Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 14:04, курсовая работа

Описание работы

«Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар» ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері, ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындығы болып табылады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
1.Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар. Ата-аналар мен балалардың құқықтарымен міндеттерінің туындау негіздері.........................................................................................................................
1.1.Ата-аналардың балалардың құқықтары мен міндеттері....................................4
1.2.Ата-аналарды құқықтарынан айыру және шектеу.............................................6
2.Баланың құқықтары...............................................................................................
2.1.Баланың мүліктік емес құқықтары....................................................................10
2.2.Баланың мүліктік құқықтары.............................................................................15
2.3.Баланың қорғалу құқығы....................................................................................19
2.4.Балалардың құқық қорғау органдары................................................................22
Қорытынды..............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................35
Қосымша.......................................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Ляззат 2Омаровна.doc

— 249.50 Кб (Скачать)

Қорытынды

Қорытындылай  келе, әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтiк төлемдер ретiндегi тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және олар баланы күтiп-бағуға, оған бiлiм беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады. Әрбiр баланың заңдарда белгiленген тәртiппен өз бетiнше немесе өзiнiң заңды өкілдері арқылы мәмiлелер жасауға, банктерде салымы болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кiрiстерiне және интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне билiк етуге, өзге де мүлiктiк құқықтарды иемденiп алуға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар.  
       Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысын немесе материалдық көмек ретiнде мемлекет бөлген ақшалай қаражатты баланың атына банкке салуға құқылы.       

Қазақстан Республикасының заңдарында кәмелетке толмағандардың дербес азаматтық, неке-отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастарға түсу және өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау құқығы көзделген жағдайларды қоспағанда, он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн олардың заңды өкілдерi қорғайды.  

Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау – тарихи тұрғыдан алғанда, салыстырмалы түрде  жас құбылыс. Бала құқықтарының конституциясы  деп аталатын Бала құқықтары туралы конвенцияның тек  
1989 жылы қабылданғанын еске түсірсек те жеткілікті. Сонымен бірге заң әдебиетінде жиі еске алынатын, бала құқықтарын қорғау жөніндегі қозғалыстың басталуы туралы классикалық мысал – шешесі жиі ұрып-соққан және Жануарларға қатігездікпен қарауға қарсы күрес жөніндегі қоғамның жергілікті бөлімшесінің мүшелері қорғауға келген Балтимордағы сегіз жасар Мари Элен Уильсонның жағдайы жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің балаларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардан бұрын пайда болғанын айғақтайды. Балалардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау, олардың адамгершілік - рухани дамуы жөніндегі аймақтық бағдарламаларды іске асыруда жергілікті атқару органдарына жәрдемдесу «әлеуметтік» жетімдіктің, балаларға зорлық-зомбылық көрсету және еңбегін қанаудың алдын алу және ескерту, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету, балалардың өмір сүру сапасын жақарту үшін жағдай жасауға жәрдемдесу. Балалардың құқықтары туралы және оның іске асырылуы туралы жұртшылықтың ақпарат алу деңгейін көтеру.   
 
 
 
 
 
 

Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар     

 Осы  Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
      1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала; 
      2) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам; 
      3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар; 
      4) баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар; 
      5) баланың әлеуметтік бейімделуі – өмірде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі; 
      6) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар; 
      7) баланы экономикалық жағынан қанау – бұл бала еңбегінің ең нашар нысандары, оның ішінде кәмелетке толмағандармен сауда жасау, оларды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға, жезөкшелікпен айналысуға, порнографиялық суреттер шығаруға немесе кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту, сондай-ақ жұмысқа қабылдау кіші балалардың еңбегі; 
      8) жетім бала – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала; 
      9) қамқоршылық – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны; 
      10) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны; 
      11) мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар – мемлекет белгілеген әлеуметтік қызметтер көрсетудің, нормалар мен нормативтердің ең төменгі көлемін қамтитын, балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер; 
      12) мүгедек бала – тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз жасқа дейінгі адам; 
      13) патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам (патронат тәрбиелеуші) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегі тәрбиенің нысаны; 
      14) өмірде қиын ахуалға тап болған балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тіршілік етуі бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетімен немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебеттер тізімі.

  Нормативтік –  құқықтық актілер

1. Қазақстан  Республикасының Конституциясы  30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 21.05.2007ж.)

2.Қазақстан  Республикасы Азаматтық кодексі  Жалпы бөлім. 27 желтоқсан 1994 жыл. (өзгерістер мен толықтылулар 2010 ж.)

Арнайы  әдебеттер

1.Айтжан  Б.Е, Шіркінбаев Т.Б. «Отбасы  құқығы» оқу құралы (көмекші оқу-құралы) Алматы «Жеті жарғы» 2006 жыл-112 бет

2.«Неке  және отбасы туралы- О браке  и семье» Қазақстан Республика  заңы Алматы «жеті жарғы» 1999 жыл-176 бет

3.«О  браке и семье» Закон Республики  Казахстан. Алматы Юрист-2000 жыл-72бет.

4.Пралиева  Г.К. «Основы семейного права  в Республики Казахстан» Алматы  «Жеті жарғы» 2007 жыл

5.« Труд,семья,Быт  советской женщины» Юрид.пит-1990-432с.

6.Ынтымақова  С.А, Карпушина Г. «Отбасы құқығы»  Праттикум. Заң әдебиеті 2006 жыл-131бет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар