Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 16:50, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – нотариат қызметінің рөлін азаматтардың құқықтарын қорғау барысындағы зор үлесін ашып, сондай – ақ нотариус болуға қандай талаптар қойылады және нотариат қызметі жайлы тақырыпты ашу. Нотариустар іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана еліміздің заңдарын, нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды басшылыққа алып, бағынады, жасаған іс-әрекеттер құпиясын сақтауға кепілдік береді.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………......…...3
1-тарау. Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру.
1.1. «Нотариат» туралы жалпы түсінік және оның қалыптасу тарихы………...5
1.2. Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы………………….....7
2-тарау. Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес нотариусқа қойылатын талаптар.
2.1. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нотариусқа қойылатын талаптар………………………………………………………………12
2.2. Нотариустың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі…………….31
2.3. Нотариустың қызметін қадағалау…………………………………………...36
3-тарау. Нотариаттық іс жүргізу негіздері.
3.1. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес орындалатын нотариаттық іс-әрекет түрлері……………………………………………………………………...43
3.2. Нотариаттық іс-әрекетті жасауда туындайтын өзекті мәселелер………...58
Қорытынды………………………………………………………………………..60
Қолданылған нормативтік құқықтық актілер және әдебиеттер тізімі………...64

Работа содержит 1 файл

Дипломная работа нотариат.doc

— 362.50 Кб (Скачать)

         Сонымен, Қазакстан Реслубликасындағы қолданыстағы заңдарына сәйкес: нотариат — кұқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды түлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

         Нотариат туралы заңдар Қазақстан  Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген нормалардан, Қазақстан Республикасыдағы  «Нотариат туралы» Заңнан (14  шілде 1997  ж.) және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.

         Қазақстан Республикасында нотариаттық қызметке Заңмен белгіленген кепілдіктер беріледі. Мұндай кепілдіктер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

-  нотариустардың  тәуелсіздігі. Яғни, нотариустар мен  нотариаттық іс-әрекеттер жасауға  уәкілетгі басқа да адамдар нотариатгық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар республикадағы қолданыстағы заңдарды және басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті реттейтін халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

- нотариаттық  іс-әрекет құпиялығы. Яғни, нотариустар жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясын сақтауға кепілдік береді. Сонымен қатар, нотариус ретінде қызметін токтатқан адамдар нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясын сақтауға міндетті. Бұл орайда, нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жургізілген заңды және жөке тұлғаларға, не олардың уәкілетті адамдарына ғана беріледі. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар өздері жургізіп жатқан 
істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық ісжургізу ісгері бойынша атқарушылық ісжүргізу органдарының жазбаша талап етуі бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әділет органдарының талабы бойынша ұсынылуы мүмкін. 

        Нотариаттық қызметті жүзеге  асыру, нотариаттық іс-әрекеттер  жасау барысында нотариустар  заң нормаларымен бекітілген  және тәжірибе негізінде қалыптасқан  қағидаларға сүйенеді. Олар:

- реалистік  қағидасы — бекітілген (нақгыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітлген(түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;

- транспаренттілік  қағидасы — мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазакстан Реслубликасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу;

- дәйектілік  қағидасы — бюджеттік қатынастар аясында бұйрык қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;

- тиімділік және нәтижелілік қағидасы — бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;

- басымдық қағидасы — бюджеттік процесті республиканың немесе аймақың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

- жауапкершілік қағидасы — бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;

- бюджеттердің дербестік қағидасы — түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жумсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің осы Кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі.

        Біздің тәуелсіз мемлекетімізде жоғарыда сипатталған реформалар негізінде мемлекеттік нотариустар және  жеке практикамен айналысатын нотариустар қызмет етеді.   Мемлекеттік нотариус Заңда4 аталған талаптарға сай болуға тиіс, бұған нотариус лицензиясын алу туралы талаптар қосылмайды.

Ал, жеке практикамен айналысатын нотариус ретінде  - заңды тұлға құрмай, лицензия негізінде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша сактандырған, нотариаттық палатаға мүше болған және аумақтық әділет органында есепке тұру тіркеуінен өткен азамат танылады. Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерінде есеп айырысу шоты болуына және өзге де шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшілер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билік етуге, соттарда өз атынан сез сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да іс-әрекеттер жасауға құқылы.      

         Нотариаттық қызметті жүзеге  асырудың бұл түрлері расындағы  ерекшеліктері олардың кеңсесіне  қойылатын талаптармен де ерекшеленеді: Мемлекеттік нотариат кеңсесі  аумақтық әділет органының құрылымдық бөлімшесі болып табылады; оның заңды тұлға кұқығы болмайды және осы орган бекіткен Ереже негізінде жүмыс істейді. Мемлекеттік нотариат кеңселері Қазақстан Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады. Мемлекеттік нотариустың нотариаттьқ іс-әрекеттері үшін аумақтық әділет органы мүліктік жағынан жауап береді.

       Ал, жеке практикамен айналысатын  нотариустың азаматтар мен заңды  тұлғалар өкілдерінің еркін кіріп-шығуына,  нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың  құпиялылығын сақтауға және нотариаттық ісжүргізудің сақталуын қамтамасыз ету ушін жағдай жасауға жарамды үй-жайы болуға тиіс. Жеке практикамен айналысатын нотариустар нотариаттьқ іс-әрекеттері үшін өзінің мүлкімен жауап береді. Бұл тұрғыда жеке практикамен айналысатын нотариустың қызметін сақтаңдыру жайлы айта кету керек.  Жеке практикамен айналысатын нотариустар «Нотариат туралы» Заңның 34-бабының 1-тармағында көзделген нотариаттық әрекеттер жасау нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқыктық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті және оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық іс-әрекеттер жасауға кірісуге құқығы жоқ. Нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша аэаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.

 

2-тарау. Қазақстан  Республикасының заң нормаларына  сәйкес нотариусқа қойылатын  талаптар.

    1. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нотариусқа қойылатын талаптар.

          Елімізде қолданылып жүрген заң  нормаларына сәйкес нотариусқа  келесідей талаптар:  нотариус  болып жоғарғы заң білімі бар,  заң қызметі саласында кемінде  бір жыл еңбек тәжірибиесі  бар, мемлекеттік не жеке нотариуста сынақтан өткен, Әділет біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырған,  нотариаттық қызмет атқаруға рұқсат лицензия алған ҚР азаматы  қызмет етуі мүмкін.  Нотариус өз қызметін атқару барысында тек шығармашылық, педагогикалық қызметпен айналысуға құқылы болады.

        Аталған талаптар «Нотариат туралы»  заңда былай көрсетілген: нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаға қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  2. жоғары заң білімінің болуы;
  3. әділет атгестаттау комиссиясында аттестаттаудан өту;
  4. кемінде бір жыл мерзімде нотариуста тағылымдамадан өту.

2.1-тармақтың З)тармақшасында  көзделген біліктілік талаптары:

  1. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасына біліктілік емтихандарын тапсырған адамдарға;
  2. тұрақты судьяларға;

 өз міндеттерін  орындау кезінде атына кір  келтіретін теріс қылықтары және  заңдылықты бұзғаны үшін сот лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда. тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға қолданылмайды.

      1-тармақтың  З)және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптары мемлекеттік нотариустарға, олар нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдірген кезде қолданылмайды.

       Заңда белгіленген тәртіппен  соттылығы өтелмеген немесе алынбаған,  белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адам нотариус бола алмайды.

Нотариусқа қатысты  ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық  іс тоқтатылған, нотариаттық қызметін лицензиядан айырылуына байланысты токтатқан не нотариаттық әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бергені үшін мемлекеттік нотариус лауазымынан босатылған адам мұндай оқиға болғаннан кейін үш жыл бойы нотариус бола алмайды.

        Осы тұрғыдан, біздің пікірімізше  талаптардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталып өту қажет сияқты.

        Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік береді.  Нотариус лицензиясы алуға қажетті құжаттардың тізбесі, лицензия беру мерзімі мен тәртібі тиісті нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Нотариаттық қызметпен  айналысу құқығына үміткер адамдар  Әділет министрлігі құратын және Қазақстан Республикасы әділет органдарының, Республикалық нотариаттык палатаның өкілдерінен Қазақстан Республикасы Парламенті екі палатасының депутаттарынаи жәнө заңгер-ғалымдардан қурылатын Әділет аттестациялық комиссиясыңда  аттестациядан өтеді.

     Қазакстан  Республикасының Әділет біліктілік алқасында емтихан тапсырған адамдар, тұрақты судьялар жөне теріс қылықтар жасағаны жөне өз міндеттерін орындау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьялардан басқа тұрақты судьялар болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотариустар) аттестациядан өтпейді. Сондай-ақ, теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдірген прокурорлар, тергеушілер және анықтаушылар аттестациялауға жатпайды.

     Әділет  аттестациялық комиссиясының құрамы  мен оның жұмыс регламентін  Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітеді.

Аттестация  екі кезеңнен тұрады:

  1. заңнаманы білуіне компьютерлік тест тапсыру;
  2. үміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексеру.

     Адвокаттық  не нотариаттық қызметпен айналысу  құқығына үміткер адам өзін  аттестацияға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитетінің кеңсесі арқылы Комиссияға жолдайды.

     Өтінішке  мына құжаттар қоса берілуі  тиіс:

  1. фотосуреті бар жеке іс парағы;
  2. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 51қаулысымен 4 тармақтың 2 тармақшасы алып тасталды.
  3. жоғары заң білімі туралы дипломнын нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  4. ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы №518 қаулысымен 4 тармақтың 4 тармақшасы алып тасталды.
  5. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 495 қаулысымен 4 тармақтың 5тармақшасы алып тасталды.
  6. Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі;
  7. Үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар;
  8. бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылыкгы жері бойынша берілген соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

1) тармақшада көрсетілген  адвокаттық не нотариаттық қызметпен  айналысу құқығына үміткер адамның ұсынған құжаты Комиссия бекіткен құжаттарды тиісінше ресімдеу туралы талаптарға сәйкес болуы тиіс.

     Үміткер  Комиссия отырысына келген кезде  оның жеке басын куәландыратын  құжат (паспорт не жеке куәлік) өзінде болуы тиіс. Комиссияға келіп түскен материалдар олар келіп түскен куннен бастап бір ай  мерзімнен кешіктірілмей қаралады.

      Аттестацияға  "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына (нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін тағлымдамадан өту туралы талаптардан басқа) сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

    Үміткердің  заңнамалық кесімдермен қойылатын  талаптарға сәйкестігін немесе сәйкессіздігін тексеру мақсатында Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Комиссия мүшелерінің бірі аттестациялық іс материалдарын зерделейді, Қорытынды жасайды және Комиссияға ұсынады. Аттестациялық іс материалдарын қарау қорытындылары бойынша Комиссия аттестацияға жіберу туралы не жіберуден бас тарту туралы уәжді шешім шығарады. Егер үміткер заңнамалық кесімдермен белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестациялауға жіберуден бас тартылуы мүмкін. Аттестациялауға жіберуден бас тартылған жағдайда Комиссия азаматқа шешім шығарылған күннен бастап 15 күннен кешіктірмей заңнама нормаларына сілтеме жасай отырып, уәжді шешімді беруге міндетті. Аттестациялауға жіберуден бас тарту заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа шағымдалуы мүмкін. Аттестациялауға жіберілген үміткер аттестациялау өтетін орын, күні және уақыты туралы, оның өткізгенге дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей, аумақтық әділет органдары арқылы хабардар етіледі. Комиссия аттестациялауды қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кеміне бір ретжүргізеді. Комиссия аттестациядан өткізу жөніндегі көшпелі отырыстар ұйымдастыруға құқылы. Аттестацияға жіберілген үміткер қолданыстағы заңнаманы білуіне тестілеуден өтеді. 
Комиссия тестілеуді өткізудің адалдығын, шарттарының, уақытының, қорытындыларын есептеудің және мазмұнының стандарттылығын камтамасыз етеді. Тестілеу барысында өзінің мазмұны және көлемі бойынша әр түрлі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білу тестілері адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін бөлек қолданылады.

Информация о работе Нотариалдық қызмет және оны ұйымдастыру