Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:49, реферат

Описание работы

Қоғамдық қатынастар жүйесінде кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша, бір жағынан, қолданыстағы заңдарға сәйкес кәсіпкер мәртебесін иеленуші жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, екінші жағынан, уәкілетті мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер және т.с.с.) шығады. Оған қоса, көрсетілген субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар түтастай және толық билікке және бағыныштылыққа құрылған сатылас қатынастар (мысалы, лицензиялау, сертификаттау саласындағы жэне т.б. қатынастар) да, ешқандай бағыныштылық жоқ (мысалы, келісім-шарт қатынастары) деңгейлес қатынастар да болуы мүмкін. Алғашқы жағдайда көпшілік-қүкықтық қатынастар, ал екінші жағдайда жеке-құқықтық қатынастар туралы сөз болмақ.

Содержание

1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі, түрлері.
2. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары
4. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.doc

— 179.00 Кб (Скачать)

6) жергілікті атқару органдарының жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерімен және нарық инфрақұрылымы нысандарымен өзара қарым-қатынастарын дамытудың стратегиясын белгілеу;

7) сараптау кеңестерінің қызметін ұйымдастыру;

8) жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар және қызметкерлер даярлауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін көтеруді үйымдастыру.Аталған саладағы арнайы кұзырет органдары болып қолданыстағы заңдарға сәйкес: ҚР Индустрия және сауда министрлігі, оның күрамына кіретін комитеттер (Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық даму комитеті, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитет, Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет), сонымен қатар оның аумақтық бөлімшелері саналады.

     ҚР Индустрия және сауда министрлігі - бұл мемлекеттік саясатты әзірлеу және индустриялық салада нормативтік құқықтық реттеу бойынша, оның ішінде елдің қорғаныс-өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы, сонымен қатар сауда қызметін, кәсіпкерлікті дамыту жэне бәсекелестікті, кұрылысты, сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қорғау саласында, өлшемдер бірлігін техникалық реттеу және қамтамасыз ету, экономиканың шикізаттық емес секторында жеке инвестицияларды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу бойынша кызметтер атқаратын орталық атқару органы (ҚР Үкіметінің 2004 ж. қарашаның 26-ындагы № 1237-каулысымен бекітілген ҚР Индустрия және сауда министрлігі туралы Ереженің 1-тармағы).

Индустрия және сауда министрлігі:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді жүзеге асырады;

2) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын әзірлейді және іс жүзіне асырады;

3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік шараларын үйымдастырады және орындалуын үйлестіреді;

4) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстарды эзірлейді;

5) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерліктің даму инфрақұрылымына талдау жүргізеді;

6) жеке кәсіпкерлік қызмет салаларында зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

7) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік кұқықтық актілерді әзірлейді және ҚР Үкіметіне үсынады;

8) республика аймақтарында шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының қалыптасуына және дамуына себепші болады;

9) шағын кәсіпкерлік саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау жэне біліктіліктерін көтеру жүйесін құру бойынша ұсыныстар эзірлейді;

10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған ҚР заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

11)жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының ведомстоаралық үйлесімділігін іске асырады;

12) орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдары жанындағы сараптау кеңестерінің қызметін үйлестіреді;

13) шағын кәсіпкерліктің инновациялык, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысуы үшін жағдайлар тұғызады;

14) жеке кәсіпкерлікті қолдау, қорғау мәселелерінде инвесторлар, шетелдік ұйымдар - грант берушілер үшін жағдайлар туғызады;

15)жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін әдістемелік көмек үйымдастырады;

16) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) халықаралық нарықтарына шығуына жағдайлар туғызады;

17) жеке кәсіпкерлікті дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

18) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік саясатты насихаттайды;

19) мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары тарапынан жол берілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттейтін ҚР заңдарының бұзылуы туралы ҚР Президентін және Үкіметін хабардар етеді.

Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк  реттеудiң негiзгi мақсаты мен  принциптерi 
        Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты:1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және жеке кәсіпкерлікке әкiмшiлiк етуді енгiзу жолымен мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады. 2) Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi:   жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнiң кепiлдiгi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;  кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi;жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi:  Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы; жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуы болып табылады. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудiң және қабылдаудың ерекшелiктерi: 

1. Орталық мемлекеттiк  және жергiлiктi атқарушы органдар  жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң  мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiне сараптамалық қорытынды алу үшiн жiбередi.

2. Жеке кәсiпкерлiк  субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын  нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына түсiндiрме жазба нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзуге байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi шығындарының азаюын және (немесе) көбеюiн растайтын есептеу нәтижелерiн мiндеттi түрде қамтуға тиiс.

3. Сараптамалық қорытындыларды  мемлекеттiк органдар белгiлеген  мерзiмде мыналар: республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiк, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi;облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң облыстық бiрлестiктерi, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi облыстық бiрлестiк;қалалық, аудандық деңгейлерде - шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi қалалық, аудандық бiрлестiктер табыс етедi. 

4. Сараптамалық қорытындылар  жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң  аккредиттелген бiрлестiктерi мүшелерiнiң  жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық  сипатта болады және оларды  мемлекеттiк орган қабылдағанға  дейiн нормативтiк құқықтық актiнiң  жобасына мiндеттi қосымшасы болып табылады.

5. Мемлекеттiк орган  сараптамалық қорытындымен келiскен  кезде нормативтiк құқықтық актiнiң  жобасына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi. Мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiгiне сараптамалық қорытындымен келiспеу себептерiнiң негiздемесi бар жауап жiбередi.

6. Жеке кәсiпкерлiктiң  мүдделерiн қозғайтын нормативтiк  құқықтық актiнi қолданысқа енгiзу  мерзiмi жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне  қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленетiн талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшiн қажеттi мерзiмдер негiзге алына отырып, белгiленуге тиiс.Нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысқа енгiзiлу тәртiбi мен мерзiмдерi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне залал келтiрмеуге тиiс.

7. Осы бапта көзделген  рәсiмдер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң  мүдделерiн қозғайтын нормативтiк  құқықтық актiлердi қабылдаудың мiндеттi  шарты болып табылады.

8. Жеке кәсiпкерлiк  субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын  нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары оларды тиiстi органда немесе сарапшылық кеңестiң отырысында қарағанға дейiн бұқаралық ақпарат құралдарында, WEB-сайттарды қоса алғанда, жалпыға бiрдей қолжетiмдi телекоммуникация желiлерiнде мiндеттi түрде жариялануға (таратылуға) тиiс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары

 

      Экономикалық   қатынастарды   мемлекеттік   реттеу   әдістері тікелей және жанама деп бөлінеді.

Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-кұлқына ықпал етудің әкімшілік кұралдарын пайдалануга байланысты. Мемлекеттік реттеудің ондай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т.б. жатқызуға болады.

Тікелей әдістерден айырмашылығы - мемлекеттік реттеудің жанама әдістерінің мэні кәсіпкерлік кызмет субъектілерінің мінез-кұлқына тікелей билік әсері жолымен емес, экономикалық мүдделер тұрғысынан жанамалай ықпал етуден көрінетін ықпал етудің экономикалық құралдарына негізделген. Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің тиісті мінез-кұлық уәждемесіне әсер ететін материалдық ынталандыру және қолдау (мысалы, кәсіпкерлік кызметтің жекелеген субъектілеріне жеңілдіктер мен артықшылықтар беру жолымен) жағдайларын жасау арқылы ықпал ету қажет.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына бақылау жасау болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында тұтынушылардың күкықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері маңызды және елеулі мағынаға ие болады. Нормативтік-құкықтық актілерде қазіргі таңда негізге алынатын ұстанымдар айқын тұжырымдалган:

- тұтынушылардың тауарлар қауіпсіздігіне құқығы;

- тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы дұрыс ақпарат алу құқығы;

- сапасы нашар тауарлар мен қызметтер келтірген залалды өтеу. Тұтынушылардың   құқықтарын   қорғауды   және  тауарлардың,

жұмыстардың, қызметтердің жетіспеушілігі салдарынан келтірілген зиян үшін жауапкершілікті көздейтін негізгі ережелер азаматтық заңдардың және түтынушылардың қүқықтарын қорғау туралы арнайы заңның нормаларында белгіленген. Атап айтқанда, Қазақ КСР-інің 1991 ж. маусымының 5-індегі № 640-ХІІ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес тұтынушы төмендегілерге:

- сатып алынатын тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің тиісті сапасына - тұтынушыны сатушы немесе тауар өндіруші алдын ала тауардың кемшіліктері туралы ескерткен және ол келіскен жағдайды есептемегенде (тұтынушылардың кұқықтарына қандай да бір тура және жанама шектеулер қоюға жол берілмейді);

- сатып алынған тауардың сапасын, жинақтылығын, мөлшерін, салмағын және бағаларын тексеруге, олардың ыңғайлылығын көрсеттіруге, сонымен қатар оларды қауіпсіз және дұрыс пайдалануды үйреттіруге;

- тауарлар мен қызметтерді еркін таңдауға (өндіру жэне коммерциялық қызметінде тұтынушыны тауарлар мен қызметтердің тиісті дәрежеде емес сапасымен, өнімнің өзіне кажетсіз ассортиментімен келісуге немесе өзінің тұтынушы ретіндегі құқын қолданудан бас тартуға мәжбүр ету мақсатында өндірушінің, сатушының өздерінің басымдық жағдайын пайдалануына тыйым салынады);

- отандық және шетелдік тауарлар сатылғаннан кейін олардың кепілді қызметіне;

- сапасы лайықты тауарлармен айырбастауға (егер қандай да себептермен тауарлар тұтынушының талаптарын қанағаттандырмаса немесе қажетті қасиеттері болмаса);

- өнім туралы мәлімет алуға;

- оның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне құқылы.

    Сонымен қатар тұтынушы өз бастамасымен өнім (жұмыстар, кызметтер) өндірушіге немесе сатушыға сапасы тиісті дәрежеде емес немесе көтеріңкі бағамен сатылған өнімге қатысты шағым айтуға құқылы. Ерікті түрде бұрмалаушылықты жоюдан және келтірілген залалды өтеуден бас тартылған жағдайда, тұтынушы сотқа шағым беруге кұқылы (ондай кезде шағым бағасы маңызды емес).

Тұтынушыларды қорғау төмендегідей:

- олардың құқықтарын мойындау;

- кұқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру және кұкықтарды бұзатын әрекеттердің жолын кесу;

- табиғи түрдегі міндеттерді орындауды міндеттеу;

- құқықтық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту;

- кұқық бұзған тұлғадан келтірілген залалдарды өндіріп алу, ал заңмен немесе шартпен көзделген жағдайларда және заң актілерімен көзделген басқадай тәсілдермен («Тұтынушылардың күқықтарын корғау туралы» Заңның 13-бабы) айып төлем (айыппұл, өсім) өндіріп алу жолдарымен іске асырылады.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі бағыты бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде баға басқарудың маңызды күралы және мемлекеттік реттеу нысаны болып саналады.

    Баға деп тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) ақшалай құны аталады. Сонымен бірге жұмыстар мен қызметтерге қатысты «баға» санатына теңестірілген «тариф» деген термин қолданылады.

Қазақстан Республикасында баға белгілеу жүйесі сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасқан еркін (нарықтық) бағалар мен тарифтерді қолдануға негізделген және багалардың төмендегідей: еркін бағалар; көтерме (босату) бағалар; бөлшек сауда бағалары; реттелетін бағалар түрлерін қарастырады.

    Еркін бағалар тараптардың келісімімен тағайындалады және ҚР Үкіметі белгілеген тізбеден басқа барлық тауарлар мен кызметтерге таралады.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу