Бөлім Сот үкімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 11:56, курсовая работа

Описание работы

Қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:
1) азаматтардың арыздары;
2) кiнәсiн мойындап келу;
3) мемлекеттiк органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару
функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................3-6
І.Бөлім Қылмыстық әрекеттер
1.1. Тану...............................................................................................7-8
1.2. Тінту және алу............................................................................9-12
ІІ.Бөлім Сот үкімі
2.1. Сот сараптамасы..........................................................................13-23
2.2. Үлгілер алу................................................................................23-26
Қорытынды........................................................................................27-29
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................30

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық құқық -курстық жұмыс.docx

— 44.58 Кб (Скачать)

Егер  сот-медициналық немесе сот-психиатриялық  сараптама тағайындалған немесе жүргiзiлген кезде стационарлық байқау қажеттiгi туындаса, сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi, куә медициналық мекемеге орналастырылуы мүмкiн, бұл туралы сараптама  тағайындау туралы қаулыда көрсетiледi. Жәбiрленушi, куә медициналық мекемеге осы Кодекстiң 241-бабында көзделген реттерден басқа жағдайларда тек олардың жазбаша келiсiмiмен ғана орналастырылуы мүмкiн.

Сот-медициналық  және сот-психиатриялық сараптама  жүргiзу үшiн күзетпен ұсталмайтын  сезiктiнi немесе айыпталушыны, сондай-ақ жәбiрленушi мен куәнi медициналық  мекемеге жiберу осы Кодекстiң 14-бабының  екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

Стационарлық  сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн сезiктiнi медициналық мекемеге орналастыру кезiнде оған айып тағылуға тиiстi мерзiм сезiктiнiң психикалық хал-ахуалы туралы сарапшылар комиссиясының  қорытындысы алынғанға дейiн үзiледi.

248-бап. Сараптама объектiлерi

Заттай  дәлелдер, құжаттар, адамның денесi мен психикалық ахуалы, мәйiттер, жануарлар, сараптамалық үлгiлер, сондай-ақ қылмыстық iс материалдарындағы сараптама  нысанасына жататын мәлiметтер сараптама  объектiлерi болып табылады.

Сараптамалық  зерттеу объектiлерiнiң дәлдiгi мен  оларға жол берiлетiнiне сараптаманы  тағайындаған орган кепiлдiк бередi.

Сараптамалық  зерттеу объектiлерi, егер олардың  көлемi мен қасиеттерi мүмкiндiк берсе, сарапшыға буып-түйiлген және мөрмен бекiтiлген күйiнде берiледi. Басқа жағдайларда сараптаманы тағайындаған адам сарапшыны зерттеу объектiлерi орналасқан жерге жеткiзудi, оларға бөгетсiз қол жеткiзудi және зерттеу жүргiзу үшiн қажеттi шарттарды қамтамасыз етуге тиiс.

Сараптамалық  зерттеу объектiлерiн пайдалану  заттай дәлелдердi алудың, iске қоса тiгудiң, сақтау мен жоюдың осы Кодексте көзделген ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

249-бап. Жеке және комиссиялық  сараптама

Сараптаманы сарапшы жеке не сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады.

Комиссиялық сараптама күрделi сараптамалық зерттеулердi жүргiзу қажет болған жағдайларда  тағайындалады және оны бiр мамандықтағы бiрнеше сарапшы жүргiзедi.

Ақыл-есiнiң  дұрыстығы туралы мәселе бойынша  сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн кемiнде үш сарапшы тағайындалады.

Сараптама комиссиясының мүшелерi алынған  нәтижелердi бiрлесiп талдайды және ортақ пiкiрге келгенде қорытындыға  не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында келiспеушiлiк болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бiр бөлiгi жеке қорытынды бередi не пiкiрi комиссияның басқа мүшелерiнiң қорытындысымен сәйкес келмеген сарапшы пiкiрiн қорытындыда жеке тұжырымдайды.

Тергеушiнiң  комиссиялық сараптама жүргiзу туралы қаулысы сот сараптамасы органының  басшысы үшiн мiндеттi болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы ұсынылған материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға құқылы.

250-бап. Кешендi сараптама

Кешендi сараптама iс үшiн маңызы бар жағдайларды  анықтау үшiн әртүрлi бiлiм саласының  негiзiнде зерттеулер жүргiзу қажет  болған кезде тағайындалады және оны әртүрлi мамандықтағы сарапшылар өз құзыретiнiң шегiнде жүргiзедi.

Кешендi сараптаманың қорытындысында әрбiр  сарапшының қандай зерттеудi, қандай көлемде  жүргiзгенi және оның қандай қорытындыға  келгенi көрсетiлуге тиiс. Әрбiр сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлiгiне қол қояды.

Әрбiр  сарапшы жүргiзген зерттеулер нәтижелерiнiң  негiзiнде олар анықтау үшiн сараптама  тағайындалған мән-жай туралы ортақ  қорытынды (қорытындылар) тұжырымдайды. Ортақ қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелердi бағалауға құзыретi бар сарапшылар ғана тұжырымдап, қол қояды. Егер комиссияның немесе оның бiр бөлiгiнiң түпкiлiктi қорытындысына сарапшылардың бiрi (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактiлер негiз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетiлуге тиiс.

Сарапшылар  арасында келiспеушiлiк болған жағдайда зерттеулердiң нәтижелерi осы Кодекстiң 249-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес ресiмделедi. Сот сараптамасы органына тапсырылған  кешендi сараптама жүргiзудi ұйымдастыру  оның басшысына жүктеледi. Сот сараптамасы органының басшысы сол сияқты тергеушiнiң қаулысына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешендi сараптама жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға құқылы.

251-бап.  Сарапшы қорытындысының мазмұны

Қажеттi зерттеулер жүргiзiлгеннен кейiн  оның нәтижелерiн есепке ала отырып, сарапшы (сарапшылар) өз атынан жазбаша  қорытынды жасап, оны өз қолын  қоюы және жеке мөрi арқылы растап, сараптама  тағайындаған органға жiбередi. Сараптаманы  сот сараптамасы органы жүргiзген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрiмен расталады.

Сарапшының  қорытындысында мыналар көрсетiлуге тиiс: қашан, қай жерде, кiм (тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, мамандығы, мамандығы  бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, лауазымы), қандай негiзде  сараптама жүргiзiлдi, көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық  жауаптылығы туралы өзiне ескертiлгенi туралы сарапшының қол қоюымен куәландырылған белгi; сарапшының алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргiзу кезiнде кiм  қатысты және қандай түсiнiктемелер бердi; сарапшы қылмыстық iстiң қандай материалдарын пайдаланды; қандай объектiлер  зерттелдi; қандай зерттеулер жүргiзiлдi, қандай әдiстер қолданылды және олардың  сенiмдiлiк шамасы қандай; қойылған сұрақтарға негiздi жауаптар. Егер сараптама жүргiзу кезiнде сарапшы iс үшiн маңызы бар, олар туралы сұрақ қойылмаған мән-жайларды анықтаса, ол бұларды өз қорытындысында көрсетуге құқылы.

Егер  зерттеу барысында осы Кодекстiң 252-бабында көрсетiлген мән-жайлар анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың  барлығына немесе олардың кейбiреуiне жауап берудiң мүмкiн болмауының негiздемесi қамтылуға тиiс.

Қорытындыға зерттеуден кейiн қалған объектiлер, оның iшiнде үлгiлер, сондай-ақ фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын растайтын басқа да материалдар қоса тiркелуге тиiс. Қорытындының қосымшасына сарапшы (сарапшылар) қол қояды. 
252-бап. Қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлама

Егер  сарапшының зерттеу жүргiзгенге дейiн  оның алдына қойылған мәселелер өзiнiң  арнайы білiмдерiнiң аясынан тыс  екенiне не оған ұсынылған материалдар  қорытынды беру үшiн жарамсыз немесе жеткiлiксiз екенiне және орындалуы  мүмкiн емес екенiне, не ғылым мен  сараптама тәжiрибесiнiң жайы қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкiндiк  бермейтiнiне көзi жетсе, ол қорытынды  берудiң мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi хабарлама жазып, оны сараптама  тағайындаған органға немесе адамға жiбередi.

253-бап.  Сарапшыдан жауап алу

Егер  сарапшының қорытындысы жеткiлiктi түрде  айқын болмаса, қосымша зерттеулер жүргiзу талап етiлмейтiндей олқылықтары  болса, немесе сарапшы қолданған  әдiстер мен терминдердi нақтылау қажет  болса, тергеушi сарапшыдан аталған  мән-жайлар бойынша жауап алуға  құқылы. Сарапшының өзiнiң жауаптарын өз қолымен жазуына болады. Сарапшыдан жауап алу хаттамасы осы Кодекстiң 203-бабында жазылған ережелердi сақтай отырып жасалады.

Сарапшы қорытынды бергенге дейiн одан жауап  алуға жол берiлмейдi. 
254-бап. Сезiктiге, айыпталушыға, жәбiрленушiге және куәға сарапшы қорытындыларын көрсету

Сарапшының  қорытындысы немесе оның қорытынды  беру мүмкiн емес екендiгi туралы хабарламасы, сондай-ақ сарапшыдан жауап алу хаттамасы  алдын ала тергеу аяқталғанға  дейiн сараптама жасалған сезiктiге, айыпталушыға, жәбiрленушiге, сондай-ақ куәға көрсетiледi, ол өз түсiнiктемелерiн  беруге және сараптама қорытындылары  бойынша қарсылықтарын мәлiмдеуге құқылы. Мұндай өтiнiштi қанағаттандырған немесе оны қабылдамаған жағдайда тергеушi тиiстi қаулы шығарады, оны өтiнiш бiлдiрген адамнан қолхат алып хабарлайды.

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарды  сарапшының қорытындысымен және одан жауап алудың хаттамасымен таныстыру  туралы хаттама жасалады, онда жасалған мәлiмдемелер немесе қарсылық бiлдiрулер  көрсетiледi.

Осы баптың ережелерi адамды айыпталушы ретiнде  тартқанға не ол сезiктi немесе жәбiрленушi деп танылғанға дейiн сараптама  жүргiзiлген жағдайларда да қолданылады.

255-бап.  Қосымша және қайталама сараптама

Қосымша сараптама қорытынды толық немесе жеткiлiктi түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мәселелердi шешу қажет болған жағдайда тағайындалады.

Қосымша сараптаманы жүргiзу сол сарапшының өзiне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкiн.

Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы  жеткiлiктi түрде негiздi болмағанда не оның дұрыстығы күмәндi болған не сараптаманы тағайындау мен жүргiзудің iс жүргiзу нормалары елеулi түрде  бұзылған жағдайларда дәл сол  объектiлердi зерттеу және дәл сол  мәселелердi шешу үшiн тағайындалады.

Қайталама сараптама тағайындау туралы қаулыда  алдыңғы сараптаманың нәтижелерiмен  келiспеудiң дәлелдерi келтiруге тиiс.

Қайталама сараптама жүргiзу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы  жүргiзген сарапшылар қайталама сарапшылар жүргiзген кезде қатысып, комиссияға түсiнiктемелер бере алады, бiрақ олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды  жасауға қатыспайды.

Қосымша және қайталама сараптама тапсырылған  кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы  сараптамалардың қорытындылары  ұсынылуға тиiс.

 Қосымша  және қайталама сараптамалар  осы Кодекстiң 240, 242-252-баптарының  ережелерi сақтала отырып тағайындалады  және жүргiзiледi. 

2.2. Үлгілер алу

256-бап.  Үлгiлер алудың негiздерi

Тергеушi көзi тiрi адамның, мәйiттiң, жануардың, бұйымның, заттың қасиеттерiн бейнелейтiн үлгiлерiн  зерттеудiң iс үшiн маңызы болғанда оларды алуға құқылы.

Үлгi ретiнде, атап айтқанда:

1) қан,  ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененiң сыртқы бетiнiң микроскопиялық  қорытындылары;

2) сiлекей,  тер және басқа бөлiнiп шығатындар;

3) терi  бедерiнiң iзi, тiстiң қалыбы;

4) қолжазба  мәтiн, бұйымдар, адамның дағдысын  бейнелейтiн басқа материалдар;

5) дауыс  фонограммасы;

6) материалдардың, заттардың, шикiзаттың, дайын өнiмнiң  сынамалары;

7) гильзалардың, оқтардың қару мен тетiк iздерiнiң  үлгiлерi 
алынады.

Үлгiлер  алу туралы дәлелдi қаулы шығарылады, онда: үлгiлердi алатын адам; үлгiлер алынатын адам (ұйым); нақты қандай үлгiлер қандай мөлшерде алынуға тиiс екенi; үлгiлердi алу үшiн адамның қашан және кiмге келуi керек екенi; үлгiлер алынғаннан кейiн қашан және кiмге ұсынылуға тиiс екенi көрсетiлуге тиiс.

257-бап.  Үлгiлер алуға құқығы бар адамдар  мен органдар

Егер iс-әрекет үлгiлер алынуға тиiстi жынысы басқа  адамды шешiндiрумен байланысты болмаса  және ерекше кәсiптiк дағдыны талап  етпесе, тергеушi жеке өзi, ал қажет болғанда дәрiгердiң, өзге маманның қатысуымен үлгiлер  алуға құқылы. Өзге жағдайларда үлгiлердi тергеушiнiң тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе маман алуы мүмкiн.

Үлгiлердi алу сараптамалық зерттеудiң бiр  бөлiгi болып табылған жағдайда оны  сарапшы алуы мүмкiн.

258-бап. Үлгiлер алуға болатын  адамдар

Үлгiлер  сезiктiден, айыпталушыдан, жәбiрленушiден, сондай-ақ медициналық сипаттағы  мәжбүрлеу шараларын қолдану  жөнiнде iс жүргiзiлiп отырған адамнан  алынуы мүмкiн.

Оқиға болған жердегi немесе заттай дәлелдердегi iздердi өзге адамның қалдыруы мүмкiн екенi туралы жеткiлiктi деректер болған кезде  үлгiлерi сол адамнан, бiрақ аталған iздер қалдырылуы мүмкiн жағдайлар  туралы одан куә (жәбiрленушi) ретiнде  жауап алынғаннан кейiн ғана алынуы мүмкiн. 
259-бап. Тергеушiнiң үлгiлер алуының тәртiбi

Тергеушi адамды өзiне шақыртып немесе ол тұрған жерге келiп, оны үлгiлер алу  туралы қаулымен қолхат ала отырып таныстырады, оған және аталған тергеу iс-әрекетiне қатысушы өзге адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi.

Тергеушi қажеттi iс-әрекеттi жеке өзi немесе маманның қатысуымен жүргiзедi, үлгiлер алады, оларды буып-түйiп, мөрмен бекiтедi.

Тиiстi жағдайларда  үлгiлердi сұрыптап алуды, тiнтудi, эксгумацияны жүргiзу арқылы немесе оларды жүргiзумен  бiр мезгiлде жүзеге асырылады. 
260-бап. Дәрiгердiң немесе басқа маманның үлгiлер алуы

Тергеушi үлгi алынуға тиiстi адамды, сондай-ақ тиiстi тапсырмасы бар қаулыны дәрiгерге  немесе басқа маманға жiбередi. Қаулыда аталған тергеу iс-әрекетiнiң барлық қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуге тиiс. Дәрiгерге, басқа маманға апару туралы мәселенi қаулы шығарған тергеушi шешедi.

Дәрiгер  немесе басқа маман тергеушiнiң  тапсырмасы бойынша қажеттi iс-әрекет жасайды және үлгiлердi алады. Үлгiлер буып-түйiледi және олар мөрмен бекiтiледi, осыдан кейiн дәрiгер немесе басқа маман жазған ресми құжатпен бiрге тергеушiге жiберiледi.

261-бап. Сарапшының үлгiлердi алуы

Сарапшы зерттеу процесiнде эксперименттiк  үлгiлер жасауы мүмкiн, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды.

Тергеушi мұндай үлгiлердi әзiрлеу кезiнде қатысуға құқылы, бұл өзi жасайтын хаттамада  көрсетiледi.

Зерттеу жүргiзгеннен кейiн сарапшы үлгiлердi буып-түйiлген және мөрмен бекiтiлген күйiнде  өзiнiң қорытындысына қоса тiгедi.

Информация о работе Бөлім Сот үкімі