Азаматтық заңдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:48, курсовая работа

Описание работы

АК-ның Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі — 1999 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізілді.
1124 баптан тұратын, Қазақстан Республикасының көлемі жөнінен ең үлкен заң актісі — Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық реттеу нысанасының құрамына кіретін — жалпы ережелер бөліміндегі және жеке институттардың ерекшеліктері бөліміндегі — қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы маңызды барлық азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3 бет
I. Негізгі бөлім
1.1 Азаматтық заңдар ұғымы ........................................................5 бет
1.2 Азаматтық заңдардың құрамы...................................................8 бет
2.1 Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары...................14 бет
2.2 Азаматтық заңдардың уақытқа қарай және кеңістікте
қолданылуы..................................................................................................16 бет
2.3 Заң ұғымдарын саралау............................................................26 бет
III. Қорытынды......................................................................................30 бет
IV. Қолданылған әдебиеттер.................

Работа содержит 1 файл

Готовый курсавой Аяжан.doc

— 249.00 Кб (Скачать)

     АК-да әдеттегі сөйлеу тілінде сирек кездесетін, сондықтан маман емес жұртшылыққа түсініксіз болатын көптеген терминдер ұшырасады. Әдетте, мұндай термин қолданылатын тұста оның ізін ала оған түсінік беріледі. Мысалы, АК-ның 10-бабы (кәсіпкерлік), 17-бабы (азаматтардың әрекет қабілеттілігі), 33-бабы (заңды тұлға), 299-бабы (кепіл) және т.с.с. 

     Егер  норма мәтінінің дәлме-дәл ауызша мәні мен түпнұсқа мазмұнының пара-парлығы күмән туғызатын және азаматтық зандардың, ең адымен — АК-ның 2-бабында баяндалған негізгі принңиптеріне сай келетін түсінікке басымдылық берілуі тиіс. 

     Азаматтық-құқықтық нормалардың дәлме-дәл мазмұнын, яғни олардың дұрыс түсінілуін анықтауға сондай-ақ олар енгізілген тұстағы тарихи жағдайларды ескеру де септігін тигізеді. Мысалы, 1990 ж. 11 желтоқсанда қабылданған "Шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы" Заңның 717-бабы қазірге дейін ат үсті қолданылуда, ол егер контрагенттер даулы шартты жасағанға дейін тәуелсіз аудиторлық қызмет куәландырған қаржылық жай-күй туралы құжаттармен алмаспаған болса, сотқа шаруашылық даулар туралы істерді қарауға қабылдамау құқығын береді. Бірақ бұл норманы оның барлық азаматтар мен занды тұлғаларға толық сот қорғауына кепілдік берілмей тұрғанда, реформалар жүргізудің ең басында қабылданғанын ескере отырып қолдану керек. 

     Сот тәжірибесінде азаматтық заңдар нормаларының түсінілуіне АК-ның 6-бабы зор маңыз береді. 

     Жоғарғы сот Пленумының нормативтік Қаулысымен занды түсіндірудің міндетті күші бар. Алайда судьялар көп ретте сот  органдарының, ең алдымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік сипаты жоқ, нақты жеке істер бойынша қабылданған шешімдерін басшылыққа алады. Мұндай шешімдер басқа соттар үшін міндетті болмайды, бірақ басқа соттар осындай дауға қолданылатын занды түсіндіруде олардың қисындылығы мен негізділігін назарға алуы мүмкін. 

     Конституцияның  Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы  соттан кейін мойындаған занды түсіндірудің міндетті күші ресми түсіндірудің басқа  жағдайларында да, яғни оны шығарған құзіретті органның нормативтік  актіні түсіндіруі кезінде де мойындалуы тиіс (Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңның 44, 45-баптары). 

     Ғалымдардың, басқа мамандардың нормаларды түсіндіруі кең таралып келеді, олар заңның ғылыми конференңияларда айтылған, кітаптарда, журналдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған белгілі бір ережелерін қалай түсіну керектігі жөнінде өз пікірлерін білдіреді, яғни ғылыми-доктриналық түсінік береді. Занды дұрыс қолдану, практиканың қателіктерін жою, зандарды жетілдіру үшін мұндай түсіндірудің зор маңызы

бар. Алайда тіпгі көпгеген мамандар қолдаған және конференңияларда пайдалануға ұсынылған  мұндай пікірлердің ресми міндетгілігі жоқ. Оларда "биліктің беделі" емес, "беделдің билігі" бар. 

     Осы немесе осыған ұқсас қатынастарды реттейтін, құқықты жүйелік түсіндіру деп аталатын басқа нормалармен салыстырғанда азаматтық-құқықтық нормаларды түсіндірудің зор практикалық маңызы бар. Мысалы, міндеттемелердің нақты түрлерін реттейтін ережелерді қолдана отырып, сонымен бірге ұдайы осы қатынастарды қамтитын жалпы ережелерді де ескереді. Мысалы, сатушының тиісті сапалы мүлікті сатқаны үшін жауапкершілігі туралы норманы қолдана отырып, осымен қатар жауапершіліктің негіздері туралы, өндіріп алынатын залалдардың құрамы туралы міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерін және т.с.с. назарға алу керек. 

     Азаматгық заңдарды қолдануда көп ретте  азаматтық-құқықтық актілердің нормалары  белгілі бір қатынастарды реттеуді түрліше қарас-тыратын жағдайлар  да пайда болады, яғни азаматтық-құқықтық нормалардың үйлесімсіздігіне және тіпті олардың арасындағы қарама-қайшылықтарға тап болуға тура келеді. 

     Мұндай  қарама-қайшылықтар қалай шешілуі  тиіс? Бұл мәселе жөніндегі жалпы  нұсқаулар "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 6-бабында  көрсетілген. Азаматтық зандарға қатысты  алғанда мынадай екі өлшемді басшылыққа алуға тура келеді: 

  • Зандық күшіне қарай нормативтік актілердің иерархиясы;
 
  • Нормативтік актінің немесе оның нақты ұйғарымының қолданысқа ену уақыты.
  • Өлшем бойынша мынаған сүйену керек: зандық күші жөнінен ҚР Конституңиясы ең жоғары акт болып табылады.
  • Конституңиялық заңдар, ҚР Азаматтық кодексі, Президенттің заң актілері.
  • Нормативтік жарлықтары немесе қаулылары (конституциялық не әдеттегі заң күші бар жарлықтардың осы иерархиялық сатыда конституциялық не әдеттегі заңның тиісті баспалдақтарынша сай келетінін ескере отырып).
  • Үкіметтің нормативтік қаулылары .
  • Ведомстволық нормативтік актілер.
  • Жергілікті билік органдарының актілері.
 

   Мұнда иерархиялық аты оңайлатып берілген, өйткені ол бізге тек азаматтық зандар тұрғысынан керек болып отыр. 

   Осындай өлшемге сүйене отырып, мынадай ереже  жасауға болады: иерархиялық сатының  неғұрлым жоғары баспалдағында тұрған акті едәуір төмен баспалдақта тұрған актімен үйлеспейтін жағдайда аталған  актілердің алғашқысы қолданылуы тиіс.  

   Актілердің  қабылдану уақыты бұл ережеге ықпал етпейді, олар тек қолданылу сәтінде зандық күшін жоймаса болғаны. 

   Екінші  өлшемге сәйкес, заң күші тепе-тең  актілер өзара үйлеспейтін тұстарда қолданысқа кейін енгізілген акт  басымдыққа ие болады. 

   Заң әдебиеттерінде бірқатар жағдайларда жалпы және арнаулы актілердің арасындағы қарама-қайшылықтар арнаулы акінің пайдасына шешіледі деген пікір айтылады. Бірақ бұл пікір нақтылай түсуді керек етеді, өйткені кейде салыстырылатын екі актінің қайсысы жалпы акт, ал қайсысы — арнаулы акт болып табылатынын анықтауда қиындықтар туады.  

   Егер тиісті норманың мәтінінде "зандарда немесе өзге заң актілерінде өзгеше көзделмесе" деген ескерту бар болса, онда мұндай норма жалпы норма болады, ал өзгеше, заңдардың басқа актісінде көзделген норма — арнаулы норма болып табылады деп есептеу керек болар. Мысалы, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 4-бабының 1-тармағы былайша баяндалған: "пайдалы қазбалардың кейбір түрлеріне және техногендік минералдық түзілімдерге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты ерекшеліктер пайдалы қазбалардың және техногендік минералдық түзілімдердің осы түрлері туралы заң актілерімен анықталады".

     Бұл, мысалы, мынаны білдіреді: екі жарлықтың  нормалары арасынан қарама-қайшылықтар табылғанда, Мұнай туралы жарлық жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жалпы жарлыққа қатысты да арнаулы жарлық болады.

Өзінің  зандық күші жөнінен жалпы норма  иерархиялық сатының неғұрлым жоғары баспалдағында тұратын немесе арнайы нормадан кейінірек қабылданатын жағдайларда да осы түсіндіру тәсілін қолдануға болады.  

     Мұдай ескерту болмағанда, бір қарағанда  жалпы және арнаулы болып көрінетін  актілердегі қарама-қайшылықтар  иерархиялық саты баспалдақтарының ережелері және қолданысқа енгізілу уақыты бойынша шешілуі тиіс. 

     Бір нормативтік актінің азаматтық-құқықтық нормалары арасынан қарама-қайшылықтар  байқалғанда, оларды үйлестіру жалпы  нормадан гөрі арнаулы нормаға басымдылық беру жолымен шешіледі, мұны актінің  құрылымымен (жалпы бөлімінің, тарауларының болуы) анықтауға болады. 

     Кейде азаматтық зандарда кездесетін олқылықтардың  орнын толтыру үшін АК-ның 5-бабы азаматтық заңдардың ұқсастығына  қарай қолданылуын арнайы көздейді. Ол азаматтық зандардың кейбір нақты  ережелерінен туындайды. Мәселен, АК-ның 7-бабы азаматтық құқықтар мен міндеттер занда көзделмеген негіздерден пайда болады деп көрсетеді. Әлбетте, мұндай шарттарда тараптардың келісімімен тікелей көзделмеген құқықтар мен міндеттерді анықтау қажеттігі туады. Мұны ұқсас қатынастарды реттейтін занды қолдану жолымен ғана жасауға болады. 

     Қылмыстық кұқықта ұқсастықты қолдануға жол  берілмейді, өйткені бұл занды  бұзбаған адамды қылмыскер деп тануға әкеп соқтыруы мүмкін. Мұнда сотқа  заңның тікелей ұйғарымын ғана жүзеге асыруға рұқсат етілген. 

     Ұқсастықты қолдану азаматтық құқықта пайдалану үшін қажет болады, өйткені мұнда заңмен тыйым салынбаған кез келген әрекетті істеу занды болып табылады.

     Ұқсастықты  қолданбайынша, занды болғанымен, занда  арнайы көзделмеген әрекетті жасаған  адам құқық бұзушыларға қарсы қорғансыз қалған болар еді. Мұнда ұқсастықты қолдану заңның олқылығын оны түсіндіру жолымен де, әдет-ғұрыптармен де, іскерлік айналым ережелерімен де толықтыруға болмайтын кезде заңның олқылықтарын толтырудың мәжбүрлі шарасы ретінде ғана қолға алынады. 

     Бір занды институттың ережелерін басқа  занды институт реттейтін қатынастарға заң жолымен таратуды азаматтық  заңдарды ұқсастығына қарай қолданудан айыра білу керек. Мәселен, АК-ның 84-бабы қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке  кейбір ерекшелікгерін ескермегенде, жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы ережелердің қолданылуын көздейді. ЖШС туралы Заңның 1-бабының 3-тармағында да осындай норма бар.

     АК-ның 5-бабы заңның ұқсастығы мен құқықтың ұқсастығын ажыратады. Заңның ұқсастығы  кезінде оның олқылығы тікелей өзгеше болғанымен, ұқсас қатынастарды реттейтін нақты заң нормаларын қолдану арқылы жойылады. 

     Азаматтық кодекс, мысалы, көптеген мемлекеттердің, оның ішінде Ресей зандарына мәлім  агенттік шартты тікелей реттемейді. Алайда АК агенттік шарт жасасуға тыйым салмайды.

     Егер  оларға қатысушылардың іс-әрекеттерін  бағлауда тікелей заң ұйғарымдарының жоқтығына байланысты қиындықтар туатын болса, онда ұқсастығына қарай тапсырма шартын немесе комиссия шартын реттейтін  нормалар қолданылуы ықтимал. 

     Дегенмен, кейбір жағдайларда ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтін нақты нормалардың жоқтығынан заңның ұқсастығын қолдану мүмкін емес. Мұндай жағдайда зандардың бастаулары мен мәнін, адал, парасатты және әділ әрекет жасау талаптарын басшылыққа ала отырып, заңдардың олқылықтарын толықтыратын құқық ұқсастығын қолдануға болады (АК-ның 8-бабы). Мәселен, заң практикасында, тіпті АК-ның Ерекше бөлімі қабыданғанға  дейін мүлікті сенімгерлікпен басқару мүліктің меншік иесі (акцияның меншік иесі) басқа адамға меншік иесінің мүддесі жолында мүлікті (акциялар пакетін) басқару ісін тапсырады. Шарт кейде сенімгерлікпен басқарушының мүлікті (акцияны) сату не оны кепілге беру құқығын да көздейді.  

     Жекешелендіру барысында мемлекеттік мүлікті  сенімгерлікпен басқаруға беруге қатысты кейбір заңгерлер сенімгерлікпен басқарушыға аталған құқықтарды беруге қарсы болады. Бұлардың пікірінше, ол меншік иесі болмағандықтан, мүлікті меншіктен алу (шығару) жөнінде мәміле жасауға құқысыз.

     Жекешеліндіруді өмірге әкелген шенеуніктердің пайдакүнемдік іс-әрекеттері фактілері, әдетте, бұған қарсы шығудың себебі болды. Бірақ назарды жекешелендіру ерекшеліктерінен басқа жаққа аударатын болсақ, онда әдеттегі жеке қатынастарда сенімгерлікпен басқарушыға белгілі бір құқықтарды, оның ішінде мүлікті сату, оны кепілге салу және т.б. құқықтарды беру меншік иесінің тәуелсіз құзіреті болады да, тараптардың келісімімен баянды етіледі. 

       Мүлікті сенімгерлікпен басқару  шартының мазмұнын бұлайша түсіну  құқықтың ұқсастығына — меншік  иесі өкілеттігінің абсолюттік  сипатына және шарттың еркіндігіне сүйенді. Мұны қазіргі уақытта АК-ның 888-бабы растап отыр. 
 
 

          2.3  Заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау)  

  • Сот заң  ұғымдарын саралауды (құқықтық саралау), егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, оларға сот елiнiң құқығына сәйкес түсiнiк беруге негiздейдi.
 
  • Егер заң  ұғымдары сот елiнiң құқығына белгiсiз  болса немесе басқа атаумен немесе басқа мазмұнмен белгiлi болса  және сот елiнің құқығы бойынша  түсiндiру арқылы анықтау мүмкiн болмаса, заңдылық ұғымдарды саралау (құқықтық саралау) кезінде шет мемлекеттiң құқығы да қолданылуы мүмкiн. Шетелдiк элемент шиеленiстiрген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиiстi құқықты анықтау.

    

Информация о работе Азаматтық заңдар