Өкілдіктің ұғымы мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 15:06, реферат

Описание работы

Өкілдік институтының түсінігі мен мағынасы. Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолданылады. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз дәрменсіз болар еді. Өкілеттілік көмегімен тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................3
1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы ..............................................................5
1.1. Өкілдіктің қолдану аясы .....................................................................7
1.2. Өкілдіктің түрлері............................................................................... 13
2. Сенімхат ..................................................................................................17
2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы.........................................................19
2.2. Сенімхатты тоқтату .............................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................

Работа содержит 1 файл

азаматтық құқық.doc

— 209.00 Кб (Скачать)

     Кей кездері бірнеше рет қозғалыссыз  қалдырылып, қайтарылған, бірақ әлі  де болса түзетілмеген талап арыздарды  қабылдап жатамыз, бұның себебі неде, өйткені «Шағымдар» туындауы мүмкін. Соттар «соңынан істі сотта қарауға дайындық бөлімінде түзеттіреміз» деген оймен амалсыздан өз өндірісіне қабылдайды. Бұл әрекет кей жағдайда бір тараптың сотқа деген келеңсіз ойларын туындатады, бірақ амал жоқ «бір арыз бірнеше рет сотпен қайтарылған» деген шағымдар туындамас үшін соттар осындай әрекеттер жасауға мәжбүр.

     Бұл жағдайлар түптеп келгенде істі жан-жақты  толық қаралуы үшін белгіленген  сотта іс қараудың мерзіміне кедергісін де тигізуі мүмкін.

     Кейбір  сот отырыстарында іске қытысып  отырған тараптардың өкілдерінің  жоғарғы заңгер мамандығын былай қойғанда, жалпы жоғарғы білімі жоқ екенін анықтап жатамыз, алайда заң бойынша оларға шектеу жоқ, олар сенімхат негізінде іске қатысып отырған тұдлғалар.

     Міне  соттағы өкіліділіктің қазіргі  кезде осындай келеңсіз тұстары  бар, осы мәселені қалай шешудің жолы бар, қалай құқықтық реттеліу керек.

     АІЖК-нің 58 бабымен  істі өкілдер арқылы жүргізу көзделген, яғни, азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.

Ұйымдардың  ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік  құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде  

    1-Төлеуғалиев Ғ. «Азаматтық құқық» 470-бет  

іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.

   Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік  актісіне негізделген істі сотта  жүргізуге тиісінше ресімделген  өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

   Осы тұрғыда «кез келген адам» деген  сөздің өзі талқылануға түсуі қажет деп есептеймін, бұл жерде өкілдерідің барлығы адвокат болуы керек деге ұсыныс емес, ең болмағанда « кез келген жоғарғы білімді заңгер» деген ұсынысты талқылау қажет сияқты. (Заңды өкілдерден басқалары)

   Соттағы өкіліділік институтының бір түрі бұл, тапсырма бойынша өкілдік ету (59 бап).

   Оларға:

   1) адвокаттар;

   2) заңды тұлғалардың қызметкерлері  - осы заңды тұлғалардың істері  бойынша; 

   3) кәсіптік одақтардың уәкілетті  адамдары - құқықтары мен мүдделерін  қорғауды осы кәсіптік одақтар  жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша;

   4) заңмен, жарғымен немесе ережемен  осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары  мен мүдделерін қорғау құқығы  берілген ұйымдардың уәкілетті  адамдары;

   5) заңмен, жарғымен немесе ережемен  басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары;

   6) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы  бойынша тең қатысушылардың біреуі;

   7) іске қатысушылардың өтінуімен  сот рұқсат еткен басқа да  адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.[2]

           Сотта өкілдер бола алмайтын тұлғалар:

   1) судьялар, тергеушілер, прокурорлар  мен өкілді орагандардың депутаттары,  олардың процеске тиісті ұйымдардың  уәкілеттік берілген адамдарды  немесе заңды өкілдер ретінде  қатысу жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алады.

     2) адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмйды.

     3) адам, егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса немесе судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе айғақшы ретінде қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса, өкіл бола алмайды.

     Аталған тізім бойынша біз көріп отырғандай түрлі адамдардың сотқа қатысуына  жол береміз, ал ол адамдардың заңи тұрғыдан білім деңгейі тиісті деңгейде ме, олар кәсіпқой көмек  көрсете  ала ма, Қонституциямыздың 13 баында көзделген талаптарды жүзеге асыра алатын тұлға ма соттар бұл мәселелерді тексере алмайды.

     Бұл жерде аса көп көңіл бөліп  талқылауды қажет ететін жоғырыда аталған  баптың 7 тармағы. Өйткені сота іс қаралып  жатырған кезде, ке кездері тараптардың  өкілдеріне АІЖК-нің 65 бабының мазмұнын түсіндірудің өзңі қиынға соғады., ал бұл жерде тараптардың теңдігі, айтысушылық қағидаларының орындалуының өзң қиынға соғады.

     Өкілдердің өкілеттіктері және олардың рәсәмделуі  61 және 62 баптармен  реттеледі, яғни сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап  

2- «АІЖК-нің 59бабы»

қоюды танудан толық немесе ішінара  бас тартуды, талап қоюды тануды,

       талап қоюдың нысанасын немесе  негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік  келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.

   Өкілдің осы баптың бірінші бөлігінде  аталған іс-әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс. (61 бап)[3]

   Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.

   Кәсіптік  одақтар мен басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа  осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын  құжаттарды беруі тиіс (осы Кодекстің 59-бабының 3, 4 және 5 тармақшалары).[4]

   Адвокаттың  нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокаттық кеңсе берген ордермен, ал ол өз қызметін дербес жүргізген жағдайда - адвокат  клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады.

   Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды  тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті  адамы береді.

   Осы Кодекстің 59-бабының 6 және 7 тармақшаларында аталған өкілдің өкілеттігі сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына кіргізілген сенім білдірушінің сотта берген ауызша түрдегі өтінішінде көрініс табуы мүмкін (62 бап).[5]

   Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу  кодексінің 58 бабының 1 бөлігіне сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды деп көзделген.

   Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтық істер бойынша  соттарда және азаматтық процестің  барлық сатыларында болады.

   Мемлекетте  әр адамның соттық қорғауда конституциялық құқығының іске асырылуына байланысты жұмыс жасау қажет. Елімізде толық  демократиялық құқықтық мемлекеттің  қалыптасуы азаматтардың және заң қызметкерлерінің конституция нормасында көрсетілген құқыларын білуді қажет етеді. Сондықтан да Конституцияның 12-ші бабының 1-ші бөлігінде енгізілгендей Қазақстан мемлекетінің негізі заңында адам және оның құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілділік беріледі, сонымен қатар оларды іске асыруы мемлекеттің және қоғамның бастамалары үшін ең жоғарғы баға болып табылады.[6] Алайда құқықтық бостандықты ресми түрде мәлімдеу олардың сақталуына және жүзеге асуына кепілдік бере алмайды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы олардың жүзеге асырылуына зиянын тигізеді, сондықтан да оларды қорғау қажеттілігін

   3,4,5- «АІЖК-нің 61,59(3,4,5тармағы),62 баптар»

   жасауға мәжбүр болады. Азаматтар өздерінің  құқықтары мен мүдделерін сотта  қорғау үшін өздері немесе өкілдері арқылы жүгінуге құқылы. Азаматтардың өз демократиялық-конституциялық құқықтарын пайдалана отырып, сотқа әділдікке жүгінуі әділсоттың қолайлығымен сипатталады. Әділсотқа жүгіну жолын оңайлату үшін мемлекет міндетті түрде барлық әдістерді қолдануы қажет. Заң шығару мен заңдар әрдайым дамып отыруы керек .[7]

   Әрбір тұлға сот өндірісіне өзі тікелей  де, өкілдің көмегімен де қатысуға құқылы. Біздің ойымызша егерде өкіл іске қатысушы тұлғалардың мүдделерін олардың  туған тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде қорғай алмайтын болса, онда тек олардың келісімімен ғана өкілдің өзінің туған тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде сотта шағым немесе наразылық келтіре алады деп өзгерту керек. Сондықтан да АІЖК-нің 61 бабына 1.2. тармақшасы ретінде «Егерде өкіл іске қатысушы тұлғалардың тілін меңгермейтін болса, онда олардың келісімімен ғана іске қатысушы тұлғалардың мүдделерін өзінің туған тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде сотта шағым немесе наразылық келтіре алады» деген норманы енгізу қажет деп ойлаймыз.

   Кез-келген азамат сотқа талап арыз бере алады. Сонымен қатар әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда сотта олардың мүдделерін қорғау үшін талап арызды олардың заңды өкілдері бере алады. Ал ымдау тілімен өз ойларын жеткізетін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау үшін ымдау тілін түсінетін мамандардың қатысуымен сотқа талап арызды заңды өкілдері береді.

   Басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық  әрекеттер жасайтын бір тұлға (сот өкіл етуші), оның себебіне өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен міндеттер туындайды. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 61 бабының 1 бөлігіне сәйкес сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың

    

6-Қазақстан Республикасының Конституциясы. / 1995 жылы 30 тамызда   республикалық референдумда қабылданды. ( 284-1 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасының заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) // 1996. № 4, 217 б. 1998. № 20 245 б. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы.

7-«Азаматтық  сот ісін жүргізуіндегі ұлттық  тіл қағидасының түсінігі» Құқық  және мемлекет №1 (37) 2008 ж. 95 бет.

8-Қазақстан  Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі / 1999 жылғы 13 шілде (өзгертулер мен толықтырулармен) // 1999. № 18. 644б. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы.

қаулысын  мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды  қоспағанда өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді [8].

       Азаматтық істі сотта қарау барысында сот ісінің тілінде іске басқа

тұлғаның мүддесіне  және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде  процессуалдық әрекеттерді жасайтын талап қоюшының

атынан  қатысатын өкіл іске келуге тиіс. Егерде тараптардың мүддесінің атынан қатысатын өкілдердің сот отырысына келмеу салдарларын атап кетсек:

  • Іске қатысушы тұлғалардың мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттерді жасайтын келмеу себептері туралы сотқа хабарлауға және бұл себептердің дәлелді екендігіне дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.
  • Іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарлағаны жөнінде мәліметтер жоқ болса, істі қарау кейінге қалдырылады.
  • Егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді деп танылған жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.
  • Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған жауапкер болмаған жағдайда, сырттай іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу себептері туралы мәліметтер жоқ болса не сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тапса, не жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, сот істі қарауға құқылы.
  • Тараптар соттан істі олардың қатысуынсыз қарау және оларға шешімінің көшірмесін жіберу туралы жазбаша өтінуге құқылы. Егер бұл істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады.
  • Сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы адам өкілінің келмеуі істі қарауға кедергі бола алмайды. Іске қатысатын адамның өтінімі бойынша сот оның өкілі дәлелді себептермен келмеуіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыра алады. 

Информация о работе Өкілдіктің ұғымы мен маңызы