Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 15:06, реферат
Өкілдік институтының түсінігі мен мағынасы. Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолданылады. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз дәрменсіз болар еді. Өкілеттілік көмегімен тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.
КІРІСПЕ .......................................................................................................3
1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы ..............................................................5
1.1. Өкілдіктің қолдану аясы .....................................................................7
1.2. Өкілдіктің түрлері............................................................................... 13
2. Сенімхат ..................................................................................................17
2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы.........................................................19
2.2. Сенімхатты тоқтату .............................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................
КІРІСПЕ ..............................
1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы ..............................
1.1. Өкілдіктің қолдану аясы ..............................
1.2. Өкілдіктің түрлері.......................
2. Сенімхат ..............................
2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы.......................
2.2. Сенімхатты тоқтату ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
Кіріспе
Өкілдік институтының түсінігі мен мағынасы. Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолданылады. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз дәрменсіз болар еді. Өкілеттілік көмегімен тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.
Өкілдік
институтының маңыздылығы
Өкілеттік
қатынасында өкілеттілік
Өкілеттікте құқықтық байланыстар күрделі құрылымды иемденіп, келесі үш түрлі қатынастан жасалады:1) өкілет беруші мен өкіл арасында; 2) өкіл мен үшінші тұлға арасында; 3) өкілет беруші мен үшінші тұлға арасында.
Өкілеттіктің оған ұқсас құқықтық қатынастардан айырмашылығы. Өкіл өкілет беруші атынан әрекет жасаса да; мәміле және басқа да заңдық әрекет жасауда өз еркін білдіреді. Осы жағдаймен оның қабілетіне жоғары талаптар және мәміле жасау шынайылығының тікелей тәуелділігі байланысты. Өкілге қарағанда жіберушібір тұлға еркін (пікірін, ойын) екіншісіне өткізеді, бірақ өз еркін білдірмейді.
Өкілеттіктің туындау негіздемелері. Өкілде қажетті құқықтың туындауын заң өкіл жіберушінің еркімен, заңда аталған басқа да заңдық фактілермен байланыстырады. АК 163 бабына сәйкес, өкіл құқығы сенімхатқа, әкімшілік актіге немесе заңға негізделеді. Өкіл құқығының көлемі мен сипаты, оларды жүзеге асыру шарттары заңдық фактілер негізінде жатыр. Сәйкесінше өкілеттіктің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді: а) әкімшілік актіге негізделген өкілеттік; б) заңға негізделген өкілеттік; в) келісімге негізделген өкілеттік.
Әкімшілік актіге негізделген өкілеттік. Мұнда өкіл әкімшілік басқару күшімен өкіл жіберуші атынан әрекет етуге міндетті. Заңды тұлға органы өкілеттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты әрекетке жұмысшы тағайындау туралы жарлық шығарғанда орын алады. Мысалы, соттағы өкіл, заңдық актілерді құрудағы, мәлімелер жасаудағы өкілдік, т.б.
Көптеген жағдайларда өкілдік қатынастар заңның тікелей жарлығы бойынша туындайды, өкілеттіктің мұндай түрі заңдық өкілеттік деп аталады. Мысалы, балалардың заңды өкілі болып олардың ата-аналары табылады. Бұл өкілеттік түрінің ерекшелігі: біріншіден, ол өкіл жіберушінің еркінен тәуелсіз туындайды, екіншіден, өкіл құқығы заңмен анықталған.
Келісімге негізделген өкілдік жоғарыдағы екі түрге қарағанда ерікті саналады. Ол яғни тек өкіл бейнесін емес, оның құқығын анықтайтын өкіл жіберушінің еркі бойынша туындайды. Заңдық әрекет жасау үшін сол өкілдің келісуі қажет. Кәсіпкерлік саласында коммерциялық өкілдік туындайды (АК 166б). Коммерциялық өкіл бір уақытта түрлі жақтардың өкілі бола алады. Ол екі жақта осы өкілдікпен келіскенде немесе тікелей заңмен қарастырылған жағдайда ғана жіберіледі. Үшінші тұлға алдына өкілеттік үшін әдетте өкілге сенімхат деп аталатын ерекше жазбаша құжат беріледі.
Сенімхат түсінігі. Сенімхат ретінде бір тұлғаның екіншісіне үшінші тұлға алдындағы өкілеттігі үшін берілетін жазбаша құқығы түсіндіріледі. (АК 167 б. 1-б). Көп жағдайда сенімхат ерікті өкілеттің құқығын бекіту үшін беріледі. Егер ерікті өкілдік өкіл жіберуші мен өкіл арасында келісім иемденбесе, сенімхат беру өзінің заңдық табиғаты бойынша бір-жақты мәмілені көрсететді. Басқаша айтқанда, сенімхат беру және оның заңдық күшін иемдену үшін өкіл келісімдігі талап етілмейді. Сенімхаттың мынандай негізгі түрлері бар, олар бірретік, арнайы және басты сенімхат.
Келісімге қарағанда, сенімхат өкілдіктің сыртқы әсерін қамтамасыз етуге шақырылған. Үшінші тұлға сенімхатпен таныса отырып, өкілдің қандай артықшылықты иемденетін біледі. Құқық шегінде өкілмен жасалған кез-келген мәлімелер және басқа да заңдық әрекеттер өкіл жіберуші үшін міндетті сипатқа ие.
Сенімхатқа
ұсынылатын талаптар. Сенімхат заң
мәмілесіне ұсынылатын барлық талаптарға
сәйкес келуі керек. Сенімхат құқықтық
заңдық әрекет жасауға ғана
берілуі мүмкін; өкіл жіберушінің
еркі еркін қалыптасып, сенімхатта
анық көрсетілуі тиіс; заңды тұлғаға
берілген сенімхат арнайы құқық
субъектілігіне қайшы келмейтін
мәміле жасауға ғана қатысты
болуы мүмкін.
Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).
Өкілдік инсттутының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше нарықта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді. (АК-тің 163 -бабының 5-тармағы).
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан — өкілдік беруші, өкіл, және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін оның нүсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады .
Ал
Азаматтық құқық
Үшінші жак, — азамат немесе заңды тұлға. Өкілдің онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатынастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
Өкілдік негізінде бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатынасын асыра пайдаланғанда екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ, Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оның жасаған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкілеттіктің туындауының негізі — заң фактісі болып табылады. Заңда мынадай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен, ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады ( АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі — тұлғаға өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы, өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік, сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін ( АК-тің 163-бабының 1-тармағы). Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойынша кеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді.
Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп аталады. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілді тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды. Сонымен бірге өкілдік берушінің атынан заңдық әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау талап етіледі. Өкілдік беруші мен өкіл арасында шарт жасалып, онда өздерінің ішкі қарым-қатынастарын айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).
Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялық өкілдік туындайды (АК-тің 166-бабының 1-тармағы). Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда — сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік.
Өз
атынан болу — заңды тұлға өкілді
өз құрылымынан тағайындайды және ол
арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін
орындап, мүддесін қорғайды. Мұндай өкілдікте
бір субъект болады, сырттан бөтен
тұлғаны аиналымға
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі — басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезіңде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т. б.).
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптардың мүлделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға міндетті.
Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға міндетті (АК-тің 166-бабының 4-тармағы).
Кәсіпкерлік
қызметтің жекелеген
1.1. Өкілдіктің
қолданылу аясы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабындағы талапты қалай толық көлемді жүзеге асыруға болады.
Қазіргі
кезде соттағы өкілділік