Мемлекет аппараты

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 20:42, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің «алғашқы клеткаларының» бірі болып табылады. Заң ғылымында «мемлекет тетігі» жэне «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним ретінде қолданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік аппаратқа, тікелей басқару ісімен шү-ғылданатын сол үшін өкілеттік берілген органдарды жатқызады, ал «мемлекет тетігі» түсіні

Содержание

Кіріспе 3

1 бөлім. Мемлекеттік басқарудың негізгі элементі - мемлекеттік орган
Мемлекеттік орган: ұғымы, негізгі белгілері 6
Мемлекеттік органдарды ұйымдастыру 8
Мемлекеттік органдардың түрлері жэне қызметі 10

2 бөлім. Мемлекет аппараты (механизмі) ұғымы мен оның құрамдас бөлімдері
Мемлекет аппаратының (механизмінің) негізгі ұғымдары
Заң шығарушы биліктің органдары 14
Атқарушы биліктің органдары 19
Сот билігінің органдары 22


3 бөлім. Мемлекеттік аппарат мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары 25


Қорытынды 28

Қолданылған эдебиеттер тізімі 29

Работа содержит 1 файл

Мемлекет аппараты.doc

— 482.47 Кб (Скачать)

     .. .діл сотты жүзеге асыратын органдар - мемлекеттік билік механизмінде жэне тежемелік эрі тепе-теңдік жүйесі ерекше роль атқаратын мемлекеттік биліктің үшінші тармағы болып табылады. Сот билігі органдарының ерекше ролі қүқық туралы дауларда арбитр болып табылуымен анықталады.

     Сот органдарының құрылысы түрлі елдерде бірдей емес. Олардың атаулары да эр-түрлі. Мысалы, ҚХР-де (КНР) бүл Жоғарғы халықтық сот, жергілікті халықтық сот, әскери сот пен т.б. арнайы халықтық соттар.

     АҚШ-та үлттық сот жүйесін АҚШ Жоғарғы соты, штаттардың Жоғарғы соттары, жергілікті соттар, аппеляциялық соттар, эскери трибуналдар мен т.б. соттар құрайды. Осыған орай АҚШ Конституциясы АКДІ сот билігі Жоғарғы сотпен жэне Конгресспен бағзы уақытта бекітілген төменгі соттармен жүзеге

 
23

 

асырылады деп бекітеді (3 бап 1 бөлім).

     Бірақ, сот органдарының қүрылымының түрлі елдерде түрлі болуына қарамастан, олардың алдында қойылатын мақсаттар мен міндеттер бір.

     Сөйтіп, қазіргі мемлекеттердің көпшілігінің конституциялық актілерінде судьялардың тэуелсіздік принципін мен юрисдикция шегінде кез-келген сұрақтарды шешкенде соттардың дербестігін жариялайды. Мысалы, ҚХР Конституциясының 126 бабында "Заңмен бекітілген шектерде Халықтық соттар эділ сотты экімшілік органдарының, қоғамдық ұйымдарының жэне жеке тұлғалардың араласуынсыз дербес жүргізеді".

     Сонымен қатар, қазіргі мемлекеттердің конституцияларының көпшілігінде сот өндірісінің жариялылық пен сот қарауларының ашықтық принципі бекітіледі.

     Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жэне Қазақстан Республикасының Конституциясына жэне осы Конституциялық заңға сэйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға мыналар жатады:

  1. облыстық жэне оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының 
    қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, 
    мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасы эскерлерінің эскери соты 
    жэне басқалар);
  2. аудандық жэне оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, 
    мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты жэне басқалар).

     3) Қазақстан Республикасында мамандандырылған (эскери, 
экономикалық, экімшілік, кэмелетке толмағандардың істері жөніндегі жэне 
басқа) соттар қүрылуы мүмкін.

     Аудандық жэне оларға теңестірілген соттарды уэкілетті органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келісілген үхынысы бойынша Қазақстан

24

 

Республикасының Президенті қүрады, қайта үйымдастырады жэне таратады. Аудандық сот бірінші инстанциядағы сот болып табылады.

     Облыстық жэне оларға теңестірілген соттарды уэкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген үхынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады жэне таратады.

     Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық жэне өзге істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады жэне сот практикасының мэселелері бойынша түсіндірмелер береді.

    Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:

  1. өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;
  2. сот практикасын зерделейді жэне оны жинақтаудың қорытындылары 
    бойынша Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі 
    заңдылықтың сақталу мэселелерін қарайды;

     3) сот практикасында заңдарды қолдану мэселелері бойынша 
түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

    4) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
25

 

3 бөлім. Мемлекеттік аппарат мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары

     Жергілікті (муниципалды) өзін-өзі басқару - мемлекет пен қоғамды басқару жүйесінің демократиялық негіздерінің бірі мен элем елдерінің көпшілігінің билік қүрылысының маңызды элементі.

     Жергілікті өзін-өзі басқарудың өмір сүруі, оның эволюциясы мелекеттік билік ретінде таптық қоғамдағы бұқаралық билік мэселелерімен байланысты. Оны жүзеге асыру билікті бөлу принципіне сай жалпыүлттық мемлекеттік органдарға атқарылған. Дегенмен, жергілікті деңгейде бұқаралық билік мемлекеттік органдармен атқарылмай, жергілікті халықпен жэне олармен қү-рылатын органдармен жүзеге асырылады.

     "Өзін-өзі басқару" термині Англияда 17 ғасырдың аяғында Англиялық революциясынан кейін пайда болды. Басында бүл термин парламент пен жергілікті өкілетті органдардың көмегімен өзін-өзі басқарған, үкіметтік аппарат пен оның чиновниктері жағынан қодау көрмеген ағылшын халығының күйін білдірді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың тікелей немесе олармен құрылатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы реттеу, басқару мен осы аумақтағы халықтың мүддесінде көптеген мэселелерді шешу қызметінің дербестігі ұғынылады.

     Жергілікті территориялдық өзін-өзі басқару мемлекетте халық билігін ұйымдастыру мэселесіне тікелей қатынасы бар. Халықтың жалпы мүддесін көрсететін мемлекет оның жүзеге асырылуын ең алдымен заң нысанында қамтамасыз етеді. Осыған орай заң бағытталған субъектілердің бэріне міндетті. Заңдардың атқарылуы сэйкес органдармен, соның ішінде аудандардың, қалалардың халық органдарымен қамтамасыз етіледі. Соңғылары бү_л қызметті жергілікті халық мүдделерімен байланыстырады жэне халық бүл мемлекеттік қызметтің негізгі субъектісі ретінде болуы мүмкін. Демек, жергілікті халық басқарушылық, экімшілік-құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі ретінде

26

 

бола алады жэне бүл жергілікті өзін-өзі басқаруға тэн сипаттардың бірі болып табылады.

     Қазіргі кезде барлық дамыған елдердің муниципалдық жүйелері үлттық мемлекеттендірілудің негізі мен мемлекеттің конституциялық механизмінің бөлігі болып табылады. Мысалы, ФРГ Негізгі Заңының 28 бабы "жерлерде, уездерде мен облыстарда халықтың өкілдіктері болуы керек" деген норма бекітілген.

     Жергілікті мемлекеттік басқару - заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді жэне атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет;

     Жергілікті атқарушы орган (экімият) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

     Жергілікті өкілді орган (маслихат) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін жэне Қазақстан Республикасының заңдарына сэйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін жэне олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

     Мэслихат өз өкілеттігін сессияларда түрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мэслихат сессиясының төрағасы, мэслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тэртіпте жүзеге асырады. Мэслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мэслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі.

    Мэслихаттар мен экімияттар өз қызметінде:

     1) жалпы мемлекеттік сыртқы жэне ішкі саясатқа, қаржы жэне инвестициялық саясатқа сэйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол

27

 

бермеуге;

  1. үлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының 
    мүдделерін сақтауға;
  2. қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы 
    мемлекеттік стандарттарды ұстануға;

     4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын 
қамтамасыз етуге міндетті.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
28

 

Қорытынды

     Сонымен мемлекет аппаратына арналған өзімнің қурстық жүмысымды аяқтай келе осыған дейін осы мэселе бойынша жасалған теориялық талдауларды негізге ала отырып мемлекет аппаратына мынандай анықтама беріп кетуді жөн деп білемін: Мемлекет аппараты болып мемлкеттің өзіне тэн қызметін жүзеге асыруға, яғни қоғамды басқаруға жэне оның мүддесін қорғауға арналған арнайы органдар мен мекемелердің жүйесі табылады. Мемлекет өзінің аппаратынсыз өзіне тиісті міндеттері мен қүқықтарды жүзеге асыра алмайды.

     Мелекет аппаратының маңызы өте зор, себебі ол демократиялық құндылықтарға сэйкес қүрылып, қоғамға қызмет көрсетсе, мемлекеттік аппарат шын мэнінде мемлекетті басқаруына дамуына оңды ықпалын тигізері сөзсіз.

     Мемлекеттік билік аппаратының құрылысын жэне оның құрамдас органдарын қаратырып, талдау нэтижесінде келесі басты қорытынды жасауға болады.

     Билікті мемлекеттік органдар арасында үлестіру мемлекет алдында түрған элеуметтік-саяси, экономикалық жэне т.б. мэселелерді мемлекеттік биліктің бірлігі негізінде шешу салдарынан пайда болады. Сондай-ақ, эр-бір органның артынан, оның қүзіретіне сай белгілі-бір мэселелер тізімі бекітіледі.

     Демек, заң шығарушы, не атқарушы-басқарушы немесе құқық қорғаушы қызметтің бір жақты әлсіреуі мемлекет алдында тұрған жалпы мэселелер комплексін атқара алмауға соқтырады.

     Осыған орай, мемлекеттік аппарат қызметін үйымдастыру мен атқару бірқатар принциптер негізінде жүргізіледі. Бүл принциптердің көпшілігі мемлекеттердің Конституцияларында немесе басқа заңдар мен нормативті-құқықтық актілерінде бекітілген.

29

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз
  2. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. 
    Қазақстан Республикасының Заңы. 2001 жылғы 23 қаңтар N 148-П
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы. Қазақстан Республикасының 
    1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Конституциялық заңы.
  4. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мэртебесі 
    туралы. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132-П 
    Конституциялық заңы.
  5. Венгеров А.Б. Теория государства и права: Учебник для юридических вузов. 
    -М.:Новый Юрист, 1998, 624 с.
  6. Конституции буржуазных государств: Учебное пособие / Сост. В.В. 
    Маклаков. - М.: Юридическая литература, 1982, 408 с.
  7. Комаров С.А. Общая теория государства и права в схемах и определениях. - 
    М.: Юрайт, 1998, 64 с.
  8. Комаров С.А. Общая теория государства и права. М.: Юрайт,1997, 416 с.
  9. Копейчиков В.В. Механизм Советского государства. -М.: Юридическая 
    литература, 1968, 215 с.

Ю.Мирошниченко Е.В. Местное самоуправление. Теория и практика //

  Государство и право. 2003, № 6, с. 141-147. П.Ноздрачев А.Ф. Основные характеристики исполнительной власти по

  Конституции // Государство и право. 2003. №1, с. 12-22. 12.Тоболин В.В. Право муниципального управления. - М.: ЭЛИГ, 1997, 151 с. ІЗ.Теория государства и права. Курс лекций/ Под ред. М.Н. Марченко. - М.:

Информация о работе Мемлекет аппараты