Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:50, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – нотариат қызметінің рөлін азаматтардың құқықтарын қорғау барысындағы зор үлесін ашып, сондай – ақ нотариус болуға қандай талаптар қойылады және нотариат қызметі жайлы тақырыпты ашу. Нотариустар іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана еліміздің заңдарын, нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды басшылыққа алып, бағынады, жасаған іс-әрекеттер құпиясын сақтауға кепілдік береді.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………......…...3
1-тарау. Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру.
1.1. «Нотариат» туралы жалпы түсінік және оның қалыптасу тарихы………...5
1.2. Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы………………….....7
2-тарау. Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес нотариусқа қойылатын талаптар.
2.1. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нотариусқа қойылатын талаптар………………………………………………………………12
2.2. Нотариустың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі…………….31
2.3. Нотариустың қызметін қадағалау…………………………………………...36
3-тарау. Нотариаттық іс жүргізу негіздері.
3.1. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес орындалатын нотариаттық іс-әрекет түрлері……………………………………………………………………...43
3.2. Нотариаттық іс-әрекетті жасауда туындайтын өзекті мәселелер………...58
Қорытынды………………………………………………………………………..60
Қолданылған нормативтік құқықтық актілер және әдебиеттер тізімі………...64

Работа содержит 1 файл

Дипломная работа нотариат.doc

— 362.50 Кб (Скачать)

Нотариус лицензиясының күші тоқтата түру туралы шешімде лицензияның қолданылуын тоқтата туру себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. Лицензияның күші мұндай шешім нотариусқа жеткізілген күннен бастап токтатыла тұрады. Тоқтата туруға себеп болған мән-жайлар жойылған жағдайда лицензиар лицензияның күшін қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды. Нотариус лицензиясымың күшін тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық іс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға және нотариустың жеке мөрін аумақтық әділет органына тапсыруына әкеп соғады. Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру немесе қалпына келтіру туралы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық баспасөз органында жарияланады. Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешім жөнінде сотка шағымдануға болады.

Әділет аттестаттау  комиссиясының не прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, не Республикалық нотариаттық палатаның  талап қоюы бойынша сот шешімімен  мынадай жағдайларда:

  1. 71 - баптың 1 тармақшасы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 мамырдың № 408-11 Заңымен алып тасталды.
  2. жекеше нотариус Нотариустың ар-ождан кодексін бірнеше рет бұзғанда;
  3. нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бірнеше мәрте бұзғанда не мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіріп, заңдарды бұзғанда;
  4. лицензияның кушін тоқтата тұру себептері жойылмағанда;
  5. лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесіз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталғанда;
  6. лицензияның күші үш мәрте тоқтатылғанда;
  7. аттестаттаудың нәтижесі теріс болғанда нотариус лицензиясынан айырылады.

      Лицензиясынан  айырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шешімі бойынша мынадай жағдайларда:

    1. нотариус өз тілегімен өтініш бергенде;
    2. нотариус азаматтығын өзгерткенде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрғылықты мекен-жайынан кеткеңде;
    3. нотариус қайтыс болғанда;
    4. нотариус қылмыс жасағаны үшін сотталғанда — үкім заңды күшіне енгеннен кейін;

4-1) нотариусқа қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққанда;

5) нотариус заңдарда белгіленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабілетсіз не іс-әрекет жасауға қабілеттілін шектеулі деп танылғанда;

6) денсаулық жағдайына байланысты нотариустың өз кәсіптік міндеттерін атқаруы мүмкін болмағанда (медициналық қорытынды негізінде);

7) нотариус хабар-ошарсыз  кеткен деп танылғанда немесе  қайтыс болған деп жарияланғанда нотариус лицензиясының күші тоқтатылады.

       Нотариус лицензиясының күшін тоқтату туралы ұсынысты тиісті нотариат палатасы мен аумақтық әділет органы енгізеді. Аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күші токтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнінде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшін алып қою және нотариустың жеке мөрін жою жөнінде шаралар қолдануға міңдетті. Нотариус лицензиясының күші тоқтатылуына байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.

         Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін.

         Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады. Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жүмыс істей алады немесе мемлекеттік котариат кеңсесінің құрамында бола алады. Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы. Жоғары заң білімі бар және аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер сынақтан өту туралы шарт негізінде жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өтеді. Зәң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар адамдар үшін аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен сынақтың мерзімі қысқартылуы мүмкін. Сынақтың уақыты үш айдан кем болмауы керек. Нотариустардың сынақтан өтушілерінің сынактан өтуінің тәртібі,  мерзімі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережемен белгіленеді. Аталған Ережеге және «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабына сәйкес жоғары заң білімі бар және аттестаттау комиссиясында аттестациялаудан өткен  Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер сынақтан өту туралы шарт негізінде жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өтеді. Сынақтың ұзақтығы бір жылдан кем болмауы керек.

     Заңгер  мамандығы бойынша кемінде екі  жыл жұмыс стажы бар адамдар

үшін аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның  бірлескен шешімімен сынақтың мерзімі  қысқартылуы мүмкін. Сынақтың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек. Сынақтан өту мерзімі сынақтан өту басшысының өтініші негізінде сынақтан өтушінің жұмыс стажы мен тәжірибесін, кәсіби қасиеттерін ескере отырып, сонымен қатар, осы Ережеде белгіленген тәртіппен олармен әңгімелесудің нәтижесі бойынша қысқартылады. Сынақтан өту басшысының өтініші негізінде сынақтан өту мерзімін сынақтан өтушінің немесе сынақтан өту басшысының науқастануына байланысты, сондай-ақ сынақтан өтушінің өту бағдарламасын сапасыз меңгергеніне байланысты аумақтық әділет органының басшысы немесе нотариаттық палата төрағасы ұзартуы мүмкін. Ережеге сәйкес нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін сынақтан өтуге ниет білдірген адамдар:

– егер сынақтан өтуші  адам мемлекеттік нотариустан сынақтан өтуге ниет білдірген жағдайда –  аумақтық нотариаттық палата аумақтық әділет органының бастығына;

– егер сынақтан өтуші  адам жекеше нотариустан сынақтан өтуге  ниет білдірген жағдайда – аумақтық нотариаттық палата төрағасына өтініш білдіреді.

      Өтінішке  мынадай құжаттар қоса берілуге  тиіс:

                1. Қазақстан Республикасының  азаматы жеке куәлігінің не төлқұжатының көшірмесі;
                2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестациялаудан өту туралы Әділет аттестациялық комиссиясы шешімінің нотариатты куәландырылған көшірмесі не көрсетілген аттестациядан өтуден босатылғанын растайтын құжат.

Сынақтан өтуге ниет білдірген адам жұмыс стажының, тәжірибесінің  және кәсіби қасиеттерінің бар-жоқтығын растайтын құжаттарды қосымша ұсына  алады.

        Сынақтан өтуге ниет білдірген  адам жоғарыда аталған құжаттарды  тапсырған күннен бастап он күн өткеннен кейін аумақтық әділет органымен немесе аумақтық нотариаттық палатамен сынақтан өту туралы шарт жасайды.

Сынақтан өтуге туралы шартта:

- тараптардың құқықтары  мен міндеттері;

- сынақтан өту орны;

- сынақтан өту шарттары, тәртібі мен мерзімдері;

- жұмыс уақытының режимі;

- сынақтан өту үшін  ақы мөлшері, шарттары мен мерзімдері  көзделуге тиіс.

Мемлекеттік немесе жекеше нотариустан сынақтан өтудің әр айы  үшін есеп айырысу жүргізу күніне белгіленген кемінде үш және он еседен астам айлық есептік көрсеткіш есбінен бола алмайды.

Шартта қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін басқа  да шарттар көзделуі мүмкін.

Сынақтан өту аумақтық әділет органы немесе аумақтық нотариаттық  палата белгіленген нотариустың  басшылығымен жүргізіледі.

Бұл ретте сынақтан өтудің басшысының:

  • кемінде бес жыл нотариаттық қызмет тәжірибесі мен стажы;
  • соңғы бес жылда кәсіби қызметін жүзеге асыруда шынайылық кәсіби қасиеттері болуға тиіс.
  • Бір және сол бір нотариустан бір уақытта кемінде екі сынақтан өтуші сынақтан өте алады.

    Сынақтан өту аумақтық әділет органы немесе аумақтық нотариаттық палатаның тиісті шешімімен бекітілген бірыңғай бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

Ол барлық сынақтан өтушілер үшін міндетті болып табылады.

Бағдарлама нотариустың  кәсіби және этикалық мінез-құлық нормаларын зерттелуді, нотариустар немесе арнайы сынақтан өтушілер үшін ұйымдастырылатын семинар сабақтарына қатысуды қоса алғанда, сынақтан өтушінің арнайы теориялық білімдер алуына, нотариаттық іс-қимыл жасау мен нотариус жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларының қалыптасуына бағытталған іс-шаралар тізбесінен құрылуға тиіс. Сынақтан өту мерзімін қысқарту өтушіні сынақтан өту бағдарламасын меңгеру міндетінен босатпайды.

      Сынақтан  өту кезеңінде сынақтан өту  басшысының жетекшілігімен сынақтан өтуші:

- азаматтарды қабылдауды  ұйымдастырады;

- келіп түсетін хат-хабарды  қабылдау, тіркеу мен есепке алу  тәртібін;

- кіріс және шығыс  хат-хабарды тіркеуді;

- іс номенклатурасын  жазуды;

- есепке алудың кітаптарын, журналдарын және нарядтар жүргізу  тәртібін;

-статистикалық есеп  жасауды;

- мұрағатта сақтауда  жататын нотариатты куәландырылған  құжаттарды дайындау тәртібін;

- істерді жасауды және  оларды кейіннен сақтауға дайындауды;

- ұдайы және уақытша  сақтаудың құжаттарын іріктеуді  зерделейді.

        Сынақтан өтуші нотариаттық іс-қимыл жасау кезінде болуға тиіс және сынақтан өту басшысының нұсқауы бойынша мынадай нотариаттық құжаттар:

  • заң бойынша мұраға құқық туралы куәліктер;
  • өсиет бойынша мұраға құқық туралы  куәліктер;
  • өсиеттер;
  • мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайндау туралы қаулы;
  • ерлі – зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;
  • азаматтың тірі екендігі фактісі туралы куәлікткер;
  • азаматтың белгілі бір жерде болу фактісі туралы куәлікткер;
  • жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарттар;
  • жылжитын мүлікті иеліктен айыру туралы шарттар;
  • рента шарттары,
  • мүлікті өтеусіз пайдалануға не арендаға беру туралы шарттар;
  • мүлікті бөлу туралы шарттар;
  • неке келісім шарты;
  • алименттік келісім;
  • барлық мүлікті иеленуге сенімхаттар;
  • мүлікті иеліктен айыруға сенімхаттар;
  • мүлікті мұраға беруге сенімхаттар және басқа да құжаттардың жобасын дайындауға тиіс.

       Сынақтан  өтуші нотариат қызметін реттейтін  заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді дербес зерделуге, сондай–ақ, нотариустың Ар – Ождан Кодексін меңгеру керек.

       Сынақтан  өтуші құжаттардың жобаларын  сынақтан өту басшысының қарауына  береді, ол олармен бірігіп олардың  дұрыс рәсімделгенін талдайды, шешеді.

       Сынақтан  өту аяқталғаннан соң, сынақтан  өтуші қорытынды есеп дайындайды, ол:

  • сынақтан өту орны, мерзімі мен тәртібі туралы жалпы мәліметтерден;
  • сынақтан өту жоспары бойынша  орындалған жұмыстардың сипатын;
  • практикалық жеке жұмысынан алынған дағдылардан тұруға тиіс.

        Есепке сынақтан өтуші сынақтан  өтіп болған соң тиісінше аумақтық  әділет органына немесе аумақтық  нотариаттық палатаға сынақтан  өтуі туралы қорытынды есепті, сондай–ақ, сынақтан өту барысында  алған сынақтан өтушінің жалпы  дайындық дәрежесі, кәсіби білімі мен практикалық дағдылары көрінетін сынақтан өту басшысының ұсынымын көрсетеді.

Аумақтық әділет органы мен аумақтық нотариаттық палатаның  бірлескен отырысында сынақтан өтушіні  сұхбаттасуға шақырады. Сұхбаттасу кезінде  аумақтық әділет органына мен аумақтық нотариаттық палата сынақтан өтушінің нотариаттық қызметті жүзеге асыруға дайындық дәрежесін анықтайды. Сынақтан өту туралы сұхбаттасудың нәтижелері мен материалдарды қарау бойынша аумақтық әділет органына мен аумақтық нотариаттық палата өтілген сынаққа оң баға берілген жағдайда, сынақтан өту басшысы қол қоятын және әділет басқармасының бастығы мен нотариаттық палатаның төрағасы бекітетін сынақтан өту қорытындылары туралы   қорытынды шығарады. Көрсетілген қорытынды бекітілген жағдайда аумақтық әділет органына мен аумақтық нотариаттық палата өтілген сынақ қорытындылары бойынша қорытынды беруден себебін дәлелдей отырып бас тартады. Сынақтан өту қорытындылары туралы қорытынды бекітуден дәлелді бас тарту жазбаша түрде сынақтан өтпеген адамға жіберіледі. Осы бас тартуға сот тәртібімен шағым беруге болады. Сынақтан өтпеген адам сынақтан өтуге жалпы негіздер бойынша жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Нотариустың  құқықтары,  міндеттері  және  жауапкершілігі.

Қазақстан Республикасының  «Нотариат туралы» заңына сәйкес нотариус келесідей құқықтарды иеленеді: 

Информация о работе Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру