Нотариустардың басқа мемлекеттердің құқық нормаларын қолдануы. Халықаралық шарттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:29, лекция

Описание работы

Бұрынғы нотариат жүйесі азаматтық айналым көлемінің күрт өсуіне және түбегейлі құқықтық реформалардың өткізілуіне байланысты жаңа заман талаптарына жауап бере алмай, мүлдем ескірді. Әділет органдарының құрамында қала отырып, нотариалдық кеңселер тиісті дәрежеде мемлекеттік қаржыландырыла алмады, істердің жағдайына мемлекеттегі жалпы күрделі экономикалық ахуал әсер етті. Нотариустар ескірген бланктермен жұмыс істеді, нотариалдық құжаттарды баспа машиналарында басты, ғимараттардың іші нотариалдық құпияларды сақтау үшін жабдықталмаған еді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі нотариустардың еңбегін ынталандыру үшін шаруашылық есепті енгізуге барды, ал олардың қызметінің бухгалтерлік қамтамасыз етуін Әділет министрлігінің территориалды органдары жүзеге асырды.

Работа содержит 1 файл

нотариат лекция.docx

— 149.47 Кб (Скачать)

Нотариус лицензиясының  күшін азаматтардың арыздары, аумақтық әділет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының, сондай-ақ салық қызметінің ұсыныстары негізінде ҚР Әділет министрлігінің шешімімен тоқтатыла тұрады.

Осыған байланысты лицензияны оның ауырлық дәрежесі мүмкін болатын  құқықтық салдар, жеке басының мінез-құлқы  бойынша тоқтату үшін  негіздердің  әртүрлілігіне назар аударады.

Нотариус лицензиясының  күшін тоқтата тұру туралы шешімде  лицензияның қолданылуын тоқтата  тұру себептері мен көрсетілуі тиіс.

Лицензияның күші мұндай шешім  нотариусқа жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған жағдайда лицензиар лицензияның күшін  қалпына келтіру туралы шешім  шығарады.

Нотариус лицензиясының  күшін тоқтата тұру тоқтатылған  кезеңде нотариаттық іс-әрекеттер  жасалуына тыйым салуға  және нотариустың жеке мөрін аумақтық әділет органына тапсыруына әкеп соғады.

Нотариус лицензиясының  күшін тоқтата тұру немесе қалпына  келтіру туралы шешім Қазақстан  Республикасы Әділет министрлігінің ведмоствалық баспасөз органында жарияланады.

Нотариус лицензиясының  күшін тоқтата тұру туралы шешім  жөнінде сотқа шағымдануға болады.

Нотариустың лицензиясының  күшін тоқтата тұрудан басқа  заң нотариустың лицензиясын  кері қайтарып алуды да қарастырады. Нотариустың лицензиясын кері қайтарып алу Әділет атестаттау комиссиясының  не прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әділет министррігінің, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешімімен мынадай жағдайларда

 

Көріп отырғанымыздай, жекеше нотариустардың лицензиясын кері қайтарып алу үшін негіздер құқық бұзушылықтар болып табылады.

Заңның 12 бабы жекеше нотариустардың лицензиясының күшін тоқтату  негіздерін қарастырады. Оған, ең алдымен  соттың шешімі бойынша лицензияны кері қайтарып алу жатады. Бұдан басқа, әділет аумақтық органы және нотариаттық  палаталардың ұсынысы бойынша ҚР Әділет Министрлігі лицензиясының  күшін мынадай жағдайларда тоқтатуы мүмкін

Нотариус лицензиясының  күшін тоқтату туралы ұсынысты тиісті нотариат палатасы мен аумақтық әділет органы енгізеді.

Лицензияны алғаннан кейін  үміткер алғашқы төлемді енгізе отырып аумақтық нотариалдық палатаға мүшелікке кіруі тиіс және аумақтық әділет органынан есептік тіркеуден  өтуі тиіс.

Жекеше нотариус үшін аумақтық нотариалдық палатаға мүшелікке  кіру міндетті болып табылады. Аумақтық нотариалдық палата қоғамдық бірлестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында мемлекеттік  емес заңды тұлға болып табылатындықтан  бұндай палатаның мүлкі  негізінен  нотариустардың алғашқы төлемдері  есебінен қалыптасады. Алғашқы ай сайынғы  мүшелік жарғылардың мөлшері  нотариалдық палата басқасының жоғарғы  органымен анықталады. Әдетте, алғашқы  төлем айлық есептік көрсеткіште  есептеледі және 200 айлық есептік  көрсеткіш мөлшеріндегі соманы құрайды. Кейбір аумақтық палаталар аудандық, селолық және шағын қалалық нотариустар  үшін алғашқы төлемнің мөлшерін азайтады. Нотариалдық палатаның мүшелігіне қабылдау туралы нотариусқа тіркейтін  есепке орналасау үшін басқару шешімінің  көшірмесі берілуі керек.

Жекеше нотариуста штамп, мөр және бланкілері болуға тиіс. 1999 жылдың наурызына дейін жекеше нотариустар  Қазақстан Республикасының мемлекеттік  елтаңбасы бейнеленген жеке мөрді  пайдаланған. Жаңа реквизиттерді толық  жазу 1999 жылы 24 ақпандағы ҚР-ның Әділет Министрлігінің №16 «Жекеше нотариустардың мөрі туралы», яғни 04.11.2004 жылы өзгерістер енгізілген бұйрығымен баяндалған. Онда жекеше нотариустардың жеке мөрі және нобайы (алғашқы нұсқасы) бекітілген. Жеке мөрде – тегі, аты-жөні, әкесінің аты, нотариалдық қызметпен айналасу құқығына лицензия берілген күні және нөмері көрсетілуі тиіс.  Жекеше нотариустардың жеке мөрлерін дайындауға тапсырысты Аумақтық Әділет органы жүзеге асырады. Жекеше нотариустарға жаңа мөрлерді беру Әділет органдарына сәйкес, мөрмен бекітілген және тігілген, нөмірленген, арнайы тіркеу журналында тіркелген, қолхат беру негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, нотариустарда келесілер болуы қажет куәландыратын жазуы бар штамптар, «айналымды қара» жазуы бар кіші штамптар, штамптардың көшірмелерін, штамптардың көшірмелерінің көшірмесін, жекелігі көрсетілген, қабілеті тексерілген, тігілген және номірленген, сенімхат, өсиет бл

           №6Нотариаттың  қағидалары

 

Қазақстан Республикасындағы  нотариат – бұл құқық пен фактілерді куәландыруға және заңмен қарастырылған  басқа да міндеттерді жүзеге асыруға  бағытталған нотариаттық әрекеттерді  жасау жолымен жеке және заңды  тұлғалардың заңдық мүдделері мен  құқықтарын қорғаудың заңмен бекітілген жүйесі. «Нотариат» термині латын  сөзі «notarius», аударғанда жазу, хатшы  деген мағананы береді. Біріншіден, нотариат даусыз құқықтар мен фактілерді куәландыру, құжаттарды, олардан алынған  көшірмелерді куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар  мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңдық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басқа да нотариаттық  әрекеттер жасау жүктелген органдар жүйесін көрсетеді.

Нотариат жүйесіне тек  қана мемлекеттік нотариалдық конторалар мен жекеше нотариустар ғана емес, сонымен қатар нотариаттық әрекеттер  жасау өкілеттілігі бар атқару билік  органдарының лауазымды тұлғалары  кіреді; Қазақстан Республикасының  консулдық ұйымдарының лауазымды  тұлғалары басқа мемлекеттердің аумағында нотариаттық әрекеттер  жасай алады; жекелеген нотариаттық  әрекеттер жасау құқығы дәрігерлік бөлімнің бас дәрігері мен оның орынбасарына, аурухананың кезекші дәрігеріне, сонымен қатар қарттар мен  мүгедектер үйінің директорлары мен  бас дәрігерлеріне, әскери бөлімдердің, мекемелері мен әскери-оқу орындарының  командирлеріне де берілген. Егер тұрғылықты жерде нотариус болмаса, онда нотариаттық  әрекетті атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары жасай алады. Өзінің сипаты мен атқаратын функциясына  байланысты нотариат мемелекеттік басқару  органдарының қатарына жатады. Өйткені нотариаттық әрекеттер жасау тек белгілі бір билік өкілеттілігі бар органға жүктелген.

Нотариаттық қызметті реттейтін  және бақылайтын мемлекеттің өкілетті органы Қазақстан Республикасының  әділет Министрлігі болып табылады.

Екіншіден, бұл заң нормаларымен нотариаттық қызметті реттейтін  заң саласы. Ең алдымен біздің елде нотариат қызметі нотариат туралы Негізгі  заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. 

Нотариат реформасы мен  нотариат туралы заңның мәні бойынша  қазіргі экономикалық кеңістікте екі  нотариус жұмыс істейді: бірі мемлекеттік  конторада, екіншісі жеке конторада. Олардың  арасындағы айырмашылық, біріншісі  нотариаттық әрекет жасаудан алған  төлемді толығымен мемлекетке береді де одан кепілденген еңбек ақысын алады. Ал екіншісі жеке тәжірибемен  айналысып, төлемдерді өзінде қалтырады. Тек заңмен қарастырылған салықтар мен өзге де төлемдерді төлейді. Бүгінгі  күні нотариат – мемлекет функцияларының бірін орындайтын және белгілі бір  шығынсыз әрекет ететін жалғыз көпшілік-құқықтық институт.

Нотариаттың алдында тұрған басты мақсат ол азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқығы мен  мүддесін қорғауды қамтамасыз ету. Мұндай міндет нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңынан туындайды. Ал осы мақсаттардың орындауын қамтамасыз ету үшіннотариаттық  палата мен нотариустар заң талаптарын қатал орындауы керек, сонымен қатар  біздің нотариат негізделген принциптердің  орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Нотариаттың келесі міндеттерінің  бірі превентивтік әділ сот. Заңдық бекітілген даусыз құқықтар сотқа жүгінуден  қорғайды және жақтардың құқықтары  мен қаражаттарын үнемедеумен қатар  мемлекеттің сот жүйесіне кетіретін  шығындарын да азайтады. Мысал ретінде  туыстық қатынастардың болу фактісін бекіту арқылы нотариустардың соттардың  үлесіндегі салмақты азайту мүмкіндігін  жатқызуға болады. Бұл сұрақ мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде жиі  туындайды және мұрагерлік құқықты  ресімдеу кезінде мұрагерлердің  мұраға қалдырушымен туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжаттардың болмау жағдайымен жиі қатар жүреді. Қазір  бұндай жағдайда нотариус жақтарды сотқа  жіберуге міндетті, ал сот нотариус жасаған сұраныстарды қайталайды да соңында туыстық қатынастарды дәлелдей алатын куәларды шақырады.

Нотариаттың құқықтық табиғатын  анықтайтын белгілердің қатарына юрисдикциялық  және құқық қорғау функциясын жатқызуға  болады. Нотариус бұл жүйедегі басты  әрекеттегі тұлға ретінде, тұтынушының  даусыз құқығы мен заңдық фактілерін растап қана қоймай, сонымен қатар  нотариус азаматтрадың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқығы мен мүддесінің бұзылуына жол бермеуі керек. Нотариус куәландырған келісімдер мен  басқа да заңдық фактілердің айғақтығы  нотариаттың әрекеттерді жүргізу  прцедурасының қатаң реттелген  ережесімен қамтамасыз етіледі.

Нотариаттық қызметтің негізгі  принциптері:

Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметін реттейтін нормалар заңның жеке саласын құрайды. Ол азаматтық, азаматтық іс жүргізу, отбасылық, тұрғын үй, халықаралық жеке құқық сияқты құқық салаларымен тығыз байланысты. Нотариаттың өкілеттігін құрайтын нотариаттық әрекеттер жасау  кезінде тек қана нотариат туралы заң ғана емес, аталған құқық саласының  көпшілігіне де жүгіну керек. Мысалы, заң немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы куәлік берген кезде  нотариус азаматтық, отбасылық, тұрғын үй және жер туралы заңдарды басшылыққа ала отырып, оларға түсініктеме береді. Сондықтан аралас құқықтық қатынастарды жақсы білу нотариус қызметімен айналысатын  тұлғалар үшін басты талап болып  табылады.

 

           №6Нотариаттың  қағидалары

 

Қазақстан Республикасындағы  нотариат – бұл құқық пен фактілерді куәландыруға және заңмен қарастырылған  басқа да міндеттерді жүзеге асыруға  бағытталған нотариаттық әрекеттерді  жасау жолымен жеке және заңды  тұлғалардың заңдық мүдделері мен  құқықтарын қорғаудың заңмен бекітілген жүйесі. «Нотариат» термині латын  сөзі «notarius», аударғанда жазу, хатшы  деген мағананы береді. Біріншіден, нотариат даусыз құқықтар мен фактілерді куәландыру, құжаттарды, олардан алынған  көшірмелерді куәландыру, құжаттарға атқарушылық күш беру және азаматтар  мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңдық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басқа да нотариаттық  әрекеттер жасау жүктелген органдар жүйесін көрсетеді.

Нотариат жүйесіне тек  қана мемлекеттік нотариалдық конторалар мен жекеше нотариустар ғана емес, сонымен қатар нотариаттық әрекеттер  жасау өкілеттілігі бар атқару билік  органдарының лауазымды тұлғалары  кіреді; Қазақстан Республикасының  консулдық ұйымдарының лауазымды  тұлғалары басқа мемлекеттердің аумағында нотариаттық әрекеттер  жасай алады; жекелеген нотариаттық  әрекеттер жасау құқығы дәрігерлік бөлімнің бас дәрігері мен оның орынбасарына, аурухананың кезекші дәрігеріне, сонымен қатар қарттар мен  мүгедектер үйінің директорлары мен  бас дәрігерлеріне, әскери бөлімдердің, мекемелері мен әскери-оқу орындарының  командирлеріне де берілген. Егер тұрғылықты жерде нотариус болмаса, онда нотариаттық  әрекетті атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары жасай алады. Өзінің сипаты мен атқаратын функциясына  байланысты нотариат мемелекеттік басқару  органдарының қатарына жатады. Өйткені  нотариаттық әрекеттер жасау  тек белгілі бір билік өкілеттілігі бар органға жүктелген.

Нотариаттық қызметті реттейтін  және бақылайтын мемлекеттің өкілетті органы Қазақстан Республикасының  әділет Министрлігі болып табылады.

Екіншіден, бұл заң нормаларымен нотариаттық қызметті реттейтін  заң саласы. Ең алдымен біздің елде нотариат қызметі нотариат туралы Негізгі  заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. 

Нотариат реформасы мен  нотариат туралы заңның мәні бойынша  қазіргі экономикалық кеңістікте екі  нотариус жұмыс істейді: бірі мемлекеттік  конторада, екіншісі жеке конторада. Олардың  арасындағы айырмашылық, біріншісі  нотариаттық әрекет жасаудан алған  төлемді толығымен мемлекетке береді де одан кепілденген еңбек ақысын алады. Ал екіншісі жеке тәжірибемен  айналысып, төлемдерді өзінде қалтырады. Тек заңмен қарастырылған салықтар мен өзге де төлемдерді төлейді. Бүгінгі  күні нотариат – мемлекет функцияларының бірін орындайтын және белгілі бір  шығынсыз әрекет ететін жалғыз көпшілік-құқықтық институт.

Нотариаттың алдында тұрған басты мақсат ол азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқығы мен  мүддесін қорғауды қамтамасыз ету. Мұндай міндет нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңынан туындайды. Ал осы мақсаттардың орындауын қамтамасыз ету үшіннотариаттық  палата мен нотариустар заң талаптарын қатал орындауы керек, сонымен қатар  біздің нотариат негізделген принциптердің  орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Нотариаттың келесі міндеттерінің  бірі превентивтік әділ сот. Заңдық бекітілген даусыз құқықтар сотқа жүгінуден  қорғайды және жақтардың құқықтары  мен қаражаттарын үнемедеумен қатар  мемлекеттің сот жүйесіне кетіретін  шығындарын да азайтады. Мысал ретінде  туыстық қатынастардың болу фактісін бекіту арқылы нотариустардың соттардың  үлесіндегі салмақты азайту мүмкіндігін  жатқызуға болады. Бұл сұрақ мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде жиі  туындайды және мұрагерлік құқықты  ресімдеу кезінде мұрагерлердің  мұраға қалдырушымен туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжаттардың болмау жағдайымен жиі қатар жүреді. Қазір  бұндай жағдайда нотариус жақтарды сотқа  жіберуге міндетті, ал сот нотариус жасаған сұраныстарды қайталайды да соңында туыстық қатынастарды дәлелдей алатын куәларды шақырады.

Нотариаттың құқықтық табиғатын  анықтайтын белгілердің қатарына юрисдикциялық  және құқық қорғау функциясын жатқызуға  болады. Нотариус бұл жүйедегі басты  әрекеттегі тұлға ретінде, тұтынушының  даусыз құқығы мен заңдық фактілерін растап қана қоймай, сонымен қатар  нотариус азаматтрадың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқығы мен мүддесінің бұзылуына жол бермеуі керек. Нотариус куәландырған келісімдер мен  басқа да заңдық фактілердің айғақтығы  нотариаттың әрекеттерді жүргізу  прцедурасының қатаң реттелген  ережесімен қамтамасыз етіледі.

Нотариаттық қызметтің негізгі  принциптері:

Информация о работе Нотариустардың басқа мемлекеттердің құқық нормаларын қолдануы. Халықаралық шарттар