Азаматтық құқықтық жауапкершілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 05:14, курсовая работа

Описание работы

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі. . . . . . . . . . . . . . . . ...5
1.2. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер....16
1.3 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары . .. .. .21
1.4 Жауапкершілік түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . 28
1.5 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік. . . ............36
ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . .40
2.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .42
2.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . 46
2.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .54
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .....55
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . 57
Библиографиялық тізім.............. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59

Работа содержит 1 файл

дипломдық.doc

— 260.00 Кб (Скачать)

       Сақтау  қызыметімен байланысты ұйым мүліктің зақымдану немесе кемшілігі бой  бермейтін күштің әсерінен  болмаса, жауапкершіліктен босаылады.            

       Алайда  азаматтық заңдылықпен бекітілгендей кінәсіне тәуелсіз жауапкершілікті белгілеу шексіз емес.Кейбір жағдайларда егер талапкердің қасақана әрекетінен болса жауапкершіліктен босатылады.Мысалы,көтеріңкі қауіп қайнар көзінің иесі егер зиян талапкердің қасақана әрекетінің салдарынан болғандығын дәлелдей алса,жауапкершіліке тартылмайды.Көп ретте бой бермейтін әрекеті орын алса жауапкершілік қолданылмайды.

       Ежелден тыс СССР – дің әуе кодексінің 101- бабына сәйкес самолетті қондыру, ұшыру кезінде жолаушыға  келтірілген  зиян үшін бой бермейтін күшке қарамастан әуе  транспорт кәсіпорын жауапгершілікке тартылады. Осыған байланысты оқиға  және бой бермейтін күшті ажыратып алуымыз қажет.

       Оқиға – бұл алдын-ала ешкім көру мүмкін емес жағдай. Егер орқиға орын алса, онда кінәнің да болуы да мүмкін емес. Алдын-ала көріп білуге мүмкін болмағандықтан, оқиға субъективті қарсы тұра алмаушылығымен сипатталады. Сонымен қатар тарап болатын оқиға туралы білсе, онда оның алдын- алуға мүмкін болар еді. Мысалы, сауда ұйымы халықтың әкелінген тауарға сұраныстың төмендейтінін білген болса, онда өзінің сауда айналымын тоқтатпас үшін басқа тауар әкелетін еді.

         Егер оқиға субъективті алдын-ала  алмаушылық тән болса, бой бермейтін  күшке объективті алдын алмаушылық  тән. Оны көріп білу ғана  емес, сонымен бірге оның алдын алуға  мүмкіндік болса, да оған тараптың іс-әрекеті жеткіліксіз. Мысалы, кеме жүк тасымалдау міндеттемесіне сәйкес жүк иесі тиісті күнде жеткізе алатындағын білсе де,  сол күні теңізде дауыл болуына байланысты жеткізе алмауы.

          Бой бермейтін күші ретінде табиғат құбылыстарын жатқызамыз (жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл т.б.) сонымен қатар қоғамдық  құбылыста(әскери іс-әрекет, көтеріліс, міндеттемеде көзделген іс-әрекетке тиым салушы құзретті билік органдарының бұйрығы және т.б.). Алайда міндеттемені орындауда бой бермейтін күштің белгілі болуы үшін оған төтенше және жоя алмаушылық белгілері тән осы аталған екеуін біреуі жоқ болса, онда тиісті міндеттеме бой бермейтін күш ретінде саналмайды. Жыл мезгілдеріне ауысуына жоя алмаушылық тән, алайда ол төтеншілік белгісі жоқ әдеттегі құбылыс. Сондықтан берілген жағдай бой бермейтін күшінде саналмайды. Бой бермейтін күш ретінде кісі өлімін қарастыруға болмайды, өйткені оның төтенше қасиеті жоқ.

         Бой бермейтін күшке берілген  мысалдағыдай төтеншілік және жоя алмаушылық қасиеті тән. Ал басқа жағдайларда міндеттемені орындау  кезінде тарапқа бой бермейтін күш әсер етуі мүмкін, ал кейбірінде міндеттемені орындауға кедергі болатын әдеттегі құбылыс ретінде қарастырылады. Дауыл туралы хабарлаған кезде кеме теңізге шығып кеткен болса және жақын жердегі портқа келе алмаса онда дауыл бой бермейтін күш болып табылады.

         Егер кеме иесі  дауыл  туралы  хабарлаған  кезде  портқа жақын   болса,  және тиісті шаралар   қолданбаса, онда  бой  бермейтін   күш   ретінде    қарастырылмайды. Орман өрті өрт сөндіруге құралы жоқ тарапқа бой бермейтін   күш   ретінде   саналады,  ал   өрт   сөндіру   құралы бар тарапқа    бой   бермейтін   күш   ретінде қарастырылмайды. 

       Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен байланысты бой  бермейтін күш түсінігі туралы пікірлер  көбеюде. Бұрынғы бой бермейтін күш ғылым және техника жетістіктеріне байланысты төтеншелік белгісі болып немесе     жоя алмаушылық   белгісінің    бірі  ретінде саналып,  бой бермейтін   күш маңызын жоғалтып   отыр. Мысалы: найзағай бұрын бой бермейтін күш   ретінде саналған. Қазір техника жетістіктеріне   байланысты  азаматтық   қатынасқа    қатысушылар   оны   бой бермейтін    күшке   жатқызбайды. 
 
 
 

2.4.  Зиян

       Зиян  -  заңмен  қорғалатын  игілік атаулының кемуі. Егер зиян  мүліктік  сипат алатын  болса,   оны   залал   деп  атайды.  Залалдың  ақшалай    баламасы  шығын   деленеді.   

       Азаматтық кодекстің 9-шы  бабында  құқығы  бұзылған  адам, егер   заң мен  шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды   толық  қалпына   келтіруді  талап  ете алатындығы  бекітілген. Залалдың орнын   толтыру   жөніндегі норма  императивті тұрғыда  келеді, ол барлық  азаматтық   құқықтық қатынастарға жүреді  және жақтардың шартында шығынды  келтіру қаралды  ма,  жоқ  па,   оған   қарамай  әрекет  ете  береді. 

       Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік     органының заңдарға сай келмейтін  құжат шығаруы, сондай-ақ осы  органдардың  лауазымды адамдарының әрекеті  (әрекетсіздігі) салдарынан    азаматқа  немесе  заңды  тұлғаға Қазақстан  Республикасы немесе тиісінше    әкімшілік     аумақтық   бөлініс  өтеуге  тиіс.

       Залалдар   мынадай  екі  түрге  бөлінеді:

       1) Құқығы бұзылған тұлға жасаған  немесе жасауға  тиісті   шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы   немесе зақымдануы  (нақты  нұқсан);

       2)  Сол   тұлғаның  құқығы  бұзылмаған  болса,  дағдылы  айналым   жағдайында  болатын, бірақ   алынбай  қалған   табыстары    (айрылып  қалған   пайда).

       Мысалы: тасымалдау шарты бойынша мүлік  бүлінсе немесе    зақымдалса, онда тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде   шығынын   төлейді.  Ал айырылып қалған пайдаға, мәселен, азаматқа  жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші    жоғалтқан немесе анық иелене алатын табыс, сондай-ақ денсаулыққа       зақым келтіруден   туындайтын  шығындар (емделуге,   қосымша тамақтануға т.б.)   жатады.

       Егер  құқықты  бұзған тұлға  кейін  кіріс  түсіретін болса, онда  құқығы  бұзылған  тұлға өзге  де  айырылып қалған пайдасымен  қоса түсуге  тиісті   кірістен  кем емес  мөлшерде  орын алған залалды қалпына келтіруді талап ете алады.  

       Мүліктік  емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық  ауруына байланысты моральдік адамгершілік зардап, іскерлік беделге     келетін  залал,   біреудің  атын  пайдаланып  оған  залал  және  т.б.  жатады.  

2.5.   Азаматтық –құқықтық    жауапкершілік     тұтынушылардың   құқығын   қорғау  құралы.

       Тұтынушылардың  құқығын қорғау  ретінде   мүліктік     жауапкершілік   ерекше  орын  алады.  Нарықтық экономикаға өтуімізге  байланысты мүліктік     жауапкершіліктің ролі артып келеді. Оның негізгі мақсаты құқығы  бұзылған  тараптың мүліктік   сферасын    қайта   қалпына   келтіру   болып   табылады.    

       Азаматтық-құқықтық жауапкершілік юридистикалық жауапкер-шіліктің бір түрі. Осыған байланысты оған юридистикалық жауапкершілік   белгілері тән. Құқық бұзылған кездегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары  ретінде  жауапкершілік  кеңінен  таралған.   

       В.П.Грибановтың  пікірі бойынша мүліктік жауапкершілік   мемлекеттік   және   қоғамдық     ұйымдардың    мәжбүрлеу    формасы.       

       Тұтынушылардың   құқығын   қорғау  құралы  ретінде  азаматтық –құқықтық жауапкершілікті  қарастыра отырып оның қызметін анықтап  алуымыз қажет. Әдебиеттерде азаматтық-құқықтық жауапкершілік   компенцациялық  сипатта  кеңінен  таралған.

       Нарықтық  экономикасы таралған елдерде дайындаушының     шығарған затының кемшілігі арқылы келтірген зияны үшін тікелей  жауапкершілік шектелген.  Англо-американдық   құқықтар  деффектілі  өнімді  шығарғаны  үшін  жауапкершілік  прецедент  ретінде  қалыптасады.

       Қызмет  көрсетуі  кезінде келтірілген  зиян  үшін  жауапкершілік  жұмысшылар немесе  ұйым  мүшелерінің  қызметінің  нәтижесінде   құқыққа   қарсы  іс-әрекетінде  пайда  болады. Ұйым  тек  қана  оның   қызметкерлерінің   немесе   жұмысшыларының  ұйым   тапсырмасын    орындау  кезінде  ғана   іс-әрекетіне  жауап  береді. Ұйым   қызметкерлері мен  мүшелері   талапкерлер  алдында  еңбек  құқығының нормалары  негізінде  жауап  береді.  Мүліктік   залал   келтірілген  ұйымның кінәсі  мен юридистикалық    міндеттемені   бұзу  арқылы келтірілген зиян арасында себепті байланыс болуы қажет.     Азаматтық заңдылыққа сәйкес келтірілген зиян үшін ұйымды      жауапкершіліктен   босату    оның   кінәсінің   жоқ   болуымен   байланысты.   

       Азаматтық құқықта келтірілген зиян үшін   жауапкершілік   объективті  болып  табылады.   Халықтың   денсаулығы  мен  қауіпті    тауарлар  шығару  және қызмет көрсету жауапкершіліктің  ерекше  түрін  көрсетеді.  Азаматтық  –құқықтық жауапкершілікте халықтың денсаулығы мен өміріне қауіпті  тауар   шығару және қызмет көрсетуден пайда болған келтірілген зиян үшін      жауапкершіліктен босатылмайды. Басқа сөзбен айтқанда бұл  жауапкершілік   түрі  абсолютті.

       Тағы  да маңызды сұрақ етінде тұтынушылардың құқығымен  байланысты мүліктік жауапкершілікпен қатар моральдік зиян өтеу  қолданылады. Ұзақ уақыт бойы советтік құқық ғылымында моральдік     зиянды өтеу буржуазиялық   құқықтың    белгісі  ретінде   қалыптасып  келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

       Нарықтық  экономикаға өтуімізге байланысты азаматтық  құқықтық     жауапкершіліктің  ролі  артып  отыр. Қазақстан   тәуелсіздік   алғаннан   кейін     өзін   демократиялық,  құқықтық,  зайырлы мемлекет  құруды алға мақсат етіп   қойды. Ал құқықтық мемлекет құру заңдылықты оқу, білу және заң  бұзушылыққа жол бермеу қажет. Заң бұзушылықты болдырмау үшін    жауапкершілікті   қолданамыз.

       Қылмыстық құқыққа қарағанда азаматтық  құқықтық  жауапкершілік жиі қолданылады. Жауапкершілік мемлекеттік   мәжбүрлеу  шарасының   түрі.      Сондықтан мемлекет тарапынан шығарылатын заңдар, нормативті     құқықтық актілерді   жауапкершілік   шегі  көрсетіледі. 

       Сонымен қатар жауапкершілікті үлесті, солидарлы  және     субсолидарлы деп  бөлудің өзіндік  себептері  бар. Несие  берушінің құқығын      қорғауда жан-жақты қарастырылып отырған жауапкершілік түрлерінің     маңызы артады. Яғни несие берушінің құқығы бұзылған кезде       борышқордың кез   келгенімен өндіріп  алу  артықшылығы     туындайды.  

       Қылмыстық  заңда  көрсетілгендей кінәсіз адамды жауапкершілікке      тартуға  болмайды.  Қашан  соттың  үкімі   шықпағанынша  ол кінәсіз  деп    танылады. Осыны кінәсіздік презумпциясы дейді. Ал азаматтық      заңдылықта кінәсіздік презумпциясы қолданылмады. Борышқордың      кінәсін бар-жоғына  қарамастан  келтірілген зиян  үшін  несие берушінің  алдында  жауап  береді. Бұл  да азаматтық құқықтық  жауапкершіліктің  артықшылығын көрсетеді. Азаматтық Кодексте көрсетілгендей      материалдық және материалдық емес игіліктер заңмен қорғалады.     Материалдық  емес  игіліктерге азаматтың рухани залалын айтуға  болады.       Ал несие  берушінің  жеке   басына, денсаулығына  зиян   келсе, онда    рухани      залал     орын    алады.    Онда     екі   залал   да     өтелуі  тиіс.

       Азаматтық құқықтық жауапкершілік шартты және шарттан тыс      жауапкершілікті белгілейді. Шарттан тыс жауапкершілік шартты      жауапкершілік  көзделмеген   кезде  туындайды.   

       Азаматтық  құқықтық  жауапкершілік  құқық  бұзушылық  алдын  алу    шарасы. Жауапкершілікке тартылатынын білген борышқор құқық    бұзушылыққа жол бермейді. Тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік      қызметті жүзеге асыруға кеңінен жол ашады. Бұл ретте Президент      тарапынан бірнеше игі  шаралар  жасалды. Атап айтқанда,  «Кәсіпкерлік    қызмет» туралы  Президент Жарлығы. Көбіне  кәсіпкерлік жүзеге асырғанда   азаматтардың құқығына  нұқсан  келеді. Кәсіпкердің жаупкершілігі ол    кәсіпкерлік қызметті  орындауда тәуекелге буған кезде пайда болады.

       Азамматтық  құқықтық жауапкершілікке тарту  үшін оның     шарттарына  сүйенеміз. Жауапкершілікке  тарту  үшін  осы шарттардың  бар  болуы жеткілікті. Бұл шарттар туралы жоғарыда біз айтып өттік.   Азамматтық  құқықтық   жауапкершілік   мағынасы   жылдан  -  жылға   арта  береді. Осы  түсінік  туралы пікірлер тәжірибеде және теорияда  ғалымдардың     жаңа    түсініктерін   қалыптастыруға    бастау   болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Азаматтық құқықтық жауапкершілік