берушілердің талаптарын өзіне тиесілі мүлік  есебінен  өтеуге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның  банкротқа ұшырауы  оның тарауына негіз болады. Дәрменсіздігі  заңды тұлғаны таратудағы негізгі мақсат оған несие берушілердің  мүдделерін қамтамасыз ету. Таратылған  борышқордың мүлкі барлық несие берушілердің  талаптарын қанағаттандыру үшін  жеткіліксіз  болған  жағдайда активтер оларға  әділ  етіп бөлінеді .

      Азаматтық кодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің  және заңды тұлғаның банкроттығы  болады. Бірақ  мекемелер мен қазыналық  кәсіпорындарға  банкроттық қолдануға тиісті емес, өйткені, олар несие берушілердің  талаптарын орындау  үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған  жағдайда, олардың  міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиарлық) жауапкершілікті тиісті мүліктің меншік иесі көтереді. Сондықтан да 1997 жылы 21- қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының  «Банкроттық туралы » Заңының екінші бабына сәйкес, банкроттық қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерге жүрмейді. Дәрменсіз борышқорға банкроттық рәсімді қолдануға банкроттық  ерікті немесе мәжбүр ету тәртібімен  жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ерікті  банкроттық борышқордың еркімен  сотқа арыз беруі  арқылы сот шешімімен  танылады немесе несие берушілердің бақылауына негізделген өтініш пен  сотсыз – ақ жүзеге асады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен болатын  банкроттық несие берушінің, сондай – ақ заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес  өзге де адамдардың  сотқа өтініш беруі немесе  «Банкроттық  туралы » заң  талаптары арқылы  мүмкін болады.  

      Борышқор  Азаматтық  кодекске сүйене  тоырып өзінің  дәрменсіздігіне  байланысты  банкроттық  туралы  іс қозғауды сұрап сотқа  өтініш  бере алады .    Борышқор  өзін тарату  жөнінде сотқа жүгінгенде қолдағы мүлкі  бойынша   несие  берушілердің талабын  қанағаттандыра алмайтындығын , яғни дәрменсіздігін  сотқа берген өтінішінде  баяндауы  тиіс.

     «Банкроттық  туралы » заңның  35 – бабына  сәйкес, банкроттық  туралы   сот   мынадай  қаулылардың  бірін  қабылдай алады :

    • борышқорды банкрот деп тану және конкурс жүргізу туралы шешім;
    • борышқорды банкрот  деп  танудан  бас  тарту  туралы шешім ;
    • өтініш  жасалған жағдайда оңалту рәсімін қолдану  туралы ұйғарым;
    • іс  жүргізу  туралы ұйғарым;
 
 
 
 
 

ΙΙΙ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ  ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ 

    3.1 Коммерциялық  ұйым

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Заңды тұлғаны екіге бөледі:

    1.Коммерциялық;

    2.Коммерциялық  емес;

      Өз қызметінің мақсаты ретінде табысын  келтіруді  көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай  мақсат ретінде пайда  келтіре  алмайтын және  алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) заңды тұлға  бола алады.

      Коммерциялық  ұйым  болып  табылатын заңды тұлға мемлекеттік  кәсіпорын, шаруашылық  серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік  кооператив  нысандарында ғана  құрылуы  мүмкін.

      Коммециялық емес ұйым болып  табылатын заңды  тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік  қоғамдар  тұтыну кооперативі, қоғамдық  қор, діни  бірлестік нысанында және заң  құжаттарында көзделген өзге де нысанда  құрылуы мүмкін.

Коммециялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық  мақсаттарына сай  келуіне қарай ғана айналыса  алады.

Коммерциялық  емес  ұйым болып  табылатын және  мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды  тұлға тек  қана мемлекеттік нысанында құрылуы  мүмкін.

         Заңды  тұлғалар  бірлестік құра алады. Заңды тұлға ҚР Азаматтық кодекстің  заңды  тұлғалар  түрлерінің әрқайсысы Заңның, өзге де құжаттары мен  құрылтай құжаттарының негізінде жұмыс  істейді.

      Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының  заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкін өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер , акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады.

      Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары )мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер,қоғамдық қор және діни бірлестіктер жатады.

      Акционерлік қоғам - дегеніміз өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциалар шығаратын заңды тұлға болып табылады. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады.

       Қоғамның барлық акциаларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамнан құрылуы немесе  бір адамнан тұруы мүмкін

     Коперативтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасып жауап береді.

      Егер акционерлік қоғам өзінің жаңа акционерлер айналатын (конверсияланатын) басқа да бағалы қағаздар шығаратын ниеті туралы хабарлағанда, акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығы ескеріледі,  яғни оларға қолындағы акциаларға сәйкес бірдей жағдай ұсынуға міндетті.

     Уәкілетті орган акционерлерге артықшылықты сатып алу құқығын пайдалану жөніндегі ұсыныс беру тәртібін белгілеуге құқылы. Заңдарда көзделген жағдайларға орай акционерлік қоғамда табысы тек қана қоғамды дамытуға жұмсалатын коммерциалық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.

   Акционерлік қоғам директорлар кеңесінің шешімі бойынша заң құжаттарында көзделген тәртіппен өз филиалдары мен өкілеттерін құруға құқылы. Ал заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық –құқықтық нысанында комерциалық емес ұйымдар құрылуы ықтимал.

   Қоғамның  фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы сондай-ақ қоғамнынң үлгісіне қарай «Ашық акционерлік қоғам»  немесе  «Жабық акционерлік қоғам» деген сөздер, немесе тиісінше «ААҚ» және  «ЖАҚ» аббревиатура болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атаумен мемлекеттік тіркеуден өтеді.

   Қазақстан республикасында акционерлік қоғамның екі үлгісі бар, яғни ол ашық және жабық  түрде кездеседі. Қоғам өз үлгісін акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша және заң талаптарын сақтай отырып өзгерте алады. Мәселен, егер жабық қоғам акционерлерінің саны 100-ден асса, ол қоғамның  үлгісін ашық етіп өзгерту туралы шешім қаблдау үшін келесі үш айдың ішінде акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті.

   Акциалары тек өз құрылтайшылары немесе алдын  ала белгінелген өзге дамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабық  акционерлік қоғам болып табылады. Жабық қоғамның өзі шығаратын акциаларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

     Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акциаларды сатып алуына басым құқығы бар.

   Жабық акционерлік қоғамның жарғысында өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен қоғамның мүдделерін едәір бұзушы акционерді сот тәртібімен  акционер қатарынан шығару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Аластатылған акционердің акциаларын қоғамның таза активтері құнының ол шығарған акционерлердің жалпы санына қатысты есебінен сот белгіленген баға бойынша қоғам сатып алуға тиіс.

   Акционерлерді өздеріне тиесілі акциаларды асқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын оғам ашық болып табылады.  Ашық қоғам шығарған акциаларын жабық, жеке және ашық әдістермен орналастыруға құқылы. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында акциялар  бағаланатын активтерінің  мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің  200 мың еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінң саны –ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам болып табылады –бабы(«Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 7-бабы).

     Бір заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) болуы мүмкін. Осыған байланысты біздің заңдарымызда еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам тәртіптелген.

   Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының ) басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгелей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның  қабылдайтын шешімдерің айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (АҚ- тің 94-бабы).

     Еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының  борыштары бойынша жауап бермейді. Тек, еншілес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған міндетті нұсқаулар беруге құқылы негізгі ұйым оныиен осындай нұсқауларды орындау үшін жасалған мәмілелер бойынша еншілісұйыммен бірге субсидиарлық жауаты болады.

   Ал, негізгі ұйымның кінәсінен еншілес  ұйым банкрот болған жағдайда негізгі  ұйым оның борыштары  бойынша субсидиарлық жауапты болады.

Егер  заң актісінде өзгеше белгіленбесе, еншілес ұйымның қатысушылары негізгі  ұйымнан онын кінәсінен еншілес  ұйымға келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы.

       Акционерлік қоғамның дауыс беруші акциаларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп таңылады.

      Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелді акционерлік қоғам акциаларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті заң құжаттарында көзделген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетті.

        Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың бір-бірінің шығарылған жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбір шығарылған (төленген ) жарғылық капиталдың жирма бес процентін аспауға тиіс. Бір-бірінің шығарылған (төленген) жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлік қоғамдар басқа қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында жиырма бес проценттен  артық дауысты пайдалана алмайды.

      Шаруашылық   серіктестік.

Шаруашылық   серіктестік туралы жалпы ережелер

      Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына)  бөлінген  коммерциялық  ұйым  шаруашылық  серіктестік  деп  танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың ) салымдары есебінен  құрылған, сондай-ақ  шаруашылық  серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген  және  алған мүлік меншік  құқығы  бойынша серіктестікке тиесілі болады.

     Шаруашылық серіктестікті бір адам құруы мүмкін, ол оның бірден-бір қатысушысы болады.

Шаруашылық  серіктестір толық серіктестік, сенім серіктестігі жауапкершілігі шектелуі серіктестік, қосымша жауапкершілігі барсеріктестік нымандарында құрылуы  мүмкін. / 1.2., 24./

   Азамматтар  ғана толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегітолық серіктестер бола алады.

Информация о работе Заңды тұлғалар