Гражданское право

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:05, реферат

Описание работы

Заңды тұлға мен құқықтың пайда болуына бірдей себептер негіз болды, яғни: қоғамның әлеуметтік жағдайының қиындауы, экономикалық қатынастардың дамуы және қоғамның ой-өрісінің өсуі. Қоғамның белгілі бір кезеңінде жеке құқықтың субъектісі, тек қана жеке тұлғалар болды. Кейінірек, экономикалық айналымның жақсы екпінмен дамуына байланысты, жеке тұлғалардан басқа субъектілердің қатысуы қажет болды. Осы курстық жұмыста заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері және оның азаматтық құқықтық қатынаста субъекті ретінде алатын орны туралы мәселелер қарастырылады.






Кіріспе
Құқықтық қатынастар мәселесі заң ғылымында әлі де бірталай орын алуда.
Алғашқы кезекте, шартқа қатысушылардың құқықтық қабілеттілігі бойынша туындайтын сұрақтар және де мекеме мен кәсіпорындардың, ұйымдардың құқықтық мәртебесі мемлекеттің құқықтық режим туралы түсінік құруға мүмкіндік берсе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының даму дәрежесі қоғамдағы экономикалық дамуды бағалауға мүмкіндік береді. Негізінде, тауар-ақша қатынастарының, мүліктік айналымның дамуына тек қана жеке тұлғалардың қатысуын ғана болжап қоймайды, оның дамуына зор үлес қосатын сол жеке тұлғалардың қатысуымен құрылған қандай да бір мақсаттардың орындалуын, соның ішінде коммерциялық қызметті көздейтін ұйымдардар.
Менің таңдаған тақырыбым сонысымен қызық. Тақырыптың өзектілігі даусыз. Осы курстық жұмысымның мақсаты - азаматтық құқықтық қатынастарының түсінігі мен сол құқықтық қатынастың субъектісі болып келетін заңды тұлғалар туралы ашып көрсету.
Заңды тұлға мен құқықтың пайда болуына бірдей себептер негіз болды, яғни: қоғамның әлеуметтік жағдайының қиындауы, экономикалық қатынастардың дамуы және қоғамның ой-өрісінің өсуі. Қоғамның белгілі бір кезеңінде жеке құқықтың субъектісі, тек қана жеке тұлғалар болды. Кейінірек, экономикалық айналымның жақсы екпінмен дамуына байланысты, жеке тұлғалардан басқа субъектілердің қатысуы қажет болды. Осы курстық жұмыста заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері және оның азаматтық құқықтық қатынаста субъекті ретінде алатын орны туралы мәселелер қарастырылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І – тарау. Заңды тұлғалар.
1.1. Заңды тұлғалар азаматтық – құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде, заңды тұлға ұғымы мен белгілері........................................................4-9
1.2. Заңды тұлғалар түрлері.
ІІ – тарау. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі...............................................9-13
2.1. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі..............14-15
2.2. Заңды тұлғаның пайда болуы мен тоқтатылуы бойынша пайда болатын құқықтық қатынастар.......................................................................................16-20
Практикалық бөлім..........................................................................................21-24
Қорытынды.......................................................................................................25-26
Пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі................27

Работа содержит 1 файл

Азаматтық құқық.doc

— 146.00 Кб (Скачать)

 

Жоғарыдағыларды ескере отырып,   курстық жұмыс бойынша бір түйінге келейік. 

Меншік, шаруашылық жүргізу  немесе жедел басқару  құқығындағы  оқшау мүлкі бар  және сол мүлікпен  өз міндеттемелері бойынша жауап  беретін, өз атынан мүліктік  және  мүліктік емес  жеке құқықтар  мен міндеттерге  ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым  заңды тұлға деп аталады.

Заңды  тұлға - адамдардың кез-келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлік екендігімен ерекшеленетін ұжымдар, яғни мақсаттары, міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілген  өз  жарғысы немесе ережесі  бар ұйымдық бірлік.

Заңды тұлға мемлекеттік  тіркеуден  өткен кезден бастап  құрылды деп саналады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі  болады.

Заңды тұлға   меншік иесінің, құрылтайшылардың еркімен құрылады.

Заңды тұлғалардың жекелеген  түрлеріне қарамастан, олардың құрылу процесін мемлекет қарастырады. Яғни, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуден өту кезіндегі функциясы мемлекеттің бақылауымен жүргізіледі.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркеуден өткізу үшін келесідей  құжаттар қажет: Жарғы, заңды тұлғаны  құру туралы құрылтайшы шешімі не құрылтай шарты, жарғылық капитал және де осы  құжаттардан туындайтын басқа да құжаттар.

 Заңды тұлғаның  құрылтай құжаттарына  құрылтай шарты  және жарғы жатады.  Құрылтай шарты тек жалғыз құрылтайшымен бекітілсе, құрылтай шарты құрылтайшылармен бекітіледі. Заңды тұлғаның тек қана бір құрылтайшысы болса, онда ол жарғы негізінде әрекет етеді.  Коммерциялық емес ұйымдар болса, заңда көзделген жалпы ережелерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

Заңды тұлға  заң құжаттары  мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Заңды тұлға органдарының  түрлері , тағайындалу немесе сайлану  тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай  құжаттарында  белгіленеді.

Заңды тұлға бойынша   азаматтық - құқықтық  қатынаста мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу қатынастары пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған нормативтік  құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі.

 

1. Азаматтық құқық  I-том Жалпы бөлім (2003ж М.К.  Сүлейменов)

2. Азаматтық құқық  1 том. Жалпы бөлім (Ғ. Төлеуғалиев)

2. Қ.Р. Азаматтық құқығы I-том (Алматы  2001ж) 

3. Азаматтық кодекс      ( Алматы  2007ж)

4. Мемлекет және құқық негіздері. (оқулық) 

 

5. Заңгер журналы. 10.02.07 №2

 

6.Практикум. С. А. Ынтымақов

 





Информация о работе Гражданское право