Нотариустардың басқа мемлекеттердің құқық нормаларын қолдануы. Халықаралық шарттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:29, лекция

Описание работы

Бұрынғы нотариат жүйесі азаматтық айналым көлемінің күрт өсуіне және түбегейлі құқықтық реформалардың өткізілуіне байланысты жаңа заман талаптарына жауап бере алмай, мүлдем ескірді. Әділет органдарының құрамында қала отырып, нотариалдық кеңселер тиісті дәрежеде мемлекеттік қаржыландырыла алмады, істердің жағдайына мемлекеттегі жалпы күрделі экономикалық ахуал әсер етті. Нотариустар ескірген бланктермен жұмыс істеді, нотариалдық құжаттарды баспа машиналарында басты, ғимараттардың іші нотариалдық құпияларды сақтау үшін жабдықталмаған еді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі нотариустардың еңбегін ынталандыру үшін шаруашылық есепті енгізуге барды, ал олардың қызметінің бухгалтерлік қамтамасыз етуін Әділет министрлігінің территориалды органдары жүзеге асырды.

Работа содержит 1 файл

нотариат лекция.docx

— 149.47 Кб (Скачать)

Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметін реттейтін нормалар заңның жеке саласын құрайды. Ол азаматтық, азаматтық іс жүргізу, отбасылық, тұрғын үй, халықаралық жеке құқық сияқты құқық салаларымен тығыз байланысты. Нотариаттың өкілеттігін құрайтын нотариаттық әрекеттер жасау  кезінде тек қана нотариат туралы заң ғана емес, аталған құқық саласының  көпшілігіне де жүгіну керек. Мысалы, заң немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік берген кезде  нотариус азаматтық, отбасылық, тұрғын үй және жер туралы заңдарды басшылыққа ала отырып, оларға түсініктеме береді. Сондықтан аралас құқықтық қатынастарды жақсы білу нотариус қызметімен айналысатын  тұлғалар үшін басты талап болып  табылады.

 

№8Нотариаттық  палата

Нотариаттық палата жеке практикамен  айналысатын нотариустардың құқық  мен заңды мүделерін білдіру  және қорғау үшін ,сондай-ақ нотариаттық  іс-әрекеттер жасау кезінде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау  жасау үшін құрылатын ұйым болып  табылады.                                                        

Нотариаттық палатаның қызметті нотариат туралы заңмен және жарғымен реттеледі .Ноттариаттық палата заңды  тұлға болып табылады және заңдастырады.

ҚР ның әрбір облысы,республикалық  маңызы бар қалалары мен Астана ,Алматыда бір нотариаттық палата құрылады .Аумақтық нотариаттық палатталар қауымдастық  нысандағы республикалық нотариаттық  палатаңа бірігуге құқылы.

Нотариаты палата;

Жекеше нотриустарға басшылық жасап,оларлың қызметтін үлестіріп  отырады.

Мемлекеттік органдарда,мемлекеттік  емес ұйымдарда өз мүшелерінің құқықтары  мен заңды мүделерін білдіреді  және қорғайды.

Нотариаттық істі дамытуда оларға көмек көрсетіп жәрдем береді.

Жекеше нотариустың нотариаттық  істі оларға кқмек көрсетуге жәрдем береді.

Жеке нотариустар нотартиаттық іс-әрекеттер жасау кезінде нотариат туралы заңдардың сақталуын бақылауды  жүзеге асырады .

Жекеше нотариатың лецениясының күшін тоқтата тұру ,кері  қайтарып алу және тоқтату туралы ұсыныс енгізеді.

Нотариатың іс әрекеттер  жасау кезінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша  азаматтық құқық жауапкершілікті  сақтандыруды ұйымдастырады.

Аумақтық Әділет органдарын хабардар етеді.

Өз мүшелерін қызметтіне байланысты істі бойынша сот белгіленген  сарааааптама шығындарын өтейді.

 

 

№10Мемлекеттік  және жекеше нотариустардың құқықтық мәртебесі

Мемлекеттік нотраиус ҚР Нотариат туралы заңының 6-бабында  аталған талаптарға сай нотариус лецензиясын алу туралы талаптар қойылмайды.

Мемлекеттік нотариустың  нотариаттық іс әрекеттері үшін аумақтық Әділет органы мүліктік жағынан жауап  береді.Мемлекеттік нотариус кеңсесі  аумақтық Әділет органының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.Оның заңды  тұлға құқығы болмайды және осы орган  бекіткен ереже негізінде жұмыс  істейді.

Мемлекеттік нотариат кеңселері ҚР аумақтарында,қалаларда  орналасады.

Жеке нотариус жеке практикамен айналысатын нотариаттық  іс әрекеттер жасау негізінде  зиян  салдарына туындайтын міндеттемелер  бойынша сақтандырған нотариаттық  палатаға  мүше болған және аумақтық Әділет органында есепке тұру тіркеуінен өткен азамат жеке практикамен айналысатын  нотариус деп танылады.

Жеке практикамен  айналысатын нотариус банк мекемелерде  есеп айырсуға шотын болуына және өзгеде шорттар ашуға Еңбек заңдарына  сәйкес көмекшілер техникалық қызметкерлер жалдап, оларды  жұмыстан босатуға нотариаттық  іс әрекеттер жасаудан алынған табысқа  билік етуге ,соттарда өз аттына сөз  сөйлеуге және ҚР заңдарына сәйкес өзге де іс әрекеттер жасауға құқылы.

Жеке практикамен  айналысатын нотариустардың азаматтармен заңды тұлға өкілдерінің еркін  кіріп шығуға ,нотариатттық іс әрекеттер  жасаудың құпиялыығын сақтауын қамтамасыз ету үшін жарамды үй жайы болуы  тиіс.

Жекеше нотариус нотариус туралы.Заңның 34-бабының 1-тармағына  сәйке көзделгендей нотариаттық  іс әрекеттер жасау негізінде  де зиян келтіру салдарынан туындайтын міндетемелер бойынша азаматтық  құқық жауапкешілігін сақтандыру шарт болғанда нотариаттық іс әрекеттер  жасауға, кірісуге құқығы жоқ.

№11Мұрагерлік құқық  туралы куәлік беру. Фактілерді куәландыру.

Нотариус азаматтықың  тірі екендігі фактісін куәландырады.Кәмелетке  толмаған азаматттың тірі екендігі фактісін куәландыру оның заңды өкілдердінің (ата-аналарының ,асырап алушыларының қорғаншыларының қамқоршыларының) сон дай-ақ кәмелетке толмаған азаматты қорғаншылық алған ұйымдар мен  мекемелердің өтініші бойынша жүргізіледі.

Мүлдделі адамдарға  аталған фактіні растап куәлік береді.Нотариус азаматтың өтініші бойынша оның белгілі бір жерде болуы фактісін куәландырады.Азаматтың белгі бір  жерде болу фактісін куәландыру оның заңды өкілдерінің ,сондай-ақ кәмелетке  толмаған азаматтық қорғаншылыққа  алған мекемелер мен ұйымдардың өтініші бойынша жүргізіледі.Мүделі адамдар аталған фактіні растап куәлік береді.Нотариус өзіне құжаттың көрсетілген уақытын куәландыру.Бұл туралы құжатқа оны көрсеткен адамның аты ,тегі әкесінің аты көрсетіліп отырып жазылады.

Құжаттардың көшіролардың алынған үзінділер дұрыстығын және аударманың дұрыстығын куәландыру.Құжаттардың  көшірмелеріменолардан алынған  үзінділердін дұрыстығын куәландыру.

Азамат берген құжат дұрыстығын құжатқа қойылғн  түпнұсқаларын куәландыруға ,аударманың дұрыстығын куәландыруға құқылы.Нотариус немесе нотариаттық іс-әрекетттер жасауға  өкілетті лауазымды адам заңды тұлғалар,сондай-ақ азаматттар берген құжаттар көшірмелермен  оларды алынған үзінділер дұрыстығын бұл құжаттар және олардың заңға  өқйшы келмеген әрі заңдық маңызы болған жағлдайда куәландырады.Үзінді алынған құжата бірі бірімен байланысы  жоқ бірнеше жекеленген мәселенінің  шешеімі болғанда ғана одан алынған  үзіндінің дұрыстығы куәландырылуы  мүмкін.Үзінді құжатың белгілі бір  мәселе жөндегі бөлігінің толық  қайтаруға тиіс.Нотариус азамат ұсынған  құжат көшірмесінің дұрыстығын ,азаматың құжатқа қойылған түпнұсқалығын  нотариус немесе осы заңмен нотариаттық  іс әрекеттер жасауға уәкілетті  лауазымды адам растаған жағдайда ғана куәландырады.

Нотариус құжатын  көшірмесінен алынған көшірменін дұрыстығын осы көшірме нотариатың тәртіпен куәландырған немесе түпнұсқаны құжат  жасаған  заңды тұлға берген жағдайда ғана береді .Соңғы жағдайда құжаттың көшірмесі сол заңды тұлғалардың  бланкісінде мөрімен бекітілуі  және құжаттың түпнұсқасы заңды тұлғада  екендігі туралы белгісі болуы тиіс.Натариус мазмұны жағынан заң актілеріне қайшы келмеитін және мәмлені  баяандауды білдірмитин құжаттағы  қойылған қолдың түпнұсқалығын куаландырады.Куаландыра отырып,құжаттағы жазылған фактілерді куаландырмайды.Белгілі бір адамның  өол қойғанын растайды.

Егер нотариус тиісті тәлдерді білетін болса,бір  тілден екенші тілге аударган аударылған аударманын дурыстығын куаландырады.Егер натариус тиісті тілдерді білмитін болса,аударманы  аудармашы жасап,қойған қолдың түпнұсқалығын  нотариус куаландырады.

                                        №12НОТАРИАТТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ 
 
Қазіргі кездегі нотариатттың күрделі әрі ұзақ даму тарихы бар. Отандық заң терминдеріне кірген басқа да көптеген заң терминдері сияқты «нотариус» сөзі латын тілінен енді. Латын тілінен аударғанда, бұл сөз «белгі» дегенді білдіреді, ал белгілік нышандар мысалы музыкада (ноталық сауаттылықта) қолданылады, бұл салада олардың бастапқы жазылуы мен мазмұны сақталды. 
Роман-германдық тілдер тобында, мысалы қазіргі ағылшын тілінде бұл сөздің латын тіліндегі түбірі, әрі туындылары сақталған: notary-нотариус, notaryal-нотариаттық, notarise-растау, нотариаттық куәландыру1
Тарихи тұрғыдан нотариатқа деген қажеттілік меншіктік қатынастардың белгілі бір даму деңгейінде объективті түрде пайда болды. Меншіктік қатынастардың дамығандығы және құқықпен реттелгендігі нотариустармен немесе мемлекетпен нотариалды өкілеттіліктер берілген тұлғалармен жүзеге асырылуы тиіс нақты заңды (формальді) процедуралардың қажеттілігін тудырады. 
Қоғамдық формацияның дамуының басынан бастап, құқықтың керектігі көріне бастайды. Әрине, жеке адамдардың арасында ғана емес, сондай-ақ топтардың арасында да жанжалдар шыға бастады. Мүмкін, осындай жағдайлардың пайда болуы адамдарды өз өмірлерін тыныш әрі бейбіт құра алатындай ережелерді қалыптастыруға итермелеген шығар. Сөйтіп біртіндеп бірінші қол жазба жүріс-тұрыс қағидалары, нақтырақ айтқанда, құқық пайда болған2
Ежелгі Вавилонда жеке меншіктің және жай азаматтық айналымның пайда болуынан бастап иемденген құқықтырды растауға куәгерлер қызмет етті.Олар жазбаша келісім мәмілелер жасасу әдеті орнатылғанша нотариалдық қызметке ұқсас жұмысты атқарып отырды. Куәгерлер мәмілеге сәйкес міндетеммелердің мазмұнын есте сақтап, керекті кезде оны қайталап келтіріп отыруы тиіс болды. Жазбаша мәміле пайда болғаннан соң куәгердің рөлі өзгерді. Ол мәміленің мақмұнын емес, тек оның жасалғандығын ғана растау үшін қолданылып отырды. Мәмілелер мазмұны саз балшықтан жасалған арнайы тақтайшаларға жазылып, өз иесінде сақталды немесе иелерінің қалауы бойынша жақсы сақталу үшін шіркеу мұрағатына енгізіліп отырды. Тақтайшыны құжатты дұрыс толтыруы үшін сәйкес білімі бар хатшы толтырды. Азаматтық айналымның дамуы иеленген құқықтырдың даусыздығын қаматамасыз ететін құжаттарды құрастыратын арнайы жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік шенеуніктерге деген мұқтаждықты тудырды3
 
Бірінші дерек көздерінде берілген нотариус мамандығы туралы ескерме Хамурапи ханының кодексімен байланысты. Бұл кодекстің мәтіні мемлекеттің көптеген елді мекендерінің негізгі алаңдарына орналастырылған бекем тастың бетіне жазылған. Оның мазмұнында бүгінгі біздің «нотариаттық құқық» деп айтып жүргеніміз болды: азаматтық хал актілері, құрылтай келісімдері, мұрагерлікті құрастыру, неке тіркеу туралы келісімдер. 
 
Мұндай «сазды актілер» негізінде шіркеулерде сақталды, ал нотариалды функцияларды атқарып жүрген тұлғалар өте қадірлі, абыройлы әрі ел ішінде беделі бар адамдар болды4. Бұл тарихи дерек көздері бойынша нотариус қызметі қаншалықты көне екенін аңғаруға болады. Хатшы (хатшылар), шіркеу қызметкерлері және т.б. қағаз ойлап шырағылғанға дейін де нотариалды қызмет атқарып отырды. 
Айтып кетуіміз керек, нотариус болып өте қадірлі адамдар жұмыс істеді. Жұртшылық олардың айтқанын тыңдап, қадірлеп, сенім артты. Нотариалдық хаттауды керек ететін кейбір мәмілелерді жасасу кезінде жеке адамдардың қатысуы қажет болды, олар кейде қызық жағдайларға да куә болып отырды. Мысалы, адам қарызды қайтару кепілі ретінде отбасын бірнеше жылға құлдыққа аманат ретінде беретін болды.  
Адам ойының дамуымен бірге нотариалдық өнер де дамыды. Келесі кезең ұлағаттылығын Аристотель, Платон және Диоген айқындаған Ежелгі Грециямен байланысты. Дәл осы кезде нотариустар мемлекеттік және жеке құқыққа сүйене отырып келісім-шарттарды хатау мен тіркеуді жүзеге асыра бастады. 
Рим империясында алғашқы рет нотариус жөнінде Юлий Цезарьдың хатшысының жазуларында айтылған. Жоғарыда айтылғандай, “нотариус” сөзінің Римдік тегі бар, оның пайда болуы б.з.д. 103 жылға қатысты. Цезарьдың басқаруы кезінде нотариустар ерекше өкілеттіліктерге ие болды, өйткені екі жақ қол қойып, қолдары анықталған әр түрлі актілерді тіркеу мүмкіндігі пайда болды. 
Ежелгі Римде құқықтық материалды жазбаша түрде құрастырумен айналасатын адамдардың 2 тобы болды: мемлекет қызметінде тұрған хатшылар (олардың қызметтеріне магистраторлар беретін өкімдерді және претораторлар шығарған сот формулаларын жазбаша құрастыру кірді) және жеке тұлғалардың қызметінде болған хатшылар (әр түрлі заң мәмілелерін ресімдейтін үйдегі хатшылар). Тағы бір адамдар тобы –табеллиондар (олар да заңды материяны құжат түріне енгізді, бірақ олар не мемлекет, не жеке тұлға қызметінде тұрмады, дегенмен олардың іс-әрекеттері мемлекеттің бақылауында болды) болды. Табеллиондар мемлекеттік қызмет атқармайтындарына қарамастан, заңмен бекітілген сыйақы үшін және мемлекеттік бақылау негізінде заңдық актілерді және сот қағаздарын құрастырумен еркін кәсіп ретінде айналысты. Құқықтық білімі бар әр адам табеллион болуға мүмкіндігі болды. 
Византия императоры Теодос Екінші екі сот бағытының пайда болуының көшбасшысы болды. Оның басқаруы кезінде басып шығарылған Грегориан және Гермогениан кодекстері (324 ж.) императорлық конституциялық кодекстерінің пайда болуына әкелді. 
438 ж. жарияланған Теодос кодексі конституцияның арғы тұрпаты болды және 312 жылдан бері қабылданған императорлардың түгел кодекстерінің негізгі қағидаларына негізделді. Лион императорының айтуынша, тек қана ішкі мәдениеттері бар, хат танып, дұрыс сөйлейтін және де құқық саласында кәсіпқой адам ғана нотариус бола алады. VI ғ. император Юстиниан нотариустарды топ пен алқаларға бөліп, толық заң актілер жинағын шығарған дәуірдің алғашқы қайраткері болды. Ол Юстиниан заңнамасы бойынша нотариустарға нотариалдық әрекеттерді орындайтын жерді, әрекет ету өкілеттіліктерін, нотариустардың жұмыс істеу тәртібі мен жауапкершілігін, нотариус лауазымына тағайындалу үшін қажет заңды дайындылық дәрежесін, әкімшілік ауданда нотариустар санын анықтады. Юстиниан заңнамасы Византия империясының өмір сүруінің соңына дейін қолданыста болады. 
Рим құқығында қазіргі кездегі Еуропалық құқық негізделеді, оның көптеген қағидалары қазірге кезде де өзекті және сұранысқа ие боып отыр. Еуропалық (латын) типтегі нотариаттың тарихи даму кезеңдері заң әдебиетінде мынадай түрде көрсетілген5:  
* б.д.д IIIғ. Египет, Александрия. Жалпымемлекеттік нотариат жүйесінің пайда болуы. 
* 316 жыл. Император Константинның екі конституциясында декуриондарға табеллион міндеттерін атқаруға және оған ең төменгі деңгейдегі кәсіп ретінде қарауға тиым салатын бөлім бөліп көрсетілген.  
*478 жыл. Император Зенон конституциясында сыйлау актілерін табеллион ғана емес, басқа да тұлғалар құрастыра алады деп жазылған. Бірінші кезекте, ол табулярий болуы мүмкін. 
*531 жыл. Юстиниан конституциясы бойынша, мирасқор мұра мүлігінде қол қоюы тиіс болды. 
*803 жыл. Арнайы заңнама Капитулярийге сәйкес Италияда нотариус қызметі мемлекеттік лауазымға дейін көтерілген . 
*843 жыл. Бүкіл нотариалдық қызметті реттейтін Лотария I заңы қабылданды. 
Адамзат өркениетінің тарихында кейін ерекше орын алған жағдайлар мен оқиғалардың нотариалдық амалдармен бекітілген жағдайлар белгілі. 1492 жылы Христофор Колумбтың жүзуіне патшалық нотариус Эсковедо қатысты. Ол Американың ашылуы жөнінде актіні құрастырып, бұл тарихи оқиғаны ресми түрде куәландырды. 
Тұлғалардың қалай аталғандығына, олар қандай таптық, білімдік немесе басқа да ерекшеліктермен айқындалғанына қарамастан, барлық кезеңдерде оларға қойылатын талаптар өзгермеді: заңды сауаттылық, қоғамдағы беделділік, нотариалды амалдарды жүзеге асыруға құқықтың болуы. 
Түрлі даму кезеңдердегі әр түрлі мемлекеттерде нотариалдық қызметтерді әр түрлі адамдар орындап отырды. Бұл жай ғана заңды түрде дайындалған және ақысын өтеу негізінде қызмет көрсететін адамдар, нотариалдық амалдар шіркеу маңындағы міндеттерінің бір түрі болған шіркеу қызметкерлері, мемлекеттік қызметтегі шенеуніктер немесе өз жұмыстарын арнайы рұқсат негізінде атқаратын еркін адамдар болуы мүмкін еді. 
Нотариат тарихы жөніндегі мәліметтер заң әдебиеттерінде сипаты жағынан әр түрлі, ол, негізінде, объективті себептерге байланысты. Тарихи, этникалық, діни және де басқа ерекшекліктерге байланысты әр түрлі уақыт аралығында әр түрлі мемлекеттерде өзіндік нотариат қалыптасты, осы заң қызмет түрімен айналысатын адамдар да әр түрлі аталып жүрді.  
Нотариаттың әрі қарай дамуы туралы айтқанда, сауда операцияларының ақиқаттылығын, құқықтар мен мүлік айналымының тұрақтылығын кепілдендіру қажеттілігі туындағанда нотариат институты жетілдірілгенін атап өткен жөн. Керісінше, мүліктік айналымның шектелуі нотариат қызметінің шектелуіне әкеліп отырды7
Орта ғасырларда нотариус кәсібі ең сыйлы әрі мәртебелі қызметтің бірі болып саналды. XI ғасырдағы Рим құқығының өрлеуінің басталуымен Болонье қаласында дүниедегі бірінші нотариус мектебінің негізі қаланды. Бұл мектептер соңыра құқық мектептеріне, ал содан кейін университеттерге айналды. Мұнда сол кезеңдегі ең жақсы нотариус-заңгерлер сабақ берді, айта кетсек Раниери, Салатиел,Роландино және т.б. Өрлеу кезеңі XVIII ғасырға дейін созылды. Бұл кезеңде құқық және нотариат саласындағы көптеген еңбектер басылып шығарылды. 
XVIII ғасырдың соңында Францияда саяси және экономикалық өмір азаматтар күтіміне сай болмады, мемлекет ірі революциялық реформалар, соның ішінде заң саласындағы реформалар алдында тұрды. Нотариустар қоғамның саяси өміріне қатыса бастады. Олар Бас штаттар мүшелері етіп сайланды. Бұл кезде Адам және азамат құқығы туралы декларация қабылданғанын айтып өткен маңызды. Мәтінді өңдеу жұмысына Францияның сыйлы нотариустары Бевьер, Демозе, Гупилло қатысты. 
 
Наполеонның нотариат жөніндегі сұрақтарды кәсіби түрде білгенін тарихтан білеміз. Оның Жозефина атты әйелімен байланысты бұл дәуірдің мұрағаттық құжаттары неке қию келісім шартының пайда болуын куәландырады. Келешектегі Еуропа басқыншысы заңнаманы – азаматтық, қылмыстық-процессуалдық және сауда кодекстер– шығару арқылы заңнаманы тәртіпке келтірді. Азаматтық кодексте – нотариалдық құқық атты жеке тарау болды, ол біздің заманымызға дейін өзгермей сол күйінде дамып жетті. 
 
XIX ғасырда Франция және басқа Еуропа мемлекеттердегі нотариат құрылымы күшейіп бекінді. XIX ғасырдың соңында нотариат қызметкерлері телефон жүйесін және жазу машиналарын қолдана бастады. 1920 жылы нотариус бірлестігі пайда болды. Одан кейінгі жылдары нотариалдық қызметті кепілдендіретін бірқатар халықаралық актілер пайда болады. 
 
Ресейдегі нотариаттың қалыптасуын (17-19 ғғ) зерттеушілер мемлекет бақылауында құрылып, өз қызметін жүзеге асырған әр түрлі нотариалдық мекемелердің жүйесіз құрылу кезеңі деп атайды8
 
Отандық зерттеушілерге бұл кезең Қазақстанның Ресейдің құрамында болуы тұрғысынан қызығын тудырады. Бұл кезең XIX ғасырдың екінші жартысына дейін созылды, 1866 жылдың 14 ақпанында шығарылған Нотариалдық бөлім туралы Ережеге сәйкес 1917 жылға дейін қызмет еткен нотариалдық органдардың біртұтас жүйесінің құрылуы басталды. 
                      №13Нотариат туралы заңнама  
 
Қазақстанның Ресей империясының құрамында болу кезеңі айтарлықтай тарихи уақыт бөлігін алды. А.С. Ибраева өзінің жұмыстарында бұл кезеңді әдет-ғұрыптық құқықтық қалыптардың жоғалып, би соттарының біртіндеп таратылып, жаңа басқару жүйесінің пайда болу кезеңі деп сипаттайды9.  
 
XIX ғасырдың 70 жылдары Түркістан өлкесінде азаматтық айналымдағы пайда болған қатынастарды реттеу қажеттілігі туды10. Империяның өлкелерінде азаматтық-құқықтық мәмілелердің қатысушыларын құқықтық жағынан қорғау үшін қажет бірыңғай қағидалар пайда болуы аталған қажеттіліктің себебі болды. Бұл процесстерге жергілікті халық өкілдері қатыса бастады. Бұған өнеркәсіптің дамуы, көші-қон процесстері, айтарлықтай шаруалардың қоныс аударуы, сауданың дамуы, т.б ықпал етті. 
 
Нотариустарды Түркістан генерал-губернаторлығымен Сырдария облыстық басқармасынан нотариалды бөлім туралы ережені қанағаттанарлық дәрежеде білетіні жөнінде куәлік алған тұлғалар арасынан анықталды, олар ант бергеннен кейін қызметке қабылданады. Олар мемлекеттік қызметкерлер деп есептелді, оларға лауазым бойынша VІІІ дәреже берілді, бірақ оларға шендер берілмеді және олардың бұл атақ бойынша зейнетке шығуға құқықтары болмады. 
 
Нотариустардың берілетін актілерге басу үшін облыстық елтаңбаның суреті мен жағалай жазуы: нотариустың (аты-жөні, қаланың аты) бар мөрі болды. Әр нотариустың мөрінің көшірмесі және қолтаңбасының үлгісі жергілікті облыстық басқармның сот бөлімінде сақталып отырды. Облыстық басқарманың сот бөлімі қызметкерлері нотариустарды ауыстыра алды. Нотариус қызметіне тек Ресей азаматтары ғана жұмыс істеуге жіберілді. 
 
1880 жылдың 20 қыркүйек айында Түркістан генерал-губернаторы К.П.фон Кауфман өлкенің барлық әскери губернаторларына хат жолдады, мұнда жергілікті халықтың (қазақтардың) басқармалардың шенеуніктері оларға қолтаңбаларын қою үшін беретін құжаттардың мазмұны орыс тілінде жазылып, мазмұнын түсіндіріп бермей, құжаттарға қол қоюды міндеттейді деген шағымы туралы айтылды. Бұған байланысты өлкенің шенеуніктері соттық, оның ішінде нотариалдық іс жүргізуде келесі тәртіпті қатал орындауға тиіс болды: қағаздың мазмұнын аудару; таңба басуды ұсыну; орыс тілінде сауаттылығы бар жергілікті халық өкілдеріне (қазақтарға) қолтаңба алдында өзінің қолымен қағаздағы бар мәліметті білгені туралы жазу жасауды міндеттеу. 
 
1883 жылдың 30 желтоқсанда Сардария облыстық басқармасы Шиелі уезінің судьясына жергілікті халықтың арыздары, өтініштері, шағымдары мен үй актілері нақты аты-жөнісіз жіберіледі және жасалады деп мазмұндап хат жіберді. Осыған байланысты заңдағы жеке адамның қолтаңбасын, есімін және тегін актілердің астында, өтініштер мен шағымдардан кейін астына қою туралы нұсқауларды толық орындауды ұсынады.  
 
Сот, соның ішінде нотариалдық бөлім мәселелері бойынша үнемі болып отыратын жанжалдар мен шағымдар әуелде болған нотариат жүйесіне тиісті жаңа қағидалардың енгізілуіне әкеп соқты. 
 
1898 жылдың 2 маусымында император Николай II бекіткен Түркістан өлкесінде және Дала облыстарында сот бөлімнің құрылымы туралы Мемлекеттік Кеңестің пайымдауына сәйкес белгіленген жерлерде сот мекемелері Сырдария, Ферғана, Самарқанд, Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарына сот жарғыларын қолдану туралы бір уақытта енгізілген арнайы ережелер негізінде құрылды және қызмет етті.  
 
Бұл ережелерге сәйкес аталған облыстарда учаскелік және бітістіруші судьялар, бітістіруші судья мен сот тергеушісінің міндеттерін атқарды, сондай-ақ нотариусы жоқ жерде басшылық етті.  
 
Нотариалдық бөлім туралы ережеге сәйкес бас нотариустың міндеттерін атқару аймақтық соттың бір мүшесіне тапсырылды. Нотариустарға, олардың орнындағы бітістіруші судьяларға бас нотариуспен бекітілуге тиіс актілерден көшірме жасауға және оларды нотариалдық мұрағатқа пошта арқылы жіберуге рұқсат етілді. Жыл сайын нотариустар саны өсті. 1894 жылғы мәліметтерге қарағанда олардың саны қалалардың және өлкенің дала облыстарында төмендегідей болды: Верныйда және Оралда екі-екіден; уездік қалаларда : 
 
-Орал облысында: Гурьевте, Калмыковта, Темірде және Илецк станицасында; 
 
-Ақмола облысында : Ақмолада, Көкшетауда және Атбасарда; 
 
-Семей облысында: Павлодарда, Қарқаралыда, Өскеменде және Зайсанда; 
 
-Жетісу облысында: Қапалда, Лепсіде, Пржевальскіде, Пішпекте;  
 
-Торғай обысында: Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай және Торғайда бір-бірден. 
 
Сот, нотариалдық және қамқор ету басқарулары мен облыстардағы халықтық сот Түркістан өлкесінде сот құрылымы жөніндегі ережелер негізінде құрылды және жұмыс атқарды, оған төмендегідей толықтырулар мен өзгерістер енгізілді: 
 
-нотариустар қолтаңбалардың шынайылығын куәландыру кезінде актінің мазмұнымен алдын-ала таныстырып, ол бекітілген талаптарға сай болмаса, куәландыруды жүзеге асырудан бас тартуға міндетті болды; 
 
-қалалық қоғамдық басқарманың депутатары алмастырушы ретінде уездік бастықтармен жариялық сату кезінде емес, жеке келісім бойынша сатылатын қала жерлерінің учаскелеріне сатып алу-сату құжатары нотариуспен жасалуы тиіс болды; 
 
Нотариустарды анықтау мен жұмыстан босату, сондай-ақ олардың үстінен тәртіптік билікті жүргізу бойынша Сот палатасының бас төрағасының құқықары облыстық соттың төрағасына берілді. 
 
Нотариустар, олардың орнындағы бітістіруші судьялар мен бас нотариустың міндеттерін атқаратын облыстық сот мүшелері дұрыс емес әрекеттеріне түскен шағымдар облыстық сотқа берілді, ал сот қаулылары Үкімет етуші Сенаттың отырысында қаралуы тиіс еді. Түркістан өлкесінде мүлікті сатып алуға құқығы жоқ адамдар атына жылжымайтын мүлік туралы әр түрлі актілер жасауға тиым салынды. 
 
1895ж қаңтар айы үшін берілген Ақмола облыстықсотының нотариалдық мұрағаты бойынша нотариустармен атқарылған төмендегідей жұмыстар көрсетілді : 
 
-сомасы 4020 сомды құрайтын қамалды сатып алу- сатудың 2 актісі бекітілді; 
 
-сомасы 27сом 15 тиын болатын 1 акт бекітілді ; 
 
-есептен шығару,көшірме және басқа да 3 акт бекітілді; 
 
-көшірмелер мен басқа да актілер берілді – 3; 
 
-баж салығының сомасы 170 сом 20 тиын . 
 
Осылайша нотариустар ай және жыл сайын істелінген жұмыс жөнінде есеп беріп отырды. 
 
Жоғары айтылған нотариат жөніндегі ережелер және олар бойынша өзгерістер мен толықтырулар екі бағытта пайдаланады: 
 
1. Сот тергеушілерімен және уезд судьяларымен тергеуді жүргізу, іс жүргізудің жылдамдығын және дұрыстығын тексеруді нығайту; 
 
2. Орыс әкімшілігінің қазақ жерлерін иелену мен оны басқару мүмкіншіліктерін арттыру. 
 
Қазақстандағы нотариалдық құрылымы 60-шы жылдардың соңынан және XIX ғ. 90 жылдарының соңында болған өзгерістерді қоса 1917ж. Қазан революциясына дейін сақталған11
 
Аталған барлық үрдістер қоғамда барлық уақытта маңызды болып табылатын меншік қатынастарының қалыптасуына өз әсерін тигізді. 
 
Ресей империясының өлкелеріндегі нотариалдық қызметтердің даму тарихының зертелуіне М. Хасанаевтың басылымдары арналған. Ол алғаш болып заң әдебиеттерінде Ресей әкімшілігінің Қазақстан территориясына еуропалық құқық қалыпына сәйкес келетін мемлекеттік нотариат институттың енгізуі жөніндегі талпыныстарын зерттеген.  
 
Оның мақалаларында қазіргі кездегі құқық ғылымында аз мәлімденген көптеген заң терминдері көрсетілді. Қарастырылып отырған кезеңнің құқықты қолдану тәжірибесінің сараптамасынан онымен төмендегідей ескертпелер жасалған: уезд судьялары уәсіхтерге, яғни қазылармен жергілікті халықтың мәмілелері бойынша жасаған құжаттарға ешқашан бірдей қарамады: кейбіреулер оларды нотариалдық тәртіппен жасалған актілер деп таныды, кейбіреулер оларды үй актілері деп қарастырды, енді біреулер оларды тіпті есепке де алмады. Сауатсыз адамдармен қолданылған бір жағында ақшаны қарызға беру немесе шарттар бойынша, ал басқа жағында ақшаны өтеу немесе келісімді орындау бойынша сызықтар, жарты сызықтар мен ширек сызықтар жасалған бирка-таяқшалар да дәл сондай маңыз-мағынаға ие болды. Бұл биркалардың жалпы соттар мен бітістіруші соттар үшін ешқандай маңызы болмады, олар тек дәстүрлі болыс соттарымен ғана танылды12
 
Қазан төңкерісіне (1917 ж.) дейінгі кезеңде нотариалдық функциялар уездегі бітістіруші судьяларға жүктелді. Олардың нотариалдық амалдарды жүзеге асыру бойынша қызметі бүкіл уездік қалалар мен қыстақтарға таралды, ал нотариус болмаған жерде бас нотариус жұмысын сот мүшесінің бірі атқарды13
 
XIX ғ. 60 жылдарының басынан жүргізілген нотариалдық қызметке қатысты реформалар Ресей патшалығы өлкелерінің ұлттық, географиялық және басқадай ерекшеліктеріне байланысты бір уақытта бітіріле алмады. Олар жаңа жерде таныс емес жағдайда жұмыс істеуге дайын білікті заңгерлер, мемлекеттің қазынасынан көп қаражатты талап етті. Мемлекеттік қызметке тұрарға дейін адамдар алдарында маңызды шарт қойылды, бұл жергілікті тілдерді және жергілікті әдет-ғұрыптарды білу еді. Бұл патша әкімшілігімен ұзақ мерзімді мақсатарға бағытталған ұзақ әрі мақсатты жұмысын талап етті. 
 
Патшаны құлату мен одан кейін болған Қазан төңкерісі кеңес (халық), мемлекеттік нотариатының даму бағытын анықтады, мұнда буржуазиялық, яғни қабылданбайтын деп танылған ойлар мен принциптерге орын болмады. Дегенмен, азаматтық айналым, жаңадан туып отырған (социалистік үлгі) жеке меншіктегі қатынастар нотариатсыз өмір сүре алмады, сол себептен большевиктер билігі орталықта және жергілікті жерлерде нотариалдық қызметті құруға міндетті болды. 
 
 
^ Кеңес кезеңі 
 
Кеңес нотариаты мемлекет жеке меншікті мойындамаған кезде, азаматтық айналым шектелген кезде дамыды. 
 
Нотариат тек-қана мемлекеттік болды, кеңес кезеңінің үлкен бөлігінде әділет органдарының басқару жүйесіне кірді. 
 
Кейбір нотариалдық функцияның орындалуы жергілікті атқарушы және өкілеттілік органдарына өкілденді. 
 
1921 жылы Нотариат өнінде ережені енгізу туралы Декрет және нотариалдық үстелдерді14 тарату жөніндегі Декрет басылып шығарылды, бірақ 1923 жылы “Мемлекеттік нотариат туралы” ережесі енгізіліп, «Нотариалдық кеңселерерді тарату жөніндегі» Декрет алып тасталды. Көп уақыт бойы бұл ереженің жеке баптарына өзгерістер мен толтырулар енгізіліп отырды.  
 
1926 жыл  
 
1926 жылы 14 мамырда шыққан КСРО-ның ХКК мен ОАК қаулысы бойынша мемлекеттік нотариатты ұйымдастырудың негізгі принциптері бекітілді. 
 
1936 жыл 
 
1936 жылы 10 шілдеде РСФСР-дың БОАК15 және ХКК16 «Нотариалдық органдарды қайта құру туралы» қаулысы бойынша қалалық және кеңестік, әрі аудандық орындаушы комитеттерінің жүзеге асыруынан нотариалдық амалдар алынып тасталып, олар нотариалдық кеңселерге берілді. Барлық аудандық және қалалық орталықтарда нотариустар басқаратын мемлекеттік нотариалдық кеңселер ұйымдастырылды. «КСРО, одақтас және автономиялық республикалардың сот құрылымы туралы» Заңның шығуына дейін нотариалдық органдары жоқ аудандарда бұл функциялар халықтық сотқа жүктелді17
 
1939 жыл 
 
25 қазанда Кеңес Халық комитеті Халық әділет комитеті туралы жаңа Ережені қабылдады. Комиссариат құрамында сот мекемелерінің, кадрлар, оқу орындары, кодификациялық, нотариалдық, т.б басқармалар жұмыс істеді. 
 
1940 жыл 
 
1940 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР КХК (Үкімет) «Нотариалдық кеңселер жүйесінің бекітілуі туралы» қаулысы шығарылды. Ол 1940 жылға 120 қалалық және аудандық мемлекеттік нотариалдық кеңселер тізбесін нормативтік жағынан анықтаған. 
 
^ 23 наурыз 1960 жыл 
 
Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі төралқасының жарғысына сәйкес Әділет Министрлігі таратылды. Осыған байланысты Әділет Министрлігінің нотариатты бақылау жөніндегі функциялары Жоғарғы сотқа көшті. 
 
1966 жыл 
 
1.07.1966 жылы КСРО-дың Жоғарғы Сот Пленумы «Мұраға қалдыру жұмыстары бойынша сот тәжірибесі туралы» Қаулы қабылдады. 
 
1970 жыл 
 
КСРО-ның Министрлер Кеңесі “Одақтас республикаларда Әділет министрліктерін құру туралы” №960 Қаулыны қабылдады. Осы қаулының негізінде Қазақ КСР-ның Министрлер Кеңесі «Қазақ КСР-ның Әділет министрлігі мен оның жергілікті органдарын құру туралы» қаулыны қабылдады. 
 
1972 жыл 
 
28 ақпанда КСРО –ның Әділет Министрлігі КСРО соттары мен нотариат органдарымен шетел мемлекеттерінің әділет мекемелеріне құқықтық көмек беру және бұл мекемелерге құқықтық көмек үшін сұраныс жасау тәртібі туралы Нұсқауды бекітті. 
 
1972 жылдың 21 наурызында КРСО-ның Министрлер Кеңесінің Қаулысымен КСРО-ның Әділет министрлігі туралы Ереже бекітілді. 
 
28 қазанда КСРО Әділет Министрлігінің коллегиясы аймақтық, облыстық Халық депутаттарының Кеңесінің атқарушы комитеті жанындағы әділет бөлімі туралы ережені бекітті. Жергілікті жерлердегі нотариатты басқару құрылған әділет бөлімдерінің өкіметіне өтті. 
 
1973 жыл 
 
20 сәуірде КСРО-ның Әділет министрімен «Бірінші Қазан қаласындағы мемлекеттік нотариат кеңсесінің жұмыс тәжірибесі және нотариалдық тәжірибенің біртұтастығын қамтамасыз етуде алғашқы мемлекеттік нотариат кеңселерінің ролін жоғарлату туралы бұйрық шығарылды. 
 
19 шілдеде КСРО-ның “Мемлекеттік нотариат туралы” Заң қабылданды. 
 
29 желтоқсанда КСРО-ның Әділет министрлігі нотариалдық амалдарды тіркеуге арналған реестрлер, нотариалдық куәландырулар мен мәмілелер мен куәландырылатын құжаттарға жасалатын куәландыру жазбаларының формасын бекітті.  
 
1974 жыл  
 
1974 жылы 13 тамызда Қазақ КСР-ның “Мемлекеттік нотариат туралы” Заңы қабылданды, ол біртұтас одақтас мемлекет құрамында болған республиканың заңы болғандықтан, жоғары әмбебаптылық дәрежесімен сипатталатын алғашқы нормативтік акті болды18
 
Ол қолданыста болған кезеңде Қазақстанның барлық аймақтарында нотариалдық органдардың біржола қалыптасуы болды, бұл саланы заңгер мамандармен қамтамасыз ету бойынша кадрлік жұмыс реттелді, нотариалдық тәжірибе мен оны қалыптастыру үстінен мемлекеттік бақылау орнатылды. Нотариалдық органдарға қатысты басқару мен ұйымдастыру функциялары Әділет министрлігі мен оның жергілікті органдарына берілді. Әділет министрлігі бірқатар нұсқауларды бекітті: Бас дәрігерлердің, олардың медициналық бөлім бойынша орынбасарларының, ауруханалардың, емдеу-алдын алу жұмыстары бойынша басқа стационарлық мекемелердің, санаторийлердің кезекші дәрігерлерінің, сондай-ақ директорладың өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы 20.06.1974 жылы шыққан Нұсқау; әскери бөлімдер, құрамалар, мекемелер мен әскери оқу орындарының командирлері, басқарушылары, олардың медицина бөлімі бойынша орынбасарлары мен кезекшілердің өсиеттер мен сенімхаттарды куәландыру тәртібі туралы 15.03.1974 жылы шыққан Нұсқау; бас бостандығынан айыру орындарының басшыларымен өсиеттер мен сенімхаттарды куәландыру тәртібі туралы 14.03.1974 жылы шыққан № К-15/184 Нұсқау. 
 
1975 жыл 
 
28 наурызда КСРО-ның Әділет Министрлігі «Қалалық, кенттік және ауылдық Халық депутаттарының кеңестерінің атқарушы комитеттеріне нотариалдық әрекеттер орындау барысында әдістемелік көмек көрсету туралы» нұсқаулық хатты басып шығарды. 
 
1 тамызда КСРО-ның Әділет министрі “КСРО-ның мемлекеттік нотариалдық кеңселерінде депозиттікоперацияларды тіркеу тәртібі туралы нұсқауды” өз бұйрығымен бекітті. 
 
1976 жыл 
 
1976 жылы 31 мамырда КСРО-ның Әділет министрлігі «Теңіз наразылығын жасау тәртібі туралы» нұсқаулық хатты шығарды. 
 
1976 жылы 19 қазанда КСРО Әділет министрлінің «Мемлекеттік нотариаттың жұмысын әрі қарай жетілдіру туралы» бұйрығы шықты. 
 
1977 жыл 
 
23 наурызда КСРО-ның Әділет министрлігі «Құжаттар көшірмесінің және олардан жасалған жазып алулардың шынайылығын куәландыру бойынша нотариалдық кеңселердің жұмысын жетілдіру туралы» Әдістемелік хатты шығарды. 
 
29 шілдеде КСРО-ның Әділет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі КСР Одағының консулдық мекемелерімен нотариалдық амалдарды жасау тәртібі туралы Нұсқауды бекітті. 
 
1978 жыл 
 
2 тамызда КСРО-ның Әділет министрі «Қалалық, кенттік және ауылдық Халық депутаттарының кеңестерінің атқарушы комитеттеріне нотариалдық әрекеттер орындау барысында әдістемелік көмек көрсету жұмысын әрі қарай жетілдіру туралы» бұйрықты шығарды. 
 
1980 жыл 
 
30 қаңтарда КСРО-ның Әділет министрлігі нотариалдық тәжірибені пайымдау бойынша Әдістемелік ұсынымдамаларды шығарды. 
 
31 қаңтарда КСРО-ның Әділет министрлігі КСРО-ның Министрлер Кеңесінің бас мұрағат басқармасымен бірлесіп КСРО-ның Әділет министрлігі, әділет органдары, мекемелері мен соттардың Құжаттар тізбесін және құжаттарды сақтау мерзімдерін бекітті. 
 
19 наурызда КСРО-ның Әділет министрлігі жоғары және арнайы орта білімі бар мамандармен алмастырылуы тиіс әділет органдары, мекемелері мен соттар лауазымдарының Тұрпатты номенклатурасын бекітті. 
 
21 сәуірде КСРО-ның Әділет министрлігі мемлекеттік нотариустар үшін жеке меншікті мұрагерлікке алуға байланысты азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Практикалық оқу құралын басып шығарды. 
 
5 мамырда КСРО-ның Әділет министрлігі нотариалдық кеңселерді келушілерге арналған анықтамалық-ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету бойынша Ұсынымдамаларды шығарды. 
 
25 маусымда КСРО-ның «Аймақтық, облыстық халық депутаттар Кеңестерінің, автономиялық облыстар мен автономиялық аймақтардың халық депутаттар Кеңестерінің негізгі өкілеттіліктері туралы» Заңы қабылданды. Өкілеттілік құрамында нотариатты басқару да болды. 
 
30 қыркүйекте КСРО-ның Әділет министрлігі «Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігінде үлеске жеке меншік құқығы туралы куәліктерді беру тәртібі туралы» әдістемелік хатты шығарды. 
 
1983 жыл 
 
4 тамызда КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумы азаматтар құқықтарына қатысты құжаттар көшірмелерін кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың беру және куәландыру тәртібі туралы Жарғысы шықты. 
 
15 қарашада КСРО-ның Әділет министрлігі «Мемлекеттік нотариат туралы заңнаманың шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, шетел кәсіпорындарына және ұйымдарына қолдану, сондай-ақ нотариалдық тәжірибеде құқықтық көмек беру туралы халықаралық келісім-шарттар мен шетел мемлекеттерінің заңнамасын қолдану туралы» нұсқаулықты шығарды. 
 
1984 жыл  
 
4 мамырда КСРО-ның Әділет министрлігі «Кеңес азаматтары, кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдары атынан шетелде әрекет етуге арналған құжаттарды нотариалдық хаттау туралы» нұсқаулықты шығарды. 
 
29 қарашада КСРО-ның Әділет министрлігі «Валюталық құндылықтарды сыйлау жөніндегі келісімдерді нотариалдық растау тәртібі туралы» Нұсқаулықты шығарды. 
 
1985 жыл 
 
10 қазанда КСРО-ның Әділет министрі № 18 “Халыққа, кәсіпорныдарға, мекемелер мен ұйымдарға нотариалдық қызмет көрсету деңгейін жоғарлату және нотариат кадрларымен жұмыстарды әрі қарай жақсарту бойынша шаралар туралы” Бұйрықты шығарды. 
 
1985 жылы 21 маусымда КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы “Заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы” Қаулыны шығарды. 
 
13 қарашада КСРО-ның Әділет министрлігі Мемлекеттік нотариалдық кеңселердің жұмысы туралы статистикалық есеп беруді қалыптастыру бойынша Нұсқауды бекітті. 
 
1986 жыл 
 
24 қарашада КСРО-ның Әділет министрлігі нотариалдық әрекеттерді, нотариалдық куәліктер мен мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазуларын тіркеу үшін реестрлерді толтыру туралы Нұсқаулықты шығарды. 
 
19 желтоқсанда КСРО-ның Әділет министрлігі атқарушы жазуларды жасау мәселерлері бойынша Ұсынымдамаларды шығарды. 
 
22 желтоқсанда КСРО-ның Әділет министрлігі № 23 “Әділет органдары, мекемелері мен соттардың ұсыныстармен, өтініштермен, шағымдарымен және азаматтарды қабылдауды ұйымдастырумен байланысты жұмыстарын жақсарту бойынша міндеттер туралы” Бұйрығы шығарылды. 
 
^ 1991-1997 жылдар 
 
Қазақстан Республикасының Президентінің 1994 ж. 12 ақпанындағы «Қазақстан Республикадағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қаулысы бойынша нотариатты дамытудың жолдары қарастырылды, соның ішінде жеке тәжірибе жүргізетін нотариустар үшін институтын енгізу, жеке тәжірибе жүргізетін нотариустар қызметін реттей алатын кәсіби органды құру, нотариалдық әрекеттерді жүргізу барысында келтірілген залалдан жеке тәжірибе жүргізетін нотариустың жауапкершілігін міндетті сақтандыру. 
 
Бұрынғы нотариат жүйесі азаматтық айналым көлемінің күрт өсуіне және түбегейлі құқықтық реформалардың өткізілуіне байланысты жаңа заман талаптарына жауап бере алмай, мүлдем ескірді. Әділет органдарының құрамында қала отырып, нотариалдық кеңселер тиісті дәрежеде мемлекеттік қаржыландырыла алмады, істердің жағдайына мемлекеттегі жалпы күрделі экономикалық ахуал әсер етті. Нотариустар ескірген бланктермен жұмыс істеді, нотариалдық құжаттарды баспа машиналарында басты, ғимараттардың іші нотариалдық құпияларды сақтау үшін жабдықталмаған еді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі нотариустардың еңбегін ынталандыру үшін шаруашылық есепті енгізуге барды, ал олардың қызметінің бухгалтерлік қамтамасыз етуін Әділет министрлігінің территориалды органдары жүзеге асырды. 

 

 

 

 


Информация о работе Нотариустардың басқа мемлекеттердің құқық нормаларын қолдануы. Халықаралық шарттар