Азаматтық құқықтық жауапкершілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 05:14, курсовая работа

Описание работы

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі. . . . . . . . . . . . . . . . ...5
1.2. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер....16
1.3 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары . .. .. .21
1.4 Жауапкершілік түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . 28
1.5 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік. . . ............36
ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . .40
2.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .42
2.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . 46
2.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .54
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .....55
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . 57
Библиографиялық тізім.............. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59

Работа содержит 1 файл

дипломдық.doc

— 260.00 Кб (Скачать)
fy">       С.Н. Братусь жауапкершілік деп мемлекеттік  немесе қоғамдық      мәжбүрлеу  шараларын,  сонымен қатар  борышқордың  өзіне жүктелген      міндеттемені  орындауын    түсіндіреді.

       Қорғау  шаралары ретінде құқық бұзушылықтың  алдын алу және     тоқтату, ал егер ол болмаса жағдайды  қалпына  келтіру санкция түрлерін       жатқызуға болады. Бұндай қорғау шараларына құқықты мойындау:      міндеттемені орындауға  мәжбүрлеу, дау туғызған мәмілені  жарамсыз   деп  тану, құқық бұзатын жағдайды қалпына келтіру және т.б. жатады.    Азаматтық құқықтың жауапкершілікте осындай тұжырымға келу құқық     бұзушының   кінәсінен     тәуелсіз    жүзеге  асырылуы    мүмкін. 

1.2.  Азаматтық –құқықтық     жауапкершілік     түсінігі    туралы   пікірлер.

       «Жауапкершілік» термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық    жауапкершілікті  кездестіруге   болады.

       «Әлеуметтік  жауапкершілік»  түсінігі жалпылама  ұқсас. Онымен     қоғамдағы  болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі  қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік  - тек  әлеуметтік  жауапкершіліктің түрі  ғана.

       Алайда  әлеуметтік   жауапкершілік  ерекше  мағынаға ие  болып,       әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы       жауапкершілік    түсінігіне    ұқсастыруға  тырысады. В.А. Тархованың  пікірі  бойынша: «өзінің  істеген әрекетіне  жауап  бере  отырып  міндеттеменің  реттелу құқығы- юридистикалық  жауапкершілік », -дейді. Юридистикалық жауапкершіліктің   осындай   түсінігі  жауапкершілік түсінігін шектен  тыс үлкейтіп,   оның  тәжірибелік мағынасынан айырады.

       Қоғамдық  өмірде «рухани жауапкершілік» категориясы  үлкен маңызға ие. Ол  ұнамдылықты  бұзу   нормасымен   байланысқан   және  қоғамға  жат  қылықты  қоғамдық  айыптау  түрімен  ерекшеленеді. Әдебиеттерде  және  заңдылықтарда  «экономкалық  жауапкершілік» түсінігі   екі  түрлі   мағынада  қолданылады. Барлығынан  бұрын  ол  «Мүлікті  жауапкершілік»  түсінігімен  астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық  экономикаға өтуімізге және әкімшілік  халықтық әдістің экономикалық  әдіске  өту,осындай түсінікті құқыққа сиымды етіп  көрсетеді. Яғни нарықтық  қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпаламен  экономикалық әдістердің заңмен бекітілуі «экономикалық жауапкершілікті» құқық  бұзушыға мүліктік ықпал ету шарасы ретінде  экономикалық  жауапкершілікті  юридистикалық  жауапкершіліктің  бір  түріне  айналдырады.

       Заң әдебиеттерінде «экономикалық жауапкершілік» түсінігіне  юридистикалық  жауапкершіліктің  ерекше  бір  түрі  ретінде  қатыстыруға  тырысады.

       Бұл  жағдайда  әкімшілік-құқықтық  шара  туралы  сөз  болып,   ал  азаматтық  құқықтық  жауапкершілік  түсінігі  қарастырылмады. Алайда, нарықтық  экономика   жағдайында  «экономикалық  жауапкершілік »  түсінігі   мағынасын  жоғалтады.Азаматтық-құқықтық  жауапкершілік  юридистикалық   жауапкершілікті құрайтын,  өзіне  тиісті   барлық  белгісімен   юридистикалық  жауапкершіліктің  бір  түрін  құрайды.

       Юридисдикалық  жауапкершілік  үшін  оған   негізгі  төрт  белгі  тән: юридистикалық  жауапкершілік  құқық  нормасын  бұзушыға қолданылатын  мемлекттік  мәжбүрлеуге  ықпал  ететін  шаралардың  тек  бір  түрі;  екіншіден, ол  құқықтың бұзылуына жол  берген  тарапқа  ғана  қолданылады;  үшіншіден,  құқық  бұзушыға   тек  қана  мемлекеттік  немесе  басқа  құзіретті орган қолданады; төртіншіден, жауапкершілікті қолдану үшін   юридистикалық жауапкершілік болып табылатын құқық бұзушыға  қолданатын  санкция  заңымен  белгіленуі  керек.

       Юридистикалық  жауапкершілік  құқық  бұзушыға  қолданатын  мемлекеттік  мәжбүрге  ықпал  ету   шараларының   ерекше  бір  түрі  ретінде  саналады.   Сонымен  қатар  адамдардың  іс-әрекетіне  әсер  етет ін   басқа  да  тәсілдермен  ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мәжбүрлеуші  шара  -ретіндегі реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық   жауапкершілік  бола  алмайтын  оперативті  ықпал   ету  шаралары  болып  табылады.

       Жоғарыда  көрсетілгендей юридистикалық жауапкершілікті  азаматтық  құқықта  ерекшеліктері  бар.  Бұл  қасиеттер  қоғамдық  қатынасты  реттеуші  азаматтық  құқықтық пәні  және  әдісі  ретінде,  сонымен  қатар  жалпы  құқық  жүйесі   ретінде   азаматтық  құқықтың   қызметін   атқарады.

       Азаматтық  құқықты  реттейтін  ерекше  қатынастар  секілді    мүліктік   сипатқа  ие   болып,   мүліктік   қатынастарды   қүрайды.  Азаматтық   қүқық бойынша   жауапкершілік  қүқық   бұзушыға   қолданылатын  экономикалық  ықпал  ету  қызметін  орындай  отырып,  қоғамдық   қатынастарды   реттейтін  экономикалық   әдістерінің  бірі  болып  табылады.

       Бірақ  азаматтық  құқық  жеке  мүліктік  емес  қатынастарды,  сонымен   қатар тікелей  мүліктік  емес  қатынастарды  да  реттейді.Осы  уақытқа   дейін  жеке  мүліктік    емес   қатынастарды  бұзу мүліктік  сипатта    болады    деген      пікір  қалыптасты. Яғни  ол үшін  жауапкершілік мүліктік сипатта   болмауы    тиіс.

       Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп  жағдайларда азаматтардың     немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құқықтарын  бұзу,  тиімсіз     мүліктік   сипаттағы   жауапкершілікке әкеліп  соғуы мүмкін.

         Сонымен, азамат туралы жалған  мәлімет  жариялау, оған жұмысқа       тұруға немесе кәсіпкерлік қызметпен  айналысуға қиындық тудыруы   мүмкін.     Сондықтан жаңа  заңдылық бойынша жәбірленушіге жалған мәлімет     жариялау  арқылы   келтірілген рухани залалды өтеу құқығына  ие   болады.     Ал азаматтар  үшін құқыққа қарсы іс-әрекет арқылы  келтірілген  физикалық     кемсітушілікті    өтетуге    құқылы.     

       Азаматтық  Кодекстің   1-ші      бабында      былай    деп    көрсетілген:

       1. Азаматтық заңдармен тауар–ақша  қатынастары және     қатысушылардың  теңдігіне  негізделген өзгеде  мүліктік қатынастар,    сондай-ақ  мүліктік қатынастарға байланысты  мүліктік емес жеке қатынастар    реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың  қатысушылары      азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық       бөліністер   болып    табылады.

       2. Мүліктік қатынастарға байланысы  жоқ мүліктік емес жеке      қатынастар азаматтық заңдармен  реттеледі, өйткені оларды бұзу құқық      бұзушыға  мүліктік сипаттағы  жауапкершілікке  әкеп соғады.

       Ал  заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық  Кодексінің    44-бабында  көрсетілгендей, меншік иесі  қаржыландыратын  мекемелер мен       қазыналық  кәсіпорындардан  басқа  заңды тұлғалар өз міндеттемелері      бойынша  өзіне  тиесілі  барлық мүлікпен жауап  береді.

       Меншік  иесі қаржыландыратын мекеме немесе қазыналық кәсіпорын      өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі  ақшалай қаражатпен  жауап береді.  Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері  бойынша  тиісті мүлікті меншіктенуші жауапты  болады.

       Азаматтық құқық тауар иелерінен тәуелсіз және тең құқықты қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық қатынас міндеттеме бұзылған  жағдайда  екіншісіне жүктейтін  тең құқылы талаптар  арасында  құрылады. Азаматтық талап  жауапкершілікте  болу  фактісін  көрсетеді.

       Талапкердің пайдасына өндірілетін құқық  бұзушыға  жүктелетін     мүліктік санкциялар  қолданылады. Алайда кейбір жағдайларда  құқық    бұзушы  зиян  келтіріп  қана   қоймай арам ниетпен жасалса  және  қоғамдық, мемлекеттік қызығушылықты  тудырса, онда  заңда  белгілегендей белгілі        мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы     мүмкін.

       Азаматтық құқықпен реттелетін тауар-ақша қатынастары      эквиваленті өтелетін  сипаттак болады.  Бұдан шығатын  қорытынды,     талапкерге зиян немесе шығынды эквиваленті түрде    өтейді.  Азаматтық     құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның концепциялық сипатта    болуында. Оның  мақсаты-талапкердің мүліктік сферасын қайта  қалпына    келтіру.

       Көрсетілген жағдай өз кезінде азаматтық құқықтың жауапкершіліктің  шегін  анықтайды.  Талапкерге мүліктік сфераны  қалпына  келтіру тек  қана  оған келтірген  зиянды немесе шығын мөлшерімен жауапкершілік     мөлшерінің  сәйкес келуі.

       Бұл жалпы  ереженің  кейбір қолданылмайтын  кездері   бар.  Егер  де  жауапкершілік  мөлшері заңмен шектелмеген  болса, берілген жағдайды   түсіндіре  отырып, азаматтық құқық   экономикалық  қатынастарды  реттеумен  қоса тәрбиеленуші және контрагентке   міндеттемені орындату   үшін  ықпал    етуші   сипатқа  ие.

       Азаматтық  құқық  қатынастағы  тараптардың  заң  бойынша  бір-біріне  ұқсас  теңдей жауапкершіліктер әрқашан қатал  қолданыла бермеді. Бұл  жерде  негізгі қатысушышаруашылық іс-әрекеттер жеңілдіктермен артықшылық-тарды пайдалана білді. Осыған ұқсас  жауапкершілік  мөлшерінің  шектеулі құрылыс,   транспорт,  кәсіпорындарда және  тағы  да  басқа ұйымдарда    етек   алды. Үкімет мүліктік жауапкершіліктен жыл сайын шарттағы   міндеттемені  бұзған  кәсіпорындар және  ұйымдарды жеңіл өнеркәсіп саласын    мәжбүрлеу шараларын босатып жіберіп отырды. Нарықтық экономикаға өтуге      байланысты  осындай жағдайлар заңның  кейбір  тұстарының   өзгертулеріне  әкеп  соқты.

       Жоғарыдағы  мысалдан бір шешімге келетін  болсақ, азаматтық     құқықтық жауапкершілік мүліктік сипаттағы  санкция қолданумен     байланысқан, бұзылған құқықтарды реттейтін және азаматтық айналымға    қатысушылардың тең құқығын экономикалық тұрғыда  әсер ететін    мемлекеттік   мәжбүрлеу  түрлерінің   бірі.            

      1.3. Азаматтық - құқықтың жауапкершілік нысандары

      Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің нысаны ретінде  құқық бұзушыға жүктелетін косымша міндеттер түсіндіріледі. Азаматтык заңдылық жауапкершіліктің әртүрлі формасын карастырады. Жауапкершілік шығынды өтеу арқылы (20-бап, Азаматық Кодекс), айып төлеу арқылы (Азаматтық Кодекс 298-бап), кепіл жоғалту арқылы (Азаматық Кодекс 337-бап) жүзеге асырылады.

      Азаматтық кодекстің 20-бабында былай деп  көрсетілген:

      1. Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл  мүлікпен 
жауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алуға болмайтын 
мүліктер кірмейді.

      2. Азаматтардың   ақы   өндіріп   алуға   болмайтын   мүлкінің   тізбесі 
Қазақстан Республикасының АІЖК белгіленеді.

      Азаматтық кодекстің 298-бабында: "Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады".

      Борышқор  кінәлі болған кезде, егер заңдарға немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндетемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, мерзімін өткеріп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңмен немесе шартпен белгіленген ақша соммасы айыптөлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша жасалады. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеп соқтырады.

      Немесе  беруші тараптардың келісімінде  айып төлеу міндетті көзделген көзделмегеніне карамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге құкылы. Егер заңдарда тиым салынбаса, тараптардың келісімімен заңда айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін. Айып төлеу мөлшері нақты ақша соммасында немесе орындалмағанына не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді.

      Егер  төлеуге тиісті айып немесе берушінің  шеккен залалдары мен салыстырғанда  тым көп болса, сот борышқордың  міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере отырып, айып төлеу мөлшерін азайтуға құқылы.

      Міндеттемені  бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттемнің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады.

      Азаматтық кұқықтық жауапкершіліктің келесі түрі кепілпұл. Кепіл шартқа сәйкес пайда болады. Кепіл заң құжаттарының негізіңде, егер заң күжаттарында қандай мүлік және қандай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілде жатқан деп танылатаны көзделсе, оларда көрсетілген міндеттемелердің пайда болуы кезінде де туындайды.

Информация о работе Азаматтық құқықтық жауапкершілік