Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:29, лекция
Бұрынғы нотариат жүйесі азаматтық айналым көлемінің күрт өсуіне және түбегейлі құқықтық реформалардың өткізілуіне байланысты жаңа заман талаптарына жауап бере алмай, мүлдем ескірді. Әділет органдарының құрамында қала отырып, нотариалдық кеңселер тиісті дәрежеде мемлекеттік қаржыландырыла алмады, істердің жағдайына мемлекеттегі жалпы күрделі экономикалық ахуал әсер етті. Нотариустар ескірген бланктермен жұмыс істеді, нотариалдық құжаттарды баспа машиналарында басты, ғимараттардың іші нотариалдық құпияларды сақтау үшін жабдықталмаған еді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі нотариустардың еңбегін ынталандыру үшін шаруашылық есепті енгізуге барды, ал олардың қызметінің бухгалтерлік қамтамасыз етуін Әділет министрлігінің территориалды органдары жүзеге асырды.