Қазіргі заман саилау жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:07, курсовая работа

Описание работы

Сайлау – қазіргі саясаттың басты құрамдас бөлігі . Ол билік және басқару органдарының азаматтарының белгілі ережелерге сай (сайлау жүйесіне сай ) саяси еркіндіктерінің көрсеттілуі арқылы жасалуын тәсілін айқындайды . сайлаудың нәтижесінде сайланған кандидаттар билікпен бөліседі. Сайлау әртүрлі демократиялық ұйымдарда қолданылады:партиялар, кооперативтер, акционерлік қоғамдарда және т.б. Біз көтеріп отырған мәселе мемлекет көлемінде, барлық саяси жүйедегі сайлау жөнінде.

Содержание

Кіріспе бөлім............................................................................................... 2
І. Сайлау, сайлау жүйесі және оның түрлері

1.1. Сайлау түсінігі мен сайлау жүйесінің мазмұны........................... 3
1.2. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңына сипаттама.. 8
II. Негізгі бөлім. Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы және оның бүгінгі мәселелері
2.1. Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы..................................... 14
2.2. Қазақстанның сайлау жүйесінің бүгінгі мәселелері............................. 19


2.3. Сайлау ашықта әділ өткізілді................................................................. 23
Қорытынды бөлім.......................................................................................... 27
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................. 28

Работа содержит 1 файл

сайлау.doc

— 141.00 Кб (Скачать)

Сайлауды әзірлеу  мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік  сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады. Сайлау комисияларының біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

1. Республиканың  орталық сайлау комиссиясы;

2. Аумақтық сайлау  комиссиялары ;

3. Окруктік сайлау  комиссиялары;

4. Учаскелік  сайлау комиссиялары ;

Сайлау комиссияларының  өкіметтік мерзімі – бес жыл.

Аумақтық, окруктік және учаскелік сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негізінде мәслихаттар сайлауды.

Әрбір саяси  партия тиісті сайлау комиссиясының  құрамына бір кондидатура ұсынуға  құқылы (тек осы саяси партияның  мүшесі болып табылатын кондидатура).

Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық етеді және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

Орталық сайлау комиссиясы Республика пезидентінің ұсынуы бойынша Парламент мәжіліс қызыметке  сайлайтын және қызыметтен босататын комиссияның Төрағасы,төрағанің орынбасарларынан, хатшысынан және мүшелерінен тұрады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының жоғары заң білімі болуға тиіс. Осында жұмсалатын шығындар республикалық бюджет тен қаржыландырылады.

Азаматық сайлау комиссиялары обылыстық, аудандық, қалалық, ауданарлық сайлау комиссиялары аумақтық болып табылады.аумақтық сайлау комиссиялары жеті адамнан тұрады. Пезидентті, Праламенттің және мәслихаттардың депутаттарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді.

Окіруктік сайлау комиссиялары сайлау окіругтерінде  Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру  мен өткізуді қамтамасыз етеді. Комиссия 7 адамнан құрылады.

Учаскілік сайлау комисиялары 7 мүшеден тұратын құрамда құрылады. Сайлау учаскісінде Пезидентті, Парламент Мәжілісінің маслихатардың депутаттарын және жергілікті өзін - өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргізеді, әрі т.б. өкіметтерді жүзеге асырады.

Сайлау кезінде  таңдаушылардың тізімі жасалады. Ол үшін азамат нақтылы сайлау учаскесі аумағында тұруы қажет. Сайлаушылар тізімі әліпби тәртібімен жазылады. Сайлаушылар тізімдеріне Республиканың белсенді сайлау құқығы бар азаматтар, шалғай жерде тұратын, тергеу изаляторы, кемелерде болған азаматтар, әскер бөлімдерінде тұрған әскери қызметшілердің барлығы, шет мемлекеттердегі жүрген Республиканың азаматтары т.б. енгізіледі.

Таңдаушылар тізіміне облыс аумағында орналасқан мәслихаттардың тиісінше республикалық маңызы бар  қала мен Республика астанасы мәслихатының барлық депутаттары енгізіледі.

Сайлау алдындағы  үгіт – сайлаушылардың белгілі бір  кандидаты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруіне қатысуға түрткі болу мақсатындағы қызмет.

 Сайлау алдындағы  үгіт кандидаттар тіркелген басталып сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Сайлау алдындағы  үгіт бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы, баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгіт материалдарын тарату жолымен, жиналыс, кездесу, шеру, митинг және конституцияда тийым салынбаған өзге де шаралар арқылы жүргізіледі.

 Сайлау болатын  күні, оның қарсаңындағы күні  кез келген үгітке тийым салынады.

 Сайлауды  қаржыландырудың екі түрі бар:

1. Мемлекеттік қаржыландыру;

2. Мемлекеттік емес қаржыландыру;

Мемлекеттік қаржыландыру болып Республикалық бюджет қоры қаражатынан қаржыландыру табылады. Мемлекеттік емес қаржыландыру сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыру.

Арнаулы уақытша  шот бойынша барлық қаржылық операциялар  сайлаудың алдындағы күні сағат 18.00 ден бастап тоқтатылады. Сайлау бюлитеньдері орналасқан мемлекеттік тілде және орыс тілінде басылады. Бюлитендері учаскелік сайлау комиссияларына сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын жеткізіледі. Бюлитеньдер орналасқан мөрлеп бекітіліп ішкі істер органдарының күзетуіне тапсырылады.

Дауыс беру сайлау күні жергілікті уақытпен сағат жетіден  жиырмаға дейін өткізіледі. Учаскелік  сайлау комиссиясы дауыс беретін  уақыт пен орын туралы дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кейін кешіктірмей хабарлау тиіс. Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскелер ашылу тиіс. Дауыс беруден отыз минут бұрын сайлау жәшіктерінде бюлитеньдер бар ма, жоқ па тексеріледі, жәшіктерге пломба басылады.

дауыс беру қортындыларын  санау жергілікті уақытпен сағат жиырмада басталады. Сайлау учаскесіндегі дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екі сағаттан аспауға тиіс. Жәшіктерді төраға дауыс берудің аяқталғаны туралы хабарланғаннан кейін тиісті комиссия алуға тиіс.

Президентті, Парламент депутаттарын сайлау қорытындаларын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.

Мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары анықтайды.

Қазақстан Республикасының  Сайлау туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне бйланысты заңға жаңа 9-1 тараумен толықтырылды. Бұл тарау «Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып сайлау өткізудің ерекшеліктері» деп аталады. Яғни сайлау өткізу кезінде сайлаушылардың тізімін жасау, дауыс беру, дауыс берудің қорытындыларын белгілеу мен сайлау нәтижесін анықтау үшін сайлау округі аумағынды электрондық сайлау жүйесі пайдалануы мүмкін.

Электрондық сайлау жүйесі – сайлауға әзірлену мен  оны өткізу кезінде ақпараттық процестерді  автоматтандыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желілердің және оларды бағдарламалық – техникалық қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы.

Электрондық сайлау жүйесі электрондық бюлитеньмен  жүргізіледі.

Электрондық сайлау жүйесі арнайы бөлінген комуникациялық желілерге осы тармаққа сәйкес ақпарат беру үшін қажетті мерзімге ғана қосылады.

Сайлау туралы заңның ерекше бөлімінің басты екі  тарауы – ол Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы және Қазақстан  Республикасының Парламенті Сенатының  депутаттарын сайлауы.

Президеттікке кандидаттар ұсыну сайлауға дейін  үш ай бұрын басталып, екі ай қалағанда  аяқталады.

 Орталық  сайлау комиссиясы аумақтық сайлау  комиссиясы хаттамаларының негізінде  сайлаудан кейін жеті күндік  мерзімнен кешіктірмей Президент  сайлауының қорытындыларын белгілейді.

Республика  Президенті болып:

1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған;

2) қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілік дауысын алған тағайындалады.

Президент сайлау өткізген күннен бастап жеті мерзім ішінде тіркеледі.

Сенат депутаттары  сайлауын тағайындауға мыналар:

1) кезекті сайлау үшін – Сенат депутаттарының конституциялық өкілеттілігі мерзімінің бітуі;

2) кезектен тыс сайлау үшін – Парламент өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқталуы Сенатта өкілдігі жоқ тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністердің құрылуы;

. 1) шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізу үшін – депутат өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы негіз болып табылады.

Сенат депутаттығына  кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалған  кейін келесі күні басталып, сайлау өткізілетін күнге бір ай қалғанда аяқталады.

Кандидатты  тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін бастап, сайлау күніне 20 күн қалғанда аяқталады.

Республика  бойынша тұтас алғанда Сенат  сайлауының қорытындыларын орталық  сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап жеті мерзімнен кешіктірмей  шығарады.

Сенат депутаты сайлауында:

2) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған;

3) қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылардың дауыс санының көпшілігінің дауысын алған сайланады. 

II. Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы және оның бүгінгі мәселелері

 

2.1. Қазақстанның  сайлау жүйесінің қалыптасуы.

Қазақстан Республикасының  сайлау жүйесінің қалыптасып дамуын төрт кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең 1989 жылдың қыркүйегі  мен 1992 жылдың желтоқсаны аралығына  келеді. Бұл каезеңдегі Қазақстан сайлау жүйесінің ерекшелігі, оның бұрынғы кеңестік жүйеден мұраға қалғаны болды. Тоталитарлық саяси жүйе мен коммунистік партияның толық билігіндегі сайлау институты әу бастан-ақ бірнеше кандидаттардың арасынан таңдау мүмкіндігін бермейтін. Ол жалған «халық билігінің» бір белгісі ретінде ғана әрекет етті және таза символикалық шартты сипатта болды. Сайлау құқығының жалпылық, теңдік сияқты принциптері тек Конституцияда ғана жария етілді, іс жүзінде қолданылмайды. Халық өзі таңдағанға емес, партиялық комитет тағайындағанға дауыс берді. Сондай-ақ, халықтың атынан түскен кандидаттардың баламалары жоқ еді. Кімнің депутат болатындығы жөніндегі партоменклатуралық шешімі тоталитарлық мемлекеттегі жалған өкілдіктің елеулі белгісі болып табылды. Мұндай сайлаулардың өткізілуі партия мен халықтың бірлігін, Кеңес азаматтарының толық ынтымақтылығын көрсетуге арналған болатын.

Алғашқы КСРО халық депутаттарын еркін сайлау – 1989 жылы М.С. Горбачевтың  ұсынымен енгізілді. Бұл сайлаулар  баламалы бәсекей сиатта болды. Бір мандаттық округтер сайлау үшін дауыстың абсолютті көпшілігінің болу қажеттігі жеңімпазды анықтау үшін тур өткізілуі әрине жаңалық еді. Алғаш рет Компартиядан тәуелсіз депутаттар сайланды. Бұл сайлаулар 1990 жылы Одақтас Республикалардың көпшілігінін, соның ішінде Қазақстанда да өтті.

Сол уақыттың сайлауы жүйесін  – оның жұмыс істеуінің ең негізгі  сәттерін реттейтін тұтас заңның жоқтығын ерекшелендіреді.Қазақстанда 1990-1992 жылдары болған және негізінен 1993 жылдың аяғына дейін өзгеріссіз қалған сайлау жүйесін талдауын мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Жұртшылықтың қатысуы қамтамасыз ететін бұл сайлау жүйесі сол кезең үшін тоталитаризмнен демократияға өтудің бастапқы уақытындағы демократиялық қадам болды. Сонымен бірге сайлаудың бұрынғы тоталитарлық жүйесі түзетілді. Мұның бәрі өкілдікті органдар жүйесімен олардың құрамын едлеулі демократияландыруға мүмкіндік бергені сөзсіз.

Қазақстан сайлау жүйесінің эволюциясының екінші кезеңі 1993 жылдың қаңтарынан 1995 жылдың тамызы аралығын қамтиды. 1992-1993 жылдардағы сайлау жүйесі қалыптасып келе жатқан жаңа қоғамдық қатынастар мен саяси билік жүйесіне сәйкеспейтін, сондықтан да қайта ұйымдастыруды қажет етті. Дегенмен бұрынғы сайлау жүйесі арнаулы сайлау заңы қабылданғанға дейін әрекет ете берді, оған өзгерістер енгізу арқылы ғана елеулі қадамдар жасалды. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституция ең алдымен, өкілдіктің жүйесінен принцип өзгерті. Конституциялық құрылыс негіздерінің 4 қағидасына сәйкес, Республикадағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы осы биліктің тікелей және өз өкілдері арқылы іске асыратын Қазақстан халқы болып табылды. Республика азаматтары тікелей және өкілдері арқылы мемлекеттік істерді басқаруға, мемлекеттік және жергілікті мәндігі заңдар мен шешімдерді талқылауға құқық берген Қазақстан Республикасы Конституцияның 14-бабы болды:

1. Заң мен сот алдында жұрттың тең;

2. Тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жұмысына, әсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдайаттар бойынша ешкімді  ешқандай кемсітуге болмайды;

 Осыған байланысты  Жоғарғы Кеңес пен жергілікті  өкілдікті органдардың депутаттары  тікелей көпшілік дауыспен сайлануға  тиісті болды. Қандай да бір  сайлаусыз толықтыру мүмкіндігі  қарастырылмайды.

Сайлау жүйесін  нақты реформалау он екінші сайланған Қазақстан Республикасының Кеңесінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Сайлаулар туралы» кодексті қабылдаумен басталды. Сайлау туралы кодекске сәйкес, Қазақстанда мажаритарлық сайлау жүйесінің екі түрі енгізілді:

1. Абсолютті көпшілік жүйесі. Бұл жүйенің ерекшелігі, сайлау өз нәтижеге жетпеген жағдайда дауыс берудің екінші туры өтеді. Бұл жүйе Қазақстан Республика Президенті сайлауында қолданылды. Мәселен, 1999 жылы 10 қаңтарында мажаритарлық жүйенің абсолютті түрі бойынша Н.Ә. Назарбаев мезгілінен бұрын 7 жылдық мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. (Бұған дейін 1990 жылы сәуірінде Жоғарғы Кеңес Президент етіп сайлаған. 1991 жылы желтоқсанынан – Қазақстан Республикасының Президенті. 1995 жылы референдумда резиденттің өкілеттілігі ұзартылған),

2. Салыстырмалы көпшілік жүйесі: бұл жүйенің ерекшіктерінің бірі – егер сайлау округінде бір кандидат дауысқа түссе, онда оған берілген дауыс саны қарсы берілген дауыс санынан артық болған жағдайда сайланады. Бұл жүйе Жоғары Кеңес пен Жергілікті өкілдікті органдарғаа депутаттар сайлауында қолданылады.

Қазақсьанның  сайлау жүйесі дамуының үшінші кезені 1995 жылдың тамыз айынан 1998 жылдың күзіне дейін қамтиды. 1995 жылдың 30 тамызыңдағы  республикалық референдумда Қазақстан республикасының жаңа Конституциясының қолдауы саяси – институциялдық жүйенің, оның ішінде сайлау жүйесі мен сайлау заңының өзгеруіне әкеліп соқтырды.

Республикадағы  сайлау жүйесі туралы толық түсінік  беретін сайлау заңы жөнінде айтсақ, оның қарастырылып отырған кезенде, ең алдымен конституциялық заң күші бар. Ол «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы » Қазақстан Республикасының Пезидентінің жарлығымен көрсетілген.

Осы жарлыққа орай кондидаттардың барлық категорияларына  екі түрлі мажориталды – абсолютті көршілік жүйесі бекітілді, тек жергілікті өзін - өзі басқару органдары салыстырмалы көршілік негізінде сайланатың болды. Дауыс берудін екі түрлі жүйесін енгізу Қазақстан үшін бұрынғы сайлау жүйесімен салыстырғанда алға басқан қадам еді. Өйткені ол дауыс беру нәтижесінде обьективті бағалауға мүмкіндік береді.

Информация о работе Қазіргі заман саилау жүйесі