Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:05, реферат
Заңды тұлға мен құқықтың пайда болуына бірдей себептер негіз болды, яғни: қоғамның әлеуметтік жағдайының қиындауы, экономикалық қатынастардың дамуы және қоғамның ой-өрісінің өсуі. Қоғамның белгілі бір кезеңінде жеке құқықтың субъектісі, тек қана жеке тұлғалар болды. Кейінірек, экономикалық айналымның жақсы екпінмен дамуына байланысты, жеке тұлғалардан басқа субъектілердің қатысуы қажет болды. Осы курстық жұмыста заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері және оның азаматтық құқықтық қатынаста субъекті ретінде алатын орны туралы мәселелер қарастырылады.
Кіріспе
Құқықтық қатынастар мәселесі заң ғылымында әлі де бірталай орын алуда.
Алғашқы кезекте, шартқа қатысушылардың құқықтық қабілеттілігі бойынша туындайтын сұрақтар және де мекеме мен кәсіпорындардың, ұйымдардың құқықтық мәртебесі мемлекеттің құқықтық режим туралы түсінік құруға мүмкіндік берсе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының даму дәрежесі қоғамдағы экономикалық дамуды бағалауға мүмкіндік береді. Негізінде, тауар-ақша қатынастарының, мүліктік айналымның дамуына тек қана жеке тұлғалардың қатысуын ғана болжап қоймайды, оның дамуына зор үлес қосатын сол жеке тұлғалардың қатысуымен құрылған қандай да бір мақсаттардың орындалуын, соның ішінде коммерциялық қызметті көздейтін ұйымдардар.
Менің таңдаған тақырыбым сонысымен қызық. Тақырыптың өзектілігі даусыз. Осы курстық жұмысымның мақсаты - азаматтық құқықтық қатынастарының түсінігі мен сол құқықтық қатынастың субъектісі болып келетін заңды тұлғалар туралы ашып көрсету.
Заңды тұлға мен құқықтың пайда болуына бірдей себептер негіз болды, яғни: қоғамның әлеуметтік жағдайының қиындауы, экономикалық қатынастардың дамуы және қоғамның ой-өрісінің өсуі. Қоғамның белгілі бір кезеңінде жеке құқықтың субъектісі, тек қана жеке тұлғалар болды. Кейінірек, экономикалық айналымның жақсы екпінмен дамуына байланысты, жеке тұлғалардан басқа субъектілердің қатысуы қажет болды. Осы курстық жұмыста заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері және оның азаматтық құқықтық қатынаста субъекті ретінде алатын орны туралы мәселелер қарастырылады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І – тарау. Заңды тұлғалар.
1.1. Заңды тұлғалар азаматтық – құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде, заңды тұлға ұғымы мен белгілері........................................................4-9
1.2. Заңды тұлғалар түрлері.
ІІ – тарау. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі...............................................9-13
2.1. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі..............14-15
2.2. Заңды тұлғаның пайда болуы мен тоқтатылуы бойынша пайда болатын құқықтық қатынастар.......................................................................................16-20
Практикалық бөлім..........................................................................................21-24
Қорытынды.......................................................................................................25-26
Пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі................27
Мазмұны
Кіріспе.......................
І – тарау. Заңды тұлғалар.
1.1. Заңды тұлғалар азаматтық
– құқықтық қатынастардың субъектілері
ретінде, заңды тұлға ұғымы мен белгілері.....................
1.2. Заңды тұлғалар түрлері.
ІІ – тарау. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі.................
2.1. Заңды тұлғаның құқық
2.2. Заңды тұлғаның пайда болуы мен
тоқтатылуы бойынша пайда болатын құқықтық
қатынастар....................
Практикалық бөлім.........................
Қорытынды.....................
Пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі................27
Кіріспе
Құқықтық қатынастар мәселесі заң ғылымында әлі де бірталай орын алуда.
Алғашқы кезекте, шартқа қатысушылардың құқықтық қабілеттілігі бойынша туындайтын сұрақтар және де мекеме мен кәсіпорындардың, ұйымдардың құқықтық мәртебесі мемлекеттің құқықтық режим туралы түсінік құруға мүмкіндік берсе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының даму дәрежесі қоғамдағы экономикалық дамуды бағалауға мүмкіндік береді. Негізінде, тауар-ақша қатынастарының, мүліктік айналымның дамуына тек қана жеке тұлғалардың қатысуын ғана болжап қоймайды, оның дамуына зор үлес қосатын сол жеке тұлғалардың қатысуымен құрылған қандай да бір мақсаттардың орындалуын, соның ішінде коммерциялық қызметті көздейтін ұйымдардар.
Менің таңдаған тақырыбым сонысымен қызық. Тақырыптың өзектілігі даусыз. Осы курстық жұмысымның мақсаты - азаматтық құқықтық қатынастарының түсінігі мен сол құқықтық қатынастың субъектісі болып келетін заңды тұлғалар туралы ашып көрсету.
Заңды тұлға мен құқықтың пайда болуына бірдей себептер негіз болды, яғни: қоғамның әлеуметтік жағдайының қиындауы, экономикалық қатынастардың дамуы және қоғамның ой-өрісінің өсуі. Қоғамның белгілі бір кезеңінде жеке құқықтың субъектісі, тек қана жеке тұлғалар болды. Кейінірек, экономикалық айналымның жақсы екпінмен дамуына байланысты, жеке тұлғалардан басқа субъектілердің қатысуы қажет болды. Осы курстық жұмыста заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері және оның азаматтық құқықтық қатынаста субъекті ретінде алатын орны туралы мәселелер қарастырылады.
І – тарау. Заңды тұлғалар.
1.1. Заңды тұлғалар
азаматтық – құқықтық
Азаматтық құқық нормалары қоғамдық қатынасты реттейді. Мемлекетпен қабылданған құқықтық нормалардың өзіндік жалпы ережелері бар, бұл ережелер белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу үшін бағытталған. Қоғамдық қатынастың қатысушылары осы құқықтық нормаларға бағынуы тиіс.
Құқықтық қатынас келесідей элементтермен анықталады: құқықтық қатынастың объектілері, субъектілері және мазмұны. Құқықтық қатынастың объектісі бұл – құқықтық қатынасты тудыратын жағдайлар, яғни мүлік, жұмыс, қызмет және материалдық емес құндылықтар (ар-намыс, қасиет). Құқықтық қатынастың субъектісі бұл – құқықтық қатынастың қатысушылары мен тараптары. Олар: заңды тұлға, мемлекет тағы да басқа субъектілер. Құқықтық қатынастың мазмұны өзара байланысты екі элементтен тұрады: субъектілік құқық пен заңдылықтың міндеттілігі. Осы екі элемент құқықтық қатынастың субъектілерімен тығыз байланысты. Заңды тұлғаның құқықтық субъектілігі - белгілі бір әрекеттің пайда болу мүмкіндігі, ал заңдылықтың міндеттілігі – белгілі бір әрекетке қатысты міндеттілік. Осындай құқықтық қатынастың пайда болуы фактілерге яғни, өмірде туындайтын жағдайларға байланысты. Осындай құқықтық қатынас пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы құқықтық нормалармен тығыз байланысты. Бұл жағдайлар құқықтық норманың гипотезасында көрсетілген. Құқықтық қатынастың субъектілерінің өзіндік құқықтары мен міндеттері бар. Құықтық қатынастың субъектілері ретінде жеке тұлғалар мен қатар заңды тұлғалар да қатыса алады. Соның ішінде, заңды тұлға азаматтық құқықтық қатынастың ерекше бір субъектісі болып табылады. Ол мүліктік қатынастағы баға мен эквалентке байланнысты.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан міліктік және міліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылыды. Бұл анықтамадан заңды тұлғаның өзіне тән 4 белгісі бар байқалады:
1. Заңды тұлғалар
– адамдардың кез-келген
Мекемелер мен өзге де
мемлекеттік бюджетпен
2. Заңды тұлға болып танылған ұйым тауар айналымына дербес қатысуына құқық беретін оқшауланған мүлікке ие. Оқшау мүлік дегеніміз - шаруашылық қатынастарына дербес түсуі үшін ұйымның тек қана басқа ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің мүлкінен де оқшау мүлкі болуы керек дегенді білдіреді. Оқшау мүлкінің болуы, осы мүліктен өз міндеттемесі бойынша дербес жауапкершілігі болуы , өз атынан азаматтық құқықтарға ие болып, оны жүзеге асылуы, сотқа талапкер және жауапкер ретінде қатысуы.
Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу қабілеті – бұл өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер және жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі, бұл – ұйымды құқық субъектісі – заңды тұлғаның мойындауының заңды салдары болып табылады. Ұйымның осы құқығы оның жарғысымен , ережесімен немесе аталған ұйымды құру туралы актісімен көзделеді. Мүліктік оқшауланудың сипаты меншік нысанына байланысты. Мысалы: мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың мүліктері шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқықтарында болады. Бұлардың мүлкінің оқшаулануы олардың өздерінің негізгі және айналымдағы құрал-жабдықтарының, дербес баланстарының болуы арқылы сипатталады. Олардың мүліктерінің иесі – мемлекет.
Сонымен оқшауланған мүліктің болуы – заңды тұлғаның өзіне тән елеулі белгісі.
3. Заңды тұлғаларға өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілік жүктеледі. Бұл ереже коммерциялық ұйымдарға емес, сонымен қатар коммерциялық ұйымдарға да, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге де қатысты. Құрылтайшысы қаржыландыратын мекемелерден , мемлекеттік мекемелерден және қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Заңды тұлғаның , өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілігі – оның оқшау мүлкінің салдары. Кәсіпорын өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Меншік иесіне оның мүлкіне міндеттемесі бойынша кәсіпорынның жауапкершілігі болмайды. Құрылтайшының әрекет салдарынан болған банкроттық, жағдайын есептемегенде, жауап бермейді. Мұндай жағдайларда мемлекет кәсіпорынның міндеттемелері бойынша соңғысының кредиторлардың талабын қанағаттандыру үшін қаржысы жеткіліксіз болған жағдайда жуап береді, заң актілерімен мемлекеттің кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауапкершілігінің басқа жағдайлары белгіленуі мүмкін. Ақша жеткіліксіз болған жағдайда – мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшылары; мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган жауапты болады, ал қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік субсидиярлық жауаптылықта болады.
4. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет жасау – бұл заңды тұлғаның сотта талапкер немесе жауапкер болу құқығы. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет жасау үшін заңды тұлға жеке-дараланған болуы керек. Оның өзінің мүліктік емес құқығы болып табылатын және қызмет сипатына, тұрған жеріне байланысты болып келетін өз атауы болуы қажет. Заңды тұлғаның атауы оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік береді және оның ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды.
Заңды тұлғаның
атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.
Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына
немесе қоғамдық мораль қалыптарына қайшы
келетiн аттарды, егер жеке адамдардың
есiмдерi қатысушылардың есiмдерiне сәйкес
келмесе не қатысушылар бұл адамдардың
есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен)
рұқсат алмаса, олардың есiмдерiн пайдалануға
жол берiлмейдi.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауы болып табылады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды
тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен
кейiн оның фирмалық атауы болып табылады.
Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен
заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк
тiзiлiмiне енгiзiледi.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана
өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық
атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық
атаудың құқық иесiнiң талап етуi
бойынша мұндай атауды пайдалануды
тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын
толтыруға мiндеттi.
Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға
байланысты құқықтары мен мiндеттерi
заңдарда белгiленедi.
Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын
заңды тұлғалардың фирмалық атауларында,
қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында,
Қазақстан Республикасының заң актілерiнде,
Президентi мен Үкiметi актiлерiнде белгiленген
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының
ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға
тыйым салынады.
Заңды тұлғаның фирмалық атауы оның қызмет аясын көрсетіп, дербестігін білдіреді және ол атау іскерлік байланыстарда, іс қағаз бланкілерінде қолданылады. Заңды тұлғаның атауын тауарлық белгіден , бұйымдарды дараландырудың өзге де белгілерінен ажырата білген жөн. Әр түрлі кәсіпорындар шығаратын біртектес өнімдерді бір-бірінен жеке-даралап ажырату үшін , сондай-ақ олардың тауар айналымындағы жарнамалануын тиімді ұйымдастыру үшін тауар таңбалары және қызмет көрсету таңбалары кеңінен қолданылады.
Тауар таңбалары дегеніміз – тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан ажырату үшін қызмет ететін белгі.
Тауарлық белгіні бұйымның белгілі бір кәсіпорыннан шыққанын куәландыратын бұйымдағы немесе оның орауының сыртындағы өзінше ресімделген түпнұсқалық графикалық бейне ретінде түсінуге болады. Ол бұйымдарға мемлекеттік стандарттың негізінде және техникалық жағдайларға байланысты соғылады.
Тауарлық белгілер өнімнің сапасы үшін жауапкершілікті арттырады және олардың өнімдерді, бұйымдарды сатудағы, жарнамалаудағы маңызы зор.
Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған жерi болып танылады. Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi.Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзінің нақты мекен-жайының бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайға сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы.
Заңды тұлғаның тұрған жерінде банк мекемесінде оның есеп шоты және ағымдық шоты ашылады. Заңды тұлғаның тұрған жерін белгілеу жауапкер болатын сот істерінің қай ведомствоға қарайтындығын анықтау үшін маңызды. Мұндай жағдайда заңды тұлғаның бірнеше қалаларда немесе елді мекендерде қызмет істегеніне қарамастан, тұрған жері біреу ғана болу керек.
1.2. Заңды тұлғалар түрлері.
Заңды тұлғалардың 1) жеке меншікке негізделген және 2) мемлекеттік меншікке негізделген түрлері бар.
1) Жеке меншікке негізделген
заңды тұлғалар болып
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға:
Коммерциялық ұйым коммерциялық емес ұйымға қарағанда азаматтық
айналымда қызметтердің кең шеңберін атқара алады, ал соңғысының әрекет ету аясы белгілі бір қызмет шеңберінде шектелген. Азаматтық айналымда өз мүлкімен тәуекелге түсетін жеке меншікке негізделген ұйымның табыс табуы үшін кез келген әрекетпен айналысуы, оған жалпы құқық қабілеттілігі тән екендігін білдіреді және де бұл қисынды нәрсе.