Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:48, курсовая работа
АК-ның Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі — 1999 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізілді.
1124 баптан тұратын, Қазақстан Республикасының көлемі жөнінен ең үлкен заң актісі — Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық реттеу нысанасының құрамына кіретін — жалпы ережелер бөліміндегі және жеке институттардың ерекшеліктері бөліміндегі — қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы маңызды барлық азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
Кіріспе........................................................................................................3 бет
I. Негізгі бөлім
1.1 Азаматтық заңдар ұғымы ........................................................5 бет
1.2 Азаматтық заңдардың құрамы...................................................8 бет
2.1 Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары...................14 бет
2.2 Азаматтық заңдардың уақытқа қарай және кеңістікте
қолданылуы..................................................................................................16 бет
2.3 Заң ұғымдарын саралау............................................................26 бет
III. Қорытынды......................................................................................30 бет
IV. Қолданылған әдебиеттер.................
Ресей
Федерациясының Модельдік Азаматтық
кодексі мен Азаматтық кодексі
"заң актісі" терминінің орнына "заң"
терминін қолданатынын атап көрсету керек,
бұл, біздің пікіріміз бойынша, осы терминді
бұлыңғыр ете түседі.
РФ
АК-ның 3-бабы зандардың құрамына Федерация
Президенті мен Үкіметінің нормативтік
актілерін енгізбейді, олар заңға төуелді
нормативтік актілердің жалпы ұғымы ішінде
қала береді.
заң
актілеріне сілтеме жасау тиісті
норманы тек Парламент немесе
Президенттің заң күші бар жарлығы
қабылдай алатынын білдіреді (АК-ның 8-бабының
2-тармағы). Егер зандарға сілтеме жасалатын
болса, онда тиісті норма Президенттің
Жарлығында да, не Үкіметтің қаулысында
да болуы мүмкін.
Заң кейде ұйғарымның императивтік сипатын арнайы атап көрсетеді. Мәселен, АК-ның 2-бабының 2-тармағында былай деп жазылған:
"Сенімхатты
берген адам сенімхаттың немесе сенім
ауысуының күшін кез келген уақытта жоя
алады, ал сенімхат берілген адам одан
бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту
туралы келісім жарамсыз болады".
Ал
азаматтық заңдардың
Азаматтық
зандардың толып жатқан актілерінің
ішінен іргелі және жүйе түзуші заң актісі
— Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексін бөліп көрсету керек.
АК-ның
Жалпы бөлімі 1995
ж. 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі —
1999 ж. 1 шілдеден
қолданысқа енгізілді. 1124 баптан тұратын,
Қазақстан Республикасының көлемі жөнінен
ең үлкен заң актісі — Азаматтық кодекс
азаматтық-құқықтық реттеу нысанасының
құрамына кіретін — жалпы ережелер бөліміндегі
және жеке институттардың ерекшеліктері
бөліміндегі — қоғамдық қатынастардың
барлық салаларындағы маңызды барлық
азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып,
жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық
құқықты біртұтас, үйлестірілген құқық
саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
Ал бұл, өз кезегінде, Азаматтық кодекстен
басқа заң актілерінде қамтылған азаматтық-құқықтық
нормалардың оған қайшы келмеуін талап
етеді, АК-ның 3-бабының 2-тармағында бұл
жөнінде тікелей айтылған.
АҚ-ның
өзінде көрсетілген қоғамдық қатынастардың
белгілі бір саласын реттеу ерекшеліктерін
актілердің үйлесімсіздігінен айыра
білу керек. Мәселен, АҚ-ның 1-бабының 3-тармағы
және 3-бабының 2-тармағы мынаны көздейді:
азаматтық, отбасылық және еңбек қатынастарын,
сондай-ақ табиғат ресурстарын пайдалану
және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
қатынастарды құқықтық реттеу ерекшелікгері
тиісінше отбасылық, еңбек және т.с.с. зандарда
баянды етіледі, олар бұл тұрғыдан алғанда,
АҚ-ның нормаларынан басымдылыққа ие болады.
Азаматтық
және банк заңдарының арақатынасы белгілі
бір өзгерістерге ұшырады. ҚР Президентінің
1995 ж. 31 тамыздағы заң күші бар
жарлығымен АҚ-ның 3-бабының 3-тармағына
өзгеріс енгізілді, ол бойынша азаматтық
және банк зандары арасында туатын қарама-қайшылықтарда
банк зандарына басымдылық берілді. АК-ның
бұлайша өзгеруі азаматтық және құқықтың
өзге де салалары арасындағы межелену
принципін айқын бұзып тұрды. Сондықтан
1998 ж. 2 наурыздағы Заң арқылы АК-ның 3-бабының
3-тармағының қазіргі қолданыстағы редакциясы
қабылданып, бұл принциптерді қалпына
келтірді. Қолданыстағы редакцияға сәйкес,
жария құқық қамтитын вертикальдық банк
қатынастарын банк зандары реттеп отырады,
ал банктердің өз клиенттерімен горизонтальдық
қатынастарын, сондай-ақ банк клиенттері
арасындағы банк арқылы қатынастарды
— азаматтық заңдар реттейді.
АК-ның
3-бабы азаматтық қатынастарды әдеттер
арқылы реттеуге жол береді, мұнда
әдеттер ретінде осы жерде, халықтың осы
этникалық (әлеуметтік) тобында қалыптасқан,
азаматтық-құқықтық реттеумен қамтылған
мінез-құлық ережелерін түсіну керек болар.
АК
"әдеттер" ұғымынан іскерлік айналым
әдеттерін, яғни кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыру барысында қалыптасқан ережелерді
(мысалы, сатып алынған тауарларды жеткізу
шығындарын әр түрлі мемлекеттерде тұратын
сатушы мен сатып алушы арасында бөлу
туралы) бөліп көрсетеді.
Іскерлік айналымның барынша маңызды және кең таралған әдеттері көбіне қағазға түсіріліп, жүйеленеді, жарияланады және қолдану үшін ұсынылады. Мысалы, Халықаралық сауда палатасы жасап шығарған Сауда терминдерін түсіндірудің халықаралық ережелері — "Инкотермс" ережелері тауарларды халықаралық жеткізіп беру саласында кеңінен белгілі. Бұл, шын мәнінде, тауарларды жеткізіп беруші мен сатып алушы арасында тауарларды жеткізу жөніндегі міндеттерді бөлетін іскерлік айналым әдеттері.
Тауарларды тасымалдауға, олардың шекаралардан, кедендік ресімдерден өтуіне, сақтандыруға және т.с.с. байланысты шығындарды болу де осында баяндалады.
Мұндай әдеттер тұтас жинақтар түрінде жарияланып, оқтын-оқтын қайта қаралады және нақтыланады, беделді органдардың қолдануы үшін ұсынылады. Мысалы, FОВ (FREE ON BOARD) терминіне сәйкес, шығындар мен тәуекелдің тауарларды жеткізіп берушіден сатып алушыға өтуі тауарларды портта осы тауарларды тасымалдауға тиісті кемеге тиеуден басталады. CIF (COST, INSURANCE, FREIGHT) термині сатып алынған тауарларды жеткізу жөніндегі барлық шығындарды жеткізіп берушіге жүктейді және т.с.с. сатып алу-сату шартын жасаса отырып, тараптар өзара келісім бойынша осы терминдердің (СІF, FОВ, DAF, ЕХ" және басқалары) біреуін талдай алады. Шартты орындауда көрсетілген термин ережелері тараптар үшін міндетті болады.
Әдеттер
(іскерлік айналым әдетгері) заңға немесе
шартқа қайшы келмейтін жағдайда АК-ның
3-бабы оларды қолдануға жол береді. Сонымен,
әдеттер заңға бағындырылған және диспозитивтік
сипатта болады.
Қазақстан
Республикасы мойындаған әрі өзі
қатысушысы болып табылатын халықаралық
құқық нормалары бойынша барлық
халықаралық шарттар (конвенциялар) Қазақстан
зандары алдында басымдылыққа ие болады.
Бұл халықаралық шарт пен Қазақстанның
заң актілері арасында қарама-қайшылықтар
туатын жағдайда халықаралық шарттың
нормалары қолданылуы тиіс дегенді білдіреді.
Мұнда Қазақстан Республикасы бекіткен
мемлекеттер арасындағы шартты халықаралық
шарт деп түсіну керек.2
Кейде ҚР Үкіметінің әр түрлі шетелдік корпорациялармен жасасатын түрлі үкіметаралық немесе ведомствоаралық келісімдері бұған жатпайды.
Бұл
секілді келісімдер АК-ның 3-бабының
7-тармағына сәйкес келетін
халықаралық шарттар болып табылмайды,
сондықтан қазақстандық азаматтық заңдардың
императивтік нормаларына бағынуы тиіс.
Қазақстан
Республикасы құрамына азаматтық құқықтың
нормалары енгізілген көптеген халықаралық
конвенңиялар мен екі жақты шарттардың
қатысушысы болып табылады. Мысалға, халықаралық
жүктерді тасымалдау шарты туралы Конвенцияны,
Еуразия патенттік конвенциясын, Женевалық
вексель конвенцияларын, Күрделі қаржы
жұмсауды мадақтау және өзара қорғау туралы
Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы
шартты, Сауда қатынастары туралы Қазақстан
Республикасы мен АҚШ арасындағы Келісімді
және басқаларын атауға болады.
Халықаралық
шарттың ұлттық заңнан басымдылығы
туралы ереже 1969 ж. 23 мамырдағы Халықаралық
шарттар құқығы туралы Вена конвенциясынан
туындайды, ҚР оған ҚР Жоғарғы Кеңесінің
1993 ж. 31 наурыздағы Қаулысы бойынша қосылған
болатын.3
ҚР
аумағында бұрынғы КСРО заңдарының
қолданылуы жөніндегі мәселе әлі
де толық шешілмеген. ҚР тәуелсіздік
алған алғашқы жылдары, егер олар Қазақстан
зандарына қайшы келмейтін болса, республикада
КСРО зандары қолданылатын: ҚР Жоғарғы
Кеңесінің 1993 ж. 30 қаңтардағы "Экономикалық
реформалар жүргізу кезеңінде азаматтық-құқықтық
қатынастарды реттеу туралы" Қаулысымен
КСР Одағы мен одақтас республикалардың
Азаматтық заң негіздері ҚР азаматтық
зандарының жүйесіне енгізілген болатын.
Қазіргі
уақытта жағдай өзгерді: республикада
мемлекеттік реттеуді қажет ететін
қоғамдық қатынастардың басым көпшілігін
қамтитын өзінің кең құқықтық жүйесі
құрылған. Сондықтан ҚР Конституциясының
4-бабы Қазақстанның қолданыстағы құқығының
негізгі элементтері арасында бұрынғы
КСРО зандарын атамайды.
Белгілі
бір қатынастарды реттеуде Қазақстанның
нормативтік актілерінде
Конституцияның
4-бабы Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы
Соттың нормативтік Қаулыларын Қазақстанда
қолданылатын құқыққа жатқызады.
ҚР
Конституциялық Кеңесі өзінің нормативтік
қаулыларымен, әдетте, жаңа құқықтық нормалар
шығармайды, Парламенттің жаңа заң нормаларын
қабылдауын мақұлдайды не қазіргі қолданыстағы
(оның ішінде — азаматтық-құқықтық) заң
актілеріне, ең алдымен олардың ҚР Конституциясына
сәйкестігіне міндетті түсіндірме береді.
Мәселен, ҚР Конституциялық Кеңесінің
1996 ж. 2 желтоқсандағы №8 Қаулысы банктер
мен банк емес қаржы мекемелерінің акцияларын
мәжбүрлеп сатып алу мүмкіндігін белгілеген
АК-ның 86-бабының 6-тармағының қосымшасын
занды деп таныды, ал Конституциялық Кеңестің
1996 ж. 8 шілдедегі №2/1 Қаулысы Парламент
депутаты үшін қызметтің кәсіпкерлік,
шығармашылық және басқа кейбір түрлерімен
шұғылдану мүмкіндіктері немесе оған
шектеулерге қатысты АК-ның 10 және 34-баптарының
мазмұның түсіндірді.
ҚР
Жоғарғы Соты Пленумының бірқатар қаулылары
азаматтық зандарды қолдану тәжірибесіне
арналған және айқын тұжырымдалған
құқықтық ережелер не әр түрлі заң
актілерінде қамтылған
Мысалы, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының
1996 ж. 25 шілдедегі "Соттардың
2.1 Қазақстан Республикасының
азаматтық заңдары
.