Сатып алу сату шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 06:46, курсовая работа

Описание работы

Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып табылады. Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар арасындағы сатып алу-сату шарты болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. Өйткені қазір сатып алу-сату күрт өсіп отыр. Курстық жұмысты жазу мақсаты осы шарт түрінің ұғымын, оның мәні мен маңызын, түрлерін ашып көрсету болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1. Сатып алу-сату шарты туралы жылпы ережелері 2
1.1 Сатып алу - сату шартының түсінігі...............................................................2
1.2Сатып алу - сату шыртының элементтері.......................................................5
1.3 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері...............11
2. Сатып алу-сату шартының жекеленген түрлері.............................................21
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.................................................................21
2.2Тауар жеткізілімі шарты …………………………………………………….27
2.3 Кәсіпорынды сату шарты...............................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

Работа содержит 1 файл

Сатып алу сату шарты. Нурсеитов Азат кмп-201.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне олардың құқық әрекет қабілеттіктерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелерді жасауга  олар өзінің қамқоршысының келісімі болғанда ғана құқығы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27-бап, 1-тармақ). Егер жүйелі түрде жүзеге асырылатын сауда-саттық қызметі туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кәсіпкер мәртебесіне иемденген соң ғана оны жүргізе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен жүргізілүі мүмкін. Негізінен: "Құқықтық қатынас субъектілері болып, жеке басымен және мүлкімен оқшауланған, құқықтарға ие болатын және міндеттерді көтеретін тұлғалар табылады" Қазакстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердің азаматтық құқығы сияқты құқықтық қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серіктестіктердің) қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтірілген анықтаманың дұрыстығына әсерін тигізбейді.

Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі). Құқықтық қатынастың объектісін  материалды  (заттық), заңды, идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтық-құқықтық шарттар үшін де жарамды болып табылады.

Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасына (затына), заңды және идеологиялық объектілеріне иемденеді.

Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Де­генмен, қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнімнің еапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы жағдайын барынша "күшейтуге" әрекет етеді.

Заттар сатып алу-сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрі болып табылады. Кез келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжитын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін.

Тектік заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуі қажет екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестіріледі және осындай түрінде сатып алу-сату шартының нысанасы бола алады. Егер әңгіме жекеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді. Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы "болашақ заттар" болып келгенде де орын алады.

Тауар әлі өндірілмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа елдерінің сауда құқығы жүйесіндегі бұған қатысты үш түрлі көзқарас бар: біріншіден, кез келген жағдайда сатушы шартта көрсетілген нысананы табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті (ол табиғатта бар болғанмен теңестіріледі), егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, ол шартты бұзушы болып саналады; екінші көзқарас бойынша, егер тауар сатушының әрекетіне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына иемденбесе, шарт "нысананың болмауы" салдарынан тоқтатылады, ең соңында, егер сатып алушы өзіне белгілі себептермен тауардың қалай болса да жеткізілгеніне үміттенетін болса, онда шарт нысанасы тауар емес "сатып алушының үміті" болып табылады.

Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуінің негізгі мәнін көрсету үшін келтіріліп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт орындалмауының, сатып алу-сату шарттары тиісті орындалмауының тәуекелі үлесуіне, екі жақтың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Нысана ерекшелігі сонымен бірге сатып алу-сатуды жүзеге асыру тәртібіне де әсер етеді, мысалы, шетелдік сатып алу-сату Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" Заңына және оның орындалуы ұшін қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерге сәйкес жүргізілетін болады.

Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы"; "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу туралы" Зандармен, сонымен бірге, заңға тәуелді нормативтік актілермен реттеледі. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алу-сату жекелеген заң актілері бекіткен ережелерді сақтаумен жүргізіледі, мысалы, Қазақстан Республикасының "Қарудың жекеле­ген түрлерінің айналымы үшін мемлекеттік бақылау туралы" Заңымен ж.б.

Күшінде болып келетін ҚР Азаматтық кодексі 406 бабының 4-ші тармағында мүліктік құқықтар сатып алу-сату шартының нысанасы болып келуіне қатысты жалпы мәндегі норма бекітілген. Мүліктік құқықтарды беруге қатысты мәмілелер кең таралуды иемденеді, оларға тауар биржаларында жасалған, жекелеп алғанда оларға биржалық тауарлар жеткізілімі шартына немесе биржалық тауарлар қатынасындағы міндеттер мен құқықтарды болашақта өткізу, құқықтарды сату шарттары жатады. (Қазақстан Республикасы Президентінің "Тауар биржалары туралы" заң күші бар Жарлығының 5 бабының 1-ші тармағы. Патенттік құқықтарды беруде нысанасы мүліктік құқық болып келетін сатып алу-сату шарттары жасалуына әкеледі.

Шарт заты (нысанасы) туралы келісім сатып алу-сату шартының бір ғана елеулі жағдайы болып табылады.

Егер шарт тауарлардың атауын жоне санын айқындауға мүмкіндік берсе, нысанаға қатысты жағдай келісілген деп есептеледі. (407-бап 3-ші тармақ). Сатып алу-сату шартының бағасы дегеніміз, оны алуға сатып алушының немесе онымен көрсетілген үшінші тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түріндегі қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 383-бабының 1-ші тармағында бекітілген шарт бойынша бағаны қалыптастыру бостандығына негізделеді. Тарифтер, баға белгілеу, ставкалар және т.б. заңдық актілерде қарастырылған жағдайларда уәкілді мемлекеттік органдармен орнатылады. Орталықтандырылған тәртіпте орнатылған баға белгілеу, тарифтерден кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өздері қойған бағаны, тарифтерін ажырату қажет.

Монополистік қызмет субъектілерімен өткізілетін тауарларға баға орталықтандырылған тәртіппен қойылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының аумағында табиғи монополияны реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттік төрағасының 1999 жылдың 25 тамызында бекітілген "Мемлекеттік кәсіпорындармен монопольді қалыптасатын қызметтерге бағаны реттеу Ережесі" сонымен бірге, 1998 жылдың 14 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының бәсекені қорғау және табиғи монополия субъектілерінің қызметтері мен жұмыстарына баға (тарифтер) енгізу, бекіту, қарастыру, ұсыну тәртібі туралы нұсқау қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Жарлығының 40 бабының 1-ші тармағы қазыналық кәсіпорындар мен өткізілетін тауар бағалары өкілетті органмен қойылатынын қарастырады.

Жарлықтың аталған бабының екінші бөлігі 1999 жылдың 4 қазанындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының редакциясында қазыналық кәсіпорындар мен монополиялық өндірілетін тауарларға бағаны мемлекеттік реттеуді қарастырады.

1999 жылдың 23 қазанындағы "Алкогольді өнімдерге минимальді бағаны қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен алкогольді өнімге ең төменгі шектегі баға койылған.

Басым көпшілік жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың бағасы өзінде нақты келісілмесе және оның жағдайларымен анықталмаса, онда бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді. Мұндай жағдайда тауар бағасы бойынша әдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда, негіз ретінде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар салмағына байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ бойынша анықталады.

Бұл сатып алушы үшін қолайлы ереже, әсіресе ыдыстың салмағы үлкен немесе тауар қымбат болса және салмақтың кішігірім өзгеруі (көбеюі) тауардың елеулі қымбаттауына әкелсе.

Егер шарт тауар бағасы оны негіздейтін көрсеткішке байла­нысты өзгертілуге жататынын қарастырса, бірақ бағаны қайта қарау тәсілі анықталмаса, баға шартты жасасу кезеңіндегі және тауарды беру бойынша міндетті орындау уақытындағы көрсеткіштердің өзара қатысуымен анықталады. Яғни тауарды оны өткізу кезеңінде өз құны көтерілуі немесе төмендеуіне қарай шарт бойынша оның бағасы тиісті дәрежеде көтерілуі немесе төмендеуі қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодекстің 438-бабының 3-тармағында бекітілген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты жасасқан кездегі көрсеткіштердің және шарт бойынша ұсынылатын тауарларды сақтандыру, тиеу, буып-түю, сатып алу, өндіру кезінде қалыптасатын олардың өзіндік құны (шығындар) қатысуының негізінде анықталуы керек. Осымен бірге Азаматтық кодексте сатушының мерзімді өткізіп алуынан сатып алушының мүдделерін қорғауға арналған норма да жетік емес деп табуға болады. Ол тек тауар құнын (бағасын) төмендетуді қарастыруы қажет, бірақ 438-баптың 3-ші тармағымен мәселе былайша шешілмеген. Сатып алу бағасын төлеудің мерзімін сатып алушы өткізіп алса, онда ол үшін баға тек көтерілу бағытында өзгеруі қажет. Өкінішке орай бұл да Азаматтық кодексте көрініс таппаған. Құқықтық қатынастар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екі мәнде түсіндірілетінін айтқан жөн. Біріншіден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл  құқықтық реттелетін қоғамдық қатынас. Сонымен бірге мазмұн деп екі жақтың құқықтары мен міндеттерін (заңды мазмұнды) қарастырады.

В.А. Тархов мынадай мысал келтіреді: бір субъект екіншісіне қандай да  бір затты сатады және олардың арасында материалды экономикалық қатынас қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажетті затты алады, баламалы айырбас жүреді. Айырбасқа қатысушылар шарттан қандай құқықтар мен міндеттер шығатынын ойламауына болады. Біз осымен келісе алмаймыз. Ақырында заңдық мазмұн меншік құқығына иемденудің жалпы заңдық мақсатымен анықталады. Шартқа қатысушылардың түсінігі меншікті иемденудің экономикалық мақсатымен ғана шектеледі деп болжау артық болар еді, мұндайға қазіргі өмірдің өзі де мүмкіндік бермейді. Теориялық тұрғыда болса, онда сатып алу-сату шартының экономикалық және заңдық мазмұндарын ажыратуға талпыну мүмкін. Біріншісі заңдық мазмұн, ол құқықтар мен міндеттердің жеткілікті үлкен жиынтық элементтерінен құралады. Кейбір құқықтар шарт негізін қалайды, ал өзгелері қосымша (көмектесу) мәнге ие бола алады. Құқықтық қатынастар мазмұнын оның қатысушыларының жүріс-тұрысы құрайды дегенді толығымен дұрыс деп тануға болмайды. Аталған жағдайда құқықтық қатынас пен оның мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастар түсінігін араластырып алу орын алады. "Нысан (құқықтық қатынас) өзінің мазмұнына тараптардың құқықтары мен міндеттерінен, ал мазмұн  (реттелетін қатынас) өз қатысушыларының әрекеттерінен, олардың қызметтерінен қалыптасатын өз мазмұнын иемденеді"[1].

Дегенмен, сатып алу-сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама байланысты иемденетін қатысушылардың айырықша заңды жүріс-тұрысы (әрекеттері) барлығын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта мен акцепті, келіспеушілікті реттеуді, жедел шараларды қолдануды және бас­ка да әрекеттерді жатқызуға болады.

Шарт мазмұнына қатысты жалпы көзқарастар осындай.

2. Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері

 

Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.

Тауардың саны. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезінде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиымдылығымен бекітілсе.

Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып алу-сату шарттарын қарастырсақ сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған байланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады. Тауардың сапасын анықтаудың үшінші амалы сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны) қолдану. Шартта сатып алушыға, әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті.

Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларының тікелей әсер етуі ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие болады. Егер тараптардың арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті сапалы затты беру міндеті өзгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгілі болып келетін мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге міндетті.

Тұрақты нарықты экономикасы бар елдер соттарының тәжірибесі осындай жағдайларда сатушының жеке басына және са­тып алушының жеке басына назар аударады. Егер сатушы болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын (белгілі бір саладағы маман) субъект болса, тауар сапасының талап етілетін мақсатқа сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті. Егер де сатып алушының біліктілігінің дәрежесі әлдеқайда жоғары болса, онда осы мәселе басқаша шешіледі. Мысалы: өндірістік кәсіпорын (қазіргі заманның ұйымдастыру құқықтық нысанында мұрагер өндірістік тағайындалуы бар мұрагерден сатып алғалы тұр. Мұрагер болса оның техникалық қасиеттерін мүлдем білмейді. Осындай жағдайда сатып алушы тауарды сатып алам деп шешім қабылдайтын болса, онда тауардың тиісті сапасы бар деп есептелуі керек, бірақ тауарды мақсатына сәйкес пайдалануға мүмкіншілік бермейтін жасырын кемістіктерге қатысты наразылық ұсыну құқығы сақталуы керек.

Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойын­ша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері) бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде өзін тиісті сапалы тауар беру бойынша міндетінен босата алады.

Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті. (Олар стандартпен, техникалық жағдайлармен қарастырылған). Тауардың сапасына қойылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасының "Сертификациялау туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасы "Стандарттау туралы" Заңымен және заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.

Информация о работе Сатып алу сату шарты