Өкілдіктің ұғымы мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 15:06, реферат

Описание работы

Өкілдік институтының түсінігі мен мағынасы. Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолданылады. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз дәрменсіз болар еді. Өкілеттілік көмегімен тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................3
1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы ..............................................................5
1.1. Өкілдіктің қолдану аясы .....................................................................7
1.2. Өкілдіктің түрлері............................................................................... 13
2. Сенімхат ..................................................................................................17
2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы.........................................................19
2.2. Сенімхатты тоқтату .............................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................

Работа содержит 1 файл

азаматтық құқық.doc

— 209.00 Кб (Скачать)

   Сенім алушы  өз өкілеттігін басқа біреуге  сеніп тапсырғаннан кейін өзінің сенім берушісініе бұл жөнінде  білдіруге және ол адам туралы, оның тұрағы туралы қажетті мәліметтерді хабарлайға тиіс. Бұл міндетті орындамасы, сенім алушыға өзінің өкілеттік құқықтарын сеніп тапсырған адамның әрекеттері үшін өзінің істегені сияқты жауаптылық жүктеледі. 
 
 

    
                               2.2. Сенімхатты тоқтату

      Сенімхаттың тоқтатылу  және оның салдарлары. Сенімхаттың  күші мынандай жағдайларда жойылады:

    1) сенімхат мерзімінің  өтуі;

    2) сенімхатта  көзделген әрекеттердің  жүзеге  асуы;

    3) сенімхатты  беруші адамның оның  күшін  жоюы;

    4) сенімхат берілген  адамның одан бас тартуы;

    5) атына сенімхат  берілген заңды  тұлғаның таратылуы; 

    6) өз атынан сенімхат берген  заңды тұлғаның тоқтатылуы;

    7) секнімхат  берген адамның  қайтыс болуы,  оның әрекет  қаблеттілігі жоқ,  әрекет қабілеттілігі  шектеулі  немесе хабар-ошарсыз кетті деп  танылуы;

    8) сенімхат берілген  азаматтың  қайтыс болуы, оның  әрекет  қабілеттігі жоқ, әрекет қабілеттілігі  шектеулі немесе хабар-ошарсыз  кетті деп танылуы салдарынан  тоқтатылады.

    Сенімхат  тоқтатылған  бойда, оны алған  тұлға сенімхатты берген тұлғаға немесе оның заңды  мирасқорына қайтаруы керек.

    Сенімхаттың қайтарылуы туралы сенімхат беруші сенімхат берілген тұлғаны және өкілдік берілген үшінші тұлғаны хабардар етуі тиіс.

     Сенім ауысуы ретінде берілген сенімхатта осы айтылған жағдайлардың кез келгені болғанда тоқтатылады.

       Сенімхаттың тоқтатылу салдары:

    Сенімхат  беруші сенімхаттың күшін жойғандығы туралы (осы Кодекстің 170-бабы) сенімхат берілген адамға, сондай-ақ сенімхат берілгендердің алдында өкілдік ету үшін өзіне  белгілі үшінші жаққа хабарлауға міндетті. Сенімхат осы Кодекстің 170 бабының 5 және 7 тармақтарында көрсетілген негіздерге сүйеніп тоқтатылған реттерде дәл сондай міндет сенімхат беруші аданың құқықты мирасқорларына да жүктеледі.

     Сенімхат  берілген адамға сенімхаттың тоқтатылғанын білгенге дейін немесе білуге тиіс болған кезге дейін оның жасаған әрекеттері нәтижесінде пайда болған құқықтар мен міндеттер сенімхатты берген адам және оның құқықты мирасқорлары үшін үшінші жақтарға қатысты күшін сақтайды. Егер үшінші жақ сенімхаттың тоқтатылғанын білсе немесе білуге тиіс болса, бұл ереже қолданылмайды.

     Сенімхат  берілген адам немесе оның құқықты  мирасқоры сенімхат тоқтатылысымен оны дереу қайтаруға тиіс.

     Сенімхаттың тоқтатылуына байланысты осы сенімхат бойынша басқа адамға өкілеттік беру де (сенім ауысуы) күшін жояды. 
 
 

                       
 

              Қорытынды 

     Қорыта келгенде, өкілеттік деп  басқа адамның атынан бір адамның  сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген  өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесін  айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық  құқықтары мен міндеттерін тікелей  туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкіл және өкілдік алушы заңды тұлғалар да, азаматтар да бола алады.Заңды тұлғалар өзінің арнаулы құқық қабілеттілігі шеңберінде ғана өкілдік алушы бола алады. Жекелеген жағдайларда ол міндетті өз жалақысының немесе стипендиясының көлемінде 16 жастан асқан іске қабілетті азаматтар атқара алады. өзінің сипаты және мазмұны жағынан өкіл арқылы жасалмайтын мәмілелер де бар.

    Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).

    Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір  мезгілде бірнеше  рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс  істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.

    Іс-әрекеттердің бәрін өкілет арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер  үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек,некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163-бабы,5-тармағы).

    Өкілдік институтының мазмұны субъектілер  құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол кезегінде  құқықтар мен міндеттердің пайда  болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді.

      Бұдан шығатын қорытынды, Қазақстанда сот өкілдігінің кешенді стратегиясын дәлме-дәл  нақтылау мемлекеттік және қоғамдық институттардың алдында тұрған өзекті мәселе болып табылады. Осыған байланысты мемлекет басшысы өз кезегінде Қазақстанның мемлекеттік құрылымы мен саяси жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған елдегі ірі көлемдегі саяси реформаларды жалғастырудың қабылданған бағытын өзгертпейтінін тағы да атап өтті.

    Сенімхаттың  нысаны мен мерзімі сенімхат  берілген елдің құқығы бойынша  анықталады.

        Бір адамның (сеніп білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірілген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады.

Сенімхат-бұл  әрқашан бір жақты мәміле.

    Сенімхат  үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі  мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе,ол үш жыл бойы; ал егер мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды  болады

    Азаматтық сотта  азаматтар өз істерін не өзі не өкілдік арқылы жүзеге асыра алады. Сотта өкіл болып сотта іс жіргүзуге өкілеттігі сенімхат, заң, әкімшілі акті, немесе сот шешімі негізінде ресми түрде анықталған кез келген әрекет қабілеті бар тұлға бола алады.

    Сотта тапсырма (кепіл) бойынша төмендегі  тұлғалар өкіл бола алады:

    1) Қорғаушы;

    2)  Заңды тұлға  қызметкерлері;

    3) Уәкілдігі  бар кәсіби одақ  – осы кәсіптік  одақ құқықтары  мен мүдделерін  қорғауды жүзеге  асыратын тұлғалардың,  жұмысшылардың  қызметкерлердің  істері бойынша;

    4) Сол ұйым  мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін  қорғауға заңмен, ережемен құқық берілген уәкілетті ұйымдар;

    5) Тұлғалардың  құқықтары мен  мүдделерін қорғауға  құқық берілген  уәкілетті органдар;

    6) Басқа қатысушылардың  уәкілеттігі  бойынша қатысушы. 
 
 
 

                            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           Пайдаланылған әдебиеттер 

  1.  Жайлин  Ғ. А. «Азаматтық құқық». ІІ  том.  Алматы 2006.
  2. “Қазақстан Республикасы азаматтық құқықғы” Төлеуғалиев Ғ.И., Алматы 2001 жыл(65-74),
  3. “Азаматтық құқық” Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2003 жыл( 70-85б),
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. А. 2002 ж.
  5. Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов.  - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1994.-431 с.
  6. Гражданское право: Курс лекций. Учебное пособие. /Отв. Ред. О.Н. Садиков. - М.: Изд-во БЕК. Ч. 2:Обязательственное право. - 1997. –687с.
  7. Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1993.-383 с.
  8. Қазастан Республикасының Азаматтық Кодесі.- Алматы: ЖШС «Баспа», 2001.- 400 б.
  9. ҚР Әділет министрлігінің 1998 жылдың 22 қаңтарындағы №18 «Қылмыстық-атқару жүйесінің түзету мекемелерінің басшыларымен сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы» нұсқамасы.

Информация о работе Өкілдіктің ұғымы мен маңызы