Нотариустардың басқа мемлекеттердің құқық нормаларын қолдануы. Халықаралық шарттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 18:29, лекция

Описание работы

Бұрынғы нотариат жүйесі азаматтық айналым көлемінің күрт өсуіне және түбегейлі құқықтық реформалардың өткізілуіне байланысты жаңа заман талаптарына жауап бере алмай, мүлдем ескірді. Әділет органдарының құрамында қала отырып, нотариалдық кеңселер тиісті дәрежеде мемлекеттік қаржыландырыла алмады, істердің жағдайына мемлекеттегі жалпы күрделі экономикалық ахуал әсер етті. Нотариустар ескірген бланктермен жұмыс істеді, нотариалдық құжаттарды баспа машиналарында басты, ғимараттардың іші нотариалдық құпияларды сақтау үшін жабдықталмаған еді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі нотариустардың еңбегін ынталандыру үшін шаруашылық есепті енгізуге барды, ал олардың қызметінің бухгалтерлік қамтамасыз етуін Әділет министрлігінің территориалды органдары жүзеге асырды.

Работа содержит 1 файл

нотариат лекция.docx

— 149.47 Кб (Скачать)

Нотариус лицензиясы мерзiмi шектелмей берiлетiн басты лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.

Прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешiмiмен мынадай жағдайларда:

1) жекеше нотариус Нотариустың ар-ождан кодексiн бiрнеше рет бұзғанда;

2) нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше мәрте бұзғанда не мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне зиян келтiрiп, заңдарды бұзғанда;

3) лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерi жойылмағанда;

4) лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесiз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактiсi анықталғанда; 

5) лицензияның күшi үш мәрте тоқтатылғанда;

6) нотариус кәсіптік қызметін аумақтық әділет органдарында тиісті есептік тіркелусіз жүзеге асырғанда нотариус лицензиясы керi қайтарылып алынады. 

 

Нотариустың құқықтары

Нотариус:

1) өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес ҚР «Нотариат туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға;

2) мәмiлелердiң, өтiнiштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;

3) құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге; 

4) нотариаттық iс-әрекеттер жасау мәселелерi бойынша консультациялар беруге; 

5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер талап етуге; 

6) ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға.  

 

Нотариустың қызметiн шектеу

Нотариустың:

1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;

2) шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге; 

3) өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус мiндеттерiн орындауға;

4) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға;

5) нотариустың мөрін оның лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық әділет органына тапсыруын қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа адамға беруге;

6) ҚР «Нотариат туралы» Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, есептік тіркеу орнынан тыс жерде қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Егер ҚР «Нотариат туралы» Заңында өзгеше көзделмесе, жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ.  

 

Нотариаттық iс жүргiзу 

1. Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi қағидаға (бұдан әрi - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Қағида талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әдiлет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгентәртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс.

Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс. 

Нотариустың өзінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариус мөрі) не нотариус лицензиясының нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариус мөрі) көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары мен жеке бланкілері болады.

Нотариустардың мөрінің бедерлері мен қолының үлгілері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, аумақтық әділет органында, сондай-ақ нотариаттық палатада сақталады.

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге асыруды аумақтық әділет органы жүргізеді.

Жекеше нотариустың мөрін дайындау оның өз қаражаты есебінен, ал, мемлекеттік нотариуске бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. 

Аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күшi тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.  

 

Нотариустың мiндеттерi

Нотариус:

1) ҚР «Нотариат туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасауға;

2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге;

3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;

5) кәсiптiк әдептi сақтауға;

6) әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге;

7) өз лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидада көзделген тәртіппен іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беруге;

8) өз лицензиясының қолданылуы ҚР «Нотариат туралы» Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 4-1) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайларда, сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге;

9) өз тегінің, атының, әкесінің  атының және өз үй-жайы орналасқан  жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бір ай ішінде аумақтық әділет органына ұсынуға міндетті.

Қаржы мониторингі жөніндегі  уәкілетті органға «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы  іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен ақпарат беру нотариаттық іс-әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.

 

 

№4Нотариатты ұйымдастыру және басқару

Жасалған нотариаттық  іс-әрекеттердің заңдылығын және мемлекеттік  нотариустың аудандық,маңызы окруктердің  әкімдері аппараттарының лауазымды  адамдары іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды аумақтық  Әділет органы жүзеге асырады.                                                                            Жүзеге асыра отырып ,нотариат қызметтінің  қағидаларына сүйенеді.

Нотариат қызметтінің  қағидалары деп осы құқық иститутының  ұйымдастырылуы мен қызметін реттейтін  заңдардың мазмұнын мейлінше толық  көрсететін осы қызметтің құрылымының  қызмет етуінің және баптарының бастамалары.                                                                                               Нотариат қызметінің қағидалары;                                                                          1.заңдылық                                                                                                                        2.тәуелсіздік                                                                                                                                      3нотариатық әрекеттерді жасау құпиялығы.                                                                        Жеке практикамен айналысатын нотариустың жасаған нотраиатық іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды аумақтық Әділет органымен нотариаттық палатасы жүзеге асырады.Бақылауды жүзеге асыру тәртібі.ҚР Әділет Министрлігі республикалық  нотариаттық палатамен бірлесіп белгілейді.                                                 Нотариустың және аудандық маңызы бар  қалалар,кенттер,ауылдық окруктер,ауылдар әкімдері,аппараттарының лауазымды адамдардың Салық заңдарына сақталуды бақылауды ҚР Салық қызметті органдары жүзеге асырады. Әділет органы мен нотариалдық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметін тексеру кезінде мәлім болған нотариаттық іс-әрекеттері жасау құпиясын сақтауға міндетті.Құпияны жария еткен және нотариусқа келтірілген зиян үшін бұл адамдар ҚР ның заңдарына сәйкес жауапты болады.Нотариаттық қызиетті жүзеге асыруға кіріскен жекеше нотариустың жұмысын тексеру.Ол нотариусттық іс-әрекетті жүзеге асыра бастағаннан кейін кем дегенде алты айда кейін және бір жылдан кішіктірмей жүргізіледі және біржыл сайын тексеру жүргізіліп отыру тиіс.

                №5Жекеше нотариустардың құқықтық  мәртебесі 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  «Нотариат туралы» Заңының 15-бабында  жекеше нотариустардың құқықтық мәртебесі  анықталған. Нотариус заңды тұлға  құрмай жеке практикамен айналысады, алайда онда заңды тұлғаға тән  барлық белгілер бар банк мекемелерінде  есеп айырысу шотының болуы және өзге де шарттар ашуы; еңбек заңдарына  сәйкес көмекшілер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуы;  мүліктік құқығының болуы және оларды өз атынан билік етуге мүмкіндігінің бар  болуы; соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес басқа да іс-әрекеттер  жасауға құқығы.

Жеке практикамен айналысатын  нотариус есептік, валюталық шарттар  және Қазақстан Республикасының  банктік заңнамаларына сәйкес кез-келген банкте өзге де шоттар ашуға құқығы бар (Заңның 15-бабы).

Нотариус ретінде заңды  тұлға құрмай, лицензия негізінде  нотариаттық қызметпен айналысатын  жеке практикамен айналысатын азамат танылады. «Лицензиялау туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 10 бабының 6 тармағы  қызметтің лицензияланған түрлері  сипатындағы нотариалдық қызмет көрсетулерді енгізді.

«Лицензия туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес лицензия ҚР Әділет Министрлігінің Аттестациялық  комиссиямен өткізілген аттестаттау  қорытындысы бойынша мемлекеттік  немесе жеке нотариустан іс-тәжірибеден  өту негізінде тестілеу нысанында  беріледі.

Әділет Министрлігінің халыққа  құқықтық көмек және заң қызметтерін  көрсетуді ұйымдастыру бойынша  Комитетпен құрылған Аттестациялық  комиссиясының құрамына Қазақстан  Республикасының Әділет органдарының төрағалары, ҚР Адвокаттар Алқасы, Республикалық  нотариалдық палаталар мен оқытушы-заңгерлер  кіреді.

Аттестациядан Қазақстан  Республикасының Біліктілік әділет алқасына біліктілік емтиханын тапсырған  тұлғалар; тұрақты судьялар және өздерінің  міндеттерін орындау кезінде  заңдылықты бұзғаны және басқа да бұзушылықтар жасағаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты  судья жұмысын істейтін тұлғалар; сондай-ақ мемлекеттік нотариустар  өтпейді. Аттестация, сонымен қатар  прокурорларға, прокуратура органдарында жұмыс істеген тергеуші және анықтаушыларға тән емес.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалар Комиссияға аттестацияға жіберу рұқсаты туралы өтініш халыққа құқықтық көмек және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру  бойынша  Комитеттің кеңсесі арқылы жіберді. Өтінішке мына құжаттар қоса берілуі тиіс

Аттестациялық істің материалдарын  қарау нәтижесі бойынша Комиссия аттестацияға өткізу туралы немесе өткізуден  бас тарту туралы шешім шығарады. Аттестацияға өткен үміткер әділет аумақтық органдары арқылы аттестацияның  өткізілуіне дейін 10 күнтізбелік  күннен кешіктірмей аттестацияның  өту орны, уақыты мен күні туралы хабарландырылады. Аттестацияға өткен  үміткер қолданыстағы заңнама бойынша  тестілеуден өтеді және егер дұрыс  жауабы 65 пайыздан асса және ұсынылған  сұрақтардың жалпы санынан көп  пайызын алса, тестілеуден өтті деп  саналады. Тестілеудің қорытындысы  бойынша Комиссия аттестациядан  өткендігі немесе өтпегендігі туралы аттестация өткеннен кейін келесі күнінен кешіктірілмей шешім шығарады.

Осыдан кейін үміткер  жеке нотариалдық іс-әрекеттермен айналысу құқығына ие болу үшін жоғарыда аталған  өтудің көрсетілген тәртібі бойынша  іс-тәжірибеден өтуі керек.

Лицензиясыз жеке нотариалдық  іс-әрекеттермен айналысу Қазақстан  Республикасының заңнамасында көзделген  жауапкершілікке әкеліп соғады. Нотариустың  лицензия алуы үшін қажетті құжаттардың  тізімі, лицензияны беру тәртібі мен  мерзімі 2002 жылы 27 ақпандағы адвокаттық қызмет және нотариустардың қызметін лицениялау Ережесімен белгіленеді. Жеке нотариалдық іс-әрекеттермен айналысу құқығына лицензия алу үшін Лицензиат  Лицениарға (халыққа заң қызметтерін  көрсету және құқықтық көмекті ұйымдастыру  бойынша Комитет) бекітілген нысанда  арыз ұсынады. Арызға қосымша

Лицензиат осы аталған  құжаттардың мазмұнында көзделген  мәліметтердің толымдылығы мен  сенімділігіне жауап береді. Лицензия беру туралы арыз осы арызға қосымша  тіркелген құжаттардың толымдылығы  мен сенімділігін тексеру жолымен 1 ай мерзім ішінде Лицензиармен қаралады. Қараудың нәтижесі бойынша Лицензиар  лицензияны беру немесе оны беруден  бас тарту туралы шешім шығарады. Лицензия «Адвокаттық және нотариаттық  қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік  лицензиясының нысанын бекіту туралы»  ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы  №1325 қаулысымен  бекітілген нысан  бойынша беріледі.

Нотариустың лицензиясы бас  лицензия болып табылады және оның мерзіміне шек қойылмай беріледі және Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында қолданылады. Оған Қазақстан Республикасының  Әділет Министрлігінің халыққа құқықтық көмек  және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру  бойынша Комитет Төрағасы қол  қояды, бір данада жасалады және Лицениардың  мөрімен ресімделеді. Лицензия сенімхаттың  негізінде өкілетті Лицениатпен  де берілуі мүмкін. Лицензияны жоғалтып алу кезінде Лицензиаттың оның дубликатын алуға құқығы бар.

 Қазақстан Республикасының  Әділет Министрлігі нотариалдық  қызметпен айналысу құқығына  арналған лицензияны мемлекеттік  тіркеуден өткізеді және нотариалдық  қызметті жүзеге асыруға арналған  лицензияны берген тұлғалар туралы мәліметті, соның  ішінде нотариустың аты-жөні, әкесінің аты; лицензияның берілген күні мен оның номері көрсете отырып, ведмоствалық баспасөз органдарында (Заң газеттерінде) жариялайды.

Нотариустың лицензиясын  беруден бас тартудың негізі лицензиялау  туралы заңнамамен бекітіледі. Бас  тарту туралы шешім үміткерге  оның бұл шешімді қабылдаған күннен бастап 3 күн мерзім ішінде бас тартудың негіздері көрсетіле отырып жазбаша  нысанда беріледі. Бас тарту туралы шешімге сотта шағым берілуі  мүмкін.

Информация о работе Нотариустардың басқа мемлекеттердің құқық нормаларын қолдануы. Халықаралық шарттар