Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:05, реферат
Заңды тұлға мен құқықтың пайда болуына бірдей себептер негіз болды, яғни: қоғамның әлеуметтік жағдайының қиындауы, экономикалық қатынастардың дамуы және қоғамның ой-өрісінің өсуі. Қоғамның белгілі бір кезеңінде жеке құқықтың субъектісі, тек қана жеке тұлғалар болды. Кейінірек, экономикалық айналымның жақсы екпінмен дамуына байланысты, жеке тұлғалардан басқа субъектілердің қатысуы қажет болды. Осы курстық жұмыста заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері және оның азаматтық құқықтық қатынаста субъекті ретінде алатын орны туралы мәселелер қарастырылады.
Кіріспе
Құқықтық қатынастар мәселесі заң ғылымында әлі де бірталай орын алуда.
Алғашқы кезекте, шартқа қатысушылардың құқықтық қабілеттілігі бойынша туындайтын сұрақтар және де мекеме мен кәсіпорындардың, ұйымдардың құқықтық мәртебесі мемлекеттің құқықтық режим туралы түсінік құруға мүмкіндік берсе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының даму дәрежесі қоғамдағы экономикалық дамуды бағалауға мүмкіндік береді. Негізінде, тауар-ақша қатынастарының, мүліктік айналымның дамуына тек қана жеке тұлғалардың қатысуын ғана болжап қоймайды, оның дамуына зор үлес қосатын сол жеке тұлғалардың қатысуымен құрылған қандай да бір мақсаттардың орындалуын, соның ішінде коммерциялық қызметті көздейтін ұйымдардар.
Менің таңдаған тақырыбым сонысымен қызық. Тақырыптың өзектілігі даусыз. Осы курстық жұмысымның мақсаты - азаматтық құқықтық қатынастарының түсінігі мен сол құқықтық қатынастың субъектісі болып келетін заңды тұлғалар туралы ашып көрсету.
Заңды тұлға мен құқықтың пайда болуына бірдей себептер негіз болды, яғни: қоғамның әлеуметтік жағдайының қиындауы, экономикалық қатынастардың дамуы және қоғамның ой-өрісінің өсуі. Қоғамның белгілі бір кезеңінде жеке құқықтың субъектісі, тек қана жеке тұлғалар болды. Кейінірек, экономикалық айналымның жақсы екпінмен дамуына байланысты, жеке тұлғалардан басқа субъектілердің қатысуы қажет болды. Осы курстық жұмыста заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері және оның азаматтық құқықтық қатынаста субъекті ретінде алатын орны туралы мәселелер қарастырылады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І – тарау. Заңды тұлғалар.
1.1. Заңды тұлғалар азаматтық – құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде, заңды тұлға ұғымы мен белгілері........................................................4-9
1.2. Заңды тұлғалар түрлері.
ІІ – тарау. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі...............................................9-13
2.1. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі..............14-15
2.2. Заңды тұлғаның пайда болуы мен тоқтатылуы бойынша пайда болатын құқықтық қатынастар.......................................................................................16-20
Практикалық бөлім..........................................................................................21-24
Қорытынды.......................................................................................................25-26
Пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі................27
Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның, құрылтайшылардың , заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органның шешімі бойынша не сот шешімі бойынша жүргізіледі.
Бұл орайда заңды тұлға – жинақтаушы зейнетақы мен қамсыздандыру туралы заңдарда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаны қосқан кезде екі немесе одан да көп заңды тұлғалар
қосылып, нәтижесінде бір заңды тұлға құралады. Заңды тұлғаларды бөлу кезінде өмір сүруін тоқтатқан заңды тұлғалардың орнында жаңа ұйымдар - азаматтық құқық қатысушылары пайда болады. Ұйымдарды біріктіру кезінде бір заңды тұлға екіншісіне кірісіп кетеді, бұл жағдайда соңғысы өзіне қосылғанның мүлкін, құқықтары мен міндеттерін қабылдап алады. Бөліп шығару кезінде өз құрамынан жаңадан ұйым бөлініп шыққан заңды тұлға сақталып қалып, бөлініп шыққан ұйым негізінде жаңа заңды тұлға құрылады. Өзгерту кезінде бұрынғы заңды тұлғаның орнында мақсаттары да , міндеттері де басқа жаңа заңды тұлға құрылады.
Заңды тұлғаларды қайта құрған кезде, яғни қосқан кезде олардың әрқайсының құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға; біріктірген кезде біріктірілген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына; бөлген кездегі заңды тұлғанының құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ; заңды тұлға құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері олардың әрқайсысына; өзгерткен кезде қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Заңды тұлғаны қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ықтиярсыз қайта құру сот шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғанының басқарушысын тағайындайды және оған заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік өзіне ауысқан тағайындалған басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Бұл құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады.
Заңды тұлғаны қызметінің
тоқтатылуының өкімдік, мәжбүрлі, ерікті
нысандары болады, тиісті құзыретті
мемлекеттік органдардың өкімім
Заңды тұлғалардың мүжбүрлі нысанында тоқтатылуы соттың шешімімен жүзеге асады. Мысалы, несие берушілер тарапынан өзіне қойылған талаптарды, сондай-ақ мемлекеттің құзыретті органның шешімімен бюджеттің алдындағы міндеттерін орындауға шамасы жетпеген жағдайда, яғни ұдайы төлем қаржыларының жетіспеуінен банкроттыққа ұшырағанда тоқтатылады. Мәселен, құрылған мақсатының заңсыз ауытқи беруіне байланысты ұйымның қызметі тоқтатылады.
Заңды тұлғаның ерікті нысаны бойынша тоқтатылуы ұйымның, кәсіпорынның мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асады. Өздерінің заңдық табиғатымен, ерекше сипатымен айқындалатын шаруашылық серіктестіктерін тарату не қайта құрудың өзіндік белгілі бір ерекшелігі болады.
Толық серіктестік заңда көрсетілген негіздерден басқа мынадай жағдайларда таратылады:
1) серіктестікте жалғыз
қатысушы қалып, ол алты ай
ішінде серіктестікті қайта
2) серіктестіктің - заңды
тұлғаның қатысушысы немесе
3) қатысушылардың бірінің
- азаматтың әрекет
4) несие берушінің
қатысушылардың біріне
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылардың бір ауыздан қабылдаған шешімі бойынша ерікті түрде қайта құрылып немесе таратылуы мүмкін. Ал акционерлік қоғам акционерлер жиналысының шешімімен ерікті түрде қайта құрылуы немесе таратылуы ықтимал.
Кәсіпорынды тарату және қайта құру мұндай кәсіпорынды құруға өкілеттігі бар органның немесе олардың мүлкінің иелерінің не болмаса сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Кәсіпорын ол банкрот
деп табылған жағдайда немесе заңда
белгіленген шарттарды
Мемлекеттік заңды тұлғалар да өз қызметін осындай жолмен тоқтатады.
Кәсіпорындарды тарату меншік иесі немесе өкілетті орган құрған, ал банкроттық жағдайында сот құрған тарату комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Таратылудың тәртібі және мерзімі белгіленіп, таратылу жарияланған сәттен бастап , екі айдан аспайтын уақытқа несие берушілердің шағымдары үшін мерзім белгіленеді.
Тарату комиссиясы немесе кәсіпорынды тарататын басқа орган ресми баспа сөзде кәсіпорынның орналасқан жері бойынша оның таратылуы және несие берушілердің шағымдарының тәртібі мен мерзімі жөнінде екі айдан кешіктірмей хабар береді. Таратылған кәсіпорынның қолда бар мүлкін бағалап, несие берушілермен есептеседі, тарату балансын жасап, тарату комиссиясы тағайындаған меншік иесіне немесе органға береді.
Заңды тұлға мұнан кейін өз қызметін толық тоқтатады. Талап-тілектерді қанағаттандырудан кейін қалған барлық мүлік тарату жөніндегі өкімде көрсетілген жоғары тұрған немесе басқа ұйымға беріледі.
Практикалық бөлім
Есеп №1.
Азамат Садыхов Дастан Сапарғалиұлының негізгі қызметі – құрылыс қызметі болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашқысы келді. Оны құрудың тәртібі мен жолдарын білмегендіктен осы мәселе бойынша кеңес алуға заңгерге келіп оған төмендегідей сұрақтарды қояды:
Жауаптары:
органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Мемлекеттік тіркеу деректері , соның ішінде коммерциялық ұйымдар үшін фирмалық атауы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистіріне енгізіледі. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады.
Бірінші, ашылғалы жатқан ЖШС-тің атын ойлап табу керек. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі.
2) Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы арыз; Жарғы; Мемлекеттік баж төленгендігі туралы түбіртек; Жалғыз қатысушының заңды тұлғаны құру туралы шешімі.
немесе егер заңды тұлғаны бір тұлға құрған болса, жарғысы және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресімделген шешімі негізінде жүзеге асырады.
4) Серіктестіктің қызметін қамтамасыз ету үшін қатысушылардың салымы есебінен жарғылық капитал құрылу тиіс . Серіктестіктің мүлкі бастапқы кезде жарғылық капиталдағы қатысушының үлесінен құрылады. Мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын оның есеп-шотында жарғылық капиталдың кем дегенде 25% төленуі тиіс, бірақ бұл соманың көлемі жарғылық капиталдан да төмен болмауы тиіс.
Қатысушы салымының құрамына құрылыстар, ғимараттар, жабдықтар, жер, су, басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға құқығы , сондай-ақ интеллектуалдық меншік құқығын қоса алғанда серіктестік қатысушыларының өзге де мүліктік құқықтары.
Құрылтайшыға тән тағы да бір өкілеттілік: ол Серіктестік атынан әрекет етуге сенімхат береді, соның ішінде , қайта сенумен береді.
Есеп 2.
«Қазына» пәтер меншік иелерінің кооперативінің төрағасы Сабыров Азамат өз иелігіндегі пәтер иелерінің ай сайынғы төлемақыны төлемегендіктен сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Олар тиісті құжаттарды жинап, яғни талапарыз бен мемлекеттік баж төленгендігі туралы түбіртек, Әділет басқармасынан анықтаманы сот кеңсесіне тапсырды. Үш күннен соң жоғарыдағы құжаттар қайтып, келді. Соттың анықтамасында азаматтық істі қозғамау себептері болып, құжаттардың толық тапсырылмағандығы көрсетілген.
Сұрақ: 1.Пәтер меншік иелерінің кооперативі қай кезден заңды тұлға болып саналады?
2. Пәтер меншік иелерінің кооперативінің негізгі қызметі болып не табылады?
3. Кооператив төрағасы тағы қандай құжаттар тапсыру керек еді?
Жауап:
1. Пәтер меншік иелерінің кооперативі ҚР Азаматтық Кодексінің 42 бабына сәйкес, мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға болып табылады.
2. Пәтер меншік иелерінің кооперативінің негізгі қызметі болып ПИК мүшелерін комуналдық және басқа да қызметтермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, коммуналдық және басқа да қызметтер мен ұйымдардың қызметтерін тұтынушылар ретінде олардың мүдделерін көрсету және қорғау.
3. Кооператив төрағасы талапарызбен қоса нотариуспен куәландырылған Жарғының, мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәліктің, статистикалық картаның, жалпы жиналыстың хаттамаларының көшірмелерін тапсыру керек еді.
Есеп 3.
Дәрменсіздігіне байланысты таратылған «Куаныш» Жауапкершілігі шектеулі сетіктестіктің несие берушілері сотқа барды. Несие берушілер соттан бірінші кезекте өздерінің талаптарын қанағаттандыруын сұрады. Жауапкердің өкілі қайылған талаптарға келескен жоқ.
Сұрақ:
1. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру кезегін көрсетіңіз.
Жауап:
ҚР-ның 51 бабына сәйкес Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру кезегі төмендегідей:
Қорытынды