Өкілдіктің ұғымы мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 15:06, реферат

Описание работы

Өкілдік институтының түсінігі мен мағынасы. Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолданылады. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз дәрменсіз болар еді. Өкілеттілік көмегімен тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................3
1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы ..............................................................5
1.1. Өкілдіктің қолдану аясы .....................................................................7
1.2. Өкілдіктің түрлері............................................................................... 13
2. Сенімхат ..................................................................................................17
2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы.........................................................19
2.2. Сенімхатты тоқтату .............................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................

Работа содержит 1 файл

азаматтық құқық.doc

— 209.00 Кб (Скачать)

   Рыноктық  қатынасқа  өту және мүліктік айналымның дамуы  жағдайында тауар-ақша қатынасында  коммерциялық өкілдік маңызды орын алады. Коммерциялық өкіл – бұл шарт жасасу кезінде кәсіпкер атаныан  тұрақты және еркіті өкіл бола алатын тұлға.

   Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындай (АК-тің 166-бабының 1- тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда- сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.

   Өз  атынан болу – заңды тұлға өкілді өз құрылымына тағайындайды және ол арқылыөзінің құқықтарымен міндеттерін орындап, мүделерін қорғайды. Мұндай өкілетте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1- тармағы).  Мысалы, жұмыс беруші атынан басқа субъектілермен құқықтық қатынаста өзінің қызметтік міндетін атқаратын жұмысшы, кәсіпорыннң ісін жүргізуші немесе сауда мәмілесін жасаушы кәсіпорын қызметкері сәйкес заңды тұлғаның өкілі болып табылады. (дүкен сатушысы, кәсіпорынның заңды кеңесшісі, т.б.).

   Өз  атынан өкіл болу сонымен қатар басқа  да тәсілмен жасалуы мүмкін. Әсіресе, олар заңды тұлға өз қаржысы есебінен  қосымша құрылымдық бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін  жатқызуға болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде бұл құрылған жаңа құрылымдардың құқықтық жағдайының тең болатынын естен шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл құрылымдық бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың уәкілетті органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана атқара алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      1. Сенімхат 

    Сенімхатсенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкісіне рәсімделеді.

    Сенімхат  мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке  жазылады да, мекеме басшысының қолы мен  мөрі басылады.

    Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады.

     Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесіне мыналарды жатқызамыз :

-құжаттың атауы;

- күні, айы, жылы, мекен-жайы ;

- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі);

- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі);

- қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- нотариалдық мекеме мөрі.

Сенімхат  мына жағдайларда беріледі:

    Сенімхат  кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалакы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы  алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мүрагерлік күкык туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі.

- Сенімхат 1 дана болып дайындалады

- Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай. Мүлікті   

    пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл.

- Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.

   Бір адамның (сенім берушінін) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім  білдірген) берген жазбаша уәкілдігі  сенімхат деп танылады (АК-тің 167-бабының 1-тармағы).

   Сенімхатты пайдалану кезінде "уәкілдік" және "өкілетті" деген терминдерді ажырата білу керек. Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші атынан іс-әрекетке қатынасуы, ал өкілеттік өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға құқылы әрекеттерінің шеңбері болып табылады.

   Заң жағынан қарағанда сенімхат беру — біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікгі беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті, соңдықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді.

   Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады (АК-тің 167-бабының 2-тармағы). Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі куәландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек (АК-тің 169-бабының 3-тармағы).

   Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін  өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Соңдықтан сенімхат - әр кезде де мерзімді құжат. Азаматтық кодекстің 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе, ол жарамсыз деп танылады.

   Өкілдің алған өкілеттігінің көлемі мен  мазмұнына орай сенімхаттың үш түрі болады: а) бас (жалпы) сенімхат, ол белгілі  бір кезеңге арналып, өртүрлі  мәмілелер жасайтын өкілге беріледі; ә) арнайы сенімхат — ол бір текті мәмілелер жасайтын өкілге беріледі (мысалы, заң кеңесшісіне сотта іс жүргізу үшін беріледі); б) бір мәрте берілетін сенімхат — ол тек бір заң әрекет жасау үшін беріледі (мысалы, поштадан алатын хатбума үшін берілетін сенімхат).

   Өзіне арнап өкілеттік құқық берілген әрекеттерді сенім алушының өзі  атқаруы тиіс. Егер алған сенімхат бойынша осылай етуге өзіне өкілеттік  құқық берілген немесе сенім берушінің  мүлделерін қорғауға жағдайлардың салдарынан осылай етуге мәжбүр болған ретте ғана ол сенімхат бойынша әрекет етуді басқа біреуге сенім ауысуы арқылы бере алады.

   Сенім алушы өз өкілеттігін басқа біреуге  сенім тапсырғаннан кейін өзінің сенім берушісіне бұл жөнінде  білдіруге және ол адам туралы, оның тұрағы туралы қажетті мәліметтерді хабарлауға тиіс. Бұл міндетті орындамаса, сенім алушыға өзінің өкілеттік құқықтарын сеніп тапсырған адамның әрекеттері үшін өзінің істегені сияқты жауаптылық жүктеледі. 

    
                                      2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы
 

   Заң жағынан  қарағанда сенімхат беру – біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді. Сенімхат бір жақты мәміле болғандықтан, онда мәтінде көрсетілген тұлғаның басқа біреудің атынан құқықтық қатынасқа түсетін құқығы көрсетіледі.

   Өкілеттіктің  сипатына қарай сенімхаттар бір  рет қолдануға жарамды, яғни бір  ғана мәміле жасасуға немесе бір ғана әрекет жасауға арналған (мысалы, бір  ғана айдың айлық ақысын алу); біртекті мәмілелер жасауға арналған арнайы (мысалы, шикізат сатып алу); немесе ұзақ уақыт бойы бір ғана әрекетті жасауға арналған (мысалы, заңды тұлға атынан шарт жасау); негізгі – белгілі бір аумақта барлық заңды әрекеттерді жасау немесе заңды тұлғаның филиалындағы мүлікті басқару үшін арналған; әмбе-бап (универсалды) – сенім берушінің барлық құқықтарын жүзеге асыру үшін арналған деп бөлінеді. Сенімхат үшінші жақпен құқықтық қатынасқа түспей-ақ сенім берушінің мүлкін пайжалануға және билік етуге берілуі мүмкін (мысалы, автомобильді басқаруға сенімхат беру).

   Сенімхаттарды заңды тұлғалар мемлекеттік органдар жүргізген коммерциялық, инвестициалық  тентерлері, аукциондар және мемлекеттік  меншіктегі объектілерді және мемлекеттік  акция пакетін сату кезінде кеңінен қолданады. Заңды тұлғалардың өкілдері осы мәмілелердің қатысушылары ретінде тіркелу үшін құрамында өкілеттігін растайтын сенімхат бар құжаттар тізімін көрсетулері қажет.

   Коммерциялық  сферада сенімхатты қолдану үшін екі жағдайға көңіл бөлу қажет.

   Біріншіден, сенімхатта сенім беруші мен өкілдікті  алушы  туралы мәліметтер толық көрсетілуі қажет (азаматтардың толық аты-жөні немесе заңды тұлғалардық толық  атауы), берілген уақыты, тұлғалардың  қолы, екіншіден, сенімхатта өкілдің  өкілеттігі анық көрсетілуі тиіс.

   Заң сенімхаттың  жазбаша түрін міндетті түрде  сақтауды талап етеді. Сонымен бірге  мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап  етілетін болса, онда ол нотариалдық  жолмен куәландырылады.

   Нотариалды  куәландырылған сенімхаттарға төмендегі сенімхаттар  теңестіріледі:

   1) Госпитальда,  санаторияларда және тағы басқа  әскери емделу орындарында жатқан  әскери қызметкерлер мен басқа  да тұлғалардың, осы госпитальдағы,  санаторидегі және басқа да  әскери емделу орындарының  басшылары, медицина бөлімі бойынша орынбасарлары, аға және кезекші дәрігерлер куәландырған сенімхаттары;

   2) Нотариалды  қызмет жасайтын мемлекеттік   нотариалды кеңселердің немесе  басқа да органдары жоқ әскери  бөлімдердің, мекемелердің және  әскери оқыту бөлімдерінің әскери  қызметкерлерінің және олардың  жанұя мүшелерінің  осы бөлім,  мекеме басшылары немесе начальниктері куәландырған сенімхаттары;

   3) Бас  бостандығынан  айрылғандардың  мекеме басшысы  куәландырған  сенімхаттары;

   4) Осы  мекеме  басшылары куәландырған тұрғындарды  әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі  кәмлетке толған әрекет қабілеттігі  бар азаматтардың сенімхаттары.

   Корреспонденция, соның ішінде ақшалай және сәлемдеме, еңбек ақы және тағы басқа төлемдерді алуға берілген сенімхат сенімхат беруші тұлға тұратын  жергілті басқару  орагымен, ол жұмыс істейтін немесе оқитын ұйыммен куәландырылуы мүмкін. Телеграфпен немесе байланыс құралының басқа да түрімен жіберілген, құжатты жіберуді байланыс қызметкері жүзеге асырғанда сенімхат сол байланыс органымен куәландырылады.

   Үшінші  тұлға  ресмим байланыс органының  қатысуынсыз, факсмальді немесе басқа  байланыс құралымен жіберілген сенімхаттарды  әрекетті жүзеге асыру үшін жарамсыз деп тануына құқығы бар.

   Мемлекеттік органдардың, комерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың ақша және басқа да бағалы заттарды алуға немесе беруге арналған сенімхаттарына сол ұйымның  бас есепшісі қол қоюы қажет.

   Нотариалды  куәландырылған сенімхатты берудің  Азаматтық Кодексте екі жағдайы  қарастырылған:

   1) мүлікті  басқаруға  арналған сенімхат; 2) мәміле жасауға арналған сенімхат (мысалы, сатып алу-сату мәмілесін жасауға арналған).

   Нотариалды  және оған теңестірілген сенімхаттардан басқа  өкілетті орган растайтын  сенімхаттарда болады. Олар сенім  берушінің атынан жалақы алу, т.б. сол сияқты әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі.

   Қарапайым сенімхат заңды тұлғаның мөрі қойылып, сенім  берушінің қол қоя отыруымен  заңды түрде беріледі.

   Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың  қолданылу  мерзімі кәуландырылуы  ол негізгі  алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек.

   Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін  өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі  бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан  сенімхат - әр кезде де мерзімді құжат. ҚР АК 168-бабына сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта ең ұзақ мерзім көрсетілсе,  Ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе – берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.

   Өзіне арнап  өкілеттік құқық берілген әрекеттерді  сенім алушының өзі  атқаруы тиіс. Егер алған сенімхат бойынша осылай етуге өзіне өкілеттік  құқық  берілген немесе сенім берушінің  мүдделерін қорғауға жағдайлардың салдарынан осылай етуге мәжбүр болған ретте ғана ол сенімхат бойынша әрекет етуді басқа біреуге сенім ауысуы арқылы бере алады.

Информация о работе Өкілдіктің ұғымы мен маңызы