Сатып алу сату шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 06:46, курсовая работа

Описание работы

Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып табылады. Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар арасындағы сатып алу-сату шарты болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. Өйткені қазір сатып алу-сату күрт өсіп отыр. Курстық жұмысты жазу мақсаты осы шарт түрінің ұғымын, оның мәні мен маңызын, түрлерін ашып көрсету болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1. Сатып алу-сату шарты туралы жылпы ережелері 2
1.1 Сатып алу - сату шартының түсінігі...............................................................2
1.2Сатып алу - сату шыртының элементтері.......................................................5
1.3 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері...............11
2. Сатып алу-сату шартының жекеленген түрлері.............................................21
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.................................................................21
2.2Тауар жеткізілімі шарты …………………………………………………….27
2.3 Кәсіпорынды сату шарты...............................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

Работа содержит 1 файл

Сатып алу сату шарты. Нурсеитов Азат кмп-201.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының Азаматгық кодексінің 447-бабы көпшілікке арналған түсініктемесін береді. Жарналы офертаның негізінен бұл дегеніміз тұлғалардың белгісіз қатары (санына) бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасау жөніндегі ұсыныс. Кәсіпкерлер кейбір реттерде тұтынушыларға тауарды көтерме баға бойынша алуды ұсынатыны офертаның осы мінезіне әсер етпейді, сондай ұсыныстар негізінде жасалған шарттар бөлшектеп сатып алу-сату шарттары (тұтынушылық) болып қала береді. Жарна офертасы жасалған кездегі сатушының әрекеттеріне келейік. Сатушы тауарды көрсетеді (көрмеге қояды). үлгілерін көрсетеді, сатылатын тауарлар туралы мәліметтерді береді (бейнелеу, каталогтар, фотосуреттер ж.б.). Мәліметтер тауар сатыла­тын жерде беріледі.

Кәсіпорындар (дүкендердің) әйнектерінде, тек саудада бар болып келетін тауарлар қойылуы керек. Әйнектің ішінде болып келетін тауарлар тұтынушылардың талабы бойынша олардың сапасы тексеріліп сатылады. Тауардың әрбір үлгісінде онда тауардың атауы, бағасы (бір келі, дана және тауардың өзге мөлшері үшін) салмағы көрсетілген қағазы болуы керек. Қажетіне қарай жыл кезеңіне, жаңа тауарлардың түсуіне және кәсіпорындардың өзге жағдайларына қарап дүкеннің әйнектері жаңартылады,

Инвентарь (құралдар) және көрме әрлеуші композиция элементтері мен тауар үлгілері сатылмайды. Осыған сәйкес олардың әйнек ішінде тұруы оферта болып есептелінбейді. Оферта жарамдылығын мойындау үшін алып-сату шартында оның бағасы, т.б. көрсетілудің қажеттілігі жоқ. Оның әрекеттері оферта сияқты бағаланбауы үшін сатушы тауарлар сатуға арналмаған екенін айқын көрсетуі керек. Егер тауар тұлғалардың белгісіз санына оның сатылуының орнынан тыс жарнама, каталоггар және өзге бейнелеулер арқылы ұсынылса, бірақ сатып алу-сату шартының елеулі жағдайлары көрсетілмесе, бұл жарна оферта болып қарастырылмайды.

Ұсынысты қабылдау (акцепт) туралы айтып кетейік. Сатып алушы тарабынан ол көпшілік жағдайларда тауардың бағасын төлеу арқылы жасалады.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны. Әдетте бөлшектеп сатып алу-сату шарттарының нысаны ауызша болып келеді, осымен қатар бұл шарттарды жазбаша нысанда жасау мүмкіншілігі де жоққа шығармайды. Жазбаша нысан тараптардың құқықтары мен міндеттері болашақ уақытқа арналса орынды болып келеді. Мысалы, тауарлар алдын-ала тапсырыстар негізінде, пошта арқылы жіберу жолымен сатылады, жеңіл автокөлік сатылады ж.б.

Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шар­тында, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулалардың немесе өзге де стандарттық нысандарының талаптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегін немесе тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған болып есептеледі. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және жағдайларын растау үшін куәлік айғақтарға сүйену мүмкіндігінен айырмайды.

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң төмендегілерді реттейді: тұтынушылардың тауар туралы ақпарат алуы кезіндегі қарым-қатынасты, сапаға сәйкес келетін тауар ауыстырып алуды, тұтынушылардың оларға сапасы тиісті болып келмейтін тауар сатылғанына, жұмыстар орындау, қызмет көрсету туралы шарттардың бұзылуына байланысты құқықтары, тұтынушылар өздерінің өмірімен денсаулыққа құқықтарын асырғанына байланысты қатынастарды. Жоғарыда аталғандар мен оның элементтері бөлшек сатып алу-сату шарттарындағы тараптар қарым-қатынастары ерекшелігінің түйінін құрайды.

Шарт бойынша, сатушы болып тек қана кәсіпкер тауарларды сататын ұйым немесе азамат келе алады. Және де, бөлшек сауда лицензияланатын жағдайларды қоспағанда, бұған қатысты аса шектеулер жоқ. Яғни, жалпы тәртіп бойынша бөлшек сауда лицензиясыз жүзеге асырылады. Бөлшек сауданы лицензиялау бөлек заң актілерімен қарастырылады. Мысалы, сырадан басқа алкогольдік өнімді лицензиясыз сатуға болмайды, осы талап шетел валютасына сауда жасауға, шетел валютасын сатуға, қару-жарақ т.б. тарайды.

Сатып алушы, әдетте жеке тұлға болып келеді. Заңды тұлғалар тауарды бөлшек сауда кәсіпкершілік қызмет үшін емес, өзге осы сияқты пайдалану үшін сатып алады. Сонымен заңды тұлға осы сияқты келісімшарт қатынасына ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешу, жұмысшылардың дұрыс демалысын ұйымдастыру, олардың тұрмыс-материалдық жағдайын қамтамасыз ету үшін кіріседі. Айналымда шектелген тауарлары сатып алушының сол затты алуға арнайы рұқсат қағазы болуы қажет.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысанасы айналымнан алынып тасталмаған кез келген заттар болуы мүмкін. Олардың қатарына жеке сипаттарымен де тектік сипаттарымен де анықталатын заттар жатады. Бір ғана тауар бөлшек сатып алу-сатудың да тауар жеткізілімі шартының да нысанасы бола алады (егер мысалы, жеңіл автокөлікті өз мұқтажында көлік ұйымы сатып алса). Егер автомобиль сатушысы жеке тұлға болса, онда бұл Азаматтық кодекстің жалпы нормаларымен реттелетін қарапайым сатып алу-сату шарты болып келеді. Қолда бар затты сатумен қатар келешекте пайда болатын заттар да сатылуы мүмкін. Келешекте пайда болатын заттар каталогтарға енгізілуі, ал өздері болса өндірісте әлі де шығарылмауы мүмкін. Бөлшек сауда болашақ (келешектегі) заттар сатылатыны тұтынушының жағдайын ешқалайша нашарлатпауы, оған тәуекелдерді жүктемеуі керек. Бұл шартты сипаттайтын ерекшелік — шарт шынайы орындалғанға дейін барлық тәуекелдер сатушының мойнында болып келеді.

Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны. Сатушының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарында бірңеше ерекше міндеттері бар. Бөлшек сатып алу-сату шартын жасамақ алдында сатушы сатып алушыға тауар туралы қажетті және сенімді ақпарат беруі керек.

Кәсіпқой ретінде сатушы сатып алушыға берілетін ақпарат мазмұнын өзі айқындайды. Дегенмен, ақпарат өзіне міндетті кезендерді енгізуі қажет: олар, баға жөніндегі сенімді және қажетті хабар; алушының қызықтырған өнім туралы тұтынушылық қасиеті жайлы мәлімет, затты тұтыну жайлы ереже, оны сақтау және қауіпсіз пайдаға асыру тәртібі. Ал азық түлік өнімдеріне қатысты өнімнің құрамы, қуаттылығы, денсаулыққа зиянды заттар құрамы және сақталу мерзімі туралы ақпарат берілуі тиіс. Бұл ақпарат тұтынушыға тек ауызша түрде жеткізілмейді, сонымен қатар өнімнің техникалық құжаттамасында көрсетіледі, тауарда өнімнің дайындалған және сатылған мерзімі, өзге де белгілері болуы керек. Олар тауарға сауданың бір немесе өзге саласында қолданылатын тәсілдермен соғылады.

Азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, косметика бұйымда (уақыт өте келе бұзылатын өнімдер) пайдалануға берілген мерзімі пайдаланудан шығатын уақыты көрсетілуге міндетті. Кейбір тауарлар өзінің тұтынушылық қасиетін мерзімінен ерте жоғалтып алады. Сатып алушыға бұл жағдай да ескертілуі қажет, ал тауар уақытынан ерте бұзылған кезде оны сатуға шығаруды тоқтату керек. Сатып алушы шартта отырғанға дейін тауарды көруге, оның қасиетін көзінше тексеріп алуға құқылы.

Сатушы сатуға шығарған бұйымның сатып алушының өзі мен жанұя мүшелерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуге міндетті. Осыған сәйкес, тұтынушы өнімінің көрсетілген мерзім ішінде қауіпсіздігін талап етуге құқылы. Өнімнің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігіне қатысты талаптар міндетті болып келеді және мемлекеттік стандартқа сай анықталады. Мұндай өнім міндетті түрде сертификатталады, ал өнімде оның стандарттар талаптарына сәйкес келетінін растайтын белгісі болмаса өнімді сатуға және пайдалануға тиым салынады.

Егер өнімді қауіпсіз пайдалану және оны сақтау мен тасымалдау үшін арнайы ережелер сақталу керек болса, өнімді өндіруші сол ережелерді өңдеуі керек, ал сатушы оларды тұтынушының есіне салуы қажет. Өнімді тарату және өндіріс орыңдарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды бақылау арнайы мемлекеттік органдарға (өнімді стандарттау және сертификациялау, санитарлық және эпидемиологиялық қызмет және т.б.), тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдарына жүктеледі.

"Тауар этикеткаларында тауар туралы мемлекеттік және орыс тілінде ақпарат талап ету" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамызда №1 274-шешімі қабылданды. Мұның мақсаты тұтынушылардың сатып алатын өнімінің адам денсаулығына зиянсыздығын анықтау туралы мәлімет беру. Бұған 2000 жылғы 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметтің №44 қаулысымен өзгеріс енгізілді.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты сатушының тауарды жеткізіп беру міндетін қарастыруы мүмкін. Азаматтық заңға сәйкес бұл екі жағдайда жүзеге асады. Біріншіден, бөлшек сатып алу-сату шарты үлгілер жүйесінде жүзеге асса, яғни сатып алушының тауардың үлгісімен танысуы (тауардың суреттемесі мен каталогы) арқылы жасалса. Егер заң актілерімен немесе шартпен басқа жағдай (талап) қарастырылмаса, сатушы тауарды шартта көрсетілген мекенжайға мысалы азаматтық жұмыс орнына жеткізіп берсе,  келісімшарт  орындалған  болып есептелінеді.

Тауарды беру орны шартпен анықталмаса, онда тауар азаматтың тұрғылықты жеріне немесе заңды тұлғаның тұрған жеріне (орналасқан  жеріне) жеткізілген соң тауар берілген болып есептеледі. Осы міндетті орындау мерзімі қисынды қажетті уақыт кезеңімен анықталады.

Екіншіден, бөлшектеп сатып алу-сату шарты арнайы тауар­ды сатып алушыға жеткізіп беру талабымен (жағдайымен) жасалуы мүмкін.

Осындай шарт жасалса сатушының және сатып алушының араларында жеткізу мерзімі туралы, сол сияқты сатып алушы сонда қабылдауды жүзеге асырғысы келетін қандай да болсын жер көрсетіледі. Өзгешелік заң актілерімен әлде шартпен қарастырылмаса, болмаса міндеттеме мәнісінен туындамаса сатушы тауарды сатып алушыға бергеннен кейін, ол жоқ болса квитанцияны немесе шарт жасалғанын растайтын өзге тұлғаға берген­нен кейін, шарт орындалған болып есептеледі. Қазіргі уақытта оларды жасаған кезде ешқандай құжат толтырылмайтын, тауар­ды жеткізіп беру міндетін қарастыратын бөлшектеп сатып алу-сату шарттары кең тарады. Мысалы, телефон арқылы дайын тағамдарға, өзге тауарларға тапсырыс беріледі.

ҚР АК 451-бабымен бөлшектеп сатып алу-сату шартының автоматтарды пайдалаиа отырып тауар   сату сияқты бөлек түрі реттеледі. Автоматтарды пайдаланып тауарды сату негізінен сатушының міндеттерін өзгертпейді. Автоматты жүйемен сауда жасау кезінде автомат иесі  (меншік иесі болу шарт емес) сатып алушыға тауар туралы ақпарат беруі керек  (аты, саны, әр бірліктің бағасы т.б.). Сонымен қатар тауар сатушы  туралы ақпарат та автоматты жүйеге енгізілуі қажет, оған сатушының атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері, оның жұмыс кестесі туралы деректер жатады. Сол сияқты тауарды алуы үшін сатып алушы жасауы керек әрекеттер тізіліп аталады.

Егер сатып алушыға ақысы төленген тауар берілмесе сатушы сатып алушыға дереу берілуі немесе тауар үшін төленген ақшалай соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті.

Сатып алушының құқығы мен міндеттері. Сатып алушы сатып алынған тауардың ақысын төлеуге міндетті. Шартқа отыру кезі мен ақы төлеу кезі сәйкес келген жағдайда сатып алушының жалғыз міндеті затты қабылдап алу.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша, сатып алушы затты қабылдағанда, оның берілген тауардың сапасын тексеру мен оның жедел түрде жіберілген кемшіліктері туралы хабарлау емес, затты нақты қабылдау бойынша әрекеттері (затты қолма қол алу, накладнойға қол қою ж.б.) маңызды болып келеді. Сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша тауардың сапасы үшін сөзсіз жауап береді.

Тараптар сатып алушы тауарды белгілі уақытта қабылдап алатынын қарастыратын шартты жасай алады, сол мерзім ішінде тауар өзге сатып алушыға сатылуы мүмкін. Егер шартпен өзгеше қарастырылмаса белгіленген мерзімде сатып алушының тауарды қабылдамауы, әлде тауарды қабылдау үшін қажетті өзге әрекеттерді жасамауы сатып алушының шарттан бас тартуы болып бағалануы мүмкін. Тауарды белгіленген мерзімде беруді қамтамасыз еткен сатушының қосымша шығындары тауар бағасына қосылады.

Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары тауар ақысы алдын ала төлену міндеті бекітіліп немесе тауар кредитке, не ақысы бөлініп төленетін болып сатыла алады. Бұл жағдайда сатып алушы ақы төлеу мерзімін сақтауға міндетті. Бірақ сатып алушы тауар ақысын алдын ала төлемесе, бұл оның шарттан бас тартқаны болып қана есептелінеді, яғни бөлшектеп сатып алу-сату шарттары бойынша сатып алушыға негізінен шарттың бір жақты бас тарту құқығы беріледі.

Егер тауар кредитке, оның ішінде тауар ақысын бөліп-бөліп төлеу қарастырылып сатылса, онда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353-бабы бойынша сатып алушы өтіп кеткен соманы төлемегені үшін салынатын айыппұлды төлемейді.

Сатып алушының сатып алынған сапасы тиісті болып келетін тауарды айырбастап алу құқығы бар. Яғни тауар тек көріктілік жағынан оны қанағаттандырмаса, оның тек түсі, дизайны т.б. ұнамаса, сатып алушының тауарды айырбастап алуға құқы бар. Тауар қолданыста болмаса, буып-түюі сақталса, тауар белгілі сатушыдан алынғанын растайтын чек немесе өзге айғақ болса ғана жүргізіледі. Айырбас 14 күн ішінде жүргізілуі тиіс. Айырбасқа жатпайтын тауар түрлері заңмен бекітіледі.

Айырбасқа алтын, платин, күмістен жасалған бұйымдар. төсекқап, ішкиімдер, шұлықтар, парфюмерия және косметикалық бұйымдар жатпайды. Қолданыста болған делдалдық сауда дүкендерінен алынған заттар айырбасқа жатпайды. Бұлардың қатарына делдалдық дүкендерден алынған, бірақ қолдануда болмаған, комиссияға қабылдаған кезде анықталмаған көзге білінбейтін кемістіктері бар заттар жатпайды, бірақ олар сатып алынғаннан 2 күн аспай айырбасталуы қажет. Алтын корпусты сағаттың тек ішкі механизмі ғана айырбасталады. Сатып алушы сатушы да қажетті тауар болмаған жағдайда оған тауарды қайтарып төлеген ақшасын қайтып алады. Сонымен қатар ол ақша орнына осындай тауар қайта түскенде тауар алуға құқығы бар. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты   бойынша сатып алушының тағы бір құқығы сұрыпталып алынған тауарларды ақша төленгенге дейін касса маңайында қалдыру (бақылауда). Сол сияқты сатушымен келісе тұрып сатып алушы олар үшін ақы төленген (сатып алынған) тауарларды сақтауда қалдыра алады.

Тауар жеткізілімі шарты

 

Тауар жеткізілімі шартының ұғымы және элементтері. Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.

Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым заттық (тұрмыстық) сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткізілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды экономиканың кез келген салаларында үлестіруге (қайта үлестіруге) мүмкіншілік береді.

Информация о работе Сатып алу сату шарты