Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:49, реферат

Описание работы

Қоғамдық қатынастар жүйесінде кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша, бір жағынан, қолданыстағы заңдарға сәйкес кәсіпкер мәртебесін иеленуші жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, екінші жағынан, уәкілетті мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер және т.с.с.) шығады. Оған қоса, көрсетілген субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар түтастай және толық билікке және бағыныштылыққа құрылған сатылас қатынастар (мысалы, лицензиялау, сертификаттау саласындағы жэне т.б. қатынастар) да, ешқандай бағыныштылық жоқ (мысалы, келісім-шарт қатынастары) деңгейлес қатынастар да болуы мүмкін. Алғашқы жағдайда көпшілік-қүкықтық қатынастар, ал екінші жағдайда жеке-құқықтық қатынастар туралы сөз болмақ.

Содержание

1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі, түрлері.
2. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары
4. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.doc

— 179.00 Кб (Скачать)

7) ақпараттык қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

8) жедел іздестіру шараларын өткізу үшін арнайы техникалық кұралдар;

9) қаруландыру, әскери техника және қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар және олар пайдаланылатын бұйымдар айналымы;

10) ғарыш кеңістігін пайдалану;

11) акпараттандыру және байланыс;

12) білім беру;

13) бұқаралық ақпарат құралдары;

14) ауыл және орман шаруашылықтары, жерге орналастыру, геодезия және картография;

15) денсаулық сақтау;

16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;

17) ойын бизнесі;

18) ветеринария;

19) сот-сараптау;

20) мәдениет;

21) каржы саласы жэне қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;

22) сәулет, қала құрылысы және кұрылыс;

23) ҚР мемлекеттік рәміздерін әзірлеу;

24) кеден ісі;

25) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі және айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі;

26) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызмет;

27) тауарлар экспорты және импорты.

Сонымен қатар лицензияның басыбайлы берілмейтінінің және лицензия иесінің оны басқа жеке және заңды тұлғаға бере алмайтынының да маңызы аз емес. ҚР заңдарымен көзделетін жағдайларды қоспағанда, лицензиялардың жарамдылығы ҚР аумағына түгелдей таратылады.

 

 

 

 

 

                                                          Қорытынды

 

    Мемлекет кәсіпкерлік қатынастарды реттей отырып, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына әсер етудің сан алуан түрлері мен тәсілдерін пайдаланады. Нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі көпшілік (қоғамдық) мүдделерді қорғау қажеттілігінен туады, себебі тек мемлекет қана өз органдары атынан қоғамдық мүдделерді қорғай алады және қорғауға тиіс.

    Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттар жеке кәсіпкерлікті әкімшілендіру жолымен жеке кәсіпкерліктің дамуы және мемлекеттің мүддесі мен тұтынушылардың құқығын қорғау үшін игілікті жағдай жасау болып табылады.

Экономикалық   қатынастарды   мемлекеттік   реттеу   әдістері тікелей және жанама деп бөлінеді.

    Азаматқа немесе заңды тұлғаға белгілі бір қызмет түрімен айналысуға  немесе белгілі бір іс-әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат лицензия деп ұғылады.

     ҚР Конституциясы, азаматтық заңдар және арнайы нормативтік актілер монополиялауға және әділетсіз бәсекеге бағытталған экономикалық кызметке тыйым салады. Атап айтқанда, ҚР АК 11 -бабында тікелей заңды бәсекелестікті шектеуге немесе құртуға, негізсіз артықшылықтар иеленуге, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға жол берілмейтіні көрсетілген.

     Монополияға қарсы заң кұкық құралдары арқылы бәсекелестіктің, яғни кәсіпкерлердің тауар нарықтарында әрбір жеке кәсіпкердің тауарлардың (қызметтердің) айналысының жалпы ережелеріне теріс ықпал ету мүмкіндіктерін шектейтін және тұтынушыға қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіруге ынталандыратын жарысушылықтың дамуына себепкер болуға тиіс.

     Сөйтіп, монополияға қарсы реттеу мемлекеттің және оның органдарының тауар нарықтарында әділетті бәсекелестікті қорғау мақсатында экономикалық қызметті жүргізу ережелерін белгілеу және жүзеге асыру бойынша атқаратын жүйелі қызметі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Пайдалынған әдебиеттер

 

1.Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық   С.П.Морозов   Алматы 2009

2. Қазақстан Республикасының  кәсіпкерлік құқық  Балтабекова  Д.Ж.  Қостанай  2007

3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 474 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жаршысы, 2003 жыл., N 15, 132-құжат

4. Жеке кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңы

5 Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; "Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 7 ақпан N 31

 

 

 

 

 


Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу