Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:49, реферат

Описание работы

Қоғамдық қатынастар жүйесінде кәсіпкерлік қызметті реттеу бойынша, бір жағынан, қолданыстағы заңдарға сәйкес кәсіпкер мәртебесін иеленуші жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, екінші жағынан, уәкілетті мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер және т.с.с.) шығады. Оған қоса, көрсетілген субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар түтастай және толық билікке және бағыныштылыққа құрылған сатылас қатынастар (мысалы, лицензиялау, сертификаттау саласындағы жэне т.б. қатынастар) да, ешқандай бағыныштылық жоқ (мысалы, келісім-шарт қатынастары) деңгейлес қатынастар да болуы мүмкін. Алғашқы жағдайда көпшілік-қүкықтық қатынастар, ал екінші жағдайда жеке-құқықтық қатынастар туралы сөз болмақ.

Содержание

1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түсінігі, түрлері.
2. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері мен бағыттары
4. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.doc

— 179.00 Кб (Скачать)

    Еркін бағалар екі түрлі болады: көтерме және бөлшек. Көтерме (босату) бағалар дайындаушының тұтынушымен келісімі бойынша құрылады, олар қосылған құн салығы мен акциздерді қамтиды және жұртшылықтан басқа барлық тұтынушылармен есеп айырысқанда қолданылады. Бөлшек сауда бағаларын халыққа тауар сатумен айналысатын коммерциялық ұйымдар анықтайды, ол бағалар қосылған құн салығын және сауда үстемеақысын еңгізе отырып белгіленсді.

Реттелетін бағаларды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары тауарлар мен қызметтерге ҚР Үкіметі тағайындаған тізбе бойынша белгілейді.

     Бағалардың мемлекеттік тәртібін бұзушылықа төмендегілер жатқызылады:

- өнімге, тауарлар мен қызметтерге реттелетін бағаларды (тарифтерді) (белгіленген және шекті бағаларды (тарифтерді), пайдалылықтың шекті деңгейлерін және басқаларын) көтеру;

- баға белгілеу органдарында мағлұмдау барысында тіркелген көтерме (босату) бағаларын асырып көрсету;

- ТМД елдерімен және басқа мемлекеттермен үкіметаралық келісімдер бойынша кәсіпорындар беретін өнімге бағаларды көтеру немесе төмендету;

- бағаларға (тарифтерге) белгіленген үстемеақыларды (үстеме баға) көтеру, көзделмеген үстемеақыларды (үстеме баға) есептеу, сатып алушыға белгіленген шегерімдерді азайған көлемінде бермеу немесе беру;

- реттелетін бағаларды, үстеме бағаларды, тарифтерді осы бағалар мен тарифтерді белгілеу кезінде қарастырылған сипаттамаларға қызмет көрсету деңгейі сай келмейтін қоғамдық тамақтандыру, коммуналдық шаруашылықтардың және халыққа тұрмыстық қызмет корсету кәсіпорындарының колдануы;

- құрылымдық немесе технологиялық кемшіліктердің кесірінен сол бойынша олардың деңгейін келісу кезінде кабылданған тұтынушылық қасиеттерге қол жеткізілмеген өнімге бағаларды көтеру (стандартта органдарының қорытындысы болған жағдайда);

- кәсіпорындар-монополистердің еркін бағалар мен тарифтерді мағлұмдау тәртібін бұзуы;

- белгіленген тәртіпте тұтынушылармен келісілмеген еркін (босату) бағаларын, үстеме баға, үстемеақыларды қолдану.

Жоғарыда аталған тәртіп бұзушылықтарға жол берген субъектілерге экономикалық айып төлемдер салынады.

     Атап айтқанда, өнім, тауарлар, қызметтер сатуды жүзеге асыру барысында бағалардың мемлекеттік тәртібін бұзған және соның нәтижесінде артық сома алған кәсіпорындарға даусыз тәртіпте артық алынған сомаларды пайдасынан алу және оларды мемлекет табысына аудару түрінде айып төлем салынады. Одан өзге, осы көлемде кәсіпорыннан косымша айыппұл өндіріліп алынады.

 

 

 

 

 

 

 

    1. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу

 

     Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік баға қолданылған жағдайда мемлекеттік бақылау төменде көрсетілген мәмілелер және салық салу нысандарын түзету бойынша қолданылатын бағалардың нарықтықтан ауытқу фактілерін анықтау мақсатында жүргізіледі (2001 ж. қаңтардың 5-індегі № 136-11 «Трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылау туралы» ҚР Заңы 3-бабының 1-тармағы).

     Атап айтқанда, мемлекеттік бақылау мынадай мәмілелер бойынша жүргізіледі:

1) өзара тәуелді немесе өзара байланысты тараптар арасында;

2) тауар айырбастау (бартер) операциялары бойынша;

3) біртектес ілеспе талаптарды есепке алу (талаптарға кеңшілік жасау кезіндегі есепке алуды қосқанда) жолымен іске асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындау кезінде:

4) қаржы операцияларын іске асыру барысында мәліметтерді ашуды және беруді қарастырмайтын немесе тіркеу (түру) орны бойынша салық салудың жеңілдетілген режимі (оффшорлық аймақты қосқанда) қолданылатын шетелдік мемлекеттерде тіркелген (тұратын) немесе банк шоттары бар тұлғалармен мәмілелер жасау кезінде;

5) салықтар бойынша жеңілдіктері бар немесе солар үшін салық заңы белгілеген мөлшерлемеден өзгеше мелшерлеме белгіленген заңды тұлғалармен мәмілелер жасау кезінде;

6) салыктық мағлұмдамалар бойынша мәміле жасалып жатқан жылдың алдындағы екі салық кезеңінде шығынға ұшыраған заңды түлғалармен мәміле жасау кезінде.

     Көрсетілген белгілер талаптарына жауап бермейтін халықаралык іскерлік операциялар бойынша мемлекеттік бакылау мәміле бағасының тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасынан бір немесе екінші жаққа қарай 10%-дан артық ауытқу фактісі анықталған жағдайда жүргізіледі. Мұндай шара жоғарыдағы талаптарға жауап бермейтін, ҚР аумағында жүзеге асырылатын мәмілелерге де қатысты. Мемлекеттік бақылауды ҚР салық қызметі органдары және кеден органдары атқарады.

     Табиғи монополиялар субъектілері үшін реттелетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) тарифтер белгілеудің айрықша тәртібі көзделген. 1998 ж. шілденің 9-ындағы № 272-1 «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 15-1-бабына сәйкес, табиғи монополия субъектісінің ретте-летін кызметтеріне (тауарлар, қызметтер) уәкілетті орган белгілейтін тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шекті деңгейлері реттелетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар өндірісі) керсетуге қажетті шығындардың құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігін есепке алуға тиіс.

     Уәкілетті орган тариф (баға, алым мөлшерлемесі) немесе оның шекті деңгейін белгілеу кезінде төмендегідей ережелерді қарастыратын шығындар белгілеудің айрықша тәртібін қолданады:

1) тарифке (баға, алым мөлшерлемесі) немесе оның шекті деңгейіне енгізілетін шығындарды реттеу;

2) табиғи монополия субъектісі шығыстарының баптарына шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның, сонымен бірге нормативтік техникалык ысыраптардың (шығындардың) техникалық жэне технологиялык нормалары шегінде шектеу қою;

3) тариф (баға, алым мөлшерлемесі) немесе оның шекті деңгейін тағайындау кезінде есепке алынбаған шығыстар тізбесін белгілеу;

4) тарифке (баға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шекті деңгейіне енгізілетін пайданы шектеу;

5) негізгі құралдардың тозуын есептеуде қолданылатын әдістерді келісу;

6) негізгі құралдарды қайта бағалауды және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметамен қарастырылған амортизациялық аударымдар құралдарын пайдалану бағыттарын келісу.

     Қазіргі таңда нарықты қалыптастырудың негізге алынатын бастаулары ретіндегі меншік формалары мен қатынастарын түрлендірумен қатар, экономиканы монополиясыздандыру және бәсекелестікті дамыту бойынша шаралар жүзеге асырылуда, ал олардың ішінде монополияға қарсы реттеу маңызды орын алады. Бәсекелестікті құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында әділетті бәсекелестік үшін қолайлы шарттар құруға және қолдауға бағытталған.

     Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларына төмендегілер бойынша қызметтер (тауарлар, жүмыстар) жатқызылады:

1) мұнай және (немесе) мүнай өнімдерін тасымалдау;

2) газ немесе газ конденсатын сақтау, басты және (немесе) тарату құбыршектері бойынша тасымалдау, газ тарату қондырғылары және соларға байланысты газ тарату құбыршектерін пайдалану;

3) электр энергиясын беру және (немесе) тарату;

4) жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) жабдықтау;

5) электр энергиясын желіге жіберу және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру;

6) магистралдық теміржол желілері;

7) кірме жолдар;

8) аэронавигация;

9) порттар, әуежайлар;

10) технологиялық мүмкін еместігі себепті бәсекелес байланыс операторының жоқ болуы немесе аталған қызметтерді көрсетудің экономикалық тиімсіздігіне байланысты (телекоммуникациялардың жалпылай кызметтерін қоспағанда) телекоммуникациялар;

11) мүліктік жалдау немесе кабельдік канализацияны және басқадай телекоммуникация желілерін ортақ пайдалану телекоммуникацияларына қосуға технологиялық байланысты негізгі кұралдарды пайдалануға беру;

12) су шаруашылығы және (немесе) канализация жүйелері;

13) пошта қызметінің жалпыға ортақ қызметтері («Табиғи монополиялар туралы» Заңның 4-бабының 1-тармағы).

     Қолданыстағы заңдарға сәйкес табиғи монополия субъектісіне:

1) төмендегідей қызметтерден басқа табиғи монополиялар салаларына жатпайтын қызметтер көрсетуге және езгедей қызметпен айналысуға тыйым салынады:

- реттелетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық түрде байланысқан;

- ҚР пошта туралы заңымен белгіленген;

- реттелетін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетін табыстар табиғи монополия субъектісінің бір күнтізбелік жыл ішіндегі барлық қызметінің бір пайызынан аспайтын жағдайда;

- басқа қызметтен түсетін табыстар табиғи монополия субъектісінің бір күнтізбелік жыл ішіндегі барлық қызметінің бес пайызынан аспайтын жағдайда;

- қызмет (тауарлар, жұмыстар) көрсететін құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайда;

2) табиғи монополия субъектісінің құқық меншігінде және (немесе) шаруашылық жүргізуде өндірумен және реттелетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетумен, сонымен қатар табиғи монополия субъектісінің заңмен рүқсат етілген қызметке байланысы жоқ мүлкінің болуына;

3) акциялар (үлестер) иеленуге немесе басқадай түрде (мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан басқа) коммерциялық ұйымдардың, арнайы қаржы компанияларының, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін заңмен рүқсат етілген қызметті жүзеге асыратын басқа да үйымдардың қызметіне қатысуға;

4) реттелетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкілетті орган тағайындаған көлемнен асатын ақы өндіріп алуға;

5) табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткізу шарттарын тықпалауға немесе тұтынушыларды кемсітуге жеткізетін басқадай әрекеттер жасауға;

5-1) меншік құқығымен немесе басқадай заңдық негізде иеленетін, реттелетін кызметтер (тауарлар, жұмыстар) өндіру кезінде технологиялық кезеңде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлікпен басқаруға, мүліктік жалдауға (лизингті қосқанда) беруге;

6) реттелетін қызметтер көрсетуге байланысты талап кұқығына кеңшілік беруге (арнайы каржы компанияларының секьюритизация мәмілелері бойынша талап құқығына кеңшілік беруін есепке алмағанда, егер бұл табиғи монополия субъектісінің реттелетін кызметтеріне (тауарларына, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) көтерілуіне келтірмесе);

7) жауапкершіліксіз тұтынушылардың реттелетін кызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) пайдаланылған көлеміне ақша төлемеуіне байланысты ыждағатты тұтынушыларға реттелетін қызмет (тауарлар, жүмыстар) көрсетуден бас тартуға;

8) реттелетін қызметтер тарифтеріне (бағаларына, алым мөлшерлемелеріне) немесе олардың шекті деңгейлеріне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуге байланыссыз шығындарды енгізуге;

9) реттелетін кызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына өз құзыреттері шегінде мемлекеттік органдар белгілеген талаптарға сай келмей көрсетілген реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы төлеуді талап етуге;

10) мынадай:

- тарифтік сметада бар ақпаратты;

- реттелетін коммуналдык қызметтерді есепке алатын аспаптарды сатып алуға және орнатуға кеткен шығындар және ақы өндіріп алу механизмі туралы, реттелетін коммуналдық қызметтерді есепке алатын аспаптарды сатып алу және орнату туралы ақпаратты;

- көрсетілетін реттелетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға.

     ҚР Конституциясы, азаматтық заңдар және арнайы нормативтік актілер монополиялауға және әділетсіз бәсекеге бағытталған экономикалық кызметке тыйым салады. Атап айтқанда, ҚР АК 11 -бабында тікелей заңды бәсекелестікті шектеуге немесе құртуға, негізсіз артықшылықтар иеленуге, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға жол берілмейтіні көрсетілген.

Монополияға қарсы заң кұкық құралдары арқылы бәсекелестіктің, яғни кәсіпкерлердің тауар нарықтарында әрбір жеке кәсіпкердің тауарлардың (қызметтердің) айналысының жалпы ережелеріне теріс ықпал ету мүмкіндіктерін шектейтін және тұтынушыға қажетті тауарлар мен қызметтерді өндіруге ынталандыратын жарысушылықтың дамуына себепкер болуға тиіс.

     Сөйтіп, монополияға қарсы реттеу мемлекеттің және оның органдарының тауар нарықтарында әділетті бәсекелестікті қорғау мақсатында экономикалық қызметті жүргізу ережелерін белгілеу және жүзеге асыру бойынша атқаратын жүйелі қызметі болып табылады.

Кез келген мемлекетке оның қызметтерін жүзеге асыру үшін негізгі қайнар көзі салықтар және бюджетке теленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылатын қаржы қаражаттары қажет. Соған байланысты кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің салық міндеттерін және тиісінше салықтық реттеуді ыждағатты және уақытында орындауының орасан зор маңызы бар.

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының 2008 ж. 10 желтоксандағы № 99-1V ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен (Салық кодексімен) белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер әрекет етеді.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу