Қазіргі заман саилау жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:07, курсовая работа

Описание работы

Сайлау – қазіргі саясаттың басты құрамдас бөлігі . Ол билік және басқару органдарының азаматтарының белгілі ережелерге сай (сайлау жүйесіне сай ) саяси еркіндіктерінің көрсеттілуі арқылы жасалуын тәсілін айқындайды . сайлаудың нәтижесінде сайланған кандидаттар билікпен бөліседі. Сайлау әртүрлі демократиялық ұйымдарда қолданылады:партиялар, кооперативтер, акционерлік қоғамдарда және т.б. Біз көтеріп отырған мәселе мемлекет көлемінде, барлық саяси жүйедегі сайлау жөнінде.

Содержание

Кіріспе бөлім............................................................................................... 2
І. Сайлау, сайлау жүйесі және оның түрлері

1.1. Сайлау түсінігі мен сайлау жүйесінің мазмұны........................... 3
1.2. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына сипаттама.. 8
II. Негізгі бөлім. Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы және оның бүгінгі мәселелері
2.1. Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы..................................... 14
2.2. Қазақстанның сайлау жүйесінің бүгінгі мәселелері............................. 19


2.3. Сайлау ашықта әділ өткізілді................................................................. 23
Қорытынды бөлім.......................................................................................... 27
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................. 28

Работа содержит 1 файл

сайлау.doc

— 141.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы сайлау жүйесі дамуының төртінші кезені 1998 жылдың кезінде болатың. Сайлау институтының құқықтық – саяси механизімінің  жаңаруына Қазақстан Республикасының Пезиденті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылы 30 қыркүйекте парламент палаталарының ортақ отырысында жария етілген «Ендігі жағдай,ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы, экономикалық және саяси реформалар » тақырыбындағы жолдауы әсер етті. Мемлекет басшысы демократияландыру мен саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынды. Мұнда ол сайлау мен сайлау процесі мәселеріне ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысының бұл жолдауы өкіметтін заң  шығарушы және атқарушы органдардың  сайлау процесінің заңмен белгіленген қағидаларын өзгертуге бағытталған әрекетеріне өзіндік бір басшылық болды. 1998 жылдың 7 қазанында өткен Қазақстан Республикасының парламентінің мәжілісі мен Сенатының ортақ отырысында «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар туралы » Қазақстан Республикасының заңын қабылдау оның жолындағы алғашқы қадам болды.

Осы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының конституциясына 19 түзету енгізілді. Олардың жетуші қандай да өкімет органдары мен олардың  лауазымды арналға. Ең алдымен өзгертулер Пезиденттік билік институттарына қатысты болды. Бұл түзетулер елдің Ата заңына қоғам мен мемлекет істерін баскару жөніндегі Пезидент билігінің позициясы мен мүмкіндігін ныгайту мақсатында енгізілді. Бұл жерде негізінен, мемлекеттік билікке біршама тегеуріндік, мызгымастық және тұтақтылық беру және саяси бағытының сабақтастығын қамтамасыз ету талпынысы байқалады. Осыған байланысты мемлекет басшысының өз өкіметтігінің орындалу мерзімі ұзартылды.

Жалпы, Қазақстан  Республикасы сайлау жүйесінің негізгі пинцептері мен жұмыс істеу механизімінің демократиялық сайлау институтының жалпы қабылданған әлемдік стандарттары мен кейбір сәйкесіздіктеріне қарамастан жағымды жақтары баршылық.

Қазақстан КСРО құрамында болған кездегі партиялық  – кенестік саяси жүйедегі жалған сайлауларға қарағанда, Қазақстан Республикасындағы сайлауларда бәсекелестік пен баламалыққа негізделген демократиялдық ілгерілеушілік байқалады. Қазіргі сайлау жүйесінде саяси – құқықтық механизімдер жетілдіруде. Енді жергілікті әкімдерді сайлап қою қолға алынуда. Бұл дегеніміз, елді мекендерде жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіне өтудің басы. Сайлау жүйесі процесіне қатысушыларға заң жүзінде әралуан техналогияларын пайдалануға рұқсат етеді. Сонымен бірге, республиканың сайлау жүйесін демократияландыруда, кедергілерді азайтуда сайлау технологияларын қолданудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қазақстанның  сайлау жүйесінің бүгінгі мәселелері.

Азаматтық қоғамды  демократияландыру талабының бірі – елдегі сайлау жүйесін жетілдіру  мәселесі болары анық. Қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы » Қазақстан республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі осы талаптарға жауап беруден туындайды.

Алайда, сонгы  жылдары Қазақстан Республикасының  сайлау заңының әлеуеті сарқылғаны туралы қоғам тарапынан көптеген пікірлер айтылуда. Осыған байланысты халқаралық ұйымдар, соның ішінде Еуропадағы қауыпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері және Еуропарламент депутаттарының, бұқаралық ақпараттар құралдарының қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілді. Бұл мәселеге арналған «дөңгелек үстелдер », жұмысшы топтардың кездесулері мен отырыстарының сонынан жаныласың. Республикамыздың сайлау туралы заңына бір жақты баға беру өте қиын.

Жаңа заң  бойынша сайлау комиссияларын жасақтау мәслихаттардың қолына берілді. Комиссияның жеті мүшесіне бүгінгі күні Қазақстанда тіркеуден өткен партия өз өкілдерін ұсынады. Егер өкілдердің саны комиссия мүшелерінің санына артық болса, мәслихат депутатары дауыс беріп, ең аз дауыс алған партияның өкілдері сайлау комиссиясына кірмей қалады. Бұл мәселені жеребе тастау арқылы шешсе дұрысырақ болар еді. Себебі, мәслихаттардың басым көшілігі билікті қолдайтын партиялардың өкілдерінен тұратынын ескерсек, басқалардың өкілдері өтпей қалуы ешкімді де таңдандырмайды. Дегенмен, сайлау комиссияларының түрлі саяси партиялардың өкілдерінен құрылуы - әділ сайлауға жасалған нақты бір қадам екені сөзсіз.

Біздің қолымыз  жеткен үлкен женістердің бірі –  сайлауды бақылаушылардың, сенімді  өкілдер мен Бұқаралық Ақпарат Құралдары өкілдерінің құқықтарың біршама кенейтілді. Демократиялық сайлау жүйесінің басты шарты – қоғам тарапынан сайлауға қойылатын бақылауға барынша мүмкіндік беру және сол арқылы сайлаудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Тағы бір өзгеріс ол 4 – баптың 4 – тармағы бойынша соңғы бір жылдың ішінде тәртіпбұзғандық жазаға тартылған, әкімшілік жолымен сотталған және сотталғандығы жойылмаған жандар депутатыққа түсе алмайтын. Жаңа заңда осы үш тармақтың алдынғы екеуі алынып тасталды. Алайда, сотталғандығы жойылмаған жандар деген тосқоуыл сол қолпында қолды. Шынымен айтқанда бұл Конституцияның бабына қайшы келеді.

Бұрынғы сайлауларда  кейбір сайлау учаскілерінің төрағалары жазылған сандардың алды – артына тағы бір санды қосып жазып, өздеріне қажетті нәтижені шығарып алатын. Тек үшінші оқылымның алдында ғана бұл толықтыру жобаға еніп, заңға кірді.

Көп жағдайда сайлау комиссиялары бір мектептің мұғалімдерінен жасалатыны, ал оның төрағасы – сол  мектептің директоры болатыны бізге  жақсы белгілі. Бұл сайлау нәтижесін бұрмалауға үлкен мүмкіндіктер беретін. «Сайлау комиссиялары бір мекеменің қызметкерлерінен тұрмауы керек » деген бап қолдау тапты.

Сайлаушылар тізімін  жасақтауды жақсартатын ешқандай тәсіл  ойлап табылмайды. Сонымен бірге 4 –тармағын толық алып тасталу мәселесін депутаттар ұсынып отыр себебі бұны азаматтардың сайлану құқығының бұзылуының көрінісі деп табады. Екіншіден, сайлау комиссияларына партиялардың өкілдерін жеребе арқылы тағайындау да қалдау табады. Үшіншіден, сайлау туралы заңды немесе Орталық сайлау Комиссиясының қаулыларын бұзып, сайлау нәтижесін бұрмалауға бағытталған іс - әрекеттердің көпшілігін «адамның таңдау құқығын бұзу » деп танып, аса ауыр қылмыс есебінде әкімшілдік кодексте емес, қылмыстық кодексте қаралуы керек еді. Төртіншіден, саяси партиялардың Парламентқұрамын 150 депутатқа кеңейтіп, оның тең жартысын партиялық тізім бойынша сайлау керек денен де ұсыныстар бар. Алайда «ол үшін Конституцияны өзгерту керек» деген сылтауға тіреліп, тоқтап қалды. Алайда, «Қазақстан Республикасы Сайлау туралы » заңының үшінші оқылымында жарыққа шықты. Бұл жаңалықтың аты – « электронды дауыс беру » деп аталады.

Электронды  сайлау жүйесі сайлау туралы заңныңішіндегі ең үлкен жаңалық, техникалық тұрғыдағы  ешкім де күтпеген үлкен бір төңкеріс балды. Бұл істің аты – «сайлау жүйесіне электронды дауыс беруді негізі » болып табылады.

«Электронды дауыс  беру – біз үшін өте ерте »  деген пікірлер айтылды. Жалпы Үкіметіміз бен Парламентіміз халыққа «  тамаша » тарту жасады. Осы тарту  шындығында «тамаша» ма, әлде сайлауға қолдарын бір сілтеген азаматтар үшін жасалған тағы бір айла ма, ол жағы белгісіз.

Электронды  дауыс беру енгізуге деген көзқарастар  әртүрлі. Оны дайындаушылар мен  жүзеге асырушылардың айтуынша осы  тәсіл арқылы отбасылық дауыс  беру, бюллетеньдерде топтап тастау немесе көшеде тастау, сату сияқты келеңсіз мәселелерге  тосқауыл қойылады ... оған қарсылар «өзіміздің қалай дауыс бергенімізді және оның қалай есептелегндігін қалай білеміз, біздің даусымыз басқаларға кетіп қалмайды ма ?» деп күдіктенсе, компютерден хабары бар жандар «адамның ойлап тапқан бағдарламасын басқа адамдар болса солай бұза алады» деп қорқытып, ен мықты деген Пентогонның компьютерлік базасын бұзып т.б. «Хаккерлердің» шеберлігін алға тартады.

Басқа елдердің әлі де компьютерлік техникалық жағынан  бізден кенже қалғанына қарап, жалтақтау  жөн емес. Егер кім бірінші болып  космосқа ұшқан екен деп Кеңес үкіметі мен АҚШ бір – біріне қарағаштап отырса, адамзат ешқашан жердің тартылыс заңын бұзып,  көк аспанға көтерілмес еді. Бірінші болу – ерлік пен намыстың көзі. Бірақ, айта кету керек, өркениетті елдердің ешқайсысы электронды дауыс беру жүйесіне толық көшкен жоқ. (Ресей мен Германияның өзі 2008 жылы көшпек ойы бар, Англия мен Үндістанда тәжірибе жүріп жатыр, АҚШ – тың бірнеше штаты осыған ұқсас жүйені ендіріп еді, көптеген кемшілік тауып, соларды шешудің жолын іздеуде. Тек Голландияның жергілікті өзін - өзі басқару жүйесі ғана 15 жылдан бері электронды дауыс беруді қолдануда).

Электронды  дауыс беру жүйесінде (ЭДБЖ) барлық мәлімет компьютердің ішінде болады да, соны дайындап жасаған адамдар  мен органдар осы мәліметтерді біліп, дер кезінде өзгертіп отыруы әбден мүмкін. Демек, дауыс берудің құпиялығы сақталады деп айтуға қиын. Электронды дауыс беру жүйесі кезінде қолданылатын мен бағдарламалардың барлығы тәуелсіз сараптаушылардың тексеруінен өтуі керек, электронды дауыс беру жүйесі жұмысына  адамдар мен қоршаған ортаның ешқандай да әсер ете алмайтыны кепілділік берілуі керек.

Бюллетеньдер  арқылы беру кезінде сайлау учаскесінде  дауыс берудің нәтижесін сайлау комиссиялары анықтайды. Ал электронды дауыс беру кезінде сайлау комиссиялаының  рөлін электронды жүйе атқарады. Онда түрлі партия өкілдерінен сайлау комиссияларын несіне жасақтайды? Сайлау комиссиялары өздерінің басты міндеттерін жоғалтады емес пе? Жергілікті атқару белгілі сайлау күні сайлау комиссияларын электр энергиясымен қамтамасыз етуге тиісті. Ал егер ондай мүмкіндік болмаса ше? Алыс елді – мекендердің сайлаушылары мен егде тартқан пульт арқылы дауыс беру үлкен кедергі келтіретіні сөзсіз. Түсінбестік пен қателіктердің болуы да заңды құбылыс, с.с. мәселелер көп.

Сайлаудың тағы бір жаңалығы – Қазақстандағы енді ғана құрылып келе жатқан көп партиялық жүйенің сайлау мәселесіне тікелей аралуы болып табылады. өкінішке орай, олардың көпшілігі әлі де белсенді түрде жұмыс жүргізбей отыр.

Билік жағының  партиялары баяғыдай әкімшілдік қолдауы арқылы жеңіске жетеміз деп есептесе, оппзициялық партиялар халықтың болмыс көпшілігі бүгінгі билік жүйесін қолдамайды, сондықтан біздерге дауыс береді деген бұлдыр үкіметке иек артып отырған сыңайлы.

 

 

2.3 Сайлау  ашық та әділ өткізілді.

Қазақстанда 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен Пезидент сайлауы осы заманғы әлемдік тарихқа бұрын – соңды болмаған құбұлыс ретінде енді. Өз көзбасшысы Нұрсылтан Назарбаевқа сонайлақ аймақ қолдау білдірген Қазақстан халқының бірауызды ерік – қалауы демократияның ғасырлық дәстүрлері бар көптеген мемлекеттер үшін қоғамның топтасуы мен бірлесуінің үлгісі бола алады. Және осынау ерік – қалаудың нәтижелеріне, елдің қазіргі Пезидентіне сайлаушылардың 91 пайыздан астамы дауыс баргендіктен ғана емес, сонымен бірге дауыс беру еліміздегі сайлау науқанының барлық кезендеріне айрықша назар аудару жағдайында жүзеге асқандықтан да, күмән келтіруге болмайды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми мәлімдемесі бойынша, дауыс беру күнінде сайлау учаскілерінде кандидаттардың 11 мыңнан астам сенімді тұлғалары, щет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мыңнан астам байқаушылар, шетелдік Бұқаралық Ақпараттар Құралдарының өкілдері, саяси партиялардан 16 мың 500 байқаушы және қазақстандық баспасөздің 500 – ге жуық өкілі болды. Бұған қоса республикалық қогамдық бірлестіктер өздерінің 5 мың 600 байқаушысын жіберді.

Осынау факторлар  дауыс санаудың алдын ала қорытындыларымен бірлесе келіп, сарапшылардың бірыңғай тұжырымы үшін негіз болды:

Қазақстандагы сайлау ашық та әділ өткізілді.

«Сайлаушылардың сайлау учаскілеріне келуінің және дауыстарды алдын ала санаудың нәтижелері Қазақстан Мемлекет басшысын сайлау балды деп тұжырым жасауға мүмкідік береді. Сондықтан қазақстандықтарды Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтауға толық негіз бар» - ОСК – ның алдын ала есебін оның төрағасы Оналсын Жұмабеков 5 желтоқсандағы баспасөз мәслихатында осындай сөздермен түйіндеді. Және сол күні – ақ халықтың ерік – қалауға мониторинг жүргізген шетелдік меймандардың аузынан қазақстандықтардың атына науқанды табысты өткізуге байланысты алғашқы құттықтаулар айтыла бастады .

Алтыншы желтоқсанда  «Риксос» Президент – отелінде Қазақстан  Республикасы Президентінің сайлауын әзірлеу мен өткізуді қадағалау  нәтижелері бойынша Достастықтың атқарушы хатшысы Влодимир Рушайло мәлідеме жасады.

«Президент  сайлауы заңнамасының нормаларына  сәйкес өткізілді және оны еркін, ашық та заңды сайлау ретінде аңықталды», - Достықтың халықаралық байқаушыларының  кесімі осындай болды және олар өз тұжырымдары мен бағаларына келісетін әріптестерін бұл пікірге қосылуға шақырды.

Сайлауда байқаушы ретінде ТМД мемлекеттеріне барлығы  он елден 420 адам тіркелді. Олар Достыққа қатысушы мемлекетердің заң шығарушы, атқарушы, сайлау органдарымен дипломатиялық өкілдіктері, Беларусь және Ресей одағы парламенттік жиналысы, сондай- ақ ТМД мемлекеттерінің Паламентарлық ассамблеясы мен Атқару  комитеті атынан келді. Бұл ретте Президент сайлауына әзірлікті 39 ұзақ мерзімді байқаушы Қазақстанда олардың қызметі үшін қажетті құқықтық және ұйымдық техникалық жағдайлар жасалғаның атап өтті. Орталық сайлау комиссиясымен, мүдделі министірліктермен және ведомствалармен, жергілікті билік органдармен тығыз өзара ықпалдастық жолға қойылды.

Тұтастай алғанда, байқаушылардың пікірі бойынща, сайлау туралы қазақстандық заңнама хаықаралық құқықта бекітілген стандарттарға сай келеді және ашық, еркін және демократиялық сайлау өткізу үшін сарабдал, теңдестірілген негіз болып табылады. Сонымен бірге оның жекелеген нормаларын одан әрі жетілдіру кажеттігіатап өтілді.

ОСК қызметіне  келетін болсақ, ол ашық та жариялы  болады, деп атап өтті халқаралық байқаушылар, кондидаттардың сайлау алды штаптарының, қоғамдық ұйымдардың үкілдерімен және журналистермен бірге олар комиссияның  барлық отырыстарына қатысқан. Сондай – ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысы барынша ашықтығымен ерекшеленген.

Информация о работе Қазіргі заман саилау жүйесі