Сатып алу сату шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 06:46, курсовая работа

Описание работы

Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып табылады. Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар арасындағы сатып алу-сату шарты болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. Өйткені қазір сатып алу-сату күрт өсіп отыр. Курстық жұмысты жазу мақсаты осы шарт түрінің ұғымын, оның мәні мен маңызын, түрлерін ашып көрсету болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1. Сатып алу-сату шарты туралы жылпы ережелері 2
1.1 Сатып алу - сату шартының түсінігі...............................................................2
1.2Сатып алу - сату шыртының элементтері.......................................................5
1.3 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері...............11
2. Сатып алу-сату шартының жекеленген түрлері.............................................21
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.................................................................21
2.2Тауар жеткізілімі шарты …………………………………………………….27
2.3 Кәсіпорынды сату шарты...............................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

Работа содержит 1 файл

Сатып алу сату шарты. Нурсеитов Азат кмп-201.doc

— 208.50 Кб (Скачать)


 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

1. Сатып алу-сату шарты туралы жылпы  ережелері

1.1 Сатып алу - сату шартының түсінігі...............................................................2

1.2Сатып алу - сату шыртының элементтері.......................................................5

1.3 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері...............11

2. Сатып алу-сату шартының жекеленген түрлері.............................................21

2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.................................................................21

2.2Тауар жеткізілімі шарты              …………………………………………………….27

2.3 Кәсіпорынды сату шарты...............................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ              32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

             

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Өткен жылдардың ішінде жаңа мемлекеттік органдар - Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес т.б. құрылды. Олар жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер атқаруда. 1995 жылдың тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция жана мемлекеттік органдарды зандастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті.

Біздің өз мемлекетімізді, оның органдарының құрылымы мен атқаратын қызметтерін білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол мемлекет өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет. Ол үшін Республиканың зандарын оқып үйрену қажет. Өйткені ол заңдарда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жарияланып қана қойған жоқ, сонымен бірге сол құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың, пайдаланудың жолдары мен тәсілдері де көрсетілген.

Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып табылады. Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар арасындағы сатып алу-сату шарты болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. өйткені қазір сатып алу-сату күрт өсіп отыр. Курстық жұмысты жазу мақсаты осы шарт түрінің ұғымын, оның мәні мен маңызын, түрлерін ашып көрсету болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Сатып алу-сату шартының түсінігі

 

Сатып алу-сату шарты бұл — мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.

Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық зандары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.

Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.

Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойыыша жеткілікті екенін болжауға бо­лады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа езге де заттық құқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.

Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және онын құрған заңды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: "Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті". Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пай­да болатыны анық.

Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойын­ша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байла­нысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25 тарауда мазмұнданған жалпы  нор­малар тарайды.

Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.

Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшш арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Соны­мен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энер­гиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.

Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.

Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.

Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).

Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъектиетік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін. Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің) өзгеруіне (ауысуына) әкеледі. Көрсетілген белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігерлік қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердігер оның сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкін.1

 

Сатып алу сату шартының элементтері

 

Басқа да құқықтық қатынастарда сияқты, сатып алу-сату шартының элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша да субъект, объект және мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде "оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеулі шарттар да, мерзімі, нысаны мен мазмұны, яғни екі жақтың құқықтары мен міндеттері жатады" деген И.В. Елисеев және басқа да авторлардың пікіріне өзіміздің келіспеушілігімізді білдіреміз. Мұндай көзқарас азаматтық құқықтың неғүрлым тұрақты теориялық ережесіне теріс ықпал етеді, түсініктің шынайы мәнін жоғалтуға әкеледі.

Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады. Біріншіден, бұл — сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы.

Екіншіден, бұл — адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас. Ең соңында, сатып алу-сату шарты бұл — азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған құқықтық реттеудің арқасында (көмегімен) құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан — құқықтық қатынас нысаны.

Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді.

Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.

Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысанда жасалуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады. Азаматтық кодекстің 494-бабы кәсіпорынның сатып алу-сату шартының бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен жасалған деп есептеледі.

Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша төменде қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтеміз. Арнайы құқықтық қабілетті иемденетін заңды тұлғалар сатып алу-сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабілеттілік шеңберінде қатыса алады, яғни бұл жерде әңгіме қандай да бір оның жалпы шеңбері туралы жүрмейді, құқықтық қабілеттілік көлемі әрбір жекелеген құқықтық қатынаста нақтылануы қажет. Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығында мүлкі бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мүлікті, сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне кейбір қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы" Заңының редакциясындағы Азаматтық кодекстің 200-бабының 2-ші тармағы. Егер мемлекеттік келісімшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттің құқық қабілеттілігі шектелмеген, бірақ. олармен жасалатын шарттардың мінезі, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық және басқа да функциялармен (қызметтермен) анықталады.

Информация о работе Сатып алу сату шарты