Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:50, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – нотариат қызметінің рөлін азаматтардың құқықтарын қорғау барысындағы зор үлесін ашып, сондай – ақ нотариус болуға қандай талаптар қойылады және нотариат қызметі жайлы тақырыпты ашу. Нотариустар іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана еліміздің заңдарын, нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды басшылыққа алып, бағынады, жасаған іс-әрекеттер құпиясын сақтауға кепілдік береді.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………......…...3
1-тарау. Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру.
1.1. «Нотариат» туралы жалпы түсінік және оның қалыптасу тарихы………...5
1.2. Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы………………….....7
2-тарау. Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес нотариусқа қойылатын талаптар.
2.1. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нотариусқа қойылатын талаптар………………………………………………………………12
2.2. Нотариустың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі…………….31
2.3. Нотариустың қызметін қадағалау…………………………………………...36
3-тарау. Нотариаттық іс жүргізу негіздері.
3.1. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес орындалатын нотариаттық іс-әрекет түрлері……………………………………………………………………...43
3.2. Нотариаттық іс-әрекетті жасауда туындайтын өзекті мәселелер………...58
Қорытынды………………………………………………………………………..60
Қолданылған нормативтік құқықтық актілер және әдебиеттер тізімі………...64

Работа содержит 1 файл

Дипломная работа нотариат.doc

— 362.50 Кб (Скачать)

     Комиссия  тестілеуге кіретін сұрақтардың  тізбесін құрастырады және бекітеді. Үміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар тиісті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық салалары мен пәндерінің тақырыптарына сәйкес келуі тиіс. Тест жауаптарының біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқадан тұруы тиіс.

       Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді тестілеу бөлек жүргізіледі. Үміткер өз қалауы бойынша тестілеуден мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде өтуге құқылы.

Бұл ретте үміткер  өз қалауын жазбаша растауы тиіс. Үмткерлер аттестацияны өткізу тәртібімен, үміткерлерді іріктеу рәсімінің ұзақтығымен жане мазмұнымен алдын ала таныстырылуы тиіс. Тестілеу компьютер техникасы пайдалана отырып өткізіледі. Тестіленудің алдында үміткер тестілеудің өту жөнінде егжей-тегжейлі нұсқау алады. Тестілеуден өту кезінде үміткердің анықтамалық, арнайы жене өзге де әдебиетті, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануына жол берілмейді. Үміткер көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда ол тестілеуден аластатылады. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен өздігінен жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері принтерде екі данада басылады және үміткерге жеке қол қойдыру жолымен танысу үшін ұсынылады. Тестілеу нәтижелері бар қағаздың бір данасы үміткерге тапсырылады, екіншісі Комиссияға беріледі. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан жоғары пайызын құраса, үміткер тестілеуден өтті деп саналады және екінші кезеңге жіберіледі.

Егер дұрыс жауаптардың  саны ұсынылған сұрақтардың жалпы  санының 70 пайызынан аз болса, үмгткер тестілеуден өтпеді деп саналады. Үміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексерген кезде өзінің мазмұны бойынша әр түрлі билеттер, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін жеке-жеке пайдаланылады.

     Комиссия билеттерді құрастырады және бекітеді. Үміткерлердің білімін бағалауға арналған сурақтар тиісті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық салалары мен пәндерінің тақырыбына сәйкес келуге тиіс. Билеттерде үш сұрақтан болуға тиіс.

    Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін емтихан билеттері бойынша білімін тексеру бөлек жүргізіледі. Аттестациялау билеттері Әділет министрлігінің мөрімен бекітілетін конверттерге салынады. Аттестациялау билеттері салынған конверттерді Әділет аттестациялау комиссиясының төрағасы аттестацияда аттестацияланушылардың және Әділет аттестациялау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен ашуға тиіс. Емтихан билеттерінің сұрақтарына жауап беру үшін аттестацияланушының дайындалуына 10 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Аттестацияланушы ауызша айтқан баяндаған және түсініктеме берген сұрақтарға аттестацияланушының берген жауаптарының дұрыстығын Комиссия мүшелері бес баллдық жүйе бойынша бағалайды. Комиссияның әрбір мүшесі аттестацияланушының (басқалардан тәуелсіз) жауаптарын бағалайды. Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша төрағалық етуші Комиссия мүшелері ұсынған нәтижелерді есептейді, содан кейін жинақталады және Комиссияның барлық қатысушы мүшелерінің санына бөлінеді. Комиссия мүшелерінің бағалары, сондай-ақ аттестацияланушының билет сұрақтары бойынша жинаған орташа баллдары Комиссияның хаттамасында көрсетіледі. Егер жалпы орташа Баллы кемінде төрт баллды құраған үміткер аттестациядан өтті деп саналады. Сұрақтар бойынша төрт баллдан аз жинаған үміткер аттестациядан өтпеді деп саналады. Тестілеу және/немесе емтихан сұрақтарына жауабының нәтижелері бойынша Комиссия осы Ережеге 1,2-қосымшаларда бөлгіленген нысандар бойынша аттестациялау туралы не аттестацияламау туралы уәжді шешімді аттестация өткен күннен кейінгі күннен кешіктірмей шығарады. Комиссияның шешімі екі данада жасалады, олардың біреуі аттестациялық істе қалады, екіншісі - шешім шығарылған күні үміткердің талабы бойынша беріледі. Комиссияның отырысында міндетті түрде хаттама жүргізіледі, онда отырыстың күні, уақыты мен өткізілетін жері, аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты, тестілеу нәтижесі, емтихан билетінің нөмірі мен мазмұны, аттестацияланушының жауаптары, билет сұрақтары бойынша Комиссия мүшелерінін қойған бағалары және орташа баллдары, сондай-ақ,  Комиссияның шешімі көрсетіледі. Комиссияның хаттамасына атгестацияға қатысқан барлық мүшелері қол қояды. Комиссияның шешімі заңнамамен белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін. Комиссияда аттестациядан өтпеген адам үш айдан ерте емес аттестацияға жіберу туралы өтінішпен Комиссияға қайта жүгінуге кұқылы. Дәлелді себептер бойынша аттестацияға келмеген үміткер, осы Ереженің 9-тармағында кезделген тәртіппен, Комиссияның келесі отырысына шақырылады. Үміткер қайтадан келмей қалған жағдайда, оның өтініші қараусыз қалдырылады және оның ұсынған құжаттарымен бірге қайтарылады.

        Нотариаттық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет керсетуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия нотариаттық қызметпен айналысуға ниет білдірген, белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін адамға беріледі.

     Лицензия  алу үшін өтініш берушілер  лицензиарға мынадай құжаттарды береді:

  1. белгіленген үлгідегі өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
  4. өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  5. лицензия алу үшін аттестаттаудан өткені туралы әділет аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі - ӘАК) шешімі не өтініш берушінің ӘАК-да туралы шарттың көшірмесі;
  6. нотариус тағылымдамашысының жетекшісін тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі немесе үзінді көшірме;
  7. тағылымдамадан өткендігі туралы нотариус тағылымдамашысы жетекшісінің заңнамада белгіленген тәртіппен рәсімделген қорытындысы;

9) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден лицензиарға тапсырғанға дейін кеміңде бір ай бұрын өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар;

  1. бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
  2. егер лицензия беру үшін бұрыңғы мемлекеттік нотариус өтініш білдірген жағдайда атқарған қызметінен босатылу себебі қамтылған не егер лицензияны беру үшін тағлымдама мерзімі қысқартылған өтініш беруші өтініш білдірген жағдайда заңгер мамандығы бойынша 
    стажын растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

          Өтініш берушіні ӘАК-да аттестаттаудан  өтуден босатуды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

1)Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы берген өтініш берушінің Әділет біліктілік алқасына судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын анықтама;

  1. құзыретті лауазымды адам оны лицензиарға тапсыруға дейін кемінде бір ай бұрын берген өтініш берушінің судья лауазымындағы жұмысын растайтын анықтама;
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты судья лауазымынан босату туралы Жарлығының  немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қаулысының көшірмесі;
  3. өтініш берушінің мемлекеттік нотариус лауазымындағы жұмысын растайтын аумақтық әділет органының анықтамасы.

       Егер  лицензия алу үшін тұрақты  жұмыс істейтін судья өтініш  білдірген жағдайда, онда олардан  лицензиарға осы Ереженің 5-тармағының 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Өтініш беруші ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығына және анықтығына Қазақстан Республикасының заңдарында белгілекген тәртіппен жауапты болады.

       Лицензия  бас лицензия болып табылады  және өтініш берушіге мерзімі  шектелмей беріледі. Лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Лицензияны лицензиар Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензия беруге не лицензия беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті. Лицензиар өтініш берушінің өтінішіне қоса берілген құжаттардың толықтығын және аныктығын тексереді. Лицензиялар алу үшін қажетті құжаттарды өтініш беруші жеке өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша не тапсырыс хатпен береді.

    Лицензиарға  лицензия беру үшін ұсынылған  құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады,  олардың көшірмесін керсетілген  орган құжаттардың қабылданған  күні туралы белгі қойып өтініш берушіге жібереді (тапсырады).  Өтінішті қарау нәтижелері бойынша лицензияр лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Лицензиардың лицензиялар беру туралы шешімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының бұйрығымен рәсімделеді. Лицензия қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиаттың лицензия алуға уәкілетті өкіліне берілуі мүмкін. Лицензия жоғалған, бүлінген кезде лицензиаттың оның түпнұсқасын алуға құқығы бар.

     Лицензиар  лицензиаттың жазбаша өтініші  бойынша ол өтініш берген күннен  бастап он күн ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді. Бұл ретте лицензиат лицензияның телнұсқасын берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлейді.

     Лицензиаттың  тегі, аты, әкесінің аты өзгерген  жағдайда ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті.  Лицензиар лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.

   Өтініш берушіге, егер:

1) Қазақстан Республикасының  заңдарында субъектілердің осы  санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;

  1. Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмесе лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
  2. лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензялық алым енгізілмесе;
  3. өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
  4. өтініш берушіге қатысты оған нотариаттық қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болғанда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.

       Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында кезделген тәртіппен жүзеге асырылады.

       Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:

  1. лицензия алып қойылғанда;
  2. жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда;
  3. лицензия ерікті түрде қайтарылғаңда;

4) лицензияланатындардың тізбесінен нотариаттық қызмет алып тасталса тоқтатылады.

     Лицензияның  қолданылуы тоқтатылған кезде  лицензиат он жұмыс күні ішінде  лицензияны лицензиарға қайтаруға  міндетті.

       Лицензняларды есепке алуды  лицензиар жүзеге асырады. Лицензиар лицензиаттар және оларға берілген лицензиялар туралы мәліметтерді, сондай-ақ, лицензияларды кері қайтарып алу, олардың күшін тоқтату, күшін тоқтата тұру және қалпына келтіру туралы мәліметтерді Нотариустар лицензияларының мемлекеттік тізіліміне еңгізеді және ведомстволық басылым органында жариялайды.

     Лицензия  бланкілері қатаң есептегі құжаттар  болып табылады.

Лицензиялардың бүлінген бланкілерін, сондай-ақ қолданылуы тоқтатылған  лицензияларды лицензиар комиссиямен жоюы тиіс. Лицензиар өз құзыретінің шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды беруін талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.

         Нотариус лицензиясы мерзімі  шектелмей берілетін басты лицензия  болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Нотариус лицензиясын  беру үшін алым алынады, оның мөлшері  мен төлену тәртібі салық заңдарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тізілімін жүргізеді және ведомстволық баспасөз органында нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия берілген адамдар туралы мәліметтер жариялайды, онда:

1)  нотариустың тегі, аты, әкесінің аты;

2)  лицензия берілген  күн мен оның нөмірі көрсетіледі.        

        Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бүзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариустар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы.

6-1. Нотариаттық қызметті  жүзеге асыруға үміткер адамдардың  аттестаттаудан  

өту ережесін Қазақстан  Республикасының Үкіметі бекітеді.

        Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негіздері лицензиялау туралы    заңдармен белгіленеді. Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтініш иесіне ол қабылданған күннен бастап үш күн ішінде бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша түрде дәлелді шешім беріледі. Бас тарту туралы шешім жөнінде сотқа шағымдануға болады.

Нотариус лицензиясының  күшін азаматтардың арыздары, аумақтық әділет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының, сондай-ақ салық қызметінің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шешімімен тоқгатыла турады.

 Нотариус лицензиясының күші алты айға дейінгі мерзімге мынадай жағдайларда:

  1. нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясынан айыру жөніндегі талап - арыз ісін қозғағанд
  2. нотариус қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылған жағдайда;
  3. нотариус өзінің тегін, атын, әкесінің атын езгерткені, сондай-ақ оның үй-жайының орналасқан орны өзгергені туралы мәліметтерді аумақтық әділет органына бір ай ішінде хабарламағанда;
  4. нотариус «Нотариат туралы» Заңға сәйкес өзіне белгіленген қызмет аумағын бұзғанда;
  5. нотариус нотариаттык іс-әрекеттерді жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанда тоқтатыла тұруы мүмкін.

Информация о работе Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру