Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 05:14, курсовая работа
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі. . . . . . . . . . . . . . . . ...5
1.2. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер....16
1.3 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары . .. .. .21
1.4 Жауапкершілік түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . 28
1.5 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік. . . ............36
ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . .40
2.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .42
2.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . 46
2.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .54
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .....55
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . 57
Библиографиялық тізім.............. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59
Азаматтық кодекстің - 77 бабының бөлігіне сәйкес бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан құны шегінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі
шектеулі серіктестің салымды толық
қоспаған қатысушылары оның міндеттемелері
бойынша әрбір қатысушының
Азаматтық Кодекстің 72 бабына сәйкес: Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзін бүкіл мүлкімен (толық серіктестіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушымен қатар, жауапкершілігі толық серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік Азаматтық сенім серіктестігі деп танылады.
Азамматтық кодекстің 257-бабы субсидиарлы жауапкершілікке арналған:
1. Заңдарға
немесе міндеттеменің
2. Егер
негізгі борышқор несие
3. Егер
бұл талап негізгі борышқорға
қарсы қойылған талапқа
Субсидиялы борышқорға талап қою үшін алдын-ала негізгі борышқорды банкрот деп тану немесе оны мүлкіне мәжбүрлеп өндіру қолдану міндетті емес. Ол үшін міндеттемені толық көлемде орындау талабына бастарту (айып төлеу және зиянды өтеуді қосқанда) немесе осындай талапты нақты орындамау жеткілікті.
Талапты
қанағаттандырған субсидиялары борышқор
міндеттеменің негізгі
А) негізгі борышқор несие берушінің талабын қанағаттандырудан бас тартса;
Б) несие беруші қойылған талаптан ақылға қонымды мерзім ішінде жауап ала алмас.
Алайда несие беруші өзінің талабын субсидияларын борышқордың қанағаттандыруын көрсетілген жағдайлардың бар болғаны өзінде де қоя алады. Егер бұл талап негізгі борышқорға қарсы талап қою арқылы негізгі борышқордан даусыз өндіруге мүмкіндік туса осылай деуге себеп, ұқсас жағдайлардан несие берушіден ешқандай қиындықсыз субсидиялары борышқорға талап қоймай-ақ өзінің талабын негізгі борышқордан қанағаттандыра алады. Несие беруші негізгі борышқорға ақшалай қарызды өндіруге талап қойып, өндіре алмаған жағдайда бұл туралы талапты субсидия арлы борышқорға қоюға құқылы емес. Азаматтық Кодекстің 368-бабымен мен 370-бабы осының дәлелі:
Азаматтық Кодекстің 370-бабы бойынша:
Негізгі борышқор несие берушінің міндеттеменің орындау туралы талабын қанағаттандырылмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімделуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие берушімен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін. Ал, егер негізгі борышқорға талап қойылған болса, негізгі борышқорды іске қатыстыруы қажет. Несие берушіге қарсылығын негізгі борышқор субсидияларды борышқорға қарсы талап қою арқылы білдіре алады.
Субсидияларды жауапкершіліктен борышқордың үшінші жақтардың әрекеттері үшін жауапкершіліктен ажырата білуімізқажет. Бұл тек қана міндеттемені орындалуы борышқормен үшінші жаққа жүктелген кезде орын алады. (Азаматтық Кодекстің 276-бап).
Субсидиялар борышқорға қарағанда үшінші жақ несие берушімен азаматтық құқықтық қатынасқа түспейді. Жалпы ережеге сәйкес несие
беруші өзінің орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған міндеттеме үшін талабын орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған үшінші жаққа емес, тек қана өзінің борышқорына қояды. Бұндай жағдайларда талапты міндеттеменің орындалмаған немесе тиісінше орындалмағаны үшін үшінші жаққа емес борышқор жауапкершілікте болады. (Азаматтық Кодекс 363-бап).
Кәсіпкерлік қызметі жүзеге асырған кезде борышқор үшінші жақтардың әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктен егер оған дүлей күштер себепші болса басы босатылады.
Кейбір жағдайларда борышқор үшінші жаққа несие берушінің алдында өзінің міндеттемесін толығымен немесе бөліктей орындауды тапсырады. Арбитраждық тәжірибеде мынадай жағдайболған, жеткізіп беруші сатып алушыға бірнеше жұмысшы тракторын әперген. Шартта трактордың барлық құралдарының тізімі көрсетілген.Басқа тарап бекіткен тасымалдау шартынан шығатын егер міндеттемені тікелей орындаушы бұзса, орындаушының іс-әрекеті үшін жеткізіп беруші, яғни шартты бекіткен тарап жауап береді. Міндеттемені негізге ала отырып, несие берушінің алдында үшінші жақтың іс-әрекеті үшін борышқор жауап береді.Өйткені осы іс-әрекетті орындаушыға жүктеуді борышқордың өзі тапсырады.
Үшінші жақтың іс-әрекеті үшін міндеттеме бойынша несие берушіге борышқор тиісті ақша сомасын төлеуі мүмкін. Басқаадамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға құқылы.
Үшінші адамның әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеу талап етуге құқылы.
Сонымен қатар үшінші тараптың жауапкершілікте болуы заңмен белгіленуі мүмкін. Бұндай ретте борышқор үшінші жақтың әрекеті үшін жауап бермейді. Борышқордың үшінші жақтардың әрекеттері үшін жауапкершіліктерінен борышқордың өз қызметкерлері үшін жауапкершілігін ажыратуымыз қажет. (Азаматтық Кодекс 362-бапқа сәйкес). Борышқордың міндеттемесін орындау жөніндегі лауазымды адамдардың немесе өзге қызметкерлерінің әрекеттері борышқордың әрекеттері болып есептеледі.
«Борышқор
бұл әрекеттері үшін, егер олар міндеттемені
орындамауға немесе тиісті дәрежеде
орындамауға әкеліп соқтырса, жауап береді».
Борышқордың қызметкерлері болып онымен
еңбек қатынастарын құрған азаматтар
танылады. Борышқордың қызметкерлерінің
міндеттеменің орындалуына іс-әрекеттері
борышқордың өзінің жасаған іс-әрекеті
болып саналады. Малдәрігерлік шарт бойынша
заңдытұлға қызметкерлерінің шарт талабын
тиісті дәреже орындалмағаны үшін заңды
тұлға жауапкершілікте болады. Бұлжерде
борышқорға қатысты жұмысшылар үшін жақ
болып есептелмейді. Кезкелген заңды тұлға
өзінің қызметкерлері арқылы азаматтық
айналымға қатыса алады. Осыған байланысты
заңды тұлға қызметкерлерінің өзінің
қызметтік немесе еңбек міндеттемелерін
орындау әрекеттері заңды тұлғаның өзінің
іс-әрекеті ретінде қатыстырылады. Сондықтан
борышқордың өзінің қызметкерлері үшін
жауапкершілігі туралы шартты түрде айтуға
болады. Заңдытұлғаның міндеттеме тиісті
дәрежеде орындалмағаны үшін қажетті
шара қолданбағаны үшін кінәсі оның қызметкерлерінің
кінәсән көрсетеді. Алайда заңдытұлға
өзінің қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін
орындамағаны үшін ғана жауап береді:
тауарларды қабылдап алу, банкке ақшалай
төленетін құжаттарды уақытылы жіберіп
отыру және т.б. Егер қызметкер қызмет
істеу барысында құқыққа қарсы әрекет
жасаса (мысалы өзіне алған мебельге ақша
төлемесе) заңды тұлға бұндай әрекетке
жауап бермейді.
1.5 Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің кейбір ерекшеліктері ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілікпен сипатталады. Бұл жауапкершілік борышқор ақша сомасы проценттік құқыққа сыйымсыз пайдаланған кезде туындайды. Басқаберудің ақшалай қаражатын құқыққа сыйымсыз пайдалану үшін әр түрлі себептер болуы мүмкін: борышқордың ақша сомасын қайтару мерзімі келген кезді өткізіп жіберу; ақша қаражатын басқа біреудің есебінен пайдалану немесе сақтау. Процент мөлшері несие берушінің тұрғылықты жеріндегі ақшалай міндеттемені орындалатын күнгі банкілік проценттің есеп ставкасымен беріледі. Сот тәртібінде қарызды өндіру кезінде сот несие берушінің талабын қанағаттандыра отырып, талап қойған күнгі немесе шешім шыққан күнгі процент мөлшерін қолдану мүмкін. Бұл ереже егер заңмен немесе шартпен проценттің басқа мөлшері белгіленбеген кезде қолданылады.
Азаматтық кодекстің 353-бабында ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін жауапкершілік көзделген.