Құқықтағы мақсаттар мен құралдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 22:43, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болады, көп жағдайда олар, бір – бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет, құқықсыз, сол сияқты құқықта мемлекетсіз өмір сүре алмайды (саяси билікті ұйымдастырады, нағыз мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы ретінде көрінеді). Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады кепілдік береді. Тек мемлекет органдары ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.

Содержание

Кіріспе 3
1. Құқық түсінігінің теориялық негіздері 5
1.1 Құқықтың шығу теориялары 5
1.2 Құқықтың белгілері 10
1.3.Құқық қағидалары 11
2. Құқықтағы мақсаттар мен құралдар 16
2.1.Құқықтың мақсаты, түсінігі, түрлері 16
2.2. Құқықтық құрал: ұғымы, белгiлері, түрлері 26
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 33

Работа содержит 1 файл

Курсовая_кукык максат.docx

— 68.68 Кб (Скачать)

Белгілі теориялық қиындықтарға қарамай «тұйықтық»  қоғам өмірінің құқықтық құбылыстарының  оның психологиялық  жағында. Петражцкийдің көптеген  принципальды теориялары,  оның  ішіндегі өзі құрған  түсініктеме  аппараты,   қабылданған   және кәзіргі мемлекетпен  құқық  теориясында  кеңінен қолданылады.

Құқықтық материалистік  теориясы  марксизм – ленинизмнің негізін салушылар мен оларды  жақтаушылардың еңбектерінде  толық баяндалған. Материалистік теорияның негізіне  -  құқық   экономикалық  жағынан үстем таптың еркін  бекітеді.  Мемлекет  сияқты, ол да  таптық  қоғамның  нәтижесі.  Оның мазмұны таптық – ерекшелік сипатта болады. К.Маркс және Ф.Энгельс жазғандай; «Үстемдік етуші индивидтер осы қатынаста өздерінің еркіне,  сол қатынаспен қамтамасыз  етілетін заң түріндегі мемлекеттік ерік беруі қажет».  Сонымен, құқықтың пайда болуы және  өмір  сүруі қоғамдық  қатынастардағы  экономикалық үстем таптың мүдделерін нормативті түрде реттеу  болып табылады.  

Маркстік – лениндік ғылым  құқықтың мәнін оның таптығынан және  материалдық қамтамасыз етілуінен  көреді.  Құқық туралы  буржуазиялық ойларды жоққа  шығарып Маркс  пен Энгельс  былай деп жазған: «Сендердің құқықтарың, тек заңға  айналдырылған сіздердің таптарыңыздың  еркі,  ол еріктің мазмұны сіздердің  таптарыңыздың материалдық өмір жағдайларымен  белгіленеді». Құқықтың экономикалық келісімі маркстік теорияның принципиалды ережелері.

Қазіргі ғылым және қоғам дамуындағы тәжірибе дәлелдегендей өркениетті  қоғамда құқық мемлекеттің  үстінен «билік етеді» қарайды, оның  құрылысын  және қызмет нысанын белгілейді,  қоғамды біріктіру мақсатында тұрақты түрде, объективті құралдарға сай  орындайды.

Құқықтың реттеуінсіз  қоғам өмір сүре  алмайды.

                                1.2 Құқықтың белгілері

 

1. Жүйелілігі. Құқық –  біншеше бөлшектен тұратын жүйелі  құрылыс. Оның бір бөлігі –  табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамсыз етуе  бағытталған құқықтық нормалар  табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының  Конституциясында  былай деп жазылған: «Әркімнің  өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ» (15-бап). [4]

Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы - оны мемлекеттің тануы, корғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.

Нормативтік сипаты—құқықтың  негізгі белгілерінің бірі. Құкық  қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден  тұрады. Қағида — тұлғалардың мінез-құлықтары  туралы ереже. Былайша айтқанда, коғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген  қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан  құқықтың нормалары — тұлғалардың  іс-әрекетінің, мінез-кұлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай  партияға және қай дінге жататынын  өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге  хақылы (Қазақстан Республи-касының  Конституциясы, 19-бап). Тұлғалардың  мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары коғамдық катынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды.

Формальды анықтылық — құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін керсетеді. Құқықты, оны құратын зандарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары зандарды жасайды. Заң — ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандыктан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, кағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.

Құқықтың енді бір белгісі  — мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын камтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде  ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен камтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.

Құқықтың тағы бір белгісі  — адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан  Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктін бірден-бір бастауы — халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен халық заңдарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайда заң тікелей халықты еркін паш етеді. Оған мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазакстан халқының Конституцияны қабылдауы. Конституция — құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге асырады. Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінін шеңберінде нормативті актілер — заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, каулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол — халық үшін қызмет істейді.

                         

                           1.3.Құқық қағидалары

 

Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың  мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша  айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар  өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі  ережеде көрсетілген қалыпқа  бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары — тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім  өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға  және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап). Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау  арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды.

Формальды анықтылық —  құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын  заңдарды, басқа да нормативтік актілерді  жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң — ережелері жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді. [5.189б]

Құқықтың енді бір белгісі  — мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет кұқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде  ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының  Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда  көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға  тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін  ақыға беріледі (25-бап). Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына  қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа  тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.

Құқықтың тағы бір белгісі  — адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан  Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Халық  билікті тікелей республикалық  референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін  жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен халық заңдарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайда заң тікелей халықтың еркін  паш етеді. Оған мысал, 1995 жылдың 30 тамызында  Қазақстан халқының Конституцияны  қабылдауы. Конституция — құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстанда  қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл  көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, оның жүзеге асырады десек, ешбір  асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті  сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің шеңберінде нормативті актілер — заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын  бастау болып есептеледі. Құқықты  құратын нормалар тек бір адамның  немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол — халық  үшін қызмет істейді.

1.Заңдылық қағидасы Парламент қабылдаған қылмыстық заңның құқық қолдану тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында да, сөз жоқ, үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардың жиынтығынан құралады. Оның біріншісі — Қылмыстық кодекстің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған қағидалары мен нормаларын басшылыққа алуы. [6.158б]

Қазақстан халықаралық құқық  нормаларын қастерлейді және халықаралық  шарттар республикада бекітілген уақыттан бастап басшылыққа алынады. Заңдылық қағиданың  екінші бір талабы — қылмыстық  заңның конституциялық заңға негізделуі болып табылады. Конституцияда көрсетілген  негізгі ережелерді қылмыстық заң  сөзсіз бас­шылыққа алуы тиіс. Қылмыстық  кодекстің көптеген баптары осы  конституциялық заңдарға негізделіп кабылданған. Заңдылық қағиданың тағы бір талабы “арнайы заңда көрсетілмейінше  қылмыс та, жаза да жоқ” деген тұжырымға  негізделген.

Қылмыстық заңды ұқсастығы  бойынша қолдануға жол берілмейді. Адамның ойы, пиғылы, дүниетанымы, көзқарасы  конституциялық нормаға қаншалықты қайшы келсе де ол белгілі бір  нақты іс-әрекетпен ұштаспаса  қылмыс ретінде қаралуға тиіс емес. Қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға  қайшы, кінәлі іс-әрекеттер заң шығарушы орган арқылы қылмыс деп табылады. Қылмыс пен жаза туралы мәселелер  қылмыстық заңдарда тікелей көрсетіледі  және оларға тиісінше заңдылық анықтама беріледі. Қыл­мыстық заңда арнайы көзделмеген ретте адамның іс-әрекеті  қылмысқа жатпайды. Қылмыс жоқ жерде  жаза да болмайды.    

2. Азаматтардың  заң алдындағы теңдігі қағидасы. Қылмыс жасаған адам оның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, саяси сеніміне, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катынасына, кәсібінің түрі мен сипатына, сондай-ақ тұрғылықты жеріне және басқа да жағдайларға қарамастан жауаптылыққа тартылады.

3. Жауаптылықтан  құтылмау ақиқаты-қағидасы. Бұл қағида бойынша кез келген адам лауазымдық, басқа да жағдайларға қарамастан өзі істеген қылмысы үшін сөзсіз, міндетті түрде жауапты болады. Бұл үшін қылмыстық-құқықтық жауаптылықты белгілейтін заң нормалары тайға таңба басқандай анық, түсінікті болуы керек. Сөйтіп, ол істелген қылмыс үшін нақты жауаптылықты айқындауы қажет. Жауаптылықтан құтылмау қағидасының жүзеге асырылуы үшін бұл өте керек. Соңдай-ақ, осы қағиданың жүзеге асырылуы құқық қорғау және құқық қолдану органдарына үлкен міндет жүктейді.

4. Жеке жауаптылық  қағидасы. Адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті іс-әрекеттер және бағытталған қауіпті зардаптар үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл қағидаға сәйкес адам өзінің жеке істеген немесе қылмысқа бірлесіп қатысуы арқылы істеген қылмысы үшін сол адамның өзі дербес жеке жауапты болады. Жеке жауаптылыққа сәйкес қылмыстың субъектісі болып есі дұрыс, заңда белгіленген жасқа толған жеке адам танылады. Қазақстанның Қылмыстық кодексі заңды тұлғаларды қылмыс субъектісі деп танымайды. Материалдық, моральдық немесе басқа жағынан келтірілген зияндары үшін тек азаматтар ғана қылмыстық заңға сәйкес жауапқа тартылады.

5. Жауаптылық  қағидасы. Бұл қағиданың мәні сол, кінәсіз қылмыс та болмайды дегенді білдіреді. Қылмыстық жауаптылықта оны істеген адамның іс-әрекетінде кінә болған жағдайда ғана, яғни қылмыс істеген адамның өзінің іс-әрекетіне қасақана немесе абайсыздық түрде білдірген саналы, психикалық қатынасы жатады. Іс-әрекеттің зардабы қанша ауыр болса да, егер ол кінәсіз жағдайда істелсе, ол қылмыс болып табылмайды.

6. Әділеттілік  қағидасы. Мұның мәнісі сол қылмыстық жауапқа және жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Бұл қағиданың жүзеге асырылуы үшін ең алдымен қылмыстық заңның өзінің болуы және істеген қылмысы үшін сот тағайындаған жазаның және қылмыстық-құқық ыкпал ететін өзге шаралар соған сай әділ болуы керек. Әділеттілік қағидасы бойынша бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға болмайды.

7. Ізгілік қағидасы. Ізгілік қағидасы жүзеге асырылуы, ең алдымен, қылмыстық заң арқылы азаматтардың жеке басын, олардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау арқылы көрініс табады.

1997 жылғы Қылмыстық кодекстің  2-бабында адам мен азаматтың  жеке басы, олардың құқықтары  мен бостандықтары қылмыстық  құқық қорғайтын нысандардың  ең алғашқыларының бірі ретінде  көрсетілген. Қылмыстық заң әрбір  азаматқа қажет болған жағдайда  қорғануға құқық береді, іс-әрекеттің  қылмыстылығын жоятын мұндай  мән-жайлар қылмыс болып саналмайды. Қылмыстық заңның бұл нормасы  әрбір азаматтың әлеуметтік белсенділігін  арттыруға, өзінің конституциялық  құқықтары мен бостандықтарын, мүддесін  батыл қорғауға тікелей жағдай  туғызады.

8.Демократизм қағидасы. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, сотталушыларды егер қажет етсе, аудармашының қорғаушының көмегімен камтамасыз ету демократизм қағидасының көрінісі болып табылады.

9.Гуманизм қағидасының мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайындап, кейде әкімшілік жауапкершілікпен ауыстыра отырып, қылмыстық жауапкершіліктен толығымен босатудан, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, ұйымдасқан құрылымдардың мүшелеріне неғұрлым ауыр жаза қолданудан тұрады.

10.Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану қағидасы. Мемлекет қылмыстық қудалауды (жазаны) қылмыс жасаушының түзеудің басқа жолы қалмағанда қолдануға шарасыздан барады. Аталмыш қағиданың көрінісін жазаның көлемі мен салмағын қысқартудан, бас бостандығынан айырмайтын шаралар салмағының өсуінен, орынды жерде оларды әкімшілік немесе қоғамдық ықпал ету нысандарымен ауыстырудан, кейбір қылмыстарды әкімшілік кұкық бұзушылық санаттары қатарына қосудан көрінеді.

Информация о работе Құқықтағы мақсаттар мен құралдар