Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 14:04, курсовая работа
«Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар» ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері туындауының негіздері, ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындығы болып табылады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1.Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар. Ата-аналар мен балалардың құқықтарымен міндеттерінің туындау негіздері.........................................................................................................................
1.1.Ата-аналардың балалардың құқықтары мен міндеттері....................................4
1.2.Ата-аналарды құқықтарынан айыру және шектеу.............................................6
2.Баланың құқықтары...............................................................................................
2.1.Баланың мүліктік емес құқықтары....................................................................10
2.2.Баланың мүліктік құқықтары.............................................................................15
2.3.Баланың қорғалу құқығы....................................................................................19
2.4.Балалардың құқық қорғау органдары................................................................22
Қорытынды..............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................35
Қосымша.......................................................................................................................
1. Босқын
және амалсыз қоныс аударушы балалардың
өз мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.
Баланы алып қойған кезден бастап балаға
арналған жәрдемақы төлеу, сондай-ақ өзге
де төлемдер соттың шешiмi бойынша тоқтатылады.
3. Ата-ана (олардың орнындағы адамдар) балаларға арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдердi мақсатсыз пайдаланған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерiне елеулi нұқсан келтiрсе, әлеуметтiк қорғау органдары, қорғаншы және қамқоршы органдар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар немесе прокурор бала мүдделерiне орай оған негiзсiз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қояды. Сот арқылы өндiрiлген қаражат баланың банк шотына аударылады. 4. Ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылуына қатысты балаларға алименттер төлеу жөнiндегi мiндеттерден босатылмайды.45
Балалардың
ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету
мақсатында Қазақстан Республикасы
бала құқықтарын қорғау мақсатын көздейтін
неғұрлым маңызды конвенцияларға қосылды:
Бала құқықтары туралы конвенция 1994 жылы
бекітілді, 1999 жылы Шетелдегі алименттерді
өндіріп алу туралы конвенция бекітілді,
2000 жылы - Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі
жас мөлшері туралы конвенция, 2001 жылы
– балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі
мен балалар порнографиясына қатысты
Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив
хаттама және әскери қақтығыстарға балалардың
қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы
конвенцияға Факультатив хаттама, 2002 жылы
- Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне
тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар
2.4.Балалардың
құқық қорғау органдары
Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiру46 Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Балалар құқықтарын қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган:
1) бала
құқықтарын қорғау саласындағы
басқа мүдделi уәкiлеттi органдардың
қызметiн үйлестiредi және
2) баланың
негiзгі құқықтарын iске асыру
жөнiндегi әртүрлi бағдарламалар әзірлейдi;
3) балалар
өмiрi көрсеткiштерiнiң ең
4) балалар
құқықтарын қорғау саласындағы
уәкiлеттi органдардың халықаралық
ынтымақтастық iсiндегi қызметiн үйлестiредi.
Баланың құқықтарын қорғау саласындағы47
мемлекеттік бақылау
1. Баланың
құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік
бақылау баланың құқықтары мен заңды мүдделерін
қамтамасыз етуге бағытталған және оны
уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген
құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың
құқықтарын іске асыруға бағытталған
қызметі баланың құқықтарын қорғау саласындағы
мемлекеттік бақылау объектісі болып
табылады.
3. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы
мемлекеттік бақылау тексеру нысанында
және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
4. Тексеру "Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың
өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге
асырылады.
Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды
жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар
мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру Баланың
құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды
жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан
Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.
Қазақстан
Республикасының Президенті Қазақстан
Республикасындағы бала құқықтары халықаралық
құқық қорғау стандарттарының аясында.
Балалардың құқықтарын қорғау
Халықаралық
балалардың құқықтарын қорғау – тарихи
тұрғыдан алғанда, салыстырмалы түрде
жас құбылыс. Бала құқықтарының конституциясы
деп аталатын Бала құқықтары туралы конвенцияның
тек
1989 жылы қабылданғанын еске түсірсек те
жеткілікті. Сонымен бірге заң әдебиетінде
жиі еске алынатын, бала құқықтарын қорғау
жөніндегі қозғалыстың басталуы туралы
классикалық мысал – шешесі жиі ұрып-соққан
және Жануарларға қатігездікпен қарауға
қарсы күрес жөніндегі қоғамның жергілікті
бөлімшесінің мүшелері қорғауға келген
Балтимордағы сегіз жасар Мари Элен Уильсонның
жағдайы жануарларды қорғау жөніндегі
қоғамдық бірлестіктердің балаларды қорғау
жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардан
бұрын пайда болғанын айғақтайды. Балалардың
құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы
ұйым әлемде 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы
– Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары
туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының
Бала құқықтары декларациясы қабылданды,
1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды
және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала
құқықтары туралы конвенция қабылданды. Балалардың
ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасы бала құқықтарын
қорғау мақсатын көздейтін неғұрлым маңызды
конвенцияларға қосылды: Бала құқықтары
туралы конвенция 1994 жылы бекітілді, 1999
жылы Шетелдегі алименттерді өндіріп
алу туралы конвенция бекітілді, 2000 жылы
- Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас
мөлшері туралы конвенция, 2001 жылы – балаларды
сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар
порнографиясына қатысты Бала құқықтары
туралы конвенцияға Факультатив хаттама
және әскери қақтығыстарға балалардың
қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы
конвенцияға Факультатив хаттама, 2002 жылы
- Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне
тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар
туралы МОТ Конвенциясы (Конвенция 182),
2004 жылғы қарашада Қазақстан Адамдарды
сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке
пайдалануына қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясына
және оған Қорытынды хаттамаға қол қойды. Алайда,
Қазақстан бекітпеген, бала құқықтарын
қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесетін
қағидаларды қамтыған бірқатар маңызды
Конвенциялар бар. Осындай халықаралық
құқықтық құжаттардың ішінде – Барлық
көшіп-қонушы еңбекшілердің және олардың
отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау
туралы конвенция (1990 жылғы 18 желтоқсан)
және Балаларды қорғау және мемлекетаралық
бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық
туралы конвенция (Гаага, 1993 жылғы 29 мамыр) Барлық
көшіп-қонушы еңбекшілердің және олардың
отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау
туралы конвенция негізгі құқық қорғау
шарттарының санатына жатады, олар бойынша
конвенциялық бақылау органдары құрылған.
Конвенция көшіп-қонушы еңбекшілер балаларының
мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты
нормаларды қамтыған, атап айтқанда көшіп-қонушы
еңбекшілер отбасын қауыштыру, көшіп-қонушы
еңбекшілердің балаларын жергілікті білім
беру жүйесіне, әсіресе оларға жергілікті
тілді үйрету тұрғысында тарту, көшіп-қонушы
еңбекшілердің балаларына олардың ана
тілін үйрету мәселелерін реттейді, сондай-ақ
көшіп-қонушы еңбекші бас бостандығынан
айрылған жағдайда, балаларының құқықтарын
қорғау тетіктерін көздейді. Балаларды
қорғау мемлекетаралық бала асырап алу
саласындағы ынтымақтастық туралы Гаага
Конвенциясы шетелдіктердің баланың абзал
мүдделеріне орай оның құқықтарын сақтай
отырып, бала асырап алуды жүзеге асыруына
кепілдіктерді көздейді, сондай-ақ мемлекеттердің
уәкілетті ұйымдарының арасындағы ынтымақтастық
тетігін көздейді. 2004 жылғы 2 желтоқсанда
өткен, Халықаралық гуманитарлық құқық
және адам құқықтары жөніндегі халықаралық
шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
отырысында Қазақстан Республикасының
Гаага конвенциясына қосылуының орындылығы
және осы Конвенцияға қосылу жөніндегі
жұмысты бастау қажеттігі туралы шешім
қабылданды. Нормалары Қазақстан аумағында
қолданылатын, балалар құқықтарын қорғау
саласындағы неғұрлым маңызды халықаралық
құжат Бала құқықтары туралы конвенция
болып табылады. Бала құқықтары туралы
конвенцияны Қазақстан Республикасының
қандай да бір ескертулерсіз бекітуі шеңберінде
мемлекеттің балалардың құқықтарын қорғауды
қамтамасыз ету кепілдіктерін қоғамға
беруге тиіс шекараларын белгіледі. Конвенция
нормалары баяндаманы шартқа қосылғаннан
кейінгі екі жылдан соң ұсынуды көздейтін
уақытта, Қазақстан Республикасы Конвенцияның
орындалуы туралы бастапқы баяндаманы
2001 жылғы наурызда дайындады. Баяндама
екі бөлімнен тұрды, Қазақстан Республикасының
1994 және 2000 жыл аралығындағы кезеңде Конвенцияны
жүзеге асыру жөнінде қабылдаған шаралары
туралы ақпаратты қамтыды. Баяндамамен
танысқаннан кейін Қазақстан Республикасының
үкіметтік емес ұйымдары дереу шара қабылдады,
олар 2002 жылы Қазақстанның Конвенцияны
орындауы туралы, үкіметтік баяндамаға
түсініктемені қамтыған балама баяндама
дайындады. Бірінші үкіметтік есеп 2003 жылғы
маусымда Женева қаласында
БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің
33-сессиясында тыңдалды, оның нәтижелері
бойынша Комитет баяндамаға ескертулер
мен ұсынымдардың топтамасын дайындады.
Осы сессияда БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі
комитетінің сарапшылары Қазақстан Республикасы
Үкіметінің балалар құқықтарын қорғау
саласында қабылдаған шараларына оң баға
берген. Оң жетістіктердің бірі ретінде
жаңа заңнама базасының дамуы мен жетілдірілуін,
сондай-ақ мемлекеттік органдардың балалық
мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдармен
және БҰҰ-ның әр түрлі органдарымен ынтымақтастығын
мойындады. Қазақстанға бірқатар ұсынымдар
берілді, олардың ішінде негізгілері ретінде
еліміздегі балалардың жай-күйін жақсарту
жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын
әзірлеу қажеттігін және балалықты қорғау
мәселелерін шешуде ведомствоаралық үйлестіруді
қамтамасыз ету үшін арнайы уәкілетті
орган құру қажеттігін атауға болады. Балалардың
жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың
ұлттық жоспары, Бала құқықтары туралы
конвенцияны іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың
ұлттық жоспары сияқты Қазақстан Республикасында
әлі әзірленген жоқ. «Баланың құқықтары
туралы» Заңда балалардың мүдделеріне
орай мемлекеттік саясат мақсаттары айқындалған,
бірақ оны іске асыру тетіктері жоқ. Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Қазақстан – балалықты қорғау тұрғысында»
атты
2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама
жобасын әзірледі, алайда қазіргі сәтте
бағдарлама бекітілмеген. Осы бағдарлама
балаларды қорғау және олардың құқықтарын
сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың
негізгі стратегиялық бағыттарын және
бала жасындағы халықтың барлық санаттарының
әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін
қамтамасыз етудің жүйелі жүйесін жасауды
көздейді. Кәмелетке толмаған балалардың
құқыққа қарсы қызметін ескерту мақсатында
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын
алу туралы» Заң кәмелетке толмаған балалар
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздықтың
және панасыздықтың алдын алу саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыруды жорамалдайды,
бұл балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін
сақтауға қатысты мемлекеттік саясат
элементі болып табылады және кәмелетке
толмаған балалар үшін құқықтық және әлеуметтік
кепілдіктерді жасауды, кәмелетке толмаған
балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыздықтың және панасыздықтың
алдын алу жүйесін құрайтын органдар мен
мекемелерді материалдық-техникалық,
қаржылық, ғылыми-әдістемелік және кадрлық
қамтамасыз етуді қамтиды. Сонымен қатар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы ақпандағы қаулысымен 2003-2004 жылдарға
арналған Жастар саясаты бағдарламасы
бекітілді. Алайда жекелеген проблемаларды
шешуге бағытталған, мұндай салалық бағдарламалар
Балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі
іс-қимылдардың ұлттық жоспарының орнын
алмастыра алмайды және балалардың құқықтарын
қамтамасыз етудің белгілі бір қырларымен
айналысатын мемлекеттік органдардың
жұмысындағы келісушіліктің жоқтығын
ашық көрсетіп отыр. Сондай-ақ Қазақстан
Республикасында осы уақытқа дейін бала
құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі
мемлекеттік орган құрылған жоқ. Осындай
органды құруға 2004 жылғы наурызда талпыныс
жасалған болатын: Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылы 11 наурыздағы қаулысымен
Балалардың құқықтары мен мүдделерін
сақтау жөніндегі ведомствоаралық комиссия
құрылған болатын. Комиссия балаларды
және олардың құқықтарын қорғау саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз
ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында
құрылған болатын және Қазақстан Республикасының
Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші
орган болып табылатын. Комиссияның жұмысшы
органының функциялары Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігіне жүктелді.
Комиссия құрамына білім және ғылым, әділет,
еңбек және халықты әлеуметтік қорғау,
денсаулық сақтау, ішкі істер министрлері
мен вице-министрлері, Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл, Отбасы және әйелдер
істері жөніндегі комиссия өкілі, саяси
және қоғам қайраткерлері кірді. 2005 жылғы
наурызда Комиссия таратылды. «Қазақстан
Республикасындағы бала құқықтары туралы»
Заң да бала құқықтарының сақталуын бақылау
жөніндегі мемлекеттік органды құру қажеттігі
туралы сұраққа біржақты жауап бермей
отыр. Заңның «Мемлекеттік органдар және
бала құқықтарын қорғау» деген 44-бабы
уәкілетті мемлекеттік органға сілтеме
жасамағанымен, 46-бап балалардың құқықтарын
қорғау саласындағы уәкілетті органның
балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы
мемлекеттік баяндаманы дайындап, ұсынуын
көздейді. БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі
комитеті Ұсынымдарының бірі Конвенция
нормаларын іске асыруға бөлінетін қаражатты
ұлғайту ұсынымы болып табылады. Балалардың
абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында
мемлекет балалардың құқықтарына қатысты
жекелеген бағдарламаларды іске асыруға
жеткілікті ақша қаражатын бөліп отыр.
Алайда, тұтастай алғанда, Бала құқықтары
туралы конвенцияны іске асыруға қаражат
бөлуді көздейтін жекелеген бап республикалық
бюджетте көзделмеген. Жұртшылық пен балалар
арасындағы Конвенция туралы хабардарлық
деңгейі бұрынғысынша төмен күйінде қалып
отыр. Білім беру саласында балаларды
олардың құқықтарымен таныстыру факультатив
сабақтар деңгейінде жүргізіледі, алайда
мұндай сабақтарды міндетті түрде оқу
бағдарламаларында нормативтік деңгейде
бекіту тиімді болар еді. Сонымен бірге
Бала құқықтары туралы конвенцияда көзделген
міндеттемелердің орындалуы туралы елдік
есептерді дайындау және мақұлдау рәсімінің
жоқтығы проблема болып отыр, атап айтқанда
мәліметтерді жинау және Конвенция нормаларының
орындалуын мониторингілеу тетігі әзірленбеген.
Алайда, мұндай жағдай есептілік жүйесін
көздейтін барлық құқық қорғау шарттарына
қатысты қалыптасып отыр. Қазақстандағы
елдік есептерді дайындау практикасында
осы күнге дейін жүйелілік жоқ: есептердің
бір бөлігін алқа органдары мақұлдап,
қалған бөлігі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
қаулысымен мақұлданады, мәтінін ұлттық
заң базасынан табу тіпті мүмкін
емес есептер де кездеседі. Тұтастай
алғанда, баланың оның көзқарасын құрметтеуге,
туылғанын тіркеуге, тиісті ақпаратқа
қол жеткізуге, отбасының болуына, денсаулығы
мен медициналық қызмет көрсетуге, білім
алуға, бос уақыты мен мәдени қызметіне,
кәмелетке толмағандарға қатысты сот
төрелігінің іске асырылуына, азаптаудан
және қатігездікпен қараудан қорғалуға,
сондай-ақ панасыз балалар мен мүгедек
балалардың ерекше қорғалуына құқықтарымен
байланысты қалған мәселелер бойынша
Қазақстан Комитеттің Ұсынымдарын орындау
үшін ауқымды шараларды қабылдады. Қазақстанның
Бала құқықтары туралы конвенцияны орындауы
туралы келесі есебін Комитет 2006 жылғы
10 қыркүйекке, яғни 3-ші кезеңді баяндаманы
ұсыну мерзіміне тапсыруды сұрады. Бала
құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы
халықаралық нормаларды енгізу процесі
Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын
дамытуда және жетілдіруде өз көрінісін
тапты. Бала құқықтары туралы конвенцияның
жалпы принциптері мен нормалары Қазақстан
Республикасының Коснтитуциясына, Қылмыстық,
Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару
кодекстеріне енгізілді. Негізгі қолданылу
аясы балалардың құқықтары мен мүдделері
болған заңдардың толық кешені қабылданды
(«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары
туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы
үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер
үйлері туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік
және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы
мен балалар қадағалаусыз және панасыз
қалуының алдын алу туралы» және басқа
да Заңдар). Ұлттық және халықаралық нормалардың
неғұрлым егжей-тегжейлі және толық сәйкестендіру
мақсатында қолданыстағы заңнама актілеріне
түзетулер, толықтырулар мен өзгерістер
енгізілді. Алайда, Конвенцияның ұлттық
заңнамаға енгізілмеген бірқатар нормалары
бар. Атап айтқанда, босқын балаларға ерекше
қорғау жасау мәселесі шешілген жоқ. 1954
жылғы Азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесі
туралы Конвенцияға және 1961 жылғы Азаматтығы
жоқ адамдарды азайту жөніндегі Конвенцияға
Қазақстан қазіргі сәтте қосылмаған. «Қазақстан
Республикасындағы бала құқықтары туралы»
Заңның 47-бабы босқын балалар мен мәжбүр
қоныс аударушылардың өз мүдделерін қорғауға
құқығы бар екенін көздейді. Бала орналасқан
жердегі Қорғаншылық және қамқоршылық
органдары, аумақтық көші-қон қызметтері
ата-аналарының не өзге де заңды өкілдердің
бар екені және тұратын жері туралы мәліметтерді
алуына жәрдемдеседі, қажет болған кезде
баланы емдеу-алдын алу немесе бала құқықтарын
қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын өзге ұйымдарға орналастырады.
Қазақстан Республикасының аумағында
тұрақты тұратын немесе уақытша келген
шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға,
босқындарға медициналық-санитарлық көмек
көрсету ережесіне сай босқындардың тегін
медициналық көмектің кепілді көлеміне
құқығы бар. Дегенмен, босқын балаларға
мемлекеттік көмек беру және оларды әлеуметтік
қорғау жүйеленбеген. Өкінішке орай, білім
беру саласын реттейтін кейбір нормативтік
құқықтық актілерде Конвенцияның нормаларын
бұзатын бірқатар нормалар орын алған.
«Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу
кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің
мөлшерлері мен көздері туралы» Үкімет
қаулысымен мынадай тәртіп айқындалған,
оған сәйкес мемлекет білім алу кезеңінде
азаматтардың мынадай санаттарын: жетім-балаларды
және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды; кемтар балаларды, мүгедек
және туғанынан мүгедек балаларды интернаттық
ұйымдарда тұратын мүгедек балаларды
қамтуға арналған шығыстарды көтереді.
Осы қаулымен «Білім туралы» Заңның көп
балалы отбасыларындағы балалармен қоса,
барлық мүгедек балаларға әлеуметтік
көмек көрсетуді көздейтін нормасының
аясы тарылған, бұл олардың білім алу кезіндегі
мемлекет көмегіне құқығын бұзып отыр.
Дегенмен, халықаралық стандарттармен
кепілдік берілген, мемлекет тарапынан
неғұрлым ауқымды көмекті және қолдауды
қамтамасыз ететін бірқатар ұлттық заңнама
нормалары бар. Атап айтқанда, Конвенцияның
28-бабы мемлекеттің тегін және міндетті
бастауыш білім берумен қамтамасыз ету
және тегін орта білім беру жөніндегі
міндеттемесін көздейді, ал ҚР Конституциясының
30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында
орта білім алу міндетті. Азаматтың мемлекеттік
жоғары оқу орнында конкурстық негізде
тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Осылайша,
заңнама Конвенция нормаларын кеңейте
отырып, азаматтардың тек тегін бастауыш
білім ғана емес, сонымен бірге тегін орта
білім алуына да кепілдік береді. Балалардың
құқықтарын іске асыруға балалардың әскери
қақтығыстарға қатысуына, балаларды сатуға,
балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына
қатысты Қазақстан бекіткен Бала құқықтары
туралы конвенцияға Факультатив хаттамалары
да жәрдемдеседі. Өткен жылғы мамырда Қазақстанның
балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі
мен балалар порнографиясына қатысты
Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив
хаттамасын іске асыру жөніндегі есебі
дайындалып, БҰҰ-ға жіберілді. 2004 жылғы
қарашада Қазақстан БҰҰ-ның Адамдарды
сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке
пайдалануына қарсы күрес туралы Конвенциясына
қол қойды, бұл адамдарды сатудың басты
құрбандары балалар болып табылатындықтан,
балалар құқықтарының қорғалуын жақсартуға
тиіс. Осыған байланысты Көші-қон жөніндегі
халықаралық ұйымның қатысуымен «Қазақстаннан,
Қазақстанға, Қазақстан арқылы және Қазақстанның
ішінде адамдарды сатуға (трафигіне) қарсы
күрес» шарасын іске асыру жалғасын табуда.
Ол құқық қорғау органдары мен прокуратура
органдарының қызметкерлерін әлемдік
тәжірибені ескере отырып, трафиктің алдын
алу әдістемесіне үйретуді, трафик мәселелері
жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіруді,
сондай-ақ трафик құрбандарына көмек көрсетуді
көздейді. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің
адамды сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау
және оның алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары туралы» Үкіметтің
2004 жылғы 24 ақпандағы № 219 қаулысын іске
асыру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Үкіметтің
ағымдағы жылғы 3 маусымдағы қаулысымен
Парламентке «Қазақстан Республикасының
адамдарды сатуға қарсы әрекет жасау мәселелері
жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
заң жобасы жіберілді. Алайда, БҰҰ-ның
Ұлтаралық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы
Конвенциясы бекітілмеген күйде қалып
отыр. Қазақстан Республикасы бекіткен,
балалардың әскери қақтығыстарға қатысуына
қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға
Факультатив хаттама 18 жасқа толмаған
балалардың әскери қақтығыстарға тікелей
қатысуына және әскери күштер қатарына
міндетті түрде шақырылуына жол берілмеуін
жариялаған. Осы хаттаманың нормалары
«Қазақстан Республикасындағы балалар
құқықтары туралы» Заңның баланы әскери
іс-қимылдарға, әскери қақтығыстарға қатысуға
тартуға, балалардың әскери құрылымдарын
құруға тыйым салатын 41-бабына енгізілген.
Өзге тәсілдермен немесе жолдармен шабуылға
қарсы тұру мүмкіндігі болмаған кезде,
әскери қызметшінің өміріне қауіп төндіретін
қарулы шабуыл жасау, қарулы қарсылық
білдіру немесе топтық шабуыл жасау жағдайларын
қоспағанда, кәмелетке толмағандарға
қатысты қару-жарақ қолдануға тыйым салу
«Әскери қызметшілер мен олардың отбасы
мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік
қорғау туралы» (20-бап) және «Әскери полиция
органдары туралы» (12-бап) Заңдарында бекітілген,
онда сонымен бірге адамдардың өмірі мен
денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл
жасау, топтық шабуыл жасау не қарулы қарсылық
білдіру жағдайларын қоспағанда, жас балаларға
қатысты арнаулы құралдар мен дене күшін
қолдануға тыйым салынған. Кәмелетке толмағандарды
әскери қақтығыстар уақытында қорғауға
қатысты «Әскери жағдай туралы», «Қазақстан
Республикасының Қорғанысы және Қарулы
Күштері туралы», «Азаматтық қорғаныс
туралы» Заңдарында әскери жағдай кезінде
халыққа қатысты қолданылуы мүмкін жалпы
шаралар ғана айтылған, ал балаларға қатысты
қандай да бір арнайы шаралар бекітілмеген. Халықаралық
құқық қорғау стандарттарын енгізу саласындағы
негізгі проблема олардың бар екендігі
туралы хабардарлықтың төмендігі болып
қалуда. Бөлімнің басында айтылғандай,
БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі Комитеті
өзінің Қазақстанға берген Ұсынымдарында
осы жайлы Бала құқықтары туралы конвенция
нормаларына қатысты атаған болатын. Алайда
проблема Конвенция туралы нашар хабардарлықпен
ғана шектелмейді. Кәсіби топтар, жұртшылық,
балалардың өздері де, әдетте, БҰҰ-ның
Бала құқықтары жөніндегі Комитетінің
Қазақстанға берген Ұсынымдары, БҰҰ-ның
кәмелетке толмағандарға қатысты сот
төрелігін атқаруға байланысты Минимал
стандартты ережелері (Пекин ережелері),
БҰҰ-ның бас бостандығынан айрылған кәмелетке
толмағандарды қорғауға байланысты ережелері,
БҰҰ-ның кәмелетке толмағандар арасындағы
қылмыстылықты ескертуге бағытталған
Басшылық принциптері (Эр-Рияд Басшылық
принциптері) туралы ақпаратты білмейді. Ұлттық
заңнама Бала құқықтары туралы конвенция
нормаларын енгізу процесінде барлық
басқа құқық қорғау шарттарымен салыстырғанда
алға жылжып, Конвенция нормаларын тұтастай
енгізген «Қазақстан Республикасындағы
баланың құқықтары туралы» Заң қабылданғанымен,
халықаралық стандарттар бұрынғысынша
ұлттық құқық жүйесінен алшақ күйде. Мүмкін,
«Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары туралы» Заңды іске асыру тәжірибесі
халықаралық құжаттар нормаларын ұлттық
құқыққа енгізудің жаңа үлгісін әзірлеуге
жәрдемдесетін болар, ал әзірге заңның
көптеген нормалары іс жүзінде қолданылмай
отыр. Қазақстан Респупликасы Білім және
Ғылым Министрлігі Балалардың құқықтарын
қорғау комитеті
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау
комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 13 қаңтардағы N36 қаулысына сәйкес
құрылды
2006 жылы 27 ақпанда Астана қалалық Әділет
органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті. Комитет
қызметінің мақсаты
- Балалар өмірінің сапасын құқықтық және
әлеуметтік
кепілдікпен қамтамасыз ету. Басымдылығының
шарты
- Балалардың заңды мүдделерін ескере
отырып мемлекеттік әлеуметтік саясат
саласындағы
- Заңнамаларды жетілдіру
- Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және
болдырмау
- Жұртшылықты ақпараттандыруды қамтамасыз
ету және байланыс орнату
- Әлеуметтік серіктестік «Қазақстан
Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің Балалардың
құқықтарын қорғау Комитетінің
Қостанай облысы бойынша Балалардың
құқықтарын қорғау департаменті» мемлекеттік
мекемесі Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын
қорғау комитетінің аумақтық органы болып
табылады, өз қызметін Қазақстан Республикасының
Конституциясына және заңдарына, Қазақстан
Республикасының Президенті мен Үкіметінің
кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық
кесімдерге, сондай-ақ Департамент туралы
Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Ол Ереже
Қостанай облысының Әділет департаментінде
2007 жылы 15 қазанында мемлекеттік тіркеуді
өткен.Балалардың құқықтарын қорғау
бөлімі Қамқоршылық және балаларға көмек
көрсету бөлімі Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі Балалардың
құқықтарын қорғау жөніндегі комитететінің
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын
қорғау департаментінің құрылымдық бөлімшесі
болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері мен қызметіне келесілер жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвециясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы» Заңдарын және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына және бала құқықары туралы конвенцияға сәйкес балалардың барлық санаттарының құқықтарын іске асырумен байланысты жергілікті деңгейде ведомствоаралық ынтымақтастықты үйлестіру және іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды бақылау; Балалардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау, олардың адамгершілік - рухани дамуы жөніндегі аймақтық бағдарламаларды іске асыруда жергілікті атқару органдарына жәрдемдесу; «әлеуметтік» жетімдіктің, балаларға зорлық-зомбылық көрсету және еңбегін қанаудың алдын алу және ескерту, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету, балалардың өмір сүру сапасын жақарту үшін жағдай жасауға жәрдемдесу; Балалардың құқықтары туралы және оның іске асырылуы туралы жұртшылықтың ақпарат алу деңгейін көтеру; Жоғарыда аталған міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыру үшін бөлім келесідей жұмыстарды атқарады: балалардың құқықтары мен мүдделерін білдіретін әлеуметтік маңызы бар балалар бастамалары мен жобаларын, балалар ұйымдарын ынталандыру, бағалау және қолдау көрсету; Алматы қаласының жоғары оқу орындарында, кәсіптік-техникалық мектептерінде, колледждерінде және лицейлерінде оқитын, жетімдер үйінде тәрбиеленген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға «Бөбек» қоры есебінен қайырымдылық көмек төлемдерін жүзеге асырады; балалардың құқықтарын қорғау саласындағы әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, соның ішінде Әлеуметтік бейімдеу орталықтары, бас бостандықтан айыру орындарынан оралған балаларға арналған дағдарыс орталықтары, сондай-ақ т.б. санаттағы баларған арналған орталықтар қызметінің ведомствоаралық ынтымақтастығы мен үйлесімділігі қамтамасыз етіледі.
Бөлім
«Ыстық желі» бойынша азаматтар
мен ұйымдардан келіп түскен арыздар,
өтініштер мен қоңырауларды қарастырады
және солар бойынша өз өкілеттігі
шегінде тиісті шешімдер қабылдайды. Бөлім
сонымен қатар балалар құқықтарын қорғау
саласындағы мемлекеттік саясатты, ақпараттық-насихаттық
және ағартушылық қызметті жүзеге асырады
және әлеуметтік жетімдікті, балалар еңбегін
пайдалану мен оларға күш көрсетудің алдын
алу бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге
асырады. Бөлім өз қызметін жүзеге асыру
барысында балаларды қорғаудың келесідей
нысандарын пайдаланады: Ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары
мен мүдделерін қорғау. Ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларды анықтау және солардың
есебін жүргізу. Балалардың құқықтарын
қорғау бойынша жұмыстардың ведомствоаралық
жоспарларын құру.Кәмелетке толмағандардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының
орындалу нәтижесіне талдау жүргізу. Кәмелетке
толмағандардың істері бойынша сотта
өкілдік ету.
Информация о работе Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар