Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:48, курсовая работа
АК-ның Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі — 1999 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізілді.
1124 баптан тұратын, Қазақстан Республикасының көлемі жөнінен ең үлкен заң актісі — Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық реттеу нысанасының құрамына кіретін — жалпы ережелер бөліміндегі және жеке институттардың ерекшеліктері бөліміндегі — қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы маңызды барлық азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
Кіріспе........................................................................................................3 бет
I. Негізгі бөлім
1.1 Азаматтық заңдар ұғымы ........................................................5 бет
1.2 Азаматтық заңдардың құрамы...................................................8 бет
2.1 Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары...................14 бет
2.2 Азаматтық заңдардың уақытқа қарай және кеңістікте
қолданылуы..................................................................................................16 бет
2.3 Заң ұғымдарын саралау............................................................26 бет
III. Қорытынды......................................................................................30 бет
IV. Қолданылған әдебиеттер.................
2.2
Азаматтық заңдардың
уақытқа қарай және
кеңістікте қолданылуы
АК-ның
4-бабы азаматтық заң актілері олар
күшіне енгізілгеннен кейінгі қатынастарға
таралады деп көрсетеді. Бұған дейінгі
құқықтық қатынастарға олар пайда болған
сәтте жасалған актілердің зандық күші
таралады.
Егер
осы қатынастар шарттың негізінде пайда
болса, кейінірек шығарылған зандар осы
түрдің шарттық қатынастарына өзгеше
міндеттемелік талаптар көздейтініне
қарамастан, шарттың талаптары күшін сақтайды
(АК-ның 383-бабы).
Азаматтық
заңдардың уақытқа қарай қолданылуы туралы
ережелердің практикалық маңызы мынадай
бірнеше қағидаларға саяды:
Бұл
ережелер "заңның кері күші болмайды"
деген принциптің мазмұнын құрайды.
Алайда
аталған принциптен мынадай кейбір
ауытқуларға жол беріледі, оларды заң
белгілейді:
Ал қазақстандық азаматтық зандардың кеңістікте қолданылуына келетін болсақ, онда бұл жерде бір ғана бастапқы ережені қолдануға болады:
— бұл
заң халықаралық шарттарға
ҚР
Конституциясы 12-бабының 4-тармағына
және АК-ның 3-бабының 7-тармағын6а
сәйкес Қазақстан зандары бұл аумақта
Қазақстан азаматтарына, қазақстандық
заңды тұлғаларға," азаматтығы жоқ адамдарға,
шетелдік азаматтар мен шетелдік занды
тұлғаларға бірдей дәрежеде таралады.
Тікелей заң актілерінде белгіленетін
жағдайларда ғана бұл ережеден ауытқушылық
орын алуы мүмкін.4
Бірақ
бір жағынан алғанда, қатысушылары
қазақстандық, екінші жағынан — шетелдік
құқық субъектілері болатын қатынастар
үшін тәжірибеде өте маңызды проблема
туады, оны терминология тұрғысынан "қолдануға
болатын құқық" проблемасы деп атайды.
Оның шешімі, егер ер түрлі мемлекеттердің
субъектілері қатысатын құқықтық қатынастарда
жанжалдық жағдай туатын болса, ал түрлі
мемлекетгердің зандары мұндай қатынастарды
түрліше реттейтін тұста қай мемлекеттің
құқығы қолданылатынын ажыратуға келіп
саяды.
Проблеманы дұрыс шешудің зор практикалық маңызы бар, өйткені қолдануға болатын құқық туралы даулар, әдетте, шетелдік инвесторлармен немесе сыртқы экономикалық шарттар бойынша шетелдік серіктестермен құқықтық қатынастарда туындайды. Бұл проблеманың шешімі халықаралық жеке құқық деп аталатын азаматтық құқықтық институттың нормаларына сүйенеді.
Қолдануға
болатын құқықты тікелей не заң, не
шарт анықтайды. Заң қолдануға болатын
құқықты, әдетте, шарттан тыс қатынастарға
пайдаланады. Мысалы, халықаралық жеке
құқықтың нормалары шетелдік азаматтың
әрекет қабілетгілігін ол өзі азаматы
болып табылатын елдің құқығы бойынша,
ал шетелдік занды тұлғалардың әрекет
қабілеттілігін — заңды тұлға құрылған
елдің құқығы бойынша анықтауды көздейді.
Мүлікке
меншік құқығы сол мүлік орналасқан елдің
құқығымен, ал мемлекеттік тізілімге (реестр)
енгізілуге тиісті көлік құралдарына
меншік құқығы — көлік құралы тізілімге
енгізілген елдің құқығымен анықталады.
Мысалы, қазақстандық және шетелдік әуе
компаниясының дауына айналған ұшақ Недирландыда
ұсталады. Осы ұшаққа меншік құқығы жөнінде
дау туады. Ұшақ Қазақстанның тізіліміне
енгізілгендіктен, Нидерланды соты дауды
шешуге Қазақстан құқығы қолданылады
деп таныды да, оны қолдана отырып, қазақстандық
әуе компаниясын меншік иесі деп шешті.
Ал
қолдануға болатын құқықтың шарттық
қатынастарға анықтамасына келетін болсақ,
мұнда шешімнің үш нұсқасы болуы мүмкін.
Қолдануға болатын құқық:
Заң,
әдетте, шарттың тараптарына қолдануға
болатын құқықты анықтауға
Мысалы,
қазақстандық фирманың ағылшын фирмасына
металл жеткізіп беру жөніндегі шартты
бұзғаны туралы дау шықты. Дауды Халықаралық
сауда палатасының Халықаралық төрелік
соты (Париж) қарады. Шартта қолдануға
болатын құқық белгіленбеген. Ағылшын
тарабы француз құқығын қолдануды талап
етті. Алайда шарт бойынша сатушы қазақстандық
фирма болғандықтан, төрелік сот Қазақстан
құқығын қолдануға болатын құқық деп таныды.
Заң
арқылы тегеурінді белгіленетін кейбір
жағдайларда тараптардың осы
мәселе жөніндегі келісімдеріне
қарамастан, заң көрсеткен құқық
қана қолданылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан
зандары бойынша, шетелдік занды тұлғалар
мен азаматтар қатысатын бірлескен кәсіпорын
құру жөніндегі шартқа бірлескен кәсіпорын
құылған немесе құрылатын елдің құқығы
қолданылады (АК-ның 1114-бабы).
Қолдануға
болатын құқықты тандауды олардың
арасында туған дау қаралатын сот тараптарының
тандауымен шатастыруға болмайды. Шетелдік
тұлғалар қатысатын шарттардың тараптары
өзара келісімдері бойынша дау шешілетін
төрелік (аралық) сотты тандауға құқылы.
Мұндай
жағдайда көп ретте тараптардың
қалауы бойынша Стокгольмдегі, Париждегі,
Лондондағы немесе басқа жерлердегі төрелік
сот тандалады. Бұл мәселе бойынша келісімге
қол жетпеген кезде, егер осы мәселе жөнінде
заңда тікелей нұсқау болмаса, дау жауапкер
тұратын елдің мемлекеттік сотында шешілуі
мүмкін.
Алайда
дауды қай соттың — мемлекеттік
немесе төрелік, қазақстандық немесе шетелдік
соттың қарайтынына қарамастан, ол
қолдануға болатын құқық
Қазақстандық
және шетелдік серіктестер арасында
туған дауға қатысты сарапшылық
қорытындылардың бірінде былай деп жазылған:
"Іс Қазақстан Республикасы Жоғарғы
сотының қарауына жатады, демек, қазақстандық
құқықты қолдануға болады".
Бұлайша түсіндірудің қателігі айқын — екі ұғымның шатастырылғаны көрініп тұр: істі қарайтын соттың ұйғарымы және істі қарау кезінде сот басшылыққа алуға тиісті қолдануға болатын құқықтың анықтамасы. Тәжірибеден келтірілген мысал осыған дәлел болады. Істің Парижде қаралғанына қарамастан, соттың шешімі Қазақстан Республикасының зандарына негізделді.
Азаматтық заңдардың қолданылуы
Заң өмірде дұрыс қолданылуы үшін ол ең алдымен дұрыс түсінілуі тиіс, яғни керекті нұсқаманың дәлме-дәл мазмұнына толық сәйкестікте түсіндірілуі тиіс. Мұнда норманың ақиқат мазмұны тиісті заң ережесінің мәтінінен көп ретте өзінің ауызша мазмұнын жеткізе алмайтынын ескеру қажет. Мысалы, АК-ның 350-бабы былай деп көрсетеді:
"1.
Міндеттемені бұзған борышқор несие
берушіге оның бұзылуынан туындаған заладың
орнын толтырып беруге міндетті". Норма
жалпыға бірдей міндетгі ереже ретінде
тұжырымдалған. Алайда одан Азаматтық
кодекстің басқа нұсқамаларында тікелей
көзделген ауытқушылықтар болуы да мүмкін.
Мысалы, 351-баптың 2-тармағында былай деп
айтылған "Зандарда немесе шартта залалдарды
емес, тұрақсыздық айыбын ғана өндіріп
алуға жол берілетін жағдайлар көзделуі
ықтимал". Міне, сондықтан да АК-ның
350-бабының 1-тармағынан келтірілген мәтін
шектеулілікпен түсіндірілуі тиіс.
АК-ның 6-бабы азаматтық заң нормаларын түсіндіруге арналған. Ол азаматтық заң нормалары оларда айтылған сөздердің дәлме-дәл мәніне сөйкес түсінілуі тиіс деп тікелей белгілейді.
Мәселен, Қазақстан Республикасының бұрынғы Жоғары төрелік сотының шешімімен жауапкердің талапкермен жасасқан шартты бұзуынан келтірілген залалдардың орнын толтыру жөніндегі талабын қанағаттандырудан бас тартылған.
Бас
тартудың уәжі: шарттың бұзылуынан
келтірілетін шығындардың орнын толтыру
мүмкіндігі шартта көзделмеген. Бұл жағдайда
Жоғары төрелік сот АК-ның 350-бабының 1-тармағының
дәлме-дәл мәнін бұрмалап жіберген, өйткені
тармақтың дәлме-дәл мәніне қарамастан,
құқық бұзушы-борышқордан залалдың орнын
толтыруды талап етуге құқылы. Міне, сондықтан
да залалдың орнын толтыру мүмкіндігі
міндеттеменің бұзылуы үшін жауапкершіліктің
әмбебап шарасы ретінде қарастырылады.5
АК-ның 6-бабының мәтінінен құқықтық норманың мәтініндегі әрбір сөзді әдеттегі әдеби сөйлеудегідей түсіну қажеттігі туындайды. Алайда кейбір заң терминдерінің сөздің жалпы түсінілуімен үйлеспейтін өзіндік мазмұны болады. Мысалы, әдеттегі түсінуде "жауапкершілік" ұғымы көбіне белгілі бір әрекеттерді жасау міндеті ретінде қарастырылады. Заң тұрғысыңда (оның ішіңде — АК нормаларында), "жауапкершілік" дегеніміз — бұл өзінің заң жүзіндегі міндеттерін бұзған адамға ол үшін қолайсыз болатын (мысалы, тұрақсыздық айыбын) өндіріп алу шараларын қолдану. Әдеттегі түсінуде "несие беруші" сөзімен біреуге ақшалай қаражатты қарыз беруші адам белгіленеді, ал "борышқор" дегеніміз — алған ақшасын қайтаруға міндетті адам.
Азаматтық
кодексте "борышқор" дегеніміз —
бұл несие берушінің талап етуі бойынша
занда немесе шартта анықталған ақшалай,
сондай-ақ ақшалай емес сипаттағы әр түрлі
іс-әрекеттерді (мысалы, жұмысты орындау,
белгілі бір мүлікті заттай беру) жасауға
міндетті адам, ал "несие беруші"
— аталған іс-әрекеттерді жасауды талап
ететін адам.