Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:50, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – нотариат қызметінің рөлін азаматтардың құқықтарын қорғау барысындағы зор үлесін ашып, сондай – ақ нотариус болуға қандай талаптар қойылады және нотариат қызметі жайлы тақырыпты ашу. Нотариустар іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана еліміздің заңдарын, нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды басшылыққа алып, бағынады, жасаған іс-әрекеттер құпиясын сақтауға кепілдік береді.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………......…...3
1-тарау. Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру.
1.1. «Нотариат» туралы жалпы түсінік және оның қалыптасу тарихы………...5
1.2. Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы………………….....7
2-тарау. Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес нотариусқа қойылатын талаптар.
2.1. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нотариусқа қойылатын талаптар………………………………………………………………12
2.2. Нотариустың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі…………….31
2.3. Нотариустың қызметін қадағалау…………………………………………...36
3-тарау. Нотариаттық іс жүргізу негіздері.
3.1. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес орындалатын нотариаттық іс-әрекет түрлері……………………………………………………………………...43
3.2. Нотариаттық іс-әрекетті жасауда туындайтын өзекті мәселелер………...58
Қорытынды………………………………………………………………………..60
Қолданылған нормативтік құқықтық актілер және әдебиеттер тізімі………...64

Работа содержит 1 файл

Дипломная работа нотариат.doc

— 362.50 Кб (Скачать)

 

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………......…...3

 

1-тарау.  Нотариалдық   қызмет  және  оны  ұйымдастыру.

1.1. «Нотариат» туралы  жалпы түсінік және оның қалыптасу тарихы………...5

1.2. Нотариаттың Қазақстан  Республикасында қалыптасуы………………….....7

 

2-тарау. Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес нотариусқа қойылатын талаптар.

2.1.  «Нотариат туралы»  Қазақстан Республикасы Заңына  сәйкес нотариусқа қойылатын  талаптар………………………………………………………………12

2.2. Нотариустың  құқықтары,  міндеттері  және  жауапкершілігі…………….31

2.3. Нотариустың қызметін қадағалау…………………………………………...36  

 

3-тарау. Нотариаттық   іс  жүргізу  негіздері.

3.1. Қазақстан Республикасы  заңдарына сәйкес орындалатын  нотариаттық іс-әрекет түрлері……………………………………………………………………...43

3.2.  Нотариаттық іс-әрекетті жасауда туындайтын өзекті мәселелер………...58

 

Қорытынды………………………………………………………………………..60

 

Қолданылған нормативтік  құқықтық актілер және әдебиеттер тізімі………...64

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

«Нотариат – мамандық емес, нотариат – бұл  тағдыр» 

Орлов Нотариаттық палатасының президенті., Псарёв Э.С.1

Қазақстан Республикасының  азаматтарының құқықтары мен  заңмен қорғалатын мүдделерін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардың  әр түрлі мекемелеріне жүктелген. Нотариат – осылардың бірі болып табылады. Нотариат институтының дамуы Республикамыздың нарықтық экономикаға қадамын басқаннан кейін, нотариустар қызметінің маңызының  өсуімен ерекшеленеді.

«Нотариат туралы» Қазақстан  Республикасының № 155 Заңы 1997 жылы 14 шілде күні қабылданды (өзгертулер және толықтырулар 2007 жылы 2- қыркүйегінде енгізілген). Осы заң негізінде Қазақстан Республикасында нотариаттық қызметті ұйымдастыруға бағытталған бірқатар реформалар жүзеге асырылды. Бұл заң өз бойына бұрыңғы заңдардан ең жақсысын сіңіріп, бірақ оның бәрін ескере отырып, жаңа нормалар мен институттарды, құрылымы мен ұйымдастырылуы өзгерді. Яғни, қазір жеке нотариустар институты пайда болды. Жеке практикамен айналысатын нотариустардың мемлекеттік нотариаттық кеңселерде қызмет ететін нотариустар сияқты азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға және даусыз құқықтарын куәландыруға құқықтары бар.

         Еліміздің құқық қорғау жүйесіндегі маңызды салалардың бірі нотариат болып табылады. Нотариат – құқықтар мен фактілерді куәландыру, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесін құрайды. Нотариаттық іс-әрекетті Нотариат туралы Заңында қарастырылғандай, мемлекеттік және жеке нотариустар, нотариаттық әрекеттер жасауға өкілетті жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары, консулдық қызмет атқаратын адамдар жүзеге асыра алады.

Дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде – «Қазақстан Республикасында  Нотариаттың қалыптасуы. Нотариатың қызметін нормативтік құқықтық реттеу»  деген негізгі тақырыбымның өзекті сұрақтары мен мәселелерін қарастырып, мүмкінді оларінше оларды барынша тереңдетіп зерттеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының негізгі  мақсаты – нотариат қызметінің рөлін  азаматтардың құқықтарын қорғау барысындағы  зор үлесін ашып, сондай – ақ нотариус болуға қандай талаптар қойылады және нотариат қызметі жайлы тақырыпты ашу.  Нотариустар іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана еліміздің заңдарын, нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды басшылыққа алып, бағынады, жасаған іс-әрекеттер құпиясын сақтауға кепілдік береді.

Нотариустар өз қызметінде нормативтік актілерді басшылыққа алады, оларға төменднгідей құқықтар мен  міндеттер жүктелген:

- жеке және заңды  тұлғалардың мүдделеріне сәйкес  іс-әрекеттер жасауға, мәмілелердің, өтініштер мен құжаттардыңжобаларын жасауға, құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге, нотариаттық  іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша кеңестер беруге, заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың нотариатық қызмет жасауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді талап етуге, ғылыми, педагогтік және шығармашылық қызметпен айналысуға, соның ішінде жалдау шарты бойынша айналысуға;

- заңға және басқа  да нормативтік құқықтық актілер  талаптарына сәйкес нотариаттық  іс-әрекеттер жасауға, азаматтарға  және заңды тұлғаларға құқықтар  мен міндеттерді, олардың заңды  білмегендігі өздеріне зиян келтіруге  пайдаланылуына жол бермеу үшін, жасалған нотариаттық іс-әрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге, кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға, заңға сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан бас тартуға, кәсіптік әдепті сақтауға, әділет органдарына және нотариаттық палатаға өз қызметіне байланысты шағымдар бойынша мәліметтер, басқа да құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, оның ішінде кәсіптік әдеп талаптарын сақтамау мәселелері бойынша түсініктемелер беру.

Бірақ нотариус заңсыз әрекеттер  жасаған жағдайда еліміздің заңдарында көзделген қылмыстық, әкімшілік, материалдық, тәртіптік және өзге де түрде жауапқа  тартылуы мүмкін. Жеке практикамен  айналысатын нотариус өзінің кәсіптік міндеттері мен әдеп нормаларын бұзған жағдайда оны нотариаттық палата Нотариустың ар-ождан кодексіне сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.

Әділет министрлігі  және оның аумақтық органдары, сондай-ақ  нотариаттық палата да жеке нотариустың  жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылайды.

Нотариус атқаратын  негізгі әрекеттер: мәмілелерді куәландырыды; шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын  куәландырыды; мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындайды; мұраға құқық туралы куәліктер береді; құжаттардың көшірмелері мен олардан аынған үзінділердің дұрыстығын

куәландырыды; құжаттарға қойылған қолдаың түпнұсқалығын  куәландырыды; мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды  және т.б. Осы сипатталған әрекеттердің жасалу ерекшеліктерін қарастыру.

Тақырыпты зерттеу барысында  отандық нормативтік құқықтық актілер  талданып, зерделенді.

Зерттеу жұмысы құрылымы бойынша үш тараудан, жеті бөлімнен, сонымен қатар кіріспе және қорытынды  бөлімдерінен тұрады. Жұмыстың соңында қолданылған нормативтік актілер мен әдебиеттер тізімі келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау.  Нотариалдық   қызмет  және  оны  ұйымдастыру.

1.1. «Нотариат»  туралы  жалпы түсінік және  оның қалыптасу тарихы.

Нотариат – институт ретінде өз тарихын сонау Ежелгі Римде Республика қалыптасқан кезден бастайды. Сол замандарда римдіктерде арнайы лауазымды тұлғалардың институты қалыптасқан  – хатшылар. Олардың негізгі – магистрлердің бұйрықтарын жазбаша түрде рәсімдеу және преторлардың шығаратын сот формулаларын жазу болып табылады.

 Сондай-ақ лауазымды  жазушылармен қатар, жеке жазушылар  дәрежесі болған. Олар бай римдіктердің  үйлерінде хатшы қызметін атқарған. Негізгі міндеттері  – іскерлік  хаттамаларды жүзеге асыру және  арнайы рәсімдеу. Сонымен қатар,  осы иелерінің заңды мәмілелерін жүзеге асырған.

Осы қызметтерді жүзеге асырған тұлғалар нотариустар деп аталған. Notaril – nott сөзі, дәлірек аударғанда, стенографиялық белгі, яғни жазушылардың жазбаларын жылдамдатуға арналған, арнайы ойлап шығарылған белгілердің жиынтығы.

Уақыт өте келе, азаматтық  айналымдардың өркендеуіне байланысты, Римде табеллиондар институты қалыптасқан.Осылар қазіргі кездегі нотариаттың «атасы» деп айтуға толық сенім бар.

Табеллиондар кез –  келген тұлғаның талабы және сыйақысы негізінде, заңды актілр мен  сот қағаздарын құрастыруымен айналысқан. Сыйақы мен төлемақы мөлшерін мемлекет өзі белгілеген.

Табеллиондар еркін  мамандықтың тұлғалары болып  есептегенімен, мемлекет оларды үнемі  бақылап, қызметтерін тексеріп жүрген. Табеллиондар өз қызметі барысында рәсімделген құжаттардың барлығын заңға сәйкестігін бақылап, олардың мазмұгы мен нысанын дұрыс орындалуын сақтауға міндетті болатын.

Осы іс-әрекеттердің барлығы  арнайы оқшауланған үйлерде, қаланың  орталық көшелерінде және алаңдарында, тек келеңсіз жағдайлар туындаған кезде – жеке үйлерде жүзеге асырылған.

IV ғ кейін нотариаттың  жаңа нысаны – шіркеулік нотариат  пайда болған. Хатшылар, яғни нотариустар,  шіркеу істері бойынша туындайтын  құжаттар мен қағаздарын дайындап  жасаған болатын. Осы нотариустардың негізгі қызметі болып – шіркеудің жоғарғы шенеулігін тағайындау жөнінде актілерді щығару, сондай-ақ талқылауларды жазып, шіркеу жиналыстарында отарыстардың негізгі мазмұнын жазып тұру болған. Бұл нотариустардың қызметінің негізгі міндеті – шіркеу мүдделерін және шіркеу атынан рәсімделетін құжаттар мен актілерді жүзеге асыру болып табылатын.

VIII ғ басында шіркеулік  нотариат өз қызметін азаматтық  құқықтық қатынастарға да таратты. XVғ зайырлы биліктің күшеюінің  негізінде, шіркеулік нотариат  лауазымын жойды. Сол кезден бастап нотариат толығымен мемлекеттік орган болып орнатылды.

Нотариустар мемлекеттік  қызметтегі лауазымды тұлғалар болып  жұмысын атқара бастады. Олар  мемлекеттің  жоғарғы билігімен тағайындалды немесе феодалдық биліктің атынан қызметін атқарды.

Нотариустардың қызметі  сол кезде заң жүзінде күшін  ұлғайтып, Италияның ең үлкен деген  қалаларына тарай бастады. Нотариат – копоративті құрылғы, ол нотариустардың мүдделерін қорғайтын кепілі болып  дамыған. Нотариустардың қызметі ұлғая  бастады. Олар тек қана құжаттар мен актілерді дайындау ғана емес, енді сот және әкімшілік органдардың қызметіне мүшелік танытып, сот процкстеріне қатысып, қатысушылардың көрсетулерін тіркеумен айналысуға құқықтары пайда болды. Сондай-ақ сот шешімдерін құрастыруға қатысқан.

Әкімшілік органдардың  қызметіне де зор үлесі – әкімшілік  бұйрықтар мен декреттерді құрастыруы болып табылады.

Осы іс-әрекеттерге қоса отырып, нотариустар тек оларға тән  нотариаттық іс-әрекеттерді орындаған: шарттарды құрастыру; мәмілелер, мәтіндер, азаматтық құқықтық мәмілелерді, өсиеттер мен третейлік соттардың актілерін; көшірмелерді куәландыру және т.с.с. қызметтерін орындаған. 2

 

 

 

1.2. Нотариаттың  Қазақстан Республикасында қалыптасуы.

         Нотариаттың Қазақстан Республикасында  қалыптасуын келесідей кезеңдермен қарастыруға болады:  

-  1994 жылы Қазақстандағы  құқықтық реформаның мемлекеттік  бағдарламасы бекітілді.

-  1997 жылы, 14 шілдесінде  «Нотариат туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы қабылданды.

-  1997 жылдың желтоқсанында  Әділет министрлігі мемлекеттік нотариустарды аттестациядан өткізді. Аттестация тек қана нотариустардың біліктілік дәрежесі мен мамандығын ғана емес, сонымен қатар нарықтық ойлау қабілеттілігін де тексерді.

- 1998 жылы 25  сәуірде  нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге  асыруға құқық берген алғаш лицензиялар қолға тапсырылған.

- 1998 жылы қаңтары мен  тамызы аралығында нотариаттық  мәселелерін қамтитын 30 – дан  астам нотариаттық құқықтық актілер  жобаланды.

- 1998 жылдың қыркүйегінде  Павлодар қаласында алғаш республикалық  деңгейде нотариустарға арналған семинар өткізілді.

- 1998 – 1999 жылдар. Жеке  нотариустардың жұмысын реттеу  мен бақылау мәселелері бойынша  республикамызда жаңадан құрылған  ұйым – территориалдық нотариалдық  палаталар пайда болды (ТНП).

- 18. 02. 2000 жылы  Территориалдық палаталар өкілдерінің алғаш құрылтай сьезі өткізілді. Оның нәтижелері бойынша Республикалық нотариалдық палата құрылды.

- 2000 жылдың желтоқсан  айынан бастап 2001 жылдың маусымына  дейін республиканың барлық нотариустардың  біліктілік дәрежесін жоғарлату мақсатында, мұрагерлік құқық мәселелері мен сұрақтары бойынша аудандық семинарлар өткізілді.

- 2001 жылдың тамыз айында  «Қазақстандағы құқықтық реформа»  атты бағдарламасы басталды.

-  2001 жылдың қыркүйек  айында Республикалық нотариалдық  палата Афин қаласында өткен Латын нотариатының кеңесіне қадағалаушы ретінде қатысты.

- 2002 жылдың мамыр айы.  Республикалық нотариалдық палата  Халықаралық симпозиумге қатысты.  Тақырыбы: «Шығыс Еуропа, Ресей Федерациясы  және ТМД-дағы нотариаттың әлеуметтік  ролі».

- 2002 жылдың маусымында Республикалық нотариалдық палата Әділет министрлігімен бірігіп, «Нотариат туралы» Заңға «өзгертулер мен толықтырулар еңгізу туралы» заң жобасын құрастырды. Оның мақсаты: мемлекеттегі нотариаттық жүйені дамыту болып табылады.

- 2003 жылдың 5 мамырда «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «өзгертулер мен тоықтырулар» Заңы қабылданды. Осы заңды ресми бекітудің қорытындылары: нотариат – пайда табуды көздемейтін және кәсіпкерлікпен айналыспайтын қызмет болып табылады. Нотариат – көпшілік құқықтық институт. Ол заңды және жеке тұлғалардың  заңды мүдделерін қорғайтын, заңмен бекітілген  құқықтық жүйе болып табылады. Дамыған мемлекеттердің басым көбісінде нотариат сот органдары сиқтылармен бір қатарға қойылады. Нотариат қоғамның өміріндегі маңызы зор, себебеі ол азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқытарын қорғайтын инстанция.3 

Информация о работе Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру