Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:05, реферат
Заңды тұлға мен құқықтың пайда болуына бірдей себептер негіз болды, яғни: қоғамның әлеуметтік жағдайының қиындауы, экономикалық қатынастардың дамуы және қоғамның ой-өрісінің өсуі. Қоғамның белгілі бір кезеңінде жеке құқықтың субъектісі, тек қана жеке тұлғалар болды. Кейінірек, экономикалық айналымның жақсы екпінмен дамуына байланысты, жеке тұлғалардан басқа субъектілердің қатысуы қажет болды. Осы курстық жұмыста заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері және оның азаматтық құқықтық қатынаста субъекті ретінде алатын орны туралы мәселелер қарастырылады.
Кіріспе
Құқықтық қатынастар мәселесі заң ғылымында әлі де бірталай орын алуда.
Алғашқы кезекте, шартқа қатысушылардың құқықтық қабілеттілігі бойынша туындайтын сұрақтар және де мекеме мен кәсіпорындардың, ұйымдардың құқықтық мәртебесі мемлекеттің құқықтық режим туралы түсінік құруға мүмкіндік берсе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының даму дәрежесі қоғамдағы экономикалық дамуды бағалауға мүмкіндік береді. Негізінде, тауар-ақша қатынастарының, мүліктік айналымның дамуына тек қана жеке тұлғалардың қатысуын ғана болжап қоймайды, оның дамуына зор үлес қосатын сол жеке тұлғалардың қатысуымен құрылған қандай да бір мақсаттардың орындалуын, соның ішінде коммерциялық қызметті көздейтін ұйымдардар.
Менің таңдаған тақырыбым сонысымен қызық. Тақырыптың өзектілігі даусыз. Осы курстық жұмысымның мақсаты - азаматтық құқықтық қатынастарының түсінігі мен сол құқықтық қатынастың субъектісі болып келетін заңды тұлғалар туралы ашып көрсету.
Заңды тұлға мен құқықтың пайда болуына бірдей себептер негіз болды, яғни: қоғамның әлеуметтік жағдайының қиындауы, экономикалық қатынастардың дамуы және қоғамның ой-өрісінің өсуі. Қоғамның белгілі бір кезеңінде жеке құқықтың субъектісі, тек қана жеке тұлғалар болды. Кейінірек, экономикалық айналымның жақсы екпінмен дамуына байланысты, жеке тұлғалардан басқа субъектілердің қатысуы қажет болды. Осы курстық жұмыста заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері және оның азаматтық құқықтық қатынаста субъекті ретінде алатын орны туралы мәселелер қарастырылады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І – тарау. Заңды тұлғалар.
1.1. Заңды тұлғалар азаматтық – құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде, заңды тұлға ұғымы мен белгілері........................................................4-9
1.2. Заңды тұлғалар түрлері.
ІІ – тарау. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі...............................................9-13
2.1. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі..............14-15
2.2. Заңды тұлғаның пайда болуы мен тоқтатылуы бойынша пайда болатын құқықтық қатынастар.......................................................................................16-20
Практикалық бөлім..........................................................................................21-24
Қорытынды.......................................................................................................25-26
Пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі................27
Жеке меншікке негізделген ұйымдар көбінесе шаруашылық серіктестік
және акционерлік қоғамдар нысанында әрекет етеді.
Шаруашылық серіктестіктерге тоқталатын болсақ олардың басқа
шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы болуы мүмкін екенін , олардың акциялар шығаруға құқығының жоқ екенін айтып өтуіміз керек.
Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салынатын салым –
ақша, бағалы қағаздар, заттар,
мүліктік құқық, санаткерлік қызмет
нәтижесі құқығы және басқа мүліктер
түрінде болады. Қандай түрде салынбасын
салым ақшалай нысанда
Шаруашылық серіктестіктер
толық серіктестік, сенім
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер түрінде әрекет етеді.
Акционерлік қоғамдар жайлы айтсақ олар өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғалар болып танылады. Осы орайда заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдардың құрылуы мүмкін екенін айтып кетуге болады. Акционерлік қоғамдар бүгінгі таңда дербес ұйымдық-құқықтық нысан болып саналады.
Акционерлік қоғам нысанындағы заңды тұлғалардың ішіндегі дауыс беруші акцияларының жиырма пайыздан астамы басқа заңды тұлғаға тиесілі қоғам – тәуелді акционерлік қоғам деп танылады.
Коммерциялық ұйым ретіндегі мемлекеттік кәсіпорынның ерекшелігі оның мүлкінің бөлінбейтіндігінен және уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылып, таратылып, қайта ұйымдастырылатындығынан осы уәкілетті орган тағайындайтын және оған есеп беретін басшысы – оның органы болып табылатындығынан көрінеді.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарды қамтитын коммерциялық ұйым – қазыналық кәсіпорындарды , яғни жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорындарды да өз қатарына жатқызады.
2) Мемлекеттік меншікке
негізделген заңды тұлғалар болып
қызметінің негізгі мақсаты
Мекеме дегеніміз – басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және меншік иесі қаржыландыратын ұйым.
Мекеменің заттық құқығы ретінде жедел оралымды басқару құқығы танылады.
Қоғамдық бірлестіктер болып қандай да бір мақсат көздеп құрылған ұйымдар танылады. Қоғамдық бірлестіктер ретінде саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келетін өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған әртүрлі бірлестіктер танылады. Мұндай бірлестіктер қатысушыларының , яғни мүшелерінің осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке мүшелік жарналарға құқытары болмайды және де олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің бойынша жауап бермейді.
Қоғамдық қор ретінде әлеуметтік , қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ азаматтар, заңды тұлғалар, ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған коммерциялық емес ұйым танылады. Мұндай қорға құрылтайшылары берген мүлік оның меншігі болып табылады. Қоғамдық қордың мүлкіне қор құрылтайшыларының мүліктік құқықтары болмайды. Қоғамдық қордың қаржы көзі болып – құрылтайшылардың ақшасы , басқа да мүлкі, демеушілік ерікті түрдегі жиналған жылулар және өзге де заңды түсімдер танылады.
Қоғамдық қор заңды тұлғаға жатады. Азаматтық айналымда қоғамдық қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және банктік шоты болады.
Тұтыну кооперативтері болып қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестіктері танылады. Тұтыну кооперативінің мүшелері жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай мерзім ішінде жабуға міндетті. Олай болмаған жағдайда кооператив несие берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін.
Діни бірлестік болып рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде біріккен азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі танылады. Діни бірлестіктердің өз қаражаты есебінен сатып алған немесе өздері құрған азаматтар, ұйымдар жылу ретінде берген не болмаса мемлекет берген мүлікке меншік құқығы болады. Ал діни берлестік мүшелерінің өздері берген мүлікке , соның ішінде жарналарға құқықтары болмайды. Осы секілді олар діни бірлестіктердің, ал діни бірлестіктер олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Жалпы алғанда, жеке меншікке, сондай-ақ мемлекеттік менщікке негізделген заңды тұлғалар қауымдастық нысанындағы бірлестіктер құра алады.
Қауымдастық мүшелері өз дербестігін және заңды тұлға құқықтарын сақтап қалады. Қауымдастық коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.
Заңды тұлға органынан сенімхат негізінде әрекет жасайтын оның өкілдерін ажырата білу керек . Тек заңды тұлғаның қызметкері ғана емес, сондай-ақ кез келген адам да өкіл бола алады.
Заңды тұлғалардың азаматтық құқықтың субъектілері болып табылмайтын филиалдары мен өкілдіктері болуы мүмкін.
Филиалдар дегеніміз – заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін орындайтын, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асыратын оқшау бөлімшесі.
Өкілдіктер дегеніміз – заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүддесін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер мен өзге де құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі.
ІІ – тарау. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі.
2. 1. Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттілігі.
Заңды тұлғаның құқықтық субъектілігі – оның құқық қабілеттілігі бейнеленетін азаматтық құқық қатынастарында субъект ретінде әрекет жасау қабілеттілігі. Әрбір заңды тұлға белгілі бір әрекет үшін құрылады және осыған байланысты осы қызметтің белгіленген мақсаттарына сәйкес азаматтық құқық қабілеттілігіне ие болады.
Заңды тұлғаның жалпы немесе арнаулы құқық қабілеттілігі болуы мүмкін. Жалпы құқық қабілеттілігі бар заңды тұлғалар кез-келген қызметпен айналыса алады. Ал арнаулы құқық қабілеттілігі бар заңды тұлғалар (мысалы, қазыналық кәсіпорындар) жарғыда көзделген қызмет мақсатына сай келетін белгілі бір қызмет түрімен ғана айналыса алады. Заңды тұлғалардың басым көпшілігі жекелеген қызмет түрлерімен тек сол қызметпен айналысуға рұқсат алып қана - лицензия негізінде айналыса алады. Арнаулы құқық қабілеттілігіне қатысты айтсақ, мысалы, жарғысына сәйкес, мал шаруашылығымен немесе ауыл шаруашылығының басқа да саласымен айналысуға тиіс заңды тұлғаның өз аумағында табылған көмірді өндіруге құқығы жоқ. Мұндай көмірді сатуға байланысты шарттар жасауға, олардан табыс табуға өз мақсаттарына қайшы келгендіктен шаруа қожалығының құқығы болмайды.
Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. Заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес өздеріне берілген өкілеттіліктер шеңберінде әрекет жасайтын заңды тұлғаның органдары арқылы жүзеге асырылады.
Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары
арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып,
өзiне мiндеттер қабылдайды. Заңды тұлғаның
органы – бұл заңмен, жарғымен немесе
құрылтай құжаттарымен көзделген лауазымды
тұлғалар: директор, президент, бастық,
меңгеруші, төраға немесе ұйым қатарында
солармен бірге әрекет еретін лауазымды
тұлғалардың алқалары заңды тұлғаның
еркін білдіріп, жүзеге асырады. Заңды
тұлғалардың жекелеген түрлеріне қатысты
органдардың құралы мен олардың құзыреті
айқындалады. Мысалы, толық серіктестіктің
жоғарғы органы қатысушылардың жалпы
жиналысы екендігі белгіленген. Толық
серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі
шешім барлық қатысушылардың жалпы
келісімі бойынша қабылданады, сенім
серіктестігінің ісін басқаруды толық
серіктестіктер жүзеге асырады, акционерлік
қоғамның жоғарғы органы оның акционерлерінің
жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлік
қоғамның атқарушы органы алқалық
(басқарма) немесе жеке-дара (директор,
бас директор, президент) болуы мүмкін.
Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті
басшылықты жүзеге асырады және директорлар
кеңесі мен акционерлердің жалпы
жиналысына есеп береді. Қоғамның басқа
да органдарының заңдармен немесе құрылтай
құжаттарымен белгіленген ерекше құзыретіне
кірмейтін барлық мәселелерді шешу акционерлік
қоғамның атқарушы органының айрықша
құзыретіне жатады. Өндірістік кооперативті
басқарудың жоғары органы оның мүшелерінің
жалпы жиналысы болып табылады.
2.2. Заңды тұлғалардың пайда болуы мен
тоқтатылуы бойынша пайда болатын құқықтық
қатынастар.
Заңды тұлғаны құру, қайта құру және тарату тәртібі заңнамаларда, сондай-ақ заңды тұлғалардың жекелеген түрлеріне және олардың құрылуы мен таратылуына байланысты заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Ондай заңдарға мысалы: «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «Лицензиялау туралы», «Банкроттық туралы» және басқа да көптеген заңдар жатады.
Заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін және құрылтайшылар мүлікті меншіктенушілер не олар уәкілдік берген органдар, өзге де заңды тұлғалар болуы мүмкін. Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. Яғни, ұйым мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана заңды тұлға құқығына ие. Осылайша заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып , оны тарату аяқталғаннан кезде тоқтатылады. Ал лицензия алып қана қызмет атқаратын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі лицензия алған кезден пайда болады. Коммерциялық заңды тұлға тіркелген соң заңды тұлғаның атауы оның фирмалық атауы болып табылып, ол заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Заңды тұлғалар мынадай үш түрлі жолмен : өкімдік, рұқсат ету және өз еркімен нормалану жолымен пайда болады.
Өкімдік жолмен, яғни мемлекеттік билік немесе басқару органдарының (Үкімет, министрліктер, облыстық әкімшіліктер) өкімдік актілері негізінде мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар құрылады.
Негізінен республикамызда көптеген кәсіпорын, мекеме, ұйымдар Үкімет қаулысына сәйкес құрылып жатады.
Рұқсат ету жолымен заңды тұлғалар құрылтайшылардың өздерінің бастамасымен – мемлекеттік , қоғамдық ұйымдардың немесе азаматтардың бастамасымен, бірақ уәкілетті мемлекеттік органның рұқсат беруі арқылы құрылады. Қоғамдық және кооперативтік ұйымдар осылайша құрылады. Рұқсат ету әдісі арқылы қандай да бір қоғамдық ұйымды заңды тұлға деп танудың мақсатқа сәйкестігін тиісті бақылау қамтамасыз етіледі.
Заңды тұлғаны өз еркімен нормалау тәсілімен құру үшін өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі де, рұқсаты да талап етілмейді. Заңды тұлғаны мұндай тәсілмен құру үшін мынадай екі шарт қажет: 1) заңды тұлғаның құрылу тәртібі заңда алдын ала көзделген болуы қажет; 2) азаматтардың осындай қоғамдық ұйымның қызметі туралы нормативтік актілердің барлық талаптарына жауап беретін ұйымға бірігуі туралы жалпы жиналыстың шешімі жеткілікті.
Егер заңды тұлғаның
құқық қабілеттілігі ол құрылған
кезде пайда болса, заңды тұлғаны
тарату аяқталған кезде тоқтатылады.
Осы сияқты бірқатар заңды тұлғаның
құқық қабілеттілігі лицензияла
Заңды тұлғаны қайта оны: