Азаматтық құқықтық жауапкершілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 05:14, курсовая работа

Описание работы

Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі. . . . . . . . . . . . . . . . ...5
1.2. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер....16
1.3 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары . .. .. .21
1.4 Жауапкершілік түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . 28
1.5 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік. . . ............36
ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . .40
2.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .42
2.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . 46
2.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .54
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .....55
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . 57
Библиографиялық тізім.............. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59

Работа содержит 1 файл

дипломдық.doc

— 260.00 Кб (Скачать)

       Жалпы ережеге сүйене отырып Азаматтық Кодекстің 365-бабы борышқордың мерзімі өткізіп алғандығы үшін жауапкершілікті белгілейді:

    1. Міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған борышқор несие берушінің алдында мерзімді өткізіп алу арқылы келтірілген залал үшін және мерзімін өткізіп алу кезінде туындаған кездейсоқтықтан орындай алмауының салалары үшін жауап береді.
    2. Егер борышқордың мерзімді өткізіп алуы салдарынан міндеттемені орындау несие берушіге керексіз болып қалса, ол міндеттемені орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеуді талап ете алады.
    3. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы себепті міндеттеме әзірше орындалмайтын болса, борышқор мерзімді өткізіп алушы болып саналмайды. Мысалы, арендаға алушы арендаға алынған мүлікті уақтылы қайтармаса, онда ол арендаға алынған мүліктің жойылуына кінәсінің болмауына қарамастан, арендаға берушінің алдында арендаға алынған мүліктің кездейсоқ жойылуына және оған келтірілген барлық шығын үшін жауап береді.

       Азаматтық айналымда несие берушінің мерзімді өткізіп алуы да кездеседі. Азаматтық Кодекстің 366-бабы осыны көрсетеді:

       1. Егер несие беруші  борышқор ұсынған тиісті дәрежедегі орындауды қабылдаудан бас тартса, немесе заңдарда не шартта көзделген, не іскерлік айналым дәстүрлерінің немесе аяқталғанға дейін борышқор өзміндетін атқара алмаған міндетінің мәнінен туындайтын әрекеттерді жасамаған болса ол мерзімді өткізіп алған болып есептеледі.

       Борышқордың міндеттемені орындамағанын тиісті түрде растаудан бас тартқан  жағдайдада несие беруші мерзімді өткізіп  алған болып есептеледі.

    1. Егер несие беруші мерзімді өткізіп алу не өзі, не заңдар бойынша немесе несие берушінің тапсыруымен міндеттеменің орындалуын қабылдап алу жүктелген адамдар жауап бермейтін жағдайларға байланысты болғанын дәлелдеп бермесе, несие берушінің мерзімді өткізіп алуы борышқорға мерзімді өткізіп алудан келтірілген залалдың орнын толықтыруға құқық береді.

       Мерзімді  өткізіп алған несие берушіге мерзімді өткізіп алған кезде міндеттемені орындаудың кездейсоқ мүмкін болмай қалуының қолайсыз салдары жүктеледі.

  1. Ақшалай міндеттеме бойынша борышқор несие берушінің мерзімзі өткізіп алғаннна кейінгі уақытына процент төлеуге міндетті емес. Мысалы, егер ол тасмалдаушының жүкті тиісті адреске жеткізу кезінде жүкті іс-әрекетін жасамаған болса, одан жүк қабылдаушы мерзімді өткізген болып есептеледі. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуына байланысты борышқор шығынға ұшырауы мүмкін. Мысалы, несие берушінің мүлікті қабылдаудан бастартуына байланысты мүлікті ұстау шығындары.
 
 
 

II-тарау.  Азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктің  шарты және негіздері 

       Азаматтық құқық бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік қолдануға қажетті  жағдайлардың жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қажетті жағдайлары ретінде борышқордың кінәсі және құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне тарту үшін шығынның бар болуы, сонымен қатар борышқордың құқыққа қарсы мінезімен және келген шығынның арасында себепті байланыс болуы қажет. Шығынды өтеу негізінде азаматтық-құқықтық бұзушылықтың құрамы басқа элементтері толығымен қамтиды.

       Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне  жататындар:

    1. тұлғаның құқыққа қайшы қылығы (іс-әрекет не әрекетсіздік)
    2. жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
    3. құқық бұзушының құқыққа қайшы іс - әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
    4. құқықбұзушының кінәсі.

       Нақты тұлғаға азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің жүктеу үшін жалпы ереже бойынша  қажетті келтірілген негіздер жиынтығы – азаматтық - құқық бұзушылықтың құрамы болып табыладын. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта, кейбір жағдайларда заң азаматтық -  құқықтағы құқық бұзушылық құрамынынң бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен санаспайды; мысалы: жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді. (АҚ-тің -931 бабы). Енді азаматтық-құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетейік. 
 

2.1.  Құқыққа қарсы мінез

       Құқыққа қарсылық құқылық бұзушының өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсыек ендігін  білген немесе білмегендігіне қарамастан құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа  сөзбен айтсақ, азаматтық айналымға  сәйкес келмейтін мінез жатады.

       Азаматтық заңдылық нормаларымен азаматтық айналымға қатысушыларға әртүрлі талаптар белгіленген. Азаматтық заңдылық негіздерінде сәйкес тараптық құқыққа қарсы мінез ретінде жеке тұлғаға немесе азаматтық мүлкіне немесе заңды тұлғаға келтірілетін залал саналады. Сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты тараптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады.

       Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға  байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы басқа нормативті актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілікактімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындаса, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққақарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезіретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.

       Құқыққа қарсы мінез құқыққа қарсы  іс-әрекет немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік түрінде де болуы мүмкін. Егер заңмен немесе нормативті құқықтың актімен  тиым салынған немесе заңға немесе басқа нормативті актіге, шартқа бір  жақты мәмілеге немесе міндеттеме талабының негізіне қайшы келетін борышқордың іс-әрекеті құқыққа қарсы сипатқа ие болады. Сонымен азаматтық кодекстің 273-бабы осының дәлелі: Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын бір жақты өзгертуге жол берілмейді.

       Азаматтық заңдылық негізіне сәйкес бір тараптың басқа бір тараптың есебіне мүлкін негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады. Алайда осы ережеде негізсіз сақтау құқыққа қарсы болып табылады.Шартпен  белгіленген сапаға сай келмейтін тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы саналады.

       Егер  тиісті жағдайларда тарапқа юридистикалық  міндеттеме жүктеліп, бірақ ол орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа қарсы  деп танылады. Шартпен бекітілген жағдайларға сәйкес міндеттеме туындауы мүмкін. Тасымалдау шартымен бекітілген тауарды жеткізбеген тасымалдаушының әрекетсіздігі құқыққақарсы болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік міндетінен де туындау мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін барлық қажетті және мүмкін    болатын шаралардың барлығымен қолдануы тиіс. Осы  міндетті  орындамау оның   құқыққа қарсы  мінезін  көрсетеді. Жағада демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа  қарсы   сипат  алмайды, оларға  тек  суға  батушыны  құтқару  рухани  міндеттеме жүктеледі. Белгілі  бір міндеттемені орындаудағы іс-әрекет заң шеңберімен шығуы мүмкін.  Азаматтық   кодекстің   188-бабымен  үшінші  бөлігінде  былай  делінген:  «Меншік  иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы  бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның  ішінде  бұл  мүлікті басқа адамдардың меншігіне  беріп, иелігінен  шығаруға, өзі  меншік  иесі   болып  қала  отырып,  оларға    мүлікті  иелену,  пайдалану  және  оған   билік ету жөніндегі  өз өкілеттілігін тапсыруға,  мүлікті  кепілге   беруге    және    оған   басқа   да  әдістермен   ауыртпалық   түсіруге,   оларға    өзгеше   түрде      билік   етуге    құқылы».   Жоғалған   мүлікті   тауып     алған     тарап    егесіне    қайтару   немесе      жоғалтушы азаматқа қайтаруы   тиіс.  

2.2.   Себепті    байланыс

       Азаматтық Кодекс талаптарында көзделгендей өтелуге  тек қана    борышқордың құқыққа  қарсы мінезімен келтірілген  шығындар жатады.  Бұл     борышқордың құқыққа қарсы мінезі және несие берушіге келтірілген     шығынның арасындағы себепті байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда      міндеттеме бұзылған кездегі себепті  байланыстың бар болуы немесе жоқ   болуы қиындық туғызбайды. Ал кейбір жағдайларда  себепті байланысты     анықтау қиындықтар  туғызуы  мүмкін. Мысалы, шофер өз  машинасын   он үш жасар жасөсмпірімге дұрыс айдай білмегендігі себепті тыйым салынған         белгіге қарамастан  өтіп кетіпті. Колхоздың төрағалық етушісі қызмет     бабын пайдаланып оқушыларды жүк машинасында өзінің ауласындағы      жұмысқа жіберді. Жүргізуші  жол  ережесін бұзуы салдарынан бірнеше    оқушы жарақат  алды. Дәрігердің сілтеуімен мейірбике нәрестенің  көзіне дәрі тамызғандықтан ол толығымен көру қабылетінен айырылды.   Анықталғандай      дәрігердің мейірбике қателесіп кетіп,  басқа  дәріні тамызған. Көрсетілген     мысалдардан кімнің іс-әрекеті құқыққа қарсы нәтиже себеп болғандығын  нақты  анықтау  қиын.

       Осындай жағдайларда  себепті  байланыстың  дамыған ғылыми-теорияларын басшылыққа алуымыз керек. Теорияда және практикада   себепті байланыс тікелей және жанама теориясын ұсынады. Бұл теория жалпы       философиялық себепті оқытудағы екі негізгі жағдайда сүйенеді. Біріншіден,    себептілік құбылыс арқылы объективті байланысты көрсетеді және ол   біздің      санамыздан  тыс өмір сүреді. Сонымен қатар құқық бұзушының зиянды     нәтижені көре білуі себепті байланыс туралы сұрақты шешуге    көмектеспейді.  Шығынның  болатынын  алдын-ала   сезе   білу   субъективті  сипатқа ие және себепті байланысты анықтауға көмектеседі. Екіншіден,    себеп және салдар тек  қана  белгілі    оқиғаларға    қолдануда  маңызы артады. Себеп және салдар ұқсас болғандықтан әрдайым орын  ауыстырып   отырады     және біз оны материалдық өмірдің қарым-қатынас тізбегімен    байланыстырамыз.

       Жоғарыда  көрсетілген мысалдар дәрігердің сілтемесінен істелген    мейірбике әрекеті  салдар туғызады және сонымен қатар  нәрестенің көру      қабілетін  жоғалтуға себеп болады. Егер қаралып  жатқан іске тереңірек    үңілсек, онда дәрігердің себепті әрекеті бөлім басқарушысының      бұйрығынан туындайды.  Сондықтан  жауапкершілік туралы мәселені  шешу кезінде болған оқиға  жағдайларынан алысқа кету  дұрыс емес. Тікелей себептің пайда болуымен шектелу қажет, яғни зиянның туындауына жақын    қатынастар    есепке     алынады.

       Тараптың  құқыққа қарсы  мінезі зиянның  себебі болып  тек  қана ол     осы  зиянмен тікелей байланысқан  болса ғана пайда  болады. Тараптың     құқыққа қарсы мінезі  мен зиянының арасындағы жанама себепті  байланыс     болып, ол нақты оқиғаның шегінен ауытқып және юридистикалық себеп     байланыстың маңызына ие бола алмайды. Сонымен қатар іс-әрекеттің   жасалуына басқа  факторлардың  әсері тиюі мүмкін.

       Алайда  бұл факторлардың қайсысы болсын юридистикалық     жауапкершілік  мағынасына ие бола  алмайды және сондықтан  тараптың    құқыққа   қарсы  мінезі мен  зиянының арасындағы жанама себепті     байланыс болып табылмайды. Ал басқалары - юридистикалық      жауапкершілікке әсер етеді   және  сондықтан тараптың құқыққа қарсы  мінезі  мен  болған нәтиженің  арасындағы байланысты  көрсетеді  жасөспірімдердің     келтірген   зияны   үшін   бермейді   және    әрекет  қабілетсіз  деп таниды.   Ал  ата-аналар құқыққа  сыйымсыз мінезі үшін жауап  береді  (тиісті қадағалау жасамағаны немесе  тәрбиелемегені) және  болған зиянының арасында    юридистикалық жауапкершілікке тартуға жеткілікті тікелей себепті     байланыс пайда  болады. Керісінше балық аулаумен   шұғылданатын   колхоз мүшесінің  броконьерлерге  ауды сатуды және броконьерлер заңсыз балық аулау арқылы балық ресурстарына зиян келтірсе, броконьерлердің құқыққа      қарсы іс-әрекетін  көрсетеді және  бұл жерде тек қана  жанама себепті    байланыс   бар.

       Сондықтан  тараптың  құқыққа қарсы мінезімен  және  зиян арасында  азаматтық  – құқықтық жауапкершілік маңызы бар жағдайлар болмаса   тікелей себепті  байланыс орын алады. Егер  құқыққа  қарсы  мінез және   зиян арасында жауапкершілік туралы сұрақты  шешуде азаматтық заңды маңызы бар жағдайлар болса, онда жанама себепті байланысты көрсетеді.    Жоғарғыдағы   мысалға сәйкес  жасөспірімнің әрекет  қабілетінің жоқ    болуымен байланысты 13 жасар жасөспірімді азаматтық құқықтық       жауапкершілікке тартудың    маңызы    жоқ. 

       Сондықтан   бұл  мысалдар  -   шофер  құқыққа  қарсы   мінезі   мен   жол ережесінің    бұзылуы  тікелей     себепті    байланысты    көрсетеді.

       Күнделікті  өмірде бірнеше тараптық іс-әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде зиянның  пайда болуы  жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда     тікелей  нәтижемен байланысқан  барлық  құқыққа қарсы әрекеттері егер оларды жеке  ерекшеліктеріне байланысты себеп ретінде қарастыру  керек.   Тікелей және жанама себепті байланысты шектеу қажеттігі тек қана    теориялық шарттардан шығып қана қоймай, сонымен бірге тәжірибенің өзімен тұжырымдалады. Бұл теория тәжірибеде  оңай қолданылады.  Ол   сот   тәжірибесімен   кездейсоқ     туындаған     жоқ.

Информация о работе Азаматтық құқықтық жауапкершілік