Заңды тұлғалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 08:23, курсовая работа

Описание работы

Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі Заңды тұлғаны екіге бөледі:
Коммерциялық;
Коммерциялық емес.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3
1Заңды тұлға туралы ұғым...........................................................................-
1.1Заңды тұлғалардытурлері....................................................................................9
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу..........................11
1.4 Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі................12

ΙΙЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ ТАРАТУ ТӘРТІБІ..........................................................16
2.1 Заңды тұлғаны тарату негіздері..................................................................-
2.2 Дәрменсіздік (банкроттық)...........................................................................-


ΙΙΙ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ............................................18
3.1Коммерциялық ұйымдар
Акционерлік қоғам
Шаруашылық серіктестік
Толық серіктестік
Сенім серіктестігі
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
Өндірістік кооператив

3.2 Коммерциялық емес ұйымдар.................................................................26
Қорытынды.......................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................31

Работа содержит 1 файл

Заңды тұлға курсовой.doc

— 173.50 Кб (Скачать)

   Қазақстан  Республикасының Ғылым  және  Білім Министрлігі 
 
 
 
 
 

   Курстық жұмыс 
 
 

   Пәні:           Азаматтық құқық 

   Тақырыбы:  Заңды  тұлғалар 
 
 
 
 

 

                                                                       Орындаған:  

                                                                       Тексерген: оқытушы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЖОСПАР 
 

Кіріспе .....................................................................................................................3

    1Заңды  тұлға  туралы ұғым...........................................................................-

     1.1Заңды тұлғалардытурлері....................................................................................9

    1. Заңды  тұлғаны мемлекеттік  тіркеу  және қайта  тіркеу..........................11

    1.4 Заңды тұлғаның  құқық қабілеттігі мен әрекет  қабілеттігі................12 
 

ΙΙЗАҢДЫ  ТҰЛҒАНЫ  ТАРАТУ ТӘРТІБІ..........................................................16

    2.1 Заңды  тұлғаны  тарату негіздері..................................................................-

    2.2 Дәрменсіздік (банкроттық)...........................................................................- 
     
     

ΙΙΙ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ  ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ............................................18

    3.1Коммерциялық  ұйымдар

        Акционерлік   қоғам

        Шаруашылық  серіктестік

                Толық серіктестік

                Сенім  серіктестігі

                Жауапкершілігі шектеулі  серіктестік

                Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

        Өндірістік  кооператив

   

    3.2 Коммерциялық  емес  ұйымдар.................................................................26 

   Қорытынды.......................................................................................................29

  

   Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................31 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                     КІРІСПЕ

         Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.

       Меншік,  шаруашылық  жүргізу   немесе  жедел басқару құқығындағы  оқшау мүлкі бар және сол  мүлікпен  өз міндеттемелері  бойынша  жауап  беретін,  өз  атынан  мүліктік  және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер  бола  алатын ұйым заңды тұлға  деп  танылады.

     Заңды  тұлғаның дербес балансы  немесе  сметасы болуы  тиіс.

     Заңды  тұлғаның өз атауы жазылған  мөрі болады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі  Заңды тұлғаны екіге бөледі:

  1. Коммерциялық;
  2. Коммерциялық емес.

      Өз қызметінің мақсаты ретінде  табысын  келтіруді  көздейтін  (коммерциялық ұйым) не мұндай  мақсат ретінде пайда  келтіре алмайтын және  алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) заңды тұлға бола алады.

      Коммерциялық  ұйым  болып   табылатын заңды тұлға мемлекеттік   кәсіпорын, шаруашылық  серіктестік,  акционерлік қоғам, өндірістік  кооператив  нысандарында ғана  құрылуы  мүмкін.

      Коммециялық емес ұйым болып   табылатын заңды  тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік   қоғамдар  тұтыну кооперативі,  қоғамдық  қор, діни  бірлестік  нысанында және заң  құжаттарында  көзделген өзге де нысанда  құрылуы мүмкін. 

     Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен таңылған бірінғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында) заңды тұлғаның , оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), құқықтық жағдайы  жөнінде бірнеше ілім бар.Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай  қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қарлмақ,мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән –мағнасы неле деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И. Аскназий «мемлекттік ілімнің» авторы. Ол былай деп айтқан: «мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі турады да, шаруашылық қызметтің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды» Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған»егер олай болса мемлекет өзімен- өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой» деген уәж айтады.

      Ал ғалым Д.М. Генкин «әлеуметтік ақиқат» теориясын ұсынады,яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи- экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой «директор ілімін» алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші – директоры болып табылады.

Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың «әлеуметтік  байланыстар ілімі»,

А.А. Пушкиннің  «ұйымдастыру ілімі», Е.А.Суховтың «мақсатты  мүлік» тәрізді ғылыми тұжырымдары  да айтарлықтай кең тараған. Сөйтеп, заңды тұлғағаға «адамдардың қатынасы» жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүдесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әреті заңды тұлғаның әрекетінен көрінкді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.

      Кейбір  авторлар бұл белгілерді біріктіруге  тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін «жасырын» атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.

            Заңды тұлға туралы ілімде осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылысы екендігін анық дәлелдей түсінеді.

            Біздің  осы  тақырыпты таңдап  алған  себебіміз  де  осы тақырыптың маңыздылығын ашып көрсету болды.

      Курстық  жұмыстың  мақсаты  мен  міндеттері,  оның  оның  өзектілігімен  дәрежесіне  тікелей  байланысты  туындайды.

      Осы  курстық  жұмысты  орындау  барысында  алға  қойған  мақсатымыз  Азаматтық  кодексте  көрсетілген  заңды  тұлға  тақырыбының  өзектілігін  ашып  толыққанды  сипаттау.

      Осы  мақсатты  жүзеге  асыруда  алдымызға  қойған  ең  негізгі  міндетіміз:  ол  заңды  тұлға  ұғымына  тоқталу,   және  осы заңды тұлға  құрамына  кіретін  қатысушылардың  құқықтық  жағдайын  ашып  көрсету  және де осы заңды  тұлға  тақырыбына  жазылған  курстық  жұмыста  ең  өзекті мәселе  оның маңыздылығын  ашып көрсету. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ι ЗАҢДЫ ТҰЛҒА  ТУРАЛЫ  ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕР 

1.1Заңды  тұлға   туралы ұғым 

         Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бар ұйымдық бірлік.

    Құқықтар  мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген:   «Меншік, шаруашылық жүргізу  немесе жедел басқару құқығындағы  оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүйеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады»

                   

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды:                                  

  1. ұйымдасқандық бірлігі; 

  2. мүліктік оқшаулығы;

  3. Дербес  мүліктік жауапкершілігі;

  4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

         Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан  бірлігі оның өзіне тән қасиеті  болғандықтан  заңның  өзі ұйымдарды  бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі  заңды тұлғаның ішкі құрылымнан  көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін,егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

         Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық  құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке затық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы  туралы болып отыр.Комерциялық ұйымдағы  дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның  оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.

        Дербес мүліктік  жауапкершілік дегеніміз-ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеселі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже .Ал, меншік  иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық  кәсіпорындар Азаматтық кодекстің  44- бабының 1- тармағы 2-бөлігіне  сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның  міндеттемелері бойынша қосымша оның құрылтайшысы жауапты болады.

        Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілермен  тағайындалуы мүмкін.Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған:Толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушыларынам тиісті

серіктестіктеріне  қатысушыларына тиісті серіктестеріне қатысушылардың  тиісті серіктестіктеріне  қатысушылардың  тиісті серіктестіктердің  міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63 бабының 1-тармағы,72 бабының 1- тармағы,); 2)кооператив  міндеттемелері бойынша өндірістік  кооператив мүшелерінің жауапкершілігі( АК-тің 96-бабының 3 тармағы ); 3)Егер заңды  тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса,заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі(АК-тің 44-бабының 3-тармағы);4) еншілес шаруашылық мәмілесі  бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабының 2-ші бөлігінің),сондай негізгі шаруашылық  серіктестігінің  кінәсінен еншілес шаруашылық (АК-тің 77-бабына 1-тармағының 2-бөлігі ) және тағы басқа  жағдайлардағы  жауапкершілік.

      Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық- құқықтық белгісі.Ол оның  сотта талапкер және жауапкер болуына ,өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүкіндік береді. 
 
 
 

 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер

      Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субьектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында  заңды тұлғаның маңызы (мәні),яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.Олардың авторлрры заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны  қандай және заңды тұлғаның  мән мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әр түрлі әр түрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық теориясында көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор  С.И.Аскназий мемлекеттік ілімнің авторы. Ол былай деп айтқан : Мемлекеттік заңды тұлғаның  артында мемлекеттіңөзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды». Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой деген уәж айтады.

Информация о работе Заңды тұлғалар