Құқықтағы мақсаттар мен құралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 22:43, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болады, көп жағдайда олар, бір – бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет, құқықсыз, сол сияқты құқықта мемлекетсіз өмір сүре алмайды (саяси билікті ұйымдастырады, нағыз мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы ретінде көрінеді). Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады кепілдік береді. Тек мемлекет органдары ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.

Содержание

Кіріспе 3
1. Құқық түсінігінің теориялық негіздері 5
1.1 Құқықтың шығу теориялары 5
1.2 Құқықтың белгілері 10
1.3.Құқық қағидалары 11
2. Құқықтағы мақсаттар мен құралдар 16
2.1.Құқықтың мақсаты, түсінігі, түрлері 16
2.2. Құқықтық құрал: ұғымы, белгiлері, түрлері 26
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 33

Работа содержит 1 файл

Курсовая_кукык максат.docx

— 68.68 Кб (Скачать)

Әдет-ғұрыптың бірнеше түрі бар: әдет, әдептілік т.б. Әдет - адамның  қажеттілігіне айналып қалыптасып кеткен тұрақты әрекет. Ешбір адам өмірге жақсы немесе жаман әдетпен  келмейді. Әдет өмір жемісі, тәрбие нәтижесі. Әдет жағымды, жағымсыз болып екіге  бөлінеді. Әдеттілік — моральдық  нормаларды жақсы орындау. Әдептілік  өте қажетті қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі. Әдеттілік ата-ананы  құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл, әділетті болу сияқгы жалпы халықгық нормаларды да дұрыс атқара білуді керек етеді. Әдет-ғұрып нормалары  ресми заңдармен қатар қолданылады  және бұл нормаларды бұзушылар жауапқа  тартылады.

Прецеденттік құқық нысаны - белгілі бір іске байланысты қабылданған  шешім және бұл шешім кейін  соған ұқсас істерді қарағанда  басшылыкқа алынып отырады. Оның екі түрі бар: [11.320б]

а) соттық прецедент;

ә) әкімшілік прецедент (басқару  органдарының шығарған шешімі).

Заң ғылымы — (құқықтық доктрина) - құқықтың жақсы қалыптасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана-сезімнің деңгейін көтеруге зор  әсер етеді. Мұсылмандық елдерде  бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады.

Нормативтік шарттар - қоғамдағы  қатынастардың негізі бола алады... Мысалы: ГФР - ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.

Референдумда қабылданған  нормативтік актілер заңның бір  түрі.

Сондықтан бұл актілер  құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдумның түрлері: жалпы мемлекеттік, жергілікті. Референдум өте саяси  жауапты жұмыс, ол саяси күрестің бір түрі.

Нормативтік-құқықтық акт - мемлекеттік органның қабылдаған —бекіткен  актілері. Қоғамдағы қарым-қатынастардың  басым көпшілігін осы нормативтік  актілер арқылы реттеліп, басқарылады. Себебі: біріншіден — нормативтік  актілер арқылы ықшамды түрде  норманың мазмұнын түсінікті көрсетуге  болады; екіншіден - құқықтық нормаларды уақытында өзгертуге, толықтыруға, жаңартуға өте ыңғайлы.

Нормативтік- құқықтық актілердің дамып, нығаю бағыттары:

1.Құқық нысаны туралы  арнаулы заң қабылдауды тездету  керек. Ол заңцы құқық нысанының  барлық түрлерінің маңызын, рөлін  көтеруге бағыттау.

2.Кеңес Одағының, дамыған  елдердің жақсы тәжірибесін пайдалануға  көңіл бөлу. Ол үшін байланысты дамыту.

3.Қоғамды басқаруда құқықтың реттеуші рөлін, Конституцияның маңызын күшейту. Бұл екі бағыт құқықтық мемлекеттің қалыптасуының ең шешуші күші, сенімді жолы.

Құқықтың қоғамдағы атқаратын істері сан алуан. Соған сәйкес нысаны да, оның түрлері де толып жатыр: [12.634б]

-  құқықтың тарихи ескерткіштері;

-  тарихи ескі мұралар;

-  археологиялық қазба  деректер;

-  заң жұмыстарының тәжірибесі;

-  заңгерлердің еңбектері;

-  заң бағытындағы ғылыми  еңбектер;

-  құқықтық шарттар;

-  нормативтік актілер;

-  заңдар, заңға тәуелді актілер.

Міне осы көрсетілген  құқық нысаны түрлерінің қоғамдағы атқаратын жұмыстары сан алуан. Оларға жеке-жеке тоқталып, рөлін, маңызын түсінуге болады.

Мемлекеттік органдардың  қабылдаған әдет-ғұрып, дәстүр, мораль, діни нормаларда әрқайсысы жеке-жеке құқық нысаны болады. Қоғамдағы көпшілік бірлестіктердің, одақгардың, ұйымдардың, ұжымдардың, саяси партиялардың, кәсіпкерлер одағының нормаларын мемлекет қабылдаса, оларда құқықтың нысаны болады.

Құқықтың ең күрделі нысандары: [13.624б]

1.  Құқық салаларының нормативтік актілері.

2. Қоғам салаларының нормативтік  актілері.

3.Парламенттің, Президенттің, Үкіметтің, министрлік- ведомстволардың  актілері.

4.  Жергілікті органдардың  актілері.

5.  Сот жүйесінің актілері.

Заң ғылымында норма, нормативтік  актілер, құқық деген ұғымдар бар. Олардың өздерінің жеке-жеке мазмұндары бар.

Норма дегеніміз - бір қатынасты  реттеп, басқаратын ереже. Нормативтік  актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы. Құқық - қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың жиынтығы.

Құқық нормаларын қолдану  тек сол кезде қажетті болады,  егер жоғарыдағы көрсетілген нысандар құқық нормаларын толық іске асыруға  жетімсіз болса және ол процесске  арнайы, органдардың араласуы қажет  болса ғана.

Құқық нормаларын қолдану  – мемлекеттің құзіретті органдарының құқық нормаларын іске арналған билік  әрекеті және салыстырмалы нақтылы  өмірдің оқиғасы, жекелеген-белгілі  адамдардың әрекеті.

Құқық нормаларын қолдануға  сай келесі белгілері бар: [14.397б]

Біріншіден, құқықты қолдану  әрекетін тек қана құзіреті бар мемлекеттік  органдар (лауазымды адамдар) не мемлекет өкілеттік берген қоғамдық ұйымдар  орындайды.

Екіншіден, құқық нормаларын қолдану әрекеттері  мемлекеттік  сипатта болады. Сол сияқты әділ соттау үшін Соттың әрекеті, не қылмыстық  істі жүргізетін тергеушінің әрекетін айтуға болады.

Үшіншіден, құқықты қолдану  әрекетінің мазмұны құқық нормала-рының  негізінде жекелеген құқықтық ұйғарымдардан (актылардан) көрінеді. Бұл актылар  белгілі өмір оқиғаларына байланысты және белгілі адамдарға бағытталады. Мысалы, жергілікті мәслихаттың шешімі бойынша біреуге үй берілуі т.б.

Төртіншіден, құқық нормаларын қолдану қатаң түрде белгілі  заң негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіп әсіресе қылмыс және азаматтық  құқық нормаларын қолданғанда өзінің аса  маңыздылығын байқатады, себебі онда заңдылықтың жүруін дәйекті  қамтамасыз ете отырып, нақтылы заңды  істерді жан-жақты терең қарауға  мүмкіндік туғызылады.

Қашан, қандай оқиғаға байланысты құқық нормаларын қолдану қажеттілігі  пайда болады?

Құқық нормалары құзіретті  органдармен тек сонда  қолданылады,  егер алдын ала белгіленген заңды  құқықтар және міндеттер белгілі  адамда пайда болса және олардың  мемлекеттік – биліктегі әрекетінсіз  іске асырылмайды. Ондай құқықтармен  міндеттердің пайда болуы және  іске асырылуы әрбір жекеше оқиғаға  сай болады, құзіретті органдардың  жеке адам үшін қажетті шешім шығаруы  қажет. Мысалы, мемлекеттік жоғарғы  оқу орнында оқу үшін (өзінің білім  алуға деген құқығын іске асыруға), сол жоғарғы оқу орнының басшысының, оқуғаалу туралы шешімі қажет, еңбекке  деген құқығын іске асыру үшін, мекеменің, ұймның әкімшілігінің жұмысқа  қабылдау туралы арнайы шешімі қажет. Айтылған, сондай оқиғалардың әрқайсысы  туралы сол мекемелердің  басшыларының көрсетілген құқықтарды іске асыру  туралы бұйрықтары қажет. [15.450б]

Құзіретті құқық қорғау органдарының қызметі, азаматтармен ұйымдардың өз құқықтарын пайдалануға белгілі кедергілер болған оқиға кезінде қажет болады. Мысалы, азамат заң негізінде тұрғын үй сатып алады, ал екінші басқа адамдар  оның сол үймен пайдалану құқығын  іске асыруға кедергі жасайды. Сол  оқиғаға баланысты азамат  сот  және әкімшілік органдарына арызданады, олардың шешімі бойынша үй иесінің бұзылған құқығын орнына келтіруге арналған шешім қабылданады.

Құқық нормаларын қолдану  қажеттігі, заңды міндеттер ерікті орындалмаған кезде пайда болады.

Мысалы, бір ұйым келісім-шарт бойынша екінші ұйымға белгілі заттарды жеткізіп тұруға міндеттенеді, бірақ  өз міндетін орындамайды. Бұл оқиғаға  байланысты құзіретті органдар (арбитраж, сот) билікті шешім шығарады, соның  негізінде күштеу арқылы ұйымдардың өз міндеттерін өтеуі қамтамасыз етіледі.

4.Құқық қорғау қызметі  әр уақытта қажетті қызмет, егер  құқық бұзылса және құқық бұзушыға  қандай заңды  жаза қолдануды  белгілеу қажеттігі туатындығына  байланысты. Мысалы, әскери қызметкердің  теріс қылық жасағаны үшін  басшысы тәртіптік ережеге сай  жаза  қолданады.

  Құқық нормаларын  қолдану процесіндегі негізгі  кезеңдер.

Құқықты қолдану қызметі  бірнеше жүйелі әрекеттік кезеңдерден  тұратын қиын процесс. [16.138б]

1.Істің нақты мән-жайын  белгілеу. Заң нормаларын қолдану,  жоғары-дағы айтылғандай,  белгілі  оқиғаға сай, белгілі деректермен  соларды іс жүзінде қамтамасыз  етуге бағытталған. Сол деректер  шын мәнісінде, құқық нормаларын  қолданудың негізі болып табылады. Сондықтан, құқық нормаларын қолданатын  адамдар, ең алдымен деректерді  толық анықтап, заңды істі дұрыс  шешуге қажетті деректерді ғана  таңдап алуға міндетті, тек содан  кейін ғана, ұқыпты талдап көрсетілген  деректерге баға беруі қажет. 

Істің мән – жайын белгілеу міндетті түрде жан-жақты негізделген  және заңды болуы қажет. Құқық  нормаларын қолданудың дұрыстығы, соған  тікелей байланысты. Дәйектемеге  және мән-жайдың толықтығын белгілеуге, деректерді терең және жан-жақты  зерттеу арқылы жетуге болады.

Еске алатын маңызды мәселе, құқық қорғау органдарымен барлық деректер зерттелмейді, тек сол оқиға  сипатына сай және тек заңды істі шешуге тікелей қатынасы бар деректер алынады. Басқа сөзбен айтқанда, деректі  мән-жәй, сол мән-жәйға қолданылатын құқық нормаларына сай белгіленеді. Мысалы, белгілі қылмыстық  істерді  тексергенде, ең алдымен мына деректер анықталуы қажет; кім қылмысты істі жасады, қашан және қай  жерде  қылмыстық іс жасалды, қандай жолмен, қылмыс жасаудың себебі неде болды. Заңды  маңызы бар деректер, куәлердің көрсетуімен, қылмыс жасаған жерді тексеру  нәтижесінде, экспертизаның, құжаттарды тексеруінде және басқалардың көмектері  арқылы белгіленеді. Бұл деректер заң  тәртібімен белгіленіп, заңды дәлелдемелер деп аталады.

2.Тексерілетін  деректі,  мән-жайларға қолдануға жататын   құқық  нормаларын  таңдау және  талдау. [17.464б]

Көрсетілген мән- жайдың   заңды маңызын белгілегеннен  кейін, құқықтық нормаларды  құқықтық қолданудың екінші кезеңі басталады. Бл кезеңде,  құқық қорғау органдары  ең алдымен мына  мәселені шешуге көңіл аударады,  қандай нормалардың  негізінде  бұл іс шешілуі қажет. Норманы белгілеу -  нақты  мән -–жайға біліктілік  тұрғыдағы, құқықтық баға беру.

Әрі қарай заңдылық  жағынан  дұрыс  екеніне көз жеткізу  қажет,   мазмұнында қателік  жіберілмегенін тексеру керек, ол норма  өзгермеді  ме оны да білу қажет. Құқық нормаларының  ресми баспадағы сол мерзімге сай  толытырылуымен, өзгеруін басшылыққа алу қажет. Мұнда, құқық қолдану  органдары, сол пайдаланатын  норманың басқа нормалармен  және заңға  қайшы еместігін белгілеуі  қажет.  Құқық нормалары, тек  сол уақытта  қолданылады, егер  ол жоғарғы органдардың  актыларының  ұйғарымына сай келсе.

Таңдалған құқық нормалары  олардың әрекетінің уақытына, кеңістігіне  және адамдар ортасына сайлауын толық  талдаудан өткізеді. Олай дегеніміз,  құқық қолданатын органдар мыналарды  толық  белгілеуге міндетті: [18.421б]

-соның негізінде  белгілі  істі шешіп жатқан мезгілде  сол нормалардың әрекеті күшінде  ме;

-істі шешетін кеңістікке   оның әрекеті   жүре ме;

-құқық нормалары  қолданылған  адамға, оның әрекетінің  қандай  қатынасы бар;

Құқық нормаларын таңдағанда  және талдағанда, бір оқиға  бірнеше  нормалармен  реттеленітінін  және олардың  дәл келмейтіндігін, тіпті  мазмұндары бойынша бір – біріне  қарама – қайшы  екендігін анықтаймыз.  Мұндай жағдайда, құқық нормаларының толық еместігін көреміз.  Құқық  нормаларының арасындағы жетімсіздікті (коллизияны) қалай шешуге болады? Бұл  мән – жайға құзіретті орган  қандай нормаларды қолданады?

Құқық қорғау органдарының қызметінде  ондай жетімсіздікті  шешуге арналған мынандай тәртіптер  бар: [19.63б]

1)Егер федеральдық   заңдар нормаларымен  республикалық  заңдар нормаларының арасында  қарама – қайшылық болса, федеративтік  заңдар нормасын пайдалану қажет;

2)Егер қарама – қайшылықтар  әртүрлі органдар нормаларының  арасында болса жоғарғы органдардың  нормалары пайдаланылады;

3) Қарама – қайшылық  бір  орган қабылдаған нормалардың   арасында болса, кейінгі  қабылданған  нормалар пайдаланылады;

4)Қарама – қайшылық  жалпы және арнайы нормалардың  арасында болса, арнайысы пайдаланылады.

Құзіретті органдардың мақсатына,  осы кезеңдегі пайдаланылатын нормаларға түсінік (талдау) беру жатады, және құқықтағы  жетімсіздіктерді  болғызбау үшін құқықтағы аналогияны пайдалану  қажет.

           2.2. Құқықтық құрал: ұғымы, белгiлері, түрлері

 

 «Құрал» ұғымы - жалпы  ғылыми, пән аралық. Әртүрлi салаларда  білім әр түрлі құралдарды  зерттейдi - техникалық және радиоэлектронды,  көлiк және өндiрiстiк, дәрi және  есiрткi, жаппай мәлiмет және басқару,  бюджеттiк және валюталық, ақшалай  және қаржы, қарыз және төлеу,  айналым және тағы сол сияқтылар. 

Құқық саласында өздерінің  құралдары өздеріне тән ерекшелiктермен  бар болады. Сонымен қатар басқа  да көп заң ұғымдары, заңға сүйенген құралдар салалық деңгейде бастапқыда талдана бастады. 

Құқықтық құралдардың  мәселесi ол тиiстi зерттеушi күш талап  ететiн жалпы мәселе ең алдымен  жалпы теориялық мәселе болып  табылады. Заңтану құрал ұғымы  әртүрлi мәндерде пайдаланылады: оны  пайдалану  оларды құқықтық қатынас  негiзiнен (P.O Халфин), және заңға сүйенген механизм элементтердің реттеу алуан  түрлi тәртiптерiне (С.С.Алексеев, В.А.сапун, В.И.Гойман) қолданады.

Информация о работе Құқықтағы мақсаттар мен құралдар