Құқықтағы мақсаттар мен құралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 22:43, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болады, көп жағдайда олар, бір – бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет, құқықсыз, сол сияқты құқықта мемлекетсіз өмір сүре алмайды (саяси билікті ұйымдастырады, нағыз мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы ретінде көрінеді). Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады кепілдік береді. Тек мемлекет органдары ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.

Содержание

Кіріспе 3
1. Құқық түсінігінің теориялық негіздері 5
1.1 Құқықтың шығу теориялары 5
1.2 Құқықтың белгілері 10
1.3.Құқық қағидалары 11
2. Құқықтағы мақсаттар мен құралдар 16
2.1.Құқықтың мақсаты, түсінігі, түрлері 16
2.2. Құқықтық құрал: ұғымы, белгiлері, түрлері 26
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 33

Работа содержит 1 файл

Курсовая_кукык максат.docx

— 68.68 Кб (Скачать)

 

                                                        Мазмұны

Кіріспе 3

 

1. Құқық түсінігінің теориялық негіздері 5

1.1 Құқықтың  шығу  теориялары 5

1.2 Құқықтың белгілері 10

1.3.Құқық  қағидалары 11

2.   Құқықтағы мақсаттар мен құралдар 16

2.1.Құқықтың  мақсаты, түсінігі, түрлері 16

2.2. Құқықтық құрал: ұғымы, белгiлері, түрлері 26

 

Қорытынды 31

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 33

 

 

                                            Кіріспе

 

Тақырыптың  өзектілігі: Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болады,   көп жағдайда олар,  бір – бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз  ету үшін қажетті. Мемлекет,   құқықсыз, сол сияқты құқықта мемлекетсіз өмір сүре алмайды (саяси билікті ұйымдастырады,  нағыз мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы ретінде көрінеді). Мемлекет заңды нормаларды  белгілейді,   қолданады кепілдік береді.  Тек мемлекет органдары ғана құқықтық  ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза  қолданады.

Құқықтың  нысанына (шығуына),  құқықтық  нормалардың көріністерін бекіту жолдары  жатады. «Құқықтың  шығу  жолдары»,  заңды нормалардың  сыртқы көрініс нысандарын белгілеу үшін  қолданылатын арнайы  құқықтық  атау.

Құқықтық негізгі нысандарына (қайнар көздеріне) мыналар жатады: құқықтық  әдет-ғұрып, заңды  прецедент (сот  практикасы),  нормативтік  – құқықтық акт.

Құқықтық нормалар актілерін  жіктеу, әртүрлі негіздерге  байланысты іске асырылады: заңды күшіне,  мазмұнына,  көлеміне және әрекет сипатына, субъектісіне оларды   шығарылуына байланысты болады.

Заңды күшіне  байланысты,  барлық нормативтік -   құқықтық  актілердің заңды күштері оларды  жіктеудің ең маңызды  белгісі.  Мемлекеттік нормативтік реттеудегі олардың орнын және жалпы  жүйдегі  маңыздылығын  белгілейді

Курстық жұмыстың мақсаты – құқықтың түсінігі мен қағидаларын және мазмұнын  зерттеп, оның мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін, мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.

Курстық жұмыстың міндеті:

- құқықтың  қалыптасу  тарихын зерттеу;

- құқықтың белгілерін  анықтау;

- құқықтың  қағидаларын  қарастыру;

- құқықтың түрлерін анықтау;

- құқықтың ерекшеліктеріне  тоқталу.

Зерттеу нысаны: Құқық түсінігі, қағидалары, мазмұны.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Зерттеудің  теориялық және әдіснамалық негізі: ҚР Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы мәліметтер қолданылған.

 

         1. Құқық түсінігінің теориялық негіздері

         1.1 Құқықтың  шығу  теориялары

 

Құқық туралы ойлар белгілі  ғылыми бағыттарға, мектептерге сай  бөлінеді. Олардың ішінен бөліп   айтуға  болатындар  бар.

Ғылыми  ағым  ретінде  бұл теорияның  ұзақ  тарихы бар.  Оның негізгі мазмұны  өте ертеде құрылған.  Бұл теорияның негізі,  мемлекет құрған позитивтік құқықтан басқа, барлық адамдарға   бірдей  позитивтік құқықтан жоғары тұратын  табиғи құқықтың талаптарына негізделеді (өмір сүру құқығы, еркін даму, еңбек, қоғаммен мемлекеттің істеріне қатынасы).  Табиғи құқық  түсініктемесі, өзіне  туғаннан бергі және адамдардың, азаматтардың бөлінбейтін, әр мемлекетке міндетті құқықтарды қосып алады. 

Табиғи құқық теориясы,  өзінің нақтылы дамуын Локктың, Руссоның, Гольбахтың, Радищевтің еңбектерінде тапты. Адамның табиғи  құқығы кәзіргі  барлық құқықтық  мемлекеттердің конституциясында бекітілді.[1.258б]

Өркениетті қоғамда  табиғи және позитивтік құқықтарды бір –  біріне  қарсы қоюға негіз жоқ, себебі олар адамның табиғи құқығын  бекітеді және қорғайды, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің жалпы адамдық біріккен  жүйесін құрайды.

Біріншіден, бұл  теорияның  қалпында  құқық және  заң бөлініп қаралады.  (позитивті құқық пен мемлекеттің заңдарын және жоғарғы табиғи  заңдардың  барлығын уағыздау);

Екіншіден,  құқық пен  мораль салыстырмалы (сол теорияның  өкілдерінің ойлары бойынша, адалдық, бостандық, теңдік  сияқты абстракты  бағалылықтар құқықтың негізін құрайды және құқықтық шығармашылықты, құқықты қолдану  процесін  белгілейді);

Үшіншіден, адамның құығының қайнар көзі заңдарда емес, адам  баласының  табиғатында, ондай құқықты туғаннан құдай береді деген тұжырымдарды қолдайды.

Құқықтық реалистік мектеп. Тарихи ойларда,  құқық эволюциялық  жолмен өзінің ішкі себептеріне байланысты дамиды десек, реалистік теорияның өкілдерінше, құқық сыртқы факторлардың ықпалымен  дамитындығын дәлелдейді. Ондай факторларға адамды  итермелейтін мүдделер құқықты  іске асыратын мақсаттарды  белгілеуге мәжбүр етеді.

Реалистік теорияның негізін  қалаушының бірі – белгілі юрист  Рудольф Иеринг. Сол теорияның  мазмұнын, оның мына  жұмыстарынан көруге болады:  «Рим құқығының рухы», «Құқық үшін күрес», «Құқықтағы мақсат».  Иеринг бойынша  құқық  қорғалған  мемлекеттік  мүдделер. Ол жеке адамның өмірлік  мүдделеріне кепілдік береді, адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін  қанағаттан дыруға көмектеседі. Құқық өзінің еркін ұсынған адамға   жатпайды, онымен пйдаланатын адамға жатады. Кімге пайдалануға белгіленсе  сол құқық  субъектісі  болады.

Құқықтың мақсаты сол  пайдаланушылыққа кепілдік береді.  Халықтардың, мемлекеттік биліктің,   жіктердің  заңсыздықпен  күрестері  құқықтың өз негізінде жатыр.  Иеринг айтқандай, құқық  тарихындағы барлық  ұлы жетістіктерге жататындар: «құлдықты, крепостнойлықты жою, жерге  промыслдарға табынуға еркіндік, меншіктілік т.с.с. – бұның  барлығы күшпен,  кейде  ғасырға созылатын,  жаулап алынуы қажет және ондай жағдайда, құқық  әр уақытта құқықтың бөліктері ретінде  болады»… Автордың  ойынша,  абсолютті  түрде адал   құқық өмір сүрмеді.  Құқықтың  бағалылығы, белгіленген  мақсаттарды жүзеге  асыру болып  табылады.

Мүдделердің  күресінде  пайда болып,  құқық – күш  ретінде   біреудің еркін екіншінің  мүддесіне бағындырады, адам өміріндегі адалдық принциптері орындатады.

Реалистік теория  өкілдерін  қадірлеуге, силауға және  мойындауға  жататыны,  құқықты мақсатқа жету  жолындағы құрал ретінде  бағалауға, сол  санада қоғамды қорғауды ұйымдастыратын тетіктер есебінде болады.   Құқық  үшін күрес - әр адамның міндеті, ол оны  қорғау, яғни құқықты   бұзушыларға  қарсы әрекет  жасау – тек  өзіңе  байланысты міндеттілік емес,  бүкіл  қоғамдық  және мемлекеттік  міндет: әр адам өз құқығын  қорғай отырып,  сонымен қатар объективтік  құқықты  да  қорғайды. [2.417б]

Реалистік мектептің  қадірлілігі  мен  жетімсіздігін есепке  алмасақ  та,  оның   құқықты  түсіну туралы принципиальды ережелері,  кейінгі  кездерге  дейін өзгерістерге  түспегені анық.  Е.Трубецкой  айтқандай, әрбір құқық  нормасы  оны туғызған мүдделерге  байланысты, себебі мүдделер құқықтың мазмұнын  құрайды.  Кей кездерде, заң  шығарушылардың  қателіктеріне байланысты құқық  нормалары қажетті мүдделерді   қамтамасыз ете алмайды.

Тарихи құқықтық мектеп табиғи  құқық  доктринасына   белгілі реакция   ретінде пайда болды.  Мақсаты осыған    дейінгі зерттелген және сыналған  қоғамдық және мемлекеттік заңдылықтар қалыптасқан орта ғасыр – феодалдық жағдайында  қорғау болатын.Тарихи мектептің өкілдері, құқықты халықтың рухы ретінде біртіндеп, тіл шыққандай тарихи процессте құрылған  тәуелсіз, деп білген.

Құқық – тарихи мектептің  өкілдерінің  тұжырымдауынша – халық  рухының нәтижесі,  халықтың құқықтық  сенімдері.  Құқықтың  даму  халықтың рухы біртіндеп, объективті  түрде  құқықтағы  нормаларды  табуына  байланысты,  деген. Сондықтан құқық  формальды түрде емес, құқықтық  институттардың тірі түрдегі  ойларымен  органикалық қарым -  қатынасында  өмір  сүреді.  Бұл  теорияның негізгі идеяларына мыналар жатады:

  1. Құқық – тарихи құбылыс, ол тіл сияқты  келісіммен  белгіленбейді,  біреудің көрсетуімен ендірілмейді, тек көрінбей  стихиялық пайда болады және  біртіндеп  дамиды;
  2. Құқық - ең алдымен құқықтық  әдет-ғұрып (яғни, тарихи қалыптасқан тәртіп жолы, заңдық нәтижесімен өзіне тартады),  заңдар  әдет – ғұрыптан шығып, ұлттық рухтың негізіне ұлттың сезіміне тереңдейді (сіңеді);
  3. Бұл теорияның өкілдері феодализм кезінде пайда болып, адам  құқығын мойындамаған, себебі сол  тектік  ғасырдың ғұрпында адам құқығы, табиғи  орын   таппаған.

Социологиялық  құқық  мектебі - XX  ғасырдың құқықтануындағы негізгі бағыттардың бірі.

Құқықтық позитивизмге ұқсап  заң ғылымдарының мақсатын, қызметтегі құқықты формальдық – логикалық  жағынан  зерттеу  ретінде  қарамай, социологиялық мектеп өз күшін «тірі  құқықты»зерттеуге  бұрады,  яғни  құқықтық  қарым – қатынас  жүйесі, адамдардың  құқық  аясындағы  тәртібі. 

Социологиялық  бағыттың бірі түрінде солидаризм теориясы жатады.  Оның авторы  Леон Дюги айтқандай, қоғамда  ұжым  индивидке  бұйрық  беруге құқығы болмауы керек, не болмаса  индивид өзінің жеке басын ұжымға не басқа азаматтарға қарсы қоймауы  керек. Адамдардың  барлықтарына міндетті жалпы  бірігуліктен шыққан нормаларға  бағынуы  қажет.

Бұл теорияның негізгі  идеяларына  мыналар жатады: [3.159б]

1) Құқық  пен заң   бөлініп қаралады.  Мұнда құқық,  табиғи   құқық пен  заңда   нақты көрсетілмей, тек заңдарды  іске асырғанда  көрсетіледі.  Егер  заң міндеттілік аясында  болса, құқық – нақтылық аясында.

2) Сондықтан, құқықтың  түсінігіне заңды әрекеттер, заңды  тәжірибе құқықтық тәртіп, заңдарды  қолдану т.б. жатады. Құқық-құқықтық  қатынастар  субъектілерінің нағыз   тәртібі.

3) Мұндай тірі құқықты,  ең  алдымен, заңдылық әрекеттер  процесінде соттар құрайды.  Олар  заңдарды  құқықпен толықтырады,  яғни, бұл сәтте ол  құқықтық  шығармашылықтың субъектісі ретінде  соған сай шешім  шығарады.

Нормативтік бағыт құқық  туралы  біржақты емес көзқарастар  біріктіреді  және оның қоғам  өміріндегі ролін көрсетеді.  Алғашқы рет  нормативизмнің теориялық жағдайларын Р. Шаммлер көрсеткен. Оның  ойынша  құқық әлеуметтік өмірді сыртқы жағыннан реттеу, мақсаты адамдардың  қажеттілігін қанағаттандыру. Қоғамдағы  адамдардың бірігіп  қимылдауы, ол әлеуметтік материяға не болмаса  шаруашылыққа  жатқызады.

Құқық пен шаруашылықтың  қатынастарын анықтай отырып Штаммлер, ол «Қоғам өмірінің формалары мен  материалдарының қатынастары» - деп  жазады. «Әлеуметтік өмірдің  заңдылығы, - оның құқықтық формасының заңдылығы, миға сіндіру және құқықтың негізгі  идеясына адамды  қоғамының ақырғы мақсаты ретінде қосу». Көрсетілген заңдылықтар  тек сонда туады,  егер әлеуметтік өмірдің реттелуі әр адамның, кім құқық  кеңістігінде  болса солардың мүдделерін іске асырады. Қоғамның идеалы – бұл   қоғам «Еркіндікті  тілейтін адамдар», әркім құқықтың мақсатын өздерінің мақсаты ретінде ойласа.

Бұл теория бойынша,  барлық құқық  жүйесі  баспалдақты құрылымда  болады, яғни  иерархия нормаларын  құра отырып,  біртіндеп  негізгі нормаларға сай  құбылыстар екендігін анықтау.

Нормативтік теорияның еңбегін, оның заңды негізін құратын құқықтың формальды белгілерін бөлуінен көруге болады.

Құқықтың мазмұнын белгілейтін  барлық  сыртқы факторлардан абстракция негізінде, нормативистер өз позициясын ұсынады, яғни,  құқық  қоғамдық қатынастардың   нормативтік реттеушісі.

Нормативтік теория өзінің ғылыми ойларына сүйене отырып,  құқықтық мемлекетті қолдайды. Оның көптеген жақтаушылары мемлекет пен құқықты бір- біріне қарсы қойғандарына қарсы шықты, мемлекетті барлық құқықтық  ережелерді біріктіретін ішкі мағына ретінде анықтайды  және құқықтық  нормаларды іске асыруға  және сіңіруге арналған,  бәріне бірдей құқықтық тәртіп орнатушы екендігін  уағыздады.

Психологиялық теория. Бұл теория XX ғасырдың бас кезінде орыс ғалымы Л.И.Петражицкийдің негізгі еңбектерінде және шет елдердегі мынадай ғалымдардың жұмыстарында дамыды:Дьюи, Мэрилла, Росса,  Эллиотан және басқалар.

Петражицкийдің ойынша,  эмпиристік ғылыми екі түрдегі тұрмысты зерттейді – физикалық және психикалық. Құқық осы тұрмыстық құбылыстың бірі – психика дүниесіне жатады және императивті – атрибуттық (міндетті – тартылушылықтағы) адамдардың уайымдауын көрсетеді.  Адам баласының қылықтары  еркіндікте  және байланыста  болуы  мүмкін.  Еріктің ішкі бірлігін түсінудегі,  адамның тәртібін Петражицкий этикалық сену – деп атайды.   Бұл  түсіну (білу)  этикалық міндеттену. Оның негізінде ерекше эмоциялар  жатыр,  яғни, уайымдаушылық бостандыққа  деген  ішкі кедергі және олар адамдарды  бірдеңе істеуге желіктіреді. Нормалар,  авторитарлық тиым салу ретінде және  жұмсау,  сол уайымдаушылықтың тек  көлеңкесі.

Психологиялық теория этикалық   аманатты  құқықтық  міндеттілік  және этикалық адамгершілік деп бөлу қарайды.  Егер біздің этикалық  борышымыз  басқа    байланыста болса, психологиялық  жағынан соған  бекітілген және соған  жатады, ал басқа аманат біздің аманатымызға біздің міндетімізді орындауға талаптанады, яғни бұл жағдайда  әңгіме заңды  аманат туралы болмақ. Екі жақтың арасындағы заңды байланыс,  бір  жағына жатса  және  басқа жағына бекісе, ол  құқықтық  қатынас.

Петражицкийдің негіздеуі  бойынша құқық қоғамдық функцияны  реттейді және оны  ұйымдастырумен айналысады.  Реттеу функциясының мазмұны  мынада, яғни құқықтық психика материалдық   жағдайларды  индивидтердің  және  ұжымдардың арасында бөледі; ол сонымен қатар азаматтарды идеальды  жағдайлармен  қамтамасыз етеді: жеке адамдардың  қауіпсіздігін, сөз  еркіндігімен  және басқалармен қорғайды.  Субъектілерге билікті бөліп беру құқықтың ұйымдастыру функциясының   негізін құрайды.

Информация о работе Құқықтағы мақсаттар мен құралдар