Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 20:42, курсовая работа
Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің «алғашқы клеткаларының» бірі болып табылады. Заң ғылымында «мемлекет тетігі» жэне «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним ретінде қолданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік аппаратқа, тікелей басқару ісімен шү-ғылданатын сол үшін өкілеттік берілген органдарды жатқызады, ал «мемлекет тетігі» түсіні
Кіріспе 3
1 бөлім. Мемлекеттік басқарудың негізгі элементі - мемлекеттік орган
Мемлекеттік орган: ұғымы, негізгі белгілері 6
Мемлекеттік органдарды ұйымдастыру 8
Мемлекеттік органдардың түрлері жэне қызметі 10
2 бөлім. Мемлекет аппараты (механизмі) ұғымы мен оның құрамдас бөлімдері
Мемлекет аппаратының (механизмінің) негізгі ұғымдары
Заң шығарушы биліктің органдары 14
Атқарушы биліктің органдары 19
Сот билігінің органдары 22
3 бөлім. Мемлекеттік аппарат мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары 25
Қорытынды 28
Қолданылған эдебиеттер тізімі 29
Мазмұны
Кіріспе 3
1 бөлім. Мемлекеттік басқарудың негізгі элементі - мемлекеттік орган
2 бөлім. Мемлекет аппараты (механизмі) ұғымы мен оның құрамдас бөлімдері
3 бөлім. Мемлекеттік
аппарат мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдары 25
Қорытынды 28
Қолданылған эдебиеттер тізімі 29
Кіріспе
Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің «алғашқы клеткаларының» бірі болып табылады. Заң ғылымында «мемлекет тетігі» жэне «мемлекеттік аппарат» түсініктері синоним ретінде қолданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік аппаратқа, тікелей басқару ісімен шү-ғылданатын сол үшін өкілеттік берілген органдарды жатқызады, ал «мемлекет тетігі» түсінігіне мемлекеттік аппараттың «материалдық қосылымдары» кіреді жэне (қарулы күштер, ішкі істер органдары, түзету мекемелері), себебі мемлекеттік аппарат өзінің қызметін соларға сүйеніп атқарады. Мүндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын қүрайды. Мемлекеттік органның өзіне тэн сипаты мен белгісі анықталған жағдайда ең алдымен оның мемлекеттің қүрылымдық компоненті екендігін негізге алу қажет. Сондықтан мемлекеттің жалпы сипаты (егемендігі, өктемдігі, мемлекеттік аумақ шегіндегі қызметінің жалпы сипаты, адамдардың мемлекетке азаматтық тиістілігі негізіне жалпы халықты қамту) мемлекеттік органдардың сипатына өзінің белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында өзгеше ұйғарылады.
Мемлекет тетігінің, қоғамның өркениетті даму кезеңдерінде эртүрлі қүрылымдары жэне қызметтері болғанү адам баласының қоғамы, прогресс жолымен жылжи отырып, мемлекеттік органдар құрған, мемлекеттің қызметін өз мэнінде қамтамасыз еткен. Мемлекет тетігінің қүрамдық жэне қызметінің эртүрлілігі, оның жалпылама жэне көптеген бұрынғы жэне қазіргі мемлекеттерге тэн сипаттағыц маңызды белгілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет тетігіне - қоғамды мемлекеттік басқару жэне оның негізгі мүдделерін қорғау жатады жэне арнайы органдардың, мекемелердің жүйесі арқылы іске асырылады.
Түтас нәрсенің бір бөлігі ретінде (мемлекет жэне оның механизмі) мемлекеттік органда қандай жағдайда да түтастық сипаты болады. Оның қандай
құқықтары болса да, құзыреті басқа құрылымдардың құзыретінен қалай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан билікті жүзеге асыру қүралдарының бірі ретінде қызмет ететіндігі маңызды.
Алайда, бірқатар мағынасы бар жоғарыда аталған нүсқаулармен шектеліп қалу жеткіліксіз, эйтсе де олар мемлекет органының ерекшелігін ашып көрсете алмайды. Соны анықтау мақсатында бірқатар ғалымдар мемлекеттік органдардың ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекетік билік өкілеттіктері туралы ережені ұсынды. өздерінің басқару жэне үйымдастыру қызметінде олар азаматтардың барлығына немесе белгілі бір санаттарына, лауазымды түлғалар мен ұйымдарға міндетті болатын билік сипатындағы жалпы немесе нақты ұйғарымдар беруге құқылы. Бұл үйғарымдар аталған органның моральдық қоғамдық беделіне ғана емес, мемлекеттік-мэжбүрлеумен қамтамасыз етуге де сүйенеді.
Мемлекеттік органдардың басқа сипатты белгілеріне мыналар жатады:
олардың эрқайсысын конституцияның, заңдар немесе басқа нормативтік құқықтық актілер негізінде құру;
мемлекеттің олардың эрқайсысының алдына қойған міндетінің ұйымдық қү-рылым мен қүзыретінің ауқымына сэйкес келуі;
қызметтің олардың өзіне тэн айрықша нысандары мен әдістерін пайдалануы.
Заң ғылымында мемлекеттік органдарды мемлекет функциялары бойынша топтастырудың мүмкін еместігі туралы қалыптасқан пікір дұрыс, өйткені олардың көпшілігі бір ғана емес, екі немесе одан көп функцияларды жүзеге асыруға қатысады. Сондықтан мемлекеттік органдарды топтастыру үшін басқа негіздемелер алынады. Олардың ішінде ең көп тарағаны - өздерінің тікелей қатысы бар билік тармақтары бойынша топтастыру болып табылады.
Мемлекет тетігі - мемлекеттің қызметін, алдына қойған мақсатын іске асыруға арналған мемлекет органдарының жүйесі.
Мемлекеттік тетіктің жалпы сипаттағы белгілері мынадан көрінеді:
Біріншіден, мемлекет тетігі арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан түрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).
Екіншіден, мемлекеттік тетік органдардың жэне мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болды.
Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері үйымдастыру жэне қаржы қүралдарымен қамтамасыз етіледі, ал керек жағдайда мэжбүрлеу арқылы іске асырылады.
Төртіншіден, мемлекет тетігі азаматтардың заңды мүдделерін жэне құқықтарын қорғауға арналған. Мемлекеттік органдардың өктемдік міндеттері құқықпен шектеледі, ол жағдай мемлекет пен жеке адамдардың арасындағы адал қатынасты толығымен қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің тетігі, арнайы құрылымдағы және өздеріне тэн қызметтерді орындайтын эртүрлі бөліктерден тү_рады. Тетіктің негізгі бөлігіне мемлекет органдары жатады.
Мемлекет органдары — мемлекет тетігінің бір бөлігі, заңға байланысты өзіндің құрамы бар, қоғамдық өмірдің бір жағын басқаруға қатаң түрде міндеттелген, басқа мемлекеттік тетік бөліктерімен эрекеттес, біртү-тастықты қү-рады.
Жоғарыдағы түсініктемеден көрінгендей, мемлекеттік органдардың өзіндік белгілері бар:
Мемлекеттік қызметті іске асыру нысанымен мемлекеттік органдар: өкілетті, атқарушы, иелік, сот, прокурорлық жэне басқа тексеру-бақылау органдарына топтасады:
билікті бөлу принципі бойынша - заң шығарушы, атқарушы және сот;
ескі жолмен - федералдық, республикалық жэне жергілікті.
өкілеттік, уақытына қарай - түрақты (эрекеті тежелмейтін уақытқа құрылады) жэне уақытша (уақытша мақсатқа жету үшін қүрылады);
қүзыретін іске асыру тэртібіне байланысты - алқалық жэне жекеше басқару;
құқықтық нысандар қызметтеріне байланысты - қүдықтық шығармашылық, құқық қолдану және құқық қорғау құзыреттерінің сипатына қарай жалпылама орган (үкімет) жэне арнайы қүзыретті (министрлер) болып бөлінеді.
Мемлекет органдары өздерінің қүрылу тэртібіне жэне атқаратын міндеттеріне байланысты топтарға бөлінеді. Көрсетілген белгілерге байланысты мемлекттік органдарды мынадай үш негізгі топқа бөлуге болады: өкілетті органдар, орындаушы органдар, сот (құқық қорғау) органдары, соның ішінде Конституциялық бақылау органдары бар.
1 бөлім. Мемлекеттік басқарудың негізгі элементі - мемлекеттік орган 1.1. Мемлекеттік орган: уғымы, негізгі белгілері.
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын жэне тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі үйымдастырушылық, материалдық жэне экімшілік кепілдіктермен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен қүқықтарын қорғау үшін қүрылады. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет -азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын жэне мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен яункцияларын іске асыруға бағытталған кэсіби қызмет» делінген.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бүл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде эрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қаты- астары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың эрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы жэне істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерінде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің эрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сэйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар
мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кэсіптік қызметі.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі қүрылысын жэне құзірітінің нэтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сэйкес боуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғарғы этикалық дэрежеде орындауы тиіс. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, оны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары - олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық үйымдарды қүрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені қүрады. Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың тікелей жэне өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жүмыс істеуі жөніндегі эрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жэне үжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары сайлау жэне оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық, мемлекеттің биліктің заң шығарушы, атқарушы жэне сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртүтастығы; азаматтарының құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдыңда басымдығы; мемлекет қызметіне кіруге, қытысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғару түрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің
орындауы үшін мшдеттшігі; мемлекеттік қызметкерлердщ кәсшқойлығы мен жоғарғы біліктілігі.
1.2.
Мемлекеттік органдарды
ұйымдастыру.
Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің тармақтарға бөліну принципі конституцияда белгіленген негізгі принциптердің біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені бірден-бір бастауы - Қазақстан халқы жэне мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы жэне сот жүйесіне бөлінеді жэне биліктер бір-бірін шектейді.