Сатып алу сату шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 06:46, курсовая работа

Описание работы

Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып табылады. Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар арасындағы сатып алу-сату шарты болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. Өйткені қазір сатып алу-сату күрт өсіп отыр. Курстық жұмысты жазу мақсаты осы шарт түрінің ұғымын, оның мәні мен маңызын, түрлерін ашып көрсету болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1. Сатып алу-сату шарты туралы жылпы ережелері 2
1.1 Сатып алу - сату шартының түсінігі...............................................................2
1.2Сатып алу - сату шыртының элементтері.......................................................5
1.3 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері...............11
2. Сатып алу-сату шартының жекеленген түрлері.............................................21
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.................................................................21
2.2Тауар жеткізілімі шарты …………………………………………………….27
2.3 Кәсіпорынды сату шарты...............................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

Работа содержит 1 файл

Сатып алу сату шарты. Нурсеитов Азат кмп-201.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылықтарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді. Осыған байланысты ұзақ мерзімдер бойы шарт тараптары өнімді тиеп жіберіп, алып тұрады, тауар жеткізілімін жүзеге асыру үшін қажетті көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады.

Тауар жеткізілімі шартын құқықтық реттеудің қайнар көздеріне тікелей Азаматтық кодекс нормалары жатады. Олармен қатар маусымындағы №536 қаулысы, Қазақстан Республикасының министрлер кабинетінің 1993 жылғы 8 шілдедегі № 481 түзету және қосымша енгізген қаулысы жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің тасымалдау туралы нормалары тасымал қатынасының барлығында қолданылады. Ал, егер тауар мемлекет қажеті үшін тасымалданса Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырындағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы мен оны орындауға арналған заңдастырылған нормативті актілері бар.

Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі өзгешелігі болып табылады. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап шарттың бір данасын екінші тарапқа береді. Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және басқа жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн ішінде, егер өзге мерзім тараптармен келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.

Сонымен, акцентантпен қойылған ұсыныстарға жауап беру мерзімі көбею жағынан қарастырылады. Өнім тапсыру туралы ереже бойынша ол 10 күнді құрайды). Алғашқы оферентті шарт жасауға еріксіз көндіруге жол берілмейді өнім тапсыру туралы ереже бойынша сатушының (өндірушінің) шарт жасаудан басын тартқан немесе келіспеген жағдайларға байланысты сұрақтарды және келіспеушіліктерді шешу үшін сот тәртібі қарастырылған еді. Заңнамадағы осы шешім де азаматтық құқықтағы шарттың еркіндігі қағидатының күшеюіне мүмкіншілік береді деп айта аламыз.

Тауар жеткізілімі шартының нысаны жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзімін ұзарту тараптары қол қойған келісім немесе хаттар, факстар, телеграммалар, телетайпрограммалар, радиограммалар арқылы жасалады.

Тауар жеткізілімі шартында шарттың заты мен берілетін тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын (түр-түрін) бағасын анықтайтын, жеткізілетін өнімнің сапасының жағдайлары да бекітілуі керек. Егер шартта осындай жағдайлар көзделмесе, екі тараптың біреуінің талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелінуі мүмкін. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткізілімі шартының міндетті жағдайларына жатқызылған.

Шарттың қосымша жағдайлары болып өнімнің жеткізу тәртібі мен мерзімдері, есеп айырысу тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі, жыл сайынғы спецификациялар туралы келісу тәртібі (ұзақ мерзімді шарттар жасалған кезде). Олар қосымша жағдай болып аталғанға қарамастан, олардың мәні басқа шарттардағы қосымша жағдайларының мәнінен шексіз биік. Олардың жоқ болуы даудың пайда болуына мүмкіндік береді, ал бұл шарттағы тараптардың  құқықтарының  орындалуына  кедергі  жасайды.  Тауар жеткізілімі шартында басқа да қосымша жағдайлар көзделуі мүмкін.

Тауар жеткізілімі шарты әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан және басқа да ұзақ мерзімге.

Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт ұзақ мерзімді деп аталады.

 

Кәсіпорынды сату шарты

 

Кәсіпорынды сату шартының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодестің 493-500 баптарында қарастырылған.

Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы сатып алушының меншігіне кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде беруге міндеттенеді, ал сатып алушы қабылдауға және келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді.

Шарттың ерекшеліктері:

«шарт консенсуалды, екі жақты, ақылы;

«кәсіпорын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдалынатын мүліктік кешен болып табылады;

«Кәсіпорын құрамына кіретіндер:

«жер учаскілер;

«ғимараттар;

« құрал»жабдықтар, шикізат, дайын өнімдер;

«талап ету құқықтары, қарыздар;

«кәсіпорынды дараландыратын айрықша құқықтар (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі);

«кейбір міндеттер мен құқықтар сатып алушыға ауыспайды (мысалы, лецегзияцы қвзмет, жумыс түрлері);

«кәсіпорынның қызметкерлеріне, жұмысшыларына қатысты құқықтары мен міндеттері сатушыдан сатып алушыға еңбек заңнамасына сай ауысады;

«кәсіпорынды сату сатылары:

«кәсіпорынның құрамы мен бағасын анықтау;

«кәсіпорынды сатып алу»сату шартын жасау;

«кәсіпорынның сатылатыны жөнінде несие берушілерді хабардар ету;

«өткізу актісін жасау арқылы кәсіпорынды сатып алушыға беру;

«кәсіпорынға меншік құқығының ауысуын мемлекеттік тіркеу.

Шарт жай жазбаша нысанда жасалады және мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Шарт мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап жасалған болып табылады.

Кәсіпорын сатып  алушыға екі талап өткізу актісіне қол қойған сәттен бастап ауысты, деп саналады. Осы сәттен бастап кәсіпорын құрамындағы мүліктің кездейсоқ жойылуы және бүлінуі қаупі сатып алушыға ауысады.

Сатылатын кәсіпорынның несие берушілері кәсіпорын сатып алушыға берілгенге дейін жазбаша түрде хабардар етілуі тиіс.

Кәсіпорынның сатылатыны жөнінде хабар алған несие беруші, өз алажағынның жаңа сатыпалушығы ауысуын қаламаса, хабар алған күннен бастап 3 ай ішінде сатушының міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауын немесе тоқтатуын және келтірілген шығында талап етуге немесе кәсңпорынды сату шартын толықтай яки белгілі жарамсыз деп талап қоюға құқылы.

Кәсіпорынның сатылатыны жөнінде хабардар етілмеген несие беруші, кәсіпорынның сатушыдан сатып алушыға берілгенін білген немесе білуі тиіс күннен бастап 1 жыл ішінде сотқа талап қоюға құқылы.

Несие берушінің келісімінсіз сатылғани кәсіпорын құрамына енгізілген қарыздар бойынша сатушы мен сатып алушы несие беруші алдында ортақтасқанижауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 Біз өте күрделі тақырыпқа біршама бойлап ендік. Соның арқасында азаматтық айналым қатынасының қатысушылары арасындағы сатып алу-сату қатынастарын реттейтін шарт жөнінде, сатып алушы мен сатушының құқықтары мен міндеттері туралы біршама мағлұмат алдық. Шамалы да болса олардың түрлерін саралап, ара жіктерін айыра алатындай болдық. Отандық цивилистиканың қазіргі даму сатысында әдебиеттердің аздығы мені біршама ойландырып тастады.

Қорыта келгенде  курстық жумыстын тақырыбымды толықтай ашып, сатып алу сату шартының түрлеріне тоқталып, қарастырып алдым. Осы курстық жұмысымды жазуда жинақтаған білімім маған келешекте қызмет етер деген сенімдемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Нормативтік құқықтық актілер

1.      Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.

2.      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 20011 ж. 

Арнайы әдебиеттер

1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.

2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.

3. Қыстаубай Ө.С. Азаматтық құқық. Оқу құралы-Алматы, «Асыл Мұра», 2011. – 324 б.

 

 

 

 

 

 

28

 



[1] Тархов В. П. Аталған жұмыс. 114, 115 б.

 

[2] Диденко А.Г Басин Ю.Г. Иоффе О.С. ж.б. Гражданское право.  Алматы: казГЮУ АПО/24 1999/126 б


Информация о работе Сатып алу сату шарты